Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Көші-қон

Еркіннің көктерегі

«Елге ел қосылса құт қонады» дегендей, шетелден оралған қандастарымыз еліміздің өркендеуі үшін үлес қосуда. Көксу ауданы, Мұсабек ауылында тұратын Еркін Пидахметұлы 15 жыл бойы тынымсыз еңбектеніп, ауылдың тау жақ бөктеріне 8 мың түп көктерек көшетін отырғызып, оны күтіп-баптап, бүгінде аспанмен бой таласқан бау-бақшаға айналдырды. Әрине, осы талпыныстың қалқасында қаншама еңбек, төзімділік, күш-жігер жатқанын есептей беріңіз.

admin
2025/07/28
Көші-қон
0
Еркіннің көктерегі

Атажұртқа сонау 2008 жылы біржолата қоныс аударған Еркін алғашында Талдықорған қаласының іргесіндегі «Ащыбұлақ» саяжайында қоныстанады. Арғы бетте «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағидамен шыңдалған жас жігіт 30 сотық ауласына Қытайдан ала келген алма, өрік, көктеректің көшетін егіп, жерсіндіреді.

– 10 жасымнан бастап ағаш егіп, оны күтіп-баптауға құмарттым. Елге оралған соң да осы кәсіпті қолға алғым келді. 2010 жылы елімізде «Жасыл Қазақстан» бағдарламасы қолға алынды. Сол тұстағы облыс әкіміне хат жазып, өзімнің орман өсіріп, қоршаған ортаны көркейту арманымды жеткіздім. Бұл өтінішім қабылданып: «Облысқа қарасты қайсы ауданнан лайықты жер көрсең, сол жерді өзгертуге қолдау көрсетіледі» деген жауап алдым. Сонымен Талдықорған қаласы, Ескелді, Қаратал, Көксу аудандарының ауылдарын аралап жүріп, таңдауым Көксу ауданының Мұсабек ауылына түсті. Осы ауылдың тізгінін ұстап жүрген азаматтар 22 гектар жер телімін беріп, арманымды ұштады. Сонымен алғашында алма ағашын егіп көріп едік, өнбеді. Өйткені, Мұсабек ауылының жері құмдауыттау, желі үзілмейтіндіктен жеміс ағашын өсіру қиындау екен. Содан кейін, Қытай көктерегінің көшетін әкеліп, еге бастадым. Арманымыз алдаған жоқ. Бүгінгі жағдайын көріп тұрсыздар, – дейді Еркін бас-аяғы 1 шақырымға созылып жатқан 10 қатар болып тізіліп өскен көктеректі нұсқап.

Еркіннің бастамасын «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін Мұсабек ауылының әкімдік қызметкерлері  мен ауыл ақсақалдары, тұрғындар мен мектеп ұжымы бірден қолдап, ағаш көшетін отырғызу кезінде, оны суғарып, күтіп-баптаған тұста көп көмек көрсетеді.

– Ауылымыз желдің өтіне орналасқан, оның үстіне, топырағы құмдауыт болғандықтан бақша өнімдері, жеміс-жидек  өспейді. Еркін ең алғаш ауылға алма ағашын егіп еді, жер жағдайына байланысты жерсінбеді. Содан кейін ауылды айналдыра көктерек егіп, оның қалқасына алма, өрік ағаштарын егіп өсірді. Қазір олар жеміс беріп тұр. Көктеректер биіктеп өсіп, жел мен құмды тосқандықтан  азынаған жел тоқтап, ауылды құм баспайтын болды. Ауылдастар ауласына бақша өнімдерін егіп, нәпақа табатын болды. Сөйтіп, Еркіннің көктерегі бүкіл ауылдың бейнесін өзгертіп жіберді, – дейді Мұсабек ауылының тұрғыны Зиягүл Досанқызы.

«Еркіннің көктерегі» деген сөзді бүгінде Мұсабек ауылының тұрғындары мақтана айтады. Көктеректің көсегесін көгерткен Еркін қосымша қара ағаштың тұқымын да сеуіп, 1-2 жылдық көшетін Астана, Алматы, Түркістан қалалары мен Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына  саудалап, нәпақа табады.

– Біздің елде еңбектенген адамға барлық жағдай жасалған және кәсіптенуге мүмкіндік мол. Менің төрт түлігім де, бизнесім де, кәсібім де осы ағаштар. Алдағы уақытта мұның санын да, аумағын да кеңейтіп, көктерекпен бірге жеміс ағашын өсіріп, қоршаған ортаға қосар үлесімді еселей беремін, – дейді азамат.

Еркіннің бұл арманын жүзеге асыруға ауыл, аудан әкімдігі де қолынан келгенше көмектесуге дайын. «Көп түкірсе көл толады» дегендей, бұл еңбектің нәтижесін ертеңгі ұрпақ көреді.

Қажет АНДАС

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 36
Керекуде  – рухани да, материалдық та қолдау көп
Көші-қон

Керекуде – рухани да, материалдық та қолдау көп

November 11, 2025
Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде
Білім

Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде

October 7, 2025
СОЛТҮСТІКТЕГІ ЖЕТІСУЛЫҚТАР
Көші-қон

СОЛТҮСТІКТЕГІ ЖЕТІСУЛЫҚТАР

October 7, 2025
Қостанайдағы жерлестер
Көші-қон

Қостанайдағы жерлестер

July 28, 2025
Абай еліндегі ағайындар
Көші-қон

Абай еліндегі ағайындар

July 28, 2025
Ұқсата білген ұтады
Көші-қон

Ұқсата білген ұтады

July 28, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz