Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Андас Омарақынұлы мен Дәулетбектің айтысы

1978 жылғы Нылқы ауданы, Мүңкіті-Саркыты жайлауында ашылған Іле аймақтық 5 кезекті ақындар айтысында Нылқы ақыны Дәулетбек Қаңбақұлымен айтысы

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Андас Омарақынұлы мен Дәулетбектің айтысы

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Дарқан ел, жасай берсін Алтын күнім,

Сендер деп зеңгір көкте шалқиды үнім.

Аударып қаскөйлердің арам ойын,

Ұлы елдің алып берген бар тірлігін.

Үстінде Жершарының малдас құрып,

Теңдікті жыр етуде халқым бүгін.

Тағы да жаңалығын бауырына алып,

Басталды жиырма үшінші жарқын жылым.

Бастаған тың өмірге кемеңгерім,

Арналды өздеріңе тарту жырым.

 

АНДАС:

 

Ал, Дәуке, ұрпағымыз көркем елдің,

Ел үшін біріміз ғой тер төгердің.

Жаңа дәуір біздерге ерік беріп,

Тоқталмастан шалқысын ерке үнім.

Еңбекшіл еркін елдің бастауында,

Ауылыңның жетістігін шерте бергін.

Мендағы үйренуден келдім сізден,

Аялап ағалықпен ерте бергін.

 

Әніңіз көкке биік асқақтаған,

Екпінді Қас суындай тастап қадам.

Жыр етіп жаңа дәуір бас міндетін,

Жөн шығар өлеңменен бассақ қадам.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Сөздерің жырға арқау, күйге негіз,

Келеміз ете-ене өсіп сен екеуміз.

Таңдаулы ақынысың Күнес жақтың,

Көп көрген азаматтан үйренеміз.

 

Халқымыз ұзақ жылдар арман еткен,

Қайтпаған болашақтың алған беттен.

Ұрпақтан ұрпақтарға мұра болып,

Бұл жолды бұрынғылар жалғап кеткен.

 

Қайтпаймыз жұртымызға берген серттен,

Мұратқа бағыты айқын ерлер жеткен.

Алдымызда қандай ауыр міндет болсын,

Шығамыз бірлікте біз қалмай көптен.

Жеткенде екі мыңыншы жылдарға біз,

Көреміз нұрлы заман келешектен.

Өр халқым шабыт алып, шарықтады,

Дүбірлі осы ұлы кереметпен.

 

АНДАС:

 

Бұл күнде бақыттымыз, еркін елміз,

Жеңістің шыңдарына серпілеміз.

Қас, Күнес, күрес, жеңіс бар жақсылық,

Ең тату, ортақ болған көршілерміз.

 

Мал өріп, дариядай дән ағызған,

Қасыңдай көрікті осы жағаңыздан.

Елімнің табыстарын жіпке тізіп,

Біз бүгін көсіліп бір саламыз ән.

 

Жаңа бір шарықтады дәуір әні,

Шағылып мешеуліктің шаңырағы.

Жиырма үш жылда жететін дабыралы,

Басталды ұлы сапар дабыралы.

Арқауды ұстап Отанды оңалтуға,

Жеңісті үн әр саладан жамырады.

Аламыз табиғаттың сырын ұғып,

Дүлей күш еркімізге бағынады.

Көнелік жермен-жексен болды дағы,

Ен даламен еркіндікпен жамырады.

Тебінмен тың күреске аттанамыз,

Болашақтың нұр шамы жағылады.

Еліміз құдіретті елге айналып,

Таулары көнеліктің шағылады.

Осындай күрес жасап, құлшынып біз,

Бақыттың тұрғызбақпыз бағын әлі.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Бір кезде аспанымды бұлт басқан,

Мұңайып қайғы-шермен тұрды аспан.

Ежелден еркіндігін аңсаған ел,

Көнелікке салды мықтап құрыш, қақпан.

Болашақтың жеңісті жорығында,

Талайлар болды бізге жала жапқан.

 

Құрметтеп жырға қоссам Астананы,

Астанам осы жолға бастағаны.

Орнығып армандары болашақтық,

Жадырап бара жатыр жастар әні.

Айтайық жырға қосып бұл ретте,

Осы бір өркені мол бастаманы.

 

АНДАС:

 

Бүлдірмек боп осындай санатты елді,

«Сырынбаң» (төрттік төбе) улы нәрін таратты, езді.

Ерлеріміз басшы боп бәрімізге,

Жеңіспен самғайтұғын қанат берді.

«Сырынбаң» бізге қалың зорлап таңған,

Бастағы мұң-қайғыны таратты енді.

 

Шырқалды сондықтан да жырым бүгін,

Оранды гүлге ерек қырым бүгін.

Кездескен жолымызда кедергіге,

Аңғарттық ынтымақтың мығымдығын.

 

Шалқиды осы жайлы салған әнім,

Емес қой жаңа өмірде талған жағым.

Елімнің көшін бастап, жүгін түзеп,

Іске асуда ойдағы ұлы арманым.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Жадырап шуақ шашты ел көктемі,

Көктеммен ұлан-асыр жер көктеді.

Бақытты байтақ Отан асқақ тұрып,

Қуатты бойға жиды жер-көктегі.

Естіліп ұлы жоба, ұлы жоспар,

Қол созды сәбилер де жер-көктегі.

Болған соң елде қайрат, жерде айбат,

Отанның жаңаланды келбеттері.

Басталып жаңа дәуір бас міндеті,

Толқынның бөгеу бермес келді өктемі.

Сәбидей мәпеленіп біздің халық,

Ұлы Отан бесігі боп тербетілді.

 

АНДАС:

 

Мінеки, сайгүлікті қамшыладым,

Жеңіспен басу үшін аршын қадым.

Береке, мерекнің бастауы боп,

Сарқылмас шашты бізге май шуағын.

 

Қосыламыз шалқытып біз ел еңбегін,

Кенелген ен байлыққа көлемдерін.

Жолдағы қақпа тасты қағып өткен,

Жырлаймыз байтақ елдің өр өңбегін.

Жырлай бер жаңа дәуір бас міндетті,

Жан аға, әніңізге елеңдедім.

 

Ақын деп бізді халық құрметтеді,

Бұл да бір нақ майдандық жыр мектебі.

Мәдениет, көркемөнер саласында,

Тұр талай жаңа дәуір міндеттері.

Жаңа талап ел жүрегін елжіретті,

Қызыл туды көгімде желбіретті.

Бастай бер шыңдарына жырдың ылғи,

Ақылшы сіз ағасыз ер жүректі.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Бөледі алтын нұрға ерікті елді,

Шалқытты ерік беріп серіктерді.

Бас міндет, алтын заңда белгіленген,

Көздеген ел биігін беріктеуді.

Осындай ұлы дабыр еңбекпенен,

Жасаймыз әлемдегі көрікті елді.

Елімнің құдіреті асып сонда,

Отырмыз зеңгір көкте кезіккелі.

 

АНДАС:

 

Міне, асқа ақындардың шығады әні,

Халықтың өлең бізден сұрағаны.

«Сырынбаң» кедергі боп бір кездері,

Еліміз алға аттамай тұралады.

 

Міне, енді ел жүрегі елжіреген,

Тыңдарда табыс туы желбіреген.

Оңалту баршамыздың бар міндеті,

Көпшілік мұны бірге белгілеген.

 

Тұсаулы аттай тұралап қалсақ бұрын,

Қадамым аршын басып енді желді.

Жауларды тұмсыққа ұрып, басып мысын,

Ілікке алғысыз ғып кергіледі.

Ендігі ел бас міндетті арқау етіп,

Керемет жетістікті өндіреді.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Қоймастан көпті мұнда елеңдетіп,

Ел тілегін берейін өлеңдетіп.

Болған соң бағдар айқын, жолым тура,

Шалқимын төрт мұхиттан шалқып өтіп.

Ғылымның шыңдарына қанат қағып,

Құрамыз туған жерді дарқан етіп.

Бұл мініп, ай жетектеп, көкте жүзіп,

Аламын найзағайдан арқан есіп.

 

АНДАС:

 

Қарыштап алға бастық бірге, міне,

Достық гүлін жайнатып күллі өңірге.

Жалауын ілеміз біз жақсылықтың,

Шұғыласын жайнатып күн көзіне.

 

Төгілтіп табыс селін сіркіретіп,

Дабылы көкті жарған дүркіретіп.

Аламыз теңіздерден шортан сүзіп,

Төрт мұхиттың тереңінен сүңгіп өтіп.

 

ДӘУЛЕБТБЕК:

 

Тағы да бір арқауым алтын астық,

Астықтың ұрпаққа зор салтын аштық.

Егер де осы арманым орындалса,

Келмейді өмір бойы халқыма аштық.

Астықтың ауылыма тауын үйіп,

Қадамды болашаққа аршын бастық.

Алтын дәннің ырысын асырмақ боп,

Талаптанып, тамаша қарқын аштық.

 

АНДАС:

 

Күреспен ираданы шынықтырып,

Аламыз табиғаттан ырықтылық.

Далаға алуан өрнек сала аламыз,

Тылсымын дүниенің ұғып тұрып.

Аламыз миллион тонна астық өнім,

Он екі үлкен база құрып шығып.

Табыспен көреалмастың інін өртеп,

Тастаймыз орта жолға күйік қылып.

Оны да біздің елдің еңбеккері,

Өзінің табысымен тұр ұқтырып.

Байлықты сан-санақсыз жаратамыз,

Дәл алпыс миллион тонна құрыш құйып.

Еселеп атқаруда бұл міндетті,

Отырмыз ынтымақты тыныс қылып.

Құлшына сайгүлікке қамшы басып,

Барамыз шыңға тарта суыт жүріп.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Бәріміз бір ниеттің сабындамыз,

Күн сүйген болашақты сағынғамыз.

Күреске белді буып атқа міндік,

Алдыңғы барлық шептен табыламыз.

Ұршық қып машинаны ауылымда,

Жағамыз сөнбес байлық шамын нағыз.

Аспанның көп жұлдызын маржан етіп,

Қуана кеудесіне тағынамыз.

 

АНДАС:

 

– Қарадық үмітпенен шыңға күліп,

Түбі бір ақталады мұндағы үміт.

Көк жұлдызын сіз моншақ етіп тақсаң,

Біз ілдік қарағайға сырға ғылып.

 

Тетігін техниканың бұрап-бұрап,

Отырмыз табиғаттан сұрақ-сұрап.

Аспанның жерге әкеліп жұлдыздарын,

Барамыз марысқа да жұратшылап.

 

Дүниенің қожалық қып кесіміне,

Жасаймыз тылсымдардың шешімін де.

Күшінен пайдаланып техниканың,

Бітейміз болса әлемнің кетігі де.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Орнатып ғылым сырын ойға нағыз,

Үйшігімен жылқы жайып, қой бағамыз.

Ғылымның барлық сырын ақтаруға,

Жас болып, кәрі болып қолға аламыз.

Мініп-ап ағаш атты көкте ұшамыз,

Ұрпаққа ертегі де болған аңыз.

Ғылым мен өнер, білім жолын ашып,

Мылтық ап Сатурнды қолға аламыз.

Дүние көзін тікті бұл дүбірге,

Түскен соң бұлтармайтын жолға нағыз.

Өйткені бізді алға жетелейтін,

Тың сапар жүректерде жолдамамыз.

 

АНДАС:

 

Шалқимыз табыстың біз күнде өрінде,

Ұқсайды қызуымыз күн көзіне.

Ғылымның сан жүйрігін сайлап мініп,

Неме Шолпаныңмен жүрмей бірге.

 

Отырсыз отты өлеңді толымды айтып,

Біздағы шырқатайық қорынбай түк.

Ғылымның тылсымдарын шын игерген,

Жер шарын көтереміз добыңдай ғып.

 

Әдіспен жасап ұзын сырықтарды,

Жинаймыз қолымызбен бұлттарды.

Күн нұрынан бір тегіс пайдаланып,

Үйренеміз ай шарында ұйықтауды.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Жұмысшым батыр қолмен от күреген,

Арналған солар үшін өткіз өлең.

Бастаған тың жорыққа бастама боп,

Зауыттар көтерілді көк тіреген.

 

Осындай жетістіктер әлемге аян,

Күресте қанат қағып, көп түлеген.

Зауыттар ағытылды тұсауынан,

Қырандай кеудесіне кек түнеген.

 

АНДАС:

 

Даламыз байып отыр ырыс шалқып,

Еселеп арттырамыз жүрісті артық.

Бейне бір тынық мұхит секілденіп,

Ағады қолымыздан құрыш балқып.

 

Дәуірім күннен-күнге түрленеді,

Жап-жаңа болашақта түрге енеді.

Сеніңіз келешекте бір зауытты,

Бір ғана жұмысшы өзі меңгереді.

Шалқи бер сондықтан да үміт артық,

Отты жыр туа берсін гүлдеп енді.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Қабағым ой ойласам түйіледі,

Сан қыран түз қияда шүйіледі.

Аспанның ақша бұлтын зауытқа сап,

Ұршықпен қарындасың иіреді.

Ғылыммен егін егіп, кең даланы,

Диқаным күшті алақан үйіреді.

Заманға сай туылған ерлерім көп,

Табиғат ибасымен иіледі.

Қарт өзен, тарпаң тауың басын иген,

Сом білек ерлермен ел сүйінеді.

 

АНДАС:

 

Отырмыз болашақты анық біліп,

Игерер тылсымдарды қанық біліп.

Ұғынып заңдылықты келешекте,

Жасаймыз қолымыздан азық-түлік.

 

Сол кезде тағы шалқып саламыз ән,

Жын-шайтан жоғалады арамыздан.

Неше түрлі матаны көз арбайтын,

Киеміз түгел тоқып ауаңыздан.

 

Жеңіспен шалқытамыз жырымызды,

Ойпатқа орнатамыз қырымызды.

Ұқтырып табиғатқа тілімізді,

Жасаймыз аспандағы күніңізді.

 

Дәуке аға, неткен пысық күтімді едің,

Жөн бірақ мынаны да түсінгенің.

Бұл емес қажетке де жаратамыз,

Зауыттан шыққан ыс пен түтіндерін.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Қолыма құрал алып ел қамы үшін,

Жат жауға бастырмауға ер намысын.

Қорғаймыз ұлы Отанды ғылымменен,

Күшейтіп еліміздің қорғанысын.

Елімнің қорғанысын күшейтеміз,

Биіктен-биіктерге самғау үшін.

Бастырмай сүйем жерді қас дұшпанға,

Еліме арналған шын ар-намысым.

Ел бірлігін, жер қамын таза сақтау,

Халқымның жүректегі арманы шын.

 

АНДАС:

 

Тең жеңіс шалқып бүгін елімізде,

Табыстың таңы атты жерімізде.

Біздағы қорғанысты шын күшейтіп,

Жаттарды жолатпаймыз шебімізге.

 

Асырып жаудың солай күйіктерін,

Басады алға мәңгі сүйікті елім.

Елімнің еркіндігін өрге сүйреп,

Асамыз дүниенің биіктерін.

 

Отырса қос зомегер тым асығып,

Тұрамыз оған сергек құлақ түріп.

Құбыжық атомдарын қолмен ұстап,

Өзіне жібереміз лақтырып.

Сүйем жер аттап кірмек болса егер,

Қоямыз қанжалатып, құлаққа ұрып.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Жақсы сөзді айтасың жол ұққанға,

Жөнелдік ғылым деген жорықтарға.

Көзін ашқан еңбекпен біздің халық,

Ел жолында күрестен зорыққан ба?

Жерімнің әр түйірі қорғасын оқ,

Қаңғыған жау танкісі жолыққанда.

Көреалмастар ойлашы не демейді,

Елімнің айбатынан қорыққанда.

 

Гүлдентіп ағартуды мектептерді,

Үземіз айдың белін тепсек тегі.

Диханым ұстаз болып жазса кітап,

Қаламы балықшының ескектері.

 

АНДАС:


– Қалықтап жеңіспенен ән ұшқанда,

Сананы саламыз біз жарыстарға.

Бел буып, құлшына іске кіріспекпіз,

Жүлдеде басқалардан қалыспауға.

 

Жібермей азаматтық ер кезегін,

Жоямыз жамандықтың ең кезебін.

Танкісін теңіздерге лақтырып,

Қурайша жапырамыз зеңбірегін.

 

ДӘУЛЕТБЕК:

 

Ғылымның игерген соң жайын біліп,

Қол созсақ ала аламыз айыңды іліп.

Күні ертең атомменен егін егіп,

Мұхитты аралаймыз жайын мініп.

 

Бағамыз үйде отырып, мыңдап жылқы,

Тақымнан тасталады қайың құрық.

Әлемге асқақтап біз жол тартамыз,

Қанатты мұзды шыңға жанып жүріп.

 

Заманым талап берген, қанат берген,

Көрікті ел мен жеріме санат берген.

Елімнің бақытына, мұратына,

Ұлы жолды бабалар қалап берген.

 

Заманың жарқын әрі парасатты,

Ұлы арман, үміт күткен талапты ерден.

Заманым жарқын, жайлы өмір мен,

Ризамын талмайтын қанат берген.

 

АНДАС:

 

Тұрады ерлігіме аспан күліп,

Асқарды бөктереміз, шатқалды іліп.

Тоқимыз болашақта кездеме етіп,

Бұлтыңды жинап алып мақта қылып.

Бел шешпей өмір бойы күресеміз,

Бүгінде болашақтық ақталды үміт.

 

Өткенде адамдарға болған аңыз,

Істерді жаратуға ойланамыз.

Біздағы үйде отырып ғылымменен,

Машинеге отырып қой бағамыз.

 

Бұл міндет ауыр әрі даңқы да бар,

Күш керек айды аспаннан тартып алар.

Тайынбай еш нәрседен алға аттаймыз,

Өйткені даңғыл жол бар, халқым адал.

 

Жақсы екен отты өлеңді салғаныңыз,

Шабытты мол тәрбие алғанымыз.

Бірлікте қол ұстасып кіресейік,

Болашақ орындалсын арманымыз.

1978  жыл 7-ай, Нылқы.

«Әдебиет» журналының 1978 жылғы 10-санында жарияланған.

 

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].         https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

 

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 60
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz