Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Көші-қон

СОЛТҮСТІКТЕГІ ЖЕТІСУЛЫҚТАР

admin
2025/10/07
Көші-қон
0
СОЛТҮСТІКТЕГІ ЖЕТІСУЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облыстық еңбек мобилділік орталығы, қандастар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру бөлімінің басшысы Гүлқайша Ілиясованың бастауымен Солтүстік қазақстанның Петропавл қаласындағы, Айыртау, Аққайың, Тайынша, Ақжар, Мамлют аудандарындағы жетісулық қоныс аударушылармен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігін бағамдап қайттық.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінде 500 мыңнан астам адам тұрады. Соңғы жылдары халық санының азаюы байқалады. Дегенмен, іске асып жатқан инвестициялық жобалар мен инфрақұрылымдық өзгерістер облыстың даму әлеуетін арттыруға бағытталған. Олар демографиялық жағдайды жақсарту мен тұрғындардың әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында ішкі көші-қон бағдарламасы аясында көшіп келетіндерге айрықша назар аударады. Бұл аймаққа көшіп барып, тіршілігін түзеген жетісулықтадың да қатары көбейіп келеді.

Айталық, 2010 жылдан бері орта жасы 30-50 аралығындағы оңтүстікқазақстандық бірнеше отбасы Солтүстік Қазақстан облысының Телжан, Ащыкөл, Алқатерек және Қондыбай елді мекендеріне қоныстанғаны туралы да дерек бар. 2017 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 9120 адам көшіп келген. Былтыр Солтүстік Қазақстан облысына, сондай-ақ, Павлодар, Абай, Ұлытау өңірлеріне ерікті түрде көшіп келген немесе шақырылған 1 595 отбасы үшін жалпы 6 100 квота берілген. Биылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда ішкі көші-қонға қатысқан 417 573 адам тіркеліпті. Олар негізінен білім, ғылым, медицина, сервис, техника, өндіріс, мәдениет, ауыл шаруашылығы, телекоммуникация, әлеуметтік қызмет салаларына маман ретінде алынды. Солардың бірі – Айыртау аудандық Мәдениет үйінде жұмыс істейтін Берікбол Дүйсенбайұлы:

– Жетісудың жайма-шуақ даласын артқа тастап, солтүстікке қарай жол тарту – біздің отбасымыз үшін оңай шешім болған жоқ. Солтүстік Қазақстан бізді салқын қабағымен қарсы алды. Аязды қысы, қатаң климаты оңтүстіктің күн шуағына үйренген бізге алғашында ауыр тиді. Тағы бір тосын жағдай – тілдік орта. Көпшілік орысша сөйлейді, бізге бейімделу біраз уақытты талап етті. Дегенмен, балаларымыз келіп, ауыл мектебіндегі оқушылар санының артуы көңілге демеу болды. Бұрынғы 20 баланың орнына бүгінде 60-қа жуық шәкірт білім алып жүр. Бұл – біздің келгеніміздің де бір нәтижесі.

Әрине, қиындықсыз іс болмайды. Бізге берілген үйлердің көбі ескірген, жөндеуді қажет етеді. Қоныс аударушылар негізінен осыған шағымданып жүр. Жаңа ортаға бейімделу, тұрмыстың қиындығы талайдың жігерін сынады. Кейбіреулер қайтадан елге қайтып та кетті. Соған қарамастан, Үкімет тарапынан берілген қолдаудың игілігін де көрдік. Жолға қаржылай көмек, жалға алу шығынын жабу, жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Бірақ бағдарламаның өзі кейде жүйелі емес көрінеді. Мамандығы сұранысқа сай келмегендер бос қалады, ал еңбек күші қажет жерге әрдайым лайықты адамдар келе бермейді. Басында қиналсақ та осында қалуды жөн көрдік. Өйткені ауылға жан бітіру – біздің де, балаларымыздың да болашағы үшін маңызды. Жаңа қоныс – жаңа сынақ, сонымен бірге жаңа үміт. Қазір бәріне үйреніп кеттік, – дейді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысына халықты қоныстандыруда белсене жұмыс атқарып, еңбек ресурстары тапшылығын реттеуге бағытталды. Жалпы Қызылжар аймағында бала тууды ынталандыру, отбасыларды қолдау, көші-қонды тиімді басқару, сондай-ақ, білім мен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту негізгі бағыт ретінде белгіленген.

Солтүстік Қазақстанға соңғы жылдары Жетісу облысынан да көптеген отбасы қоныс аударуда. 2023 жылы өңірге барлығы 711 отбасы немесе 2460 адам көшіп келді. Оның ішінде Жетісу облысынан 21 отбасы (97 адам) қоныс аударған. 2024 жылы қоныс аударушылар саны шамамен тұрақты деңгейде болды. Барлығы 710 отбасы немесе 2340 адам қоныстанды. Сонымен қатар, 105 отбасы (207 адам) қандас ретінде келді. Биыл 46 отбасы (216 адам) көшіп келген. Биылғы жоспар бойынша, өңірге жұмыс күші артық аймақтардан 2969 адам және 175 қандас қабылданбақ. Жалпы, 2020-2024 жылдар аралығында Жетісу облысынан Солтүстікке 121 отбасы немесе 549 адам қоныс аударды.

Дегенмен сарапшылар бағдарламаның нәтижелі емес екенін атап көрсетеді. Олар көбінесе қоныс аудару бағдарламасына сай келмейтін топтарды жұмыссыздар, қарызға батқандар деп сипаттайды. Оларға солтүстікте нақты сұраныс болмауы (яғни мамандықтары сәйкес келмеуі), сондай-ақ, климаттық қиындықтар, менталитет айырмашылығы және инфрақұрылымның төменділігі кедергі болады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та бағдарламаны қайта қарау қажет екенін ұсынған.

Қысқасы, Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен тұрғындарды көшіру үшін жан-жақты қолдау бағдарламалары іске асуда. Қаржылық көмек, тұрғын үй, жұмысқа орналастыру секілді негізгі мәселелер қарастырылған. Дегенмен, бағдарламаның шынайы әсерін арттыру үшін сұраныс пен ұсынысты сәйкестендіру, инфрақұрылымды дамыту және бейімделу жүйесін жетілдіру қажет деген ұсыныстар жиі айтылады.

Қызылжар өңірі – табиғаты сұлу, шұрайлы өлке. Мұндағы кең жазира дала мен қалың орман-тоғайдың сұлулығы талайдың жүрегін баурап келеді. Көктемде көк майсаға оранған алқап жаз шыға құлпырып, алтын дәнге толады. Жайқалған егін даласы – елдің берекесі, ауылдың несібесі. Ал күзде орман-тоғай сары мен қызылға боялып, көрген жанды тамсандырады. Бұл өңірдің орманы – нағыз қазына. Қарағай мен қайың аралас өскен тоғай таза ауасымен, жанға жайлы тыныштығымен ерекшеленеді. Құс үні мен жапырақ сыбдыры табиғаттың әсем симфониясындай. Солтүстіктің көркі – тек көздің қуанышы ғана емес, елдің ырысы да. Орман-тоғайы, ну даласы – болашақ ұрпаққа аманат, табиғат сыйы.

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстанның тұмса табиғатын сөз еткенде, алдымен Имантау мен Шалқар көлдері ойға оралады. Тау мен тоғайды баурай жайғасқан бұл өңір табиғаттың нағыз інжу-маржаны. Осы жолы Айыртау аудандық мансап орталығының директоры Руслан Қожахимовтың бастауымен Имантау-Шалғар демалыс аймағына барып, ондағы жетісулықтармен кездесіп қайттық.

– Жаз шыға көлдің айдыны айнадай жарқырап, саялы орманға саяхатшылар толығады. Қарағай мен қайың аралас өскен тоғай жанға тыныс, денсаулыққа шипа. Құстың сайраған үні, самал желдің сыбдыры табиғаттың әсем әуеніндей. Көл жағасында жайқалған жасыл шалғын, қып-қызыл қоңызгүлдер мен сарғалдақтар өңірдің сұлулығын одан әрі айшықтай түседі. Қыста ақ көрпесін жамылған тау бөктері шаңғы тебушілер мен қыдырушыларға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Имантау–Шалқар тек табиғатымен ғана емес, тарихымен де қымбат, – дейді туған жерінің табиғатын ерекше мақтан еткен жолбастаушымыз Руслан Сайлауұлы.

Имантау – Шалқар курорттық аймағы – ауданның басты қазынасы екені белгілі. Қазір мұнда 40-тан астам демалыс орны жұмыс істеп, бір мезгілде 3 мыңнан астам қонақты қабылдай алады. Өңір тарихқа, киелі жерлерге де бай. Ботай қонысы, Шоқан Уәлиханов мұражайы, Айғаным қонысы, Қарасай мен Ағынтай батырлар мемориалы – ұлттық рухты асқақтататын нысандар. Уақыт тауып Қарасай мен Ағынтай батырдың мемориялды кешеніне тәу еттік. Қысқасы, Айыртау ауданының әлеуеті зор. Таза табиғат, тарихи мұра мен жаңа инфрақұрылым – оның «екінші Бурабайға» айналуына негіз болуда.

Табиғаттың осы бір шұрайлы мекеніне де қоныс аударушылар ірге теуіп, болашақ жоспарларын жүзеге асыра бастапты. Көріп көңіліміз толды. Десе де олардың кейбір ұсыныс-тілегін тыңдап, осы жазбамыз арқылы аудан, облыс басшыларына құлаққағыс еткіміз келеді.

– Біздің Имантау табиғатымен ерекше. Жазда көл жағасы туристерге толып, қыста шаңғымен сырғанап, таза ауамен тыныстаймыз. Бұл жердің шырайы – орман-тоғайы мен мөлдір көлдері. Соңғы жылдары туризм дамып келеді. Жолдар жөнделіп, демалыс орындары көбейді. Жергілікті халық үшін де бұл қуаныш – жұмыс орындары ашылып жатыр. Әрине, әлі де істелетін шаруа көп. Бірақ ең бастысы – туған жерімізді қадірлеп, табиғатын сақтау. Бұл өңірде қазақтың талай арысы ат ізін салған, аңызға айналған оқиғалар өткен. Сондықтан да оны көздің қарашығындай сақтап,  болашақ ұрпаққа аман жеткізу – бәріміздің ортақ міндетіміз, – дейді Имантау ауылының тұрғыны Бибек Абдыразақ.

Айыртаудағы ағайындармен кездесуден соң Көкшетау бағытымен Тайынша, одан ары Ақжар аудандарына жолға шықтық. Ол жақта да бізді күтіп отырған ағайындар бар екен. Ақжар ауданы – Солтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан, орталығы – Талшық ауылы. Ақжар ауданы шағын болғанымен, Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып отырған өңір. Ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор, халқының бірлігі мықты, келешегі нық аудан. Сондықтан болар, мұндағы жетісулықтардың да жағдайы жақсы көрінді. Тіпті, мемлекеттен берілген қайтарымсыз грантпен жеке ісін ашып, жоспарын жетілдіріп жатқандар көп екен. Соның бірі – өткен жылы Талдықорғанның іргесіндегі Көксу ауданынан қоныс аударған Жұбаныш Әнештің отбасы Ақжар ауданының орталығы Талшын кентінен дәмхана ашыпты. Ал жуырда 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант алып, тауық өсірмекші.

– Солтүстікке қоныс аударғанда ең үлкен арманымыз – өз кәсібімізді ашу еді. Мемлекеттен грант алып, соның арқасында шағын цехымызды іске қостық. Бұрын ойға алған жоспарларымыз тек арман болып көрінетін. Енді, міне, жүзеге асып отыр. Жаңа істің ашылуы – тек біз үшін ғана емес, ауыл үшін де қуаныш. Жергілікті жастарға жұмыс табылды, ауылға жан бітті. Үкімет берген қолдау бізге үлкен сенім сыйлады. Осындай мүмкіндікке ие болғанымызға ризамыз. Бұл – жаңа өмірдің бастамасы, болашағымызға нық қадам, – дейді Ақжар ауданы, Қулы көл ауылының тұрғыны Жұбаныш Әнеш.

Солтүстік Қазақстанда дәрігер тапшылығы бар екені жасырын емес. Дегенмен, соңғы жылдары қабылданған мемлекеттік бағдарламалар бұл мәселені шешуге бағытталған және олардан бірқатар оң нәтиже бар. Әсіресе, қоныс аударған дәрігерлер мен медбикелерге мемлекет тарапынан тұрғын үй беріледі немесе жалдау ақысы өтеледі. Бұл мамандардың тұрақтап қалуына мүмкіндік береді. Сондай дәрігердің бірін Аққайың аудандық емханасынан кездестірдік. Өзін Данияр Нұрқасымов деп таныстырған жас жігіт бұл өңірге қоныс аударғанға дейін Асфандияров атындағы Қазақ медициналық университетін бітіріп, біраз жыл Алакөл аудандық емханасында жұмыс істеген.

– Бағдарлама аясында келген медицина қызметкерлері бірден тұрақты жұмысқа орналастырылады. Бұл – жас мамандар үшін сенімді қадам әрі кәсіби дамуға жол ашады. Солтүстікке келген мамандарға үстемеақы мен көтерме жәрдемақы қарастырылған. Бұл – қаржылық ынталандырудың маңызды тетігі. Ауылдық жерлерге дәрігерлердің келуі – халыққа сапалы медициналық қызметтің жақындауы деген сөз. Бұл тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік дамуына да серпін береді. Бағдарламаның арқасында жас мамандар тәжірибе жинақтап, біліктілігін арттыруға жол табады. Көптеген жас дәрігер бұл мүмкіндікті кәсіби мансаптағы алғашқы қадам ретінде бағалап отыр, – деп ағынан жарылды Данияр Нұрқасымов.

Түйін:

Солтүстік Қазақстан облысы – табиғаты сұлу, әлеуеті зор өңір. Соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Әрине, қиындықтар да бар: демографиялық ахуал, қоныс аударушылардың бейімделуі, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі. Бірақ өңірге келген әрбір отбасы ауылға жан бітіріп, мектепке бала әкеліп, жаңа тыныс сыйлап отыр. Солтүстіктің шұрайлы даласы мен орман-тоғайы – болашақ ұрпаққа аманат. Егер мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау мен халықтың ынтасы үйлесім тапса, Солтүстік Қазақстанның ертеңі нұрлы болмақ.

 

Қажет Андас

Солтүстік Қазақстан облысы.

Дереккөз: «Жетісу» газеті, №96. 6 қыркүек 2025.

Q-Andas ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 65
Керекуде  – рухани да, материалдық та қолдау көп
Көші-қон

Керекуде – рухани да, материалдық та қолдау көп

November 11, 2025
Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде
Білім

Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде

October 7, 2025
Еркіннің көктерегі
Көші-қон

Еркіннің көктерегі

July 28, 2025
Қостанайдағы жерлестер
Көші-қон

Қостанайдағы жерлестер

July 28, 2025
Абай еліндегі ағайындар
Көші-қон

Абай еліндегі ағайындар

July 28, 2025
Ұқсата білген ұтады
Көші-қон

Ұқсата білген ұтады

July 28, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz