Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

«Болашақ – дінде ме, тілде ме?»

Бір кездері дініміз, тілімізден айрылғанымыз шындық. Бірақ ұлттық рухымыз нығая түсті. Қазір дініміз бен тілімізді қайтарып ала бастап едік, ұлттық рухымызды әлсіретіп алдық. Мұның себебі не?

admin
2026/08/30
Қажет ақпарат
0
«Болашақ – дінде ме, тілде ме?»

Осыдан екі мың жыл ілгері өмір сүрген Қытай тарихшысы Сы Ма Чианнің «Тарихнама» атты кітабының «Батыс өңір шежіресі және Ғұндар баяны» деген тарауында:

– «Ғұн жасауылдары көктем шыға орта жазықты (кезіндегі қытайлар қонысы) талан-таржылауды күшейте түсетін. Хан (қытай патшалығы) патшасы 150 мың атты жасақпен ғұндарға қарсы соғысқа шықты. Әдетте, жазық жердегі соғысқа жаттықпаған хан жасауылдары таулы аймақтағы соғыста әлсіздік танытты. Оның үстіне ғұн әскерлерімен бетпе-бет келе алмады. Сонда бір уәзір: «Ғұндар – аруақтарын қадірлеп, қабірін таптатпайтын ел. Сондықтан олардың қабірлерін қазу керек» деп кеңес айтады. Хан жарлығы орындалады. Кезіккен қабірді қаза бастаса болды, аттандап ғұн әскерлері шыға келеді. Жасанған жау осы тәсіл арқылы ғұндарды талқандады», – деп жазған.

Әрине, қазақ тегін құраған ғұндардан жалғасқан аруақ тотемі осыдан кейінгі сан ғасырлар бойы қазақ даласын біріктіруші күш болып келді. «Аруақ» деп аттандаса атқа қонбайтын қазақ жоқ. Ғұндар ыдырап, жиырма ғасыр өткеннен кейін тарих сахнасына келген жоңғар хандығына қарсы күресте қазақ баласын – даласының жау қолында қалғаны емес, аталар аруағының аяққа тапталғаны біріктірді. Ақсақалдардың «аттанына» ере шабатын қазақ ұлдарының Түркістан түбінде бас қосып, жоңғар қолын талқандағаны осының дәлелі. Ал тәуелсіз ел болып, ең алдымен аталарымызды түгендегеніміз, одан соң тарыдай шашылған қазақтың басын қосқанымыз басқа емес, «Атамыздың ат суарған жерінде өлейік» деген ниет емес пе? Атажұрт аталуы да осында. Ендеше, осы тәуелсіздікті нығайту жолында қазақ ұландарын іркітше ірітпей, бір ниетте ұйытудың жолы қайсы?. Бүгінгі қазақты аруақтап жинауға болмайды. Бұл заман талабы емес. Сондықтан дін арқылы имандылыққа, тіл арқылы ұлтжандылыққа бейімдегіміз келді. Әрине, атқарылып жатқан іс қомақты. Бірақ қайырыңды шәйір қылатындары да жоқ емес.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері дінге деген бетбұрысымызды жасыруға болмайды. Елімізде исламның кенжелеп жатқанының өзінде намаз оқып, ораза ұстайтындар көбеюде. Соның басым бөлігін жастар құрайды. Мұның нәтижесінде мектеп қабырғасында және жоғары оқу орынында сәждеге бас қоятындар саны көбейіп, намазханалар ашылып жатыр. Ал жұма намазында мешітті толтыратындардың дені 10 жас пен 30 жас аралығындағы жастар. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бір хадисінде: «Өлім келмей тұрып өміріңнің, кәрілік жетпей тұрып жастықтың, ауру келмей тұрып денсаулығыңның, шырып іс келмей тұрып бос уақытыңның, кедейлік келмей тұрып байлығыңның қадірін біл», деп айтылған. Біз дін жолын ұстап жастарды береке мен бірлікке ұйыта алдық па? Жоқ, Құраннан қорықпай өзімізді алдап жүрміз бе? Бұл – бір аллаға аян.

Әрине, қоғамға пайда келтіретін тұлға болу үшін ең алдымен иманымыз кәміл болуы керек. Мен иманды болудың шарты жайында бір дін өкілімен әңгімелесіп көрген едім. Оның пікірінше: «Имандылықтың басты шарты – бес уақыт намаз оқып, барлық жамандықтан тыйылу керек». Жамандылықтан тыйылу – имандылықтың бастауы. Құранда «Аллаһ тағала адамға шамасы жетпеген нәрсені жүктемейді» деген аят бар. «Ораза-намаз тоқтықта» дегендей, байдың баласы тойып секірсе, жарлының баласы тоңып секіріп жатқан мына, алмағайып заманда отбасын асырауға күйі келмей жатқандарға исламның шартын орындамадың деп кіна артуға бола ма?

Бала күнімізде Тұрысбек атты атамыз болды. Ол кісіні «Қажы ата» деп атаушы едік. Ауылдың балаларын жинап алып:

– Жаратушың кім?

– Алла.

– Пайғамбарың кім?

– Мұхаммед.

– Кімнің мазһабындасың?

– Имам ағзам Әбу Ханифа.

– Неше мазһаб бар?

– Төртеу.

– Ол қандай мазһаб?

– Имам ағзам, Имам Шафихи, Имам Мәлік, Имам Ахмад бин Хамбал, – деп жаттататын.

Біз кері кеткендердің бәрін кешегі кеңестік дәуірге итере салып, құтылуға құмармыз. Аталарымыз коммунистік иделогияның жетегінде жүріп те бізге имандылықты үлгі етіп кетіп еді. Жасыратыны жоқ, сол кісілердің өңінен бір-түрлі нұр төгіліп тұратын. Жылы жүзіне тартынбай қарап, айтқан ақыл-өсиетін жадымызға сақтауға тырысушы едік. Қазір Құран кітабын құшақтап отырса да, өңінен жылылықтың табы білінбейтін адамдар көбейіп келеді. Неге?

Ал қазір аталарымыз баршылық. Десе де, бұрыс кеткен жастарды тіліне иландыратындар азайып барады? Бесін намазын өтеп, үйіне қайтып келе жатып, жол бойында әбес қылық жасап жатқан жастарға: «Бұларың не қарағым?» – деп айтқаннан гөрі, көрмеске салып айналып өтіп кететіндер жетерлік. Мәселе қайда жатыр?

«Бұл – жалған дүние, шын өмір – ұжымақта. Сол үшін ананы істеме, мынаны істе» деп немересіне ақыл айтып отырған  қарияларды көргенде: «Шіркін-ай, Кайқауыстың «Кабуснамасын» оқытып алу керек еді» деп ойлайсың. Мұның өзі ой-өрісі кемелденбеген балаға кері әсер тигізбей ме? Пайғамбарымыз: «Егер кімде -кім менің айтқанымды жастарға орнымен үйретсе, ол менің жаннаттағы әшірім болады» деген. Алла тағала қазаққа тәуелсіздікті берген екен, осы тірлікте сол тәуелсіздікті қорғаңдар деген міндетті де беріп отыр. « Құранның бәрі тежемнен құрылған ба?» – деп сол бала ойланып қалса, оның зардабын мөлшерлеуге болмайды. Қазір өз-өзіне қол жұмсайтын балалардың саны артып барады.  Біз мұны қоғамнан көреміз. Жоқ, оның бір ұшы басқада жатыр. Басқа діннің («Кришна», «Иегова»..) аздырғыштарын айтпағанның өзінде, қасиетті дінді бұрмалап («Хизб-ут-тахрир», Ислам қозғалысы), жеке басының пайдасына асырып жүрген ағайындар қаншама? Гүл атаулының барлығында түс болады. Ал түсті нәрсенің бәрі гүл болмайтыны есімізде болсын.

Қазір имандылыққа жол ашылды. Жұма намазына жиналған жамағатты көріп көңілің өсіп қалады. Десе де, имандылық үйінің төрт бұрышқа бөлініп алып, төрт түрлі уағыз айтып отыратындарды көресің. Бәрі өз мазһабының идеясын үгіттейді. Намазды да өздерінің тәсілімен өтейді. Бірі-біріне қайшы. Қарабайыр халық қырма сақалы мен сәлдесіне қарап сыйлайтын шығар, бірақ қайсысына сенерін білмей әңкі-тәңкі. Ал намазда жамағатқа уағыз айтып, мешіттен шыға сала жеке мүддесінің қамымен жан-жағына қарамай, қарайламай шапқылайтындарды не дейміз? Құранның бес сүресін жаттап алып, түнімен ұрлық, зинақорлық жасап, таң ата намазын оқып, құдайшыл болып шыға келетіндер көбейіп алды. Олар адамдарды алдай алатын шығар. Алла тағаланы алдай ала ма? Бұлар қасиетті ислам дініне шіркеу келтіретін пиғылдар. Өмірде де, ғылымда да ислам дінінің орнын басатын ешқандай бір құдірет жоқ. Бұл – дәлелсіз шындық. Біз осы шындыққа кір келтіріп жүрміз.

Қазақ– қашанда жақсылықты тез меңгеретін халық. Сондықтан жастарды тәрбиелеу ұлттың болашағын бекемдеу болып табылады. Ата-бабаларымыз ежелден дінді жүрегімен, ділімен қабылдаған. Пайғамбарымыздың хадисінде халыққа жеңіл тиетін мақал мен мәтелге айналдырып жаттаған. Мысалы, «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді», «Не ексең соны орасың», тағы басқалар. Бүгінгі күнге келгенде сол жүрегінде иманы бар халықты өркениетті дін арқылы ұйыта алмай отырғанымыздың кейбір себептері жоғарыдағы жайларға қатысты болып отыр. Кім кінәлі?

Мемлекеттік тіл… Айта-айта жауыр болған, көтере-көтере қадірі қашқан мәселе болып тұр. Неге дейсіз ғой? Оны төрден оздырудың мәнісін таппай қиналғанымызға, қызылтанау болып ентігіп, ештеңе өндіре алмағанымызға– 15 жыл. Қазақстан халқын біріктіруші күш – қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері 15 сөз үйренбеді. Амал не, бұл біздің мемлекеттік тіл тағдырына тым-тым бейжай әрі салқын қарағанымыздың жемісі. Өзге ұлт өкілі түгіл, өз қазағымыздың тең жарымына жуығы ана тіліне мұрнын шүйіріп қарайтын көрінеді.

Қазақ тілін төрге оздырамын деп жанталасып жүрген Мұхтар Шаханов осылай деп жазыпты. Содан бері екі жыл өтті, өзгерген ештеңе жоқ. Ең сорақысы, ала шапанды өзбек ағайындардан ұят болды. Көктем шыға арзан еңбек күш болып, қазақ ауылдарының жұмысын жасап, нәпақа тауып еліне қайтатын сол жұмыскерлер ешуақытта орысша немесе қазақша сөйлемейді. Өзбекше сөйлеп, өзгелердің Отанында сайрандап жүр. Ал соған жұмыс берген біздің азаматтар темекісін ширатып тұрып, бір-бірімен орысшалап түсініскенін көргенде жерге кіре жаздайсың. Өзбектер «Орыс болу үшін алдымен қазақ болу керек», – дейтін көрінеді. Қорлау ғой? Бірақ құлағына ілетін пенде жоқ.

Егер тарихқа жүгінер болсақ, қазақтай жанкешті, мәдениетті ұлт болмаған. Ғұндардың батысқа ауғаны ұйқыда жатқан Еуропаны оятқанын, қыпшақ тілінің әлемдік қатынас тілі болғанын, тасқа жазылған тарихымыз бертінгі іс деп қарағанның өзінде, қытай тарихшылары ежелгі қытай қоныстарындағы бір қабірден табылған жәдігерлер мен Мысырдағы жер асты қазбаларының арасында ұқсастық тауып отыр. Ондағы ұқсастық – осыдан төрт мың жыл ілгері екі өңірде өмір сүрген халықтар тұтынған ыдыстарға қошқардың мүйізі тәрізді өрнек ойылған. Ал қошқардың мүйіз бейнесі арқылы көркемдікті бейнелеу тәсілін осы күнге дейін тек қазақ ұрпақтары ғана сақтап келген. Осы мәдениет тіл арқылы жаратылғанын ескерсек, біз сол мәдениетті жаратқан тілдің мұрагеріміз. Бірақ…

Ана тілімізді шұбарлап сөйлеуді, жазудағы қателікті, көше бойы қаптаған басқа ұлт тіліндегі жарнаманы, ағайындарды қалай қазақша сөйлетудің жолын жазып-жазып жауыр болдық. А. Затаевич: «Маған қазақ халқы ғана емес, қазақ даласының өзі ән салып тұрғандай сезіледі» деп жазды ғылыми еңбектерінде. Қазақ тілі қай тілден кем? Жер бетіндегі ең әнші халық саналатын итальян тілінде 16 дауысты дыбыс. Ал қазақ тілінде 14 дауысты дыбыс бар. Осындай тілді құрметтей алмағандарға не дерсің? Ойымызды орысша емес, қазақша жеткізуге де болады ғой? Сұрақ жетеді. Жауап жоқ…

Әрине, «Көршің соқыр болса, көзіңді қыс», – деген сөз бар. Шығысымыздағы көршіміз таяу жылдардан бері «Қазақстан мектебі» деген орта оқу орнын аша бастады. Мұндағы оқушылар 11 сыныпты бітіргенше қазақ тілін, әдебиетін, тарихын және мәдениетін қазақ тілінде оқу міндеттелген. Оған қосымша қытай тілінде жаратылыс тану пәндері мен шет тілдері бар. Сондағы мұғалімдер Қазақстанның жай-жапсарын білмейтін балаларға: «Қазақстан деген ел бар. Ондағы тұрғындар өз ана тілін білмейді, сендер келешекте оларға ана тілдерін үйрететін боласыңдар», – дейтін көрінеді. Әрине, қазір маркстік идеологияны жоққа шығарғанымызбен оның ұлт болудың төрт факторын терістейтін қағида жоқ. Оның бірі – тіл тұтастығы. Сондықтан біз ана тілімізді жүйелей алмасақ, жаһандану сияқты айдаһарға жұтылып кетуіміз әбден мүмкін. Міне, «басқа тілдің бәрін білеміз» деп жүргенде, басқалар бізге тіл үйрету үшін жанталасып жатыр. Олар қазақтың қамын ойлап отыр ма?

Кеңес одағының ыдырағанына 17 жыл болды. Билік өзгергенімен жүйе, психология түбегейлі өзгере қойған жоқ. Өзгерді дегеннің өзінде батыстық, жаһандану үлгісі, ұлтсыздану етек алып барады. Мемлекеттік тілді қолдау үшін қыруар қаржы бөлініп, үйрену орталықтары ашылып жатқанымен тілді меңгерген адамның қарасы көбеймей отырғаны осыған байланысты. Сондықтан қазақ тілі де ұлтжандылыққа ұйытудың негізі бола алмай отыр.

Біз ислам діні – имандылыққа, қазақ тілі – ұлтжандылыққа ұйытады деп едік?  Шындық олай болмай тұр. Енді не істеу керек?

Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы журналистерге берген сұхбатында:

– Сен білесің бе? Мен майданда қан кешіп жүріп өлімнен қорықпаған едім. Бүгіндері қорқынышым көбейіп келеді. Сен қолыңды бүк, мен айтайын. Қазір баласына бесік жырын айтатын келіндер, немересіне ертегі айтып беретін әжелер, ақыл айтып, жол көрсетер аталар азайып барады. Ал анасынан бесік жырын естімеген, әжесінен ертегі, атасының ақылын тыңдамаған бала балта берсең шаба салады, найза берсең сұға салады, – деп аз-кем үнсіз қалса керек.

Кім-көрінгеннің қолжаулығы болған тарихымыз ата тегімізді ұмыттырып қана қоймай, санамызға қазақтың қолынан дым келмейді дегенді сыналағысы келеді. Осы дерттен құтыла алмай жүргеніміз жасырын емес. Дінге деген құрметсіздік, тілді менсінбеудің түп тамыры осында. Алайда, шындық олай емес екен. Қазақ та ел басқарып, өркениетті өрге сүйрей алады екен. Оны осы санаулы жылдардағы атқарған істеріміз дәлелдеп берді.

Тәуба, қазіргі тәуелсіздікпен тел өскен жастарға разы боласың. Ғылым, өнер, спорт болсын табысты еңбек етіп жатқандар күн санап көбейіп келеді. Бізді барлық тығырықтан алып шығатын күш солардың қолында. Ендігі міндет – осы ұрпақтың санасын улап алмай, рухын бекемдейтін келешегіне кемел жол табуда болып тұр. Ертеңгі күні дінді де, тілді де биік мәртебеге жеткізетін әне, солар. Ол жол – «Қазақстан – 2030» стратегиясы. Дін де, тіл де, саясат та, заң да міне, осы стратегияның аясында жұмыс жасауы керек.

 Ажар Андас, SDU 3 курс студенті

Q-Andas ақпарат

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 46
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz