Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Андас пен Науатханның айтысы

Андас Омарақын 1976 жылы Нылқы ауданының Мөңкіті жайлауындағы ақындар айтысында. Төменгі қатар оңнан екінші адам.

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Андас пен Науатханның айтысы

Андас Омарақын 1976 жылы Нылқы ауданының Мөңкіті жайлауындағы ақындар айтысында. Төменгі қатар оңнан екінші адам.

 

НАУАТХАН:

 

Өлеңді кең көсіліп бастағаным,

Дүниені әлденеден жасқанамын.

Кешегі жалаңаяқ кедей қызы,

Осы бір шат дәуірмен шаттанамын.

 

Еліміз таусылмайтын бақыт берді,

Ел ертеңгі болашағын анық көрді.

Бір кезде көңілдерді алаңдатқан,

Бар қиындық жүректен айықты енді.

 

Мөңкіті көркемдікпен қызықтырдың,

Бауырыңа сағынышпен келіп тұрмын.

Айтайын ойдан тоқып тартымды өлең,

Келмейді көпшілікті зеріктіргім.

 

АНДАС:

 

Әуелеп шырқалады асқақ әнін,

Мен дағы енді неден жасқанамын.

Армысың бауыр-туыс, үлкен-кіші,

Қастың қарап өсетін қас-қабағын.

 

Өлеңді айт дегенде ағыласың,

Ойға алған жерден құрбым табыласың.

Қуат алып жаңа өмір жылуынан,

Жүрмісің есен-аман бауырласым.

Науатхан бұл айтыста болдық таныс.

Қайсы ауданның жұртымен ауылдассың.

 

Қарқынды қайратпенен алға бассақ,

Қалтырап көре алмастар бізге иер бас.

Аламан айтыс болып жатқан кезде,

Бәйгеге өз жүйрігін кімдер қоспас?

 

Күнестің ақынымын құс қанатты,

Нұрлы өмір сана беріп жалт қаратты.

Қамшылар осы жерге келіп қалдым,

Тұлпарымды талықпас арман атты.

 

НАУАТҚАН:

 

Жасасын елім жайнап, кемеңгерім,

Айтқанмен таусылмайды ер еңбегін.

Бұрыңғы теңсіз қоғам, заман болса,

Ақын боп мен осында келер ме едім.

Қызымын өнер тамған өлкесінен,

Жыр төгілген Шапшал аудан деген жердің.

 

Күніміз шұғылалы таң боп атты,

Өмірім қызыл гүлдей шешек атты.

Езілген тезек теріп кедей қызы,

Орнатты дал басыма алтын бақты.

Қолыма домбыра ұстап, төрге шығып,

Жырлауға келдім мұнда жарқын шақты.

 

АНДАС:

 

Жарқ етіп шыққан күнім шығыстағы,

Халқымыз нарттай қызыл ту ұстады.

Келтірген бар әлемге көп зиянды,

Жоғалды үстемтаптың қырысқаны.

Ортадан жексұрын ой талқандалып,

Жерге тықтық жаулардың сынып сағы.

 

Келемін шыңға беттеп, бөктерге өрлеп,

Кедейдің үні бүгін өктем келмек.

Балалық жүрегіммен қуанып ем,

Азаттық ауылыма жеткенде ерлеп.

НАУАТҚАН:

 

Кенішін кешіп жүрміз ұлы ырыстың,

Көгінде байтақ Отан самғап ұштым.

Әйгілі аты шыққан Андас аға,

Көрсетші өлеңіңнің барлық күшін.

Төпеген бұдан бұрын шаршы топта,

Атақты Бурылханнан сарқыт іштім.

Бүгінгі күн еркіндік бастауында,

Өмірімде көрмеген бақыт құштым.

 

Шуағын шашып жанға қырмызы күн,

Десі өрлер жатыр бүгін ұл-қызыңның.

Елімінің еркіндігін жырлау үшін,

Таңдап алдым өмірде жыр қызуын.

Мен де алғаш көргенде жарқын таңды,

Болашаққа ұмтылып, шын қызындым.

 

АНДАС:

 

Шығыстан арай берді атқан таңым,

Сол таңмен нұрланады болашағым.

Дүниеде енді неден сескенемін,

Тұрғанда қолында құқық қарашаның.

Еркіндік, батырлықты қару етіп,

Болашақ бақыт үшін таласамын.

 

Самғайды көкте еркін қыран қалай,

Менің елім қашанда жыр-әнге бай.

Сол елдің өнерімен сусындадым,

Мұзбалақша талпынбай, тұрам қалай?

Енді еркін күн көруге орай келді,

Бұрынғыша құр қиялмен қиялдамай.

 

НАУАТҚАН:

 

Байқадым шырқағанда шабытыңды,

Түйемін жақының мен алысыңды.

Еліңнің жетістігін айта отыр,

Мендағы айтып берем табысымды.

 

Табысты айтуға мен қолқалайын,

Ойланып осы жерде толғанайын.

Халқымның мақтанамын еңбегімен,

Алпыс бес миллион келе астық алдым.

 

Жол салдық тауды бұзып, тас арқалап,

Орнайды берекемен қашанда бақ.

Осылай шекараның шебіндегі ел,

Болашағын табыспен жатыр қалап.

 

АНДАС:

 

Табысым күннен-күнге асып тұрған,

Өнерім қызыл гүлдей ашық тұрған.

Заманға сай жерлер мен жолдарым бар,

Мұңғұлкүре тас жолынан асып тұрған.

 

Болат құйдық таулардан тас уатып,

Қадам бастық осылай ғасырға нық.

Кооператив орнаттық ел қамы үшін,

Басқа жақтан әкеліп қазына артып.

 

НАУАТҚАН:

 

Жаңа өмір елге жаңа өмір берді,

Жағалап жүргеміз жоқ көрінгенді.

Жерлестер техника тілін біліп,

Өздері ашып жатыр көмір кенді.

Ауылымның мақтанарлық байлығы мол,

Тағы да іске қосты темір кенді.

 

Айтыста айтылмайтын сөз қалмайды,

Бай далам бара қалсаң көзді арбайды.

Сіз айтқан кооператив бізде де бар,

Оныңыз салмақтырақ сөз болмайды.

Зауыттың жағдайы да бізге мәлім,

Көмірсіз ол зауытың қозғалмайды.

 

АНДАС:

 

Еліңнің байлығы асқан мақтанарлық,

Жетпейді қызыл тілім жатқа аларлық.

Күнесім жұрт мақтаған нұрлы мекен,

Жасайды сексен үш мың халқым анық.

 

Ауыр бүгін міндеттің талаптары,

Диқанның талмай ұшқан қанаттары.

Тың ашып, егін егіп, мал өсіріп,

Біз тұрмыз кереметті жаратқалы.

 

Жарасқан даласына сәнді орманы,

Бұлбұл үнін тыңдасаң таңдардағы.

Ақөзенді бір барып көріп қайтсаң,

Дейсің сен бұл әлемнің сайран бағы.

 

Жайқалған сары ала астық өңірім бар,

Алады содан шуақ өмірім нәр.

Егерде керек болса техникаға,

Лықсып жатқан Көркінің көмірі бар.

 

Еңбексіз жылы жүзге әр қонбайды,

Біздің ел ертеңгі атар таңды ойлайды.

Егістікке ерекше ден қойдық біз,

Нан болмаса ешқашан ән болмайды.

 

НАУАТҚАН:

 

Заманым биігіңде самғап ұшты,

Қуат алдым, нәр алып, бақыт құшты.

Байлығын  ауданымның мен айтайын,

Зауыттан бес жүз елу тонна цемент шықты.

 

Болғанмен ойда арман, ақыл қанша,

Бәрі бос оны жүзеге асырмаса.

Құрылысың орнынан тік тұрмайды,

Біз өндірген цемент қатырмаса.

 

Жақсы адам туған жерін түлетеді,

Шабыттансам ойымнан жыр еседі.

Қалай айтсаң, солай айт, Андас аға,

Шапшалсыз (жер аты) өркендемес Күнес елі.

 

АНДАС:

 

Шапшалдың қыры жатық, тауы биік,

Ойнайды баурайында бұғы, киік.

Атызың шөлге күйіп кетер еді,

Жатпаса гүл Күнестің суы құйып.

 

Табысың көп болады үлессе анық,

Оны да қояйықшы бір еске алып.

Жастарың оқу, білім алып жатыр,

Басқа емес, біз түлеткен Күнес бары.

 

Өркендеп болашаққа зымырадық,

Бірі түссе есіме, бірі қалып.

Күнестің өзенінде көбейеді,

Сен аулайтын Іледен тірі балық.

 

Жетелеп жалаңаяқ дәрігерім,

Емдеп жүр сырқатыңды тағы сенің.

Бәрін қой, еселене берсін күнде,

Осынау көңілі дарқан табысы елдің.

 

НАУАТХАН:

 

Әріптес ақын едің көп арманы,

Қашанда ойлайтыны Отан қамы.

Малшыны, егіншіні еңбек терген,

Айтпай-ақ қояйыншы қатардағы.

Олардың білесіз ғой ел мен жерді,

Жетелеп біраз жерге апарғаны.

Біздің ел еңбекшіл ел, ақылды ел,

Ғылымның сырын ашқан жапандағы.

Ұсағын жаңалықтың қойып-қойып,

Дайындап жатыр алып атомдарды.

 

Даламнан құс жүгірген қыран белім,

Менің тар маңдайыма сиярма едің.

Отанның мақтауына ие болған,

Қалайша айтпай кетем уран кенін.

 

АНДАС:

 

Елімнің орақшысы алтын таңда,

Астыққа толды, міне, бүгін қамба.

Муынан жеті жүз жың астық алып,

Келеміз толқын жарып шалқып алға.

 

Шабамыз көлікпенен ойлы-қырға,

Әлемнің осынау бір бойлығында.

Басақаға көмектесу парыз бізге,

Жоқ ешкімге қорлығы, зорлығы да.

Урандарың, әрине, жұртқа мақтан,

Көңілге көп қуаныш қондыруда.

Бірақ сол уран кеннің адамдары,

Біздің ұнмен қарынын тойдыруда.

 

НАУАТХАН:

 

Ақынның бұл ғана емес ойлағаны,

Әлі де толып жатыр ойда бәрі.

Осындай ұлы жеңіс дабылымен,

Отырмыз отыз жылды тойлағалы.

 

АНДАС:

 

Ауылымның айтарлықтай ірі істері,

Барлығы ынтымақты жүрістері.

Айтайын алтын дәнді бір байлығын,

Меруерттей аппақ болған күріштері.

Ол үшін ынтымақпен айтысалық,

Ал мұны біз істемей, кім істеді?

 

Жаратып тың жерлерді гүл де ектік,

Жеріміз сырласуға тіпті ғашық.

Металдың шыққан жерін айта алмаймын,

Көп үлес қостық біздер Отанға ыстық.

 

Сүйемін мен өзімше халықты шын,

Өзгерте алар дейсің тарихты кім?

Отыз деген әрине жас жігіт қой,

Жақсы-жаман біле бермес парықты тым.

Алдыда қарсы алайық деп жатырмыз,

Ауданның басып өткен алпыс жылын.

 

Тастаған жастықты да балалықты,

Орныққан бір түйінге сана мықты.

Отызға қарағанда алпыс деген,

Үйрететін мезгіл ғой даналықты.

 

НАУАТХАН:

 

Кей сөзім ұмытылып қалынады,

Айтыссақ біз жеңісіміз табылады.

Тан деген әрине біле білсең,

Әртүрлі металдардан алынады.

 

Айтайын Шапшалымның сазын алып,

Ол жерде де жетерлік қазыналық.

Денсаулыққа пайдалы дәрі шөптің,

Байқасаңыз бәрі бізден қазылады.

 

АНДАС:

 

Қаһарман біздің елдің халқына бар,

Халықтың армиядан парқы да бар.

Шөптердің сансыз түрін көрем десең,

Уақытың болғанда шақпыма бар.

 

Іленің басы Күнес сарқыраған,

Ақбас шың көп төбесі жалтыраған.

Қандай сырқат болса да шипа болған,

Әрбір тамшы жартастан тамшылаған.

 

Айтпай-ақ қояиыншы Арасанды,

Көрген жан қызығады Қызылашамды.

Жайқалған шөптері мен қоғалары,

Дүние де жоқ ондай бір жердің сәні.

 

Жете алмассың менімен жарыс мейлі,

Біздің ел ешқашанда дәрі ішпейді.

Өйткені денедегі бар сырқатты,

Даламның табиғаты өзі емдейді.

 

НАУАТХАН:

 

Жеңісті әр екі жақ бастағалы,

Жұмысты талай болды баптағалы.

Шапшалдың аты шыққан батырлары,

Дұшпанды көрген жерде бассалады.

Табысын тиянақтап осы жерге,

Бірінші боп  тың жорыққа аттаналы.

 

АНДАС:

 

Енді мен жан сырымды шын ақтарам,

Ерлердің ерлігімен қуаттанам.

Қандыбалақ гомендаң облыста,

Акпардан бұрын ешкім оқ атпаған.

 

Құтылмақ боп көнелік, азап, мұңнан,

Біздің жерде берілді ғажап құрбан.

Шапшалды да гомендаңның тепкісінен,

Менің аталарым кеп азат қылған.

 

Халқымыз расында батыр халық,

Ол жағын біз де мүлде жасырмалық.

Шапшалда алғаш укімет құрылғанда,

Басқарған менің ағам Қасымхан ұқ.

 

Әр елдің ақыны бар, батыры бар,

Жасығы бар, әрине, асылы бар.

Әрбіріміз әр жаққа тартқыламай,

Бірлігін ұлттардың асырыңдар.

 

НАУАТХАН:

 

Андас аға, айтқаныңды құп аламын,

Төрттен түсіп тұр бүгін құмалағың.

Баласымыз бәріміз де бөлінбейік,

Бір атаның және де бір ананың.

 

Ақынсың ғой ой тапқыш, жолың ізгі,

Түгендеп жүрген біздің жоғымызды.

Осы айтыста көп нәрсе алдым сізден,

Маған берсін сіз жүрген жолыңызды.

 

АНДАС:

 

Әрине, ортақ мақсат, мұратымыз,

Сен де, қалқам, асусыз қыр асыңыз.

Осы істерді жалғайтын болашаққа,

Біз өткен ақындардың мұрасымыз.

 

Жақсылыққа қашанда адам ғашық,

Орнығады осы күн санамда нық.

Мен де осымен сөзімді тоқтатайын,

Кездескенде тұрайық амандасып.

 

 Ескерту: Мөңкітіде өткен Іле аймағының ақындар айтысында Андас Омарақынұлы 21 ақынмен айтысып, нәтижесінде бірінші орынды жеңіп алып, ауылына абыроймен қайтады.

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].         https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

 

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 41
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz