Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Андас Омарақын ізімен

Елдіктің жолы

admin
2026/04/16
Андас Омарақын ізімен
0
Елдіктің жолы

Басы:

Жоңғар шапқыншылығы тыныштандырылғаннан кейін ежелгі атамекенінен жоңғарлардың қырғыны салдарынан босып кеткен Қызайдың Тәйірберді, Тілеуберді, Бегімбет, Дербіс аталары 1882 жылдан бастап, Күнеске қайта көшіп келіп, орналаса бастады. Күнеске ауған жұртты ең алғаш Тәйірберді Бұқаш болыс, Тілеуберді Байеке болыс, Бегімбет-Дербісті Сасан болыс бастап келді. Ол кезде бұл өңір Цин империясының Іле генерал мекемесін қарап тұрған кез еді. Сондықтан қызайлар әкімшілік бөлініс бойынша Іле генерал мекемесіне қарасты болып Іле генерал мекемесінен мансап алып, нұсқау қабылдап отырды. Бұл ортадағы қазаққа берілген үлкен мансап болыстық болды да мұндағы болыс атауы мың үйдің бастығы деген сөзден келіп шыққан. Әр болыста 10 зәңгі ел. Бір зәңгіде 100 үй, ал күнде  50 үйдің бастығы болды. Бірнеше елубасы тағайындалды. Әрбір елубасыға 10 үйді басқару тапсырылды. Бұл атау 1910 жылға дейін жалғасты. 1910 жылдан кейін Іле генералы болыстарға піл сүйегінен жасалған ақ қала формасында мансап белгісін таратып, осыдан кейін болыс атауы ақалақшы болып өзгертілді. 1916 жылдан 1938 жылдарға дейін Қазақыстаннан албан, суан, қырғыз және матайлар ауып келіп, Күнеске қоныстана бастады. Онсыз да Іле генералынан қысым көріп отырған қызайлар ақ патшаның қысымна төзбей ауып келген елге кеңпейілдік танытып, құшағын ашты. Сырылып орын босатып, алдына мал салып берді. Сол тұста Күнес өңірінде Қәдірсіз, Төлеубай, Нұрсапа, Естемес, Тергеусіз, Қасеке, Машақа, Аяпберген. Оразәлі, Сатыбалды, Алпысбай, Есімбек, Мақсұт, Қанатбек  қатарлылар ілгерінді-кейінді ақалақшылық міндет өтеді. 1933 жылдан кейін Шыңшысай үкіметі мезгілінде бұл түзім жойылып, бұрынғы мансаптылар биліктен қалды. Осы тұста Сасан болыстың ұлдары Жәйірбек, Еркімбектер гуандай (ақылшы) болды. Күнес өңірі 1935 жылға дейін Нылқы ауданына, 1936, 1937 жылдары Тоғызтарау ауданына қарап келді. 1938 жылы тұңғыш рет Күнес ауданының Талды деген жерінде Жарым аудан құрылып, Талды қалашығы аудан орталығы болып бекітілді. Күнесті әкімшілік жақтан басқарып келген бұл әкімшілік мекеме бір мезгіз «Шапқы шиежуи» (Шапқы жарым ауданы) деген атпен де аталды. Хошынтау жарым аудан бастығы, Жуниң орынбасары, бас хатшы Дайсыңбу, орынбасары Сыздық молда, аудармашылар Әділбек, Әбділда, сот бастығы Сағат, сақшы бастығы Ыбырайым сожаң, Ли жуйжаң, салық мекемесінің бастығы Люпишы, қазақ-қырғыз ұйымының бастыңы Сатыбалды зыуаң, Әбдуәли Жайырбекұлы, ұйшыма хатшысы Мұқан Іргебайұлы  болды. 1938  жылы 5-айда сол тұстағы Кеңес одағы тарапынан тағайындалған Іле аймағының әскери әкімшілік жақтағы бастығы Яу сылиң (Яу генерал) тұңғыш рет Күнеске келіп, жұмыс жағдайымен танысады. Ол сол тұстағы жарым ауданның бастығы Хусың дегенді ертіп, Бестөбені көруге барады. Сөйтіп ол Бестөбенің жер жағдайын шолып, айналаны дүрбімен тексеріп, аудан орталығын Бестөбеге көшіруге ұйғарым жасайды.

Яу генерал екі жұмысты қатаң орналастырады: Бірінші,  Талдыдағы үкімет органдарын Бестөбеге көшіріп, әлдымен үкімет жамбылдарын, мектеп, клуб, мәдениет орны мен астық қамбасын салуды тезден қолға алу. Екінші,  жедел басқарған бастықтар мен Күнес көлемінен малды, ақшалы ірі байларды ұйымдастырып, оларға қалашықтан арнайы жер телімін бөліп, құрылыс салдырып, міндетті түрде қалаға қоныстандыру. Осы екі іс орындалса, басқалардың да бірте-бірте қалаға орналасуына үлгі болып құрылыстану жұмысы тез жүзеге асады деп көрсетті. Бұл нұсқау бойынша қала құрлысы тезден қолға алынды. Үкімет Күнес көлеміндегі Жәйірбек, Еркінбек, Сатыбалды, Алпысбай, Досымбек, Құсайын, Бататар, Барақ, Нұрқасым, Сабырқан, Қасымқан, Дәуітхан, Мұстафа қатарлы ауқатты адамдарға жер телімін беріп, үй-жай салдырып қоныстандырды. Барақ бай өзі құрлыс салумен қатар қаржы шығарып, ауданға үлкен астық қамбасын  салып береді. Мұны көрген басқа адамдар да оларды төңіректеп Бестөбеге құрылыс салып, қоныстана бастайды. Сөйтіп қысқа ғана 2-3 жылға жетпейтін уақыт ішінде Бестөбе қалашығы бой көтеріп, көлемі кеңейе түсті.

Бастабында қаланы төрткіл формасында салуды жоспарлайды. Кейін сол бойынша қала түсетін аумақтың орталығы белгіленіп, орталық көшенің желісі тартылады. Сонымен көшенің шығыс жағына Досымбек, Алпысбай, батысына Жәйірбек, Ататар секілді адамдар үй тұрғызады. Келесі бір көшенің бойынан Еркінбекке, қарсы жағынан Сатыбалдыға жер телімі беріледі.

Бестөбеде ең алғаш Жәйірбектің үйі салынды. Бұл үй Ортазиялық үлгіде салынып, төбесі қаңылтыр темірмен қапталады. Бұған еліктеген басқалары да құрылысты көрікті етіп, асты-үстін тақтайлап, алдына қалытқы тұрғызып, еңселі етіп салуға тырысады. Қаланы көркейту үшін белсенділік танытқандар – Сабырақын, Дәулетхан, Нұрқасым, Мұрсалбек, Құсайын, Әмірәлі, Әмірқасым, Әбдуәли, Әкпар, Сүлеймен, Қанафия, Рәби, Керімбек, Тұрысбек, Мұстафа, Сапарқан, Омарәлі, Әбілқасым, Иңкебай, Омарақын зәңгі, Қауа имам, Батжан, Оразахун шаңия, Мәуленақын, Өмірақын, тағы да басқалар еді. Олармен қатар, сол кездегі зиялылардан Әбдірасыл, Санат, Райыс, Иманәлі, Зейіш, Имаш, Құрман, Уәйіс, Арын, Жәлел, Бәзілбектер де үй тұрғызады.

Орталық көшенің шығыс жағына аудандық үкімет, клуб, астық қамба қатарлы үкіметтің ғимараттары, қаланың оңтүстік жағына сақшы, бәжі (салық) мекемелері, қазақ-қырғыз ұйымы, мектеп түседі. Сонымен қатар, Баян, Бөгенбай, Сады, Тоқал, Тоқай, Есенгелді, Солтангелді атаның балаларын оқыту мақсатында жер телімін кестіріп, тұрғын үй салып, қаланың аумағын кеңейте түседі.

Сол тұста құрылыс салуға келген ұйғырлар да тұрақтап қалады. Олар үй салып, көше бойына ағаш егіп, тоған тартып, қаланың көркеюіне үлес қосады. 1940 жылы Еркінбек Телғарадағы «Ағаштан салған мектебін» Бестөбеге көшіріп әкеледі. Бұған «Күркілдек» мектебін қосып, екі мектептің ағаш материалынан он сыныпты, толықсыз орта мектеп салынады. Мектептің директорлығына (шияу жаң) Жаң Жау Лин, оқу ісі жөніндегі орынбасарына Нұрғали Рәбиұлы тапғайындалып, Санат, Құрман, Зейіпхан, Арын, Иманәлі, Имаш, Мырзахан, Бәти, Сара, Хыжулин (сібе, қытай тілі мұғалімі), қатарлылар сабақ беріп, мектептің көркеюі мен кемелденуіне үлес қосады.

1940 жылы Талды сақшы мекемесі, аудандық әкімшілік мекемесі, үкімет органдары Бестөбеге көшіп келіп орналасады. Аудандық сақшы мекемесі, сауда мекемесі, саудагерлер қоғамы, қазақ-қырғыз мәдени ағарту ұйымы құрылып, аудан түзімі бойынша іс жүргізеді. Сол қатарда Жәйірбек, Еркінбек, Құсайын сияқты ауқатты адамдар дүкен, сауда орталығын ашып, халықты күнделікті тұтыну бұйымы, азық-түліктен тарықтырмайды. Ұйғыр, өзбек саудагерлері де дүкен, лапке ашып, сауданың көрігін қыздыра түседі. Тіпті, қолынан азды-көпті өнер келетіндер асхана, наубайхана, мал сою орнын ашса, етікші, жамаушы, қаңылтыршы, ағашшылар да көбейіп, жері кеңіп, пайдасы мол жаңа қалашықты мекендеп, туыс-туғандарын жинап, үй салушылар еселене түседі.

Адам санының артуына байланысты бірнеше орыннан келген-кеткен қонақтар түнейтін дең-бекеттер салынып, қысы-жазы кіре тартып, адам таситын арбакеш, есекші керуен, атшылар Шығыста Қашқар, батыста Құлжа қаласына дейін жолаушы тасымалымен айналысады. Бұл сауданың пайдасын білген Еңсебай секілді азаматтар дең ашып, жолаушы тасымалымен айналысады.

Осы тұста бұрынғы «Бестөбе» мектебі орталау мектепке айналып, Күнес ауданының бас-аяғынан оқушы қабылдап, жаңаша оқу жүйесі қалыптасқан, жатақты мектепке айналады. Оқу бағдарламасы Қазақстанда шығатын оқулықтар бойынша түзіледі.

Қазақ орталау мектебінен өзге, ұйғыр, қазақ, орыс бастауыш мектептері құрылып, қалашықтың жан саны артып, жаңа құрылыстар түсіп, ауласын өрік, алма сияқты түрлі жемістермен толтырып, қалашықтың бұрынғы-бет-бейнесін өзгерте түседі. Осы жылдары үкімет жағынан шикізат мекемесі, бәжі (салық) мекемесі, одақ үйі, емхана, пошта, орман бөлімшелері құрылып, қалашықтың негізгі көшелері реттеліп, жағалауына орман ағаштары отырғызылып, қалашық сәніне кіреді. Бұл құрылыс Үш аймақ төңкерісі мезгіліне дейін жалғасты.

1942 жылы Шапқы жарым ауданның аты Шинюан «Жаңа қайнар» деп өзгертілді. Дәл осы мезгілде Күнесте аудандық түзім бірінші рет жолға қойылды. Мұнда әрқайсы рулардың қоныстану жағдайына қарай ауылдарға бөліп, басқарды. Сол тұста Күнес ауданы үш әкімшілік бөлініске бөлінді.  Бірінші Бестөбе әкімшілік ауданы, бастығы Жәйірбек Сасанұлы, Мұрсалбек Әділбайұлы, кейін Әкпар Тергеусізұлы аудан әкімі болды. Екінші Аралтөбе, Нарат, Үшкептер өңірінде құрылып, бастығы Әбдіқадыр Естемесұлы,  үшіншісі Талды, Қарабұраны негіз етіп құрылып, Нұрихан Қарымбайұлы, кейін Әбдірасыл Жайпақов басқарды. Бұл кезеңде әрбір ауылға қарайтын 7-8-ден зәңгі болды. Оларға қызмет ететін бірден хатшы және шабарман тағайындалған.

1944 жылы күзде Нылқы Ластайдан басталған күрес дабылы Күнеске де әсер етті. Азаттық аңсаған әр ұлт халқы тезден ұйымдасып, Үш аймақ төңкерісіне белсене қатысты. Күнестегі гомендаң үкіметі жіберген мансаптылар халық қаһарынан өлердей қорқып, бір түнде табанын жалтыратып, тайып тұрды. Сол жылдың желтоқсанында Күнес аудандық үкімет төңкерістік  штап болып өзгертіліп, Жәйірбек Сасанұлы штап бастығы, Қиясбек Берікбайұлы хатшы болды. 1944  жылдың соңы мен 1945 жылдың басында Үш аймақ төңкерісі жеңіске жеткеннен кейін Іле аймағына тіке қарайтын толық аудан гомендаң үкіметінен қалған аппараттарды өткізіп алып, аудан қызметін Үш аймақ өкіметінің тәртібі бойынша жүргізе бастады.

Аудан орталығы Бестөбе қалашығынан аудан әкімінің ғимараты құрылды. Жәйірбек Сасанұлы бас әкім, әкімнің орынбасары Мәулетқожа (өзбек), өнеркәсіпшілер қоғамының бастығы Инағам (түрік) шаруашылар өкілінен сайланды. 1946 жылы Жәйірбек Сасанұлы қайтыс болып, орнына Еркінбек Сасанұлы отырды. Бұл кездегі аудан әкімі Еркінбек Сасанұлы, орынбасары Мәулетқожа, Ыбырайым Баратов (қосымша сақшы бастығы), кейін Сырайыл деген ұйғыр азаматы болды. Үкіметтің бас хатшысы Іскендір Тахиров, Айт Мұқамет, жер-су бөлімі бастығы Таңжарық Жолдыбаев, жүргізушілері Ыбырайым, Саламат, сот мекемесінің бастығы Дәуітқан Қаңтарбаев, судия Көккөз Құдысбек, хатшы Тілеуқабыл Әбілғазы, оқу-ағарту бөлімінің бастығы Қиясбек Берікбаев, қазына бөлімінің бастығы Иманәлі Ысқақұлы, астық бөлім бастығы Уәйіс Қартышұлы, сауда бөлім бастығы Санат Кәдірсізұлы, даму бөлімінің бастығы Шилазы (дуңган), аудандық банк бастығы Райыс Әбілғазы, бәжі (салық) мекемесінің бастығы Имам Мұхамет, сақшы мекеме бастығы Тұрсынбай Әбдіразақ, Мұқан Іргебаев, Әлғазы Әбішұлы, пошта мекемесінің бастығы Мүсілимов, денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Ғани қожа, базар бастығы Тұрысбай Шұбатов, Мұқамадияр Ташинұлы, «Шиңжияң домократия мен бұқаралықты қорғау одағы» Күнес аудандық комитетінің бастығы Әбділхан Көмеков, хатшы Әлімғазы Тазабекұлы болды. Аталған үкімет органдары сол кездегі Үш аймақ төңкерістік үкіметінің бағыт-саясаттары бойынша жұмыс жүргізіп келді.

Үш аймақ үкіметі бастапта ақалақшылық түзімді қайтадан жолға қойды. Басты руларды негіз етіп, 5 ақалақшы, бір мыңбегі сайланды.

1. Акпар ақалақшы, мампаңдар: Іләқан, Әбдуал, Әлімбек, зәңгілері: Сапарқан, Уәзқан, Мәмибек, Жапсарбек, Разбек, Биылқан, Жамалқан, Бейсемқан, Қанатбек, Ыбырайым.

2. Сүлеймен ақалақшы, мампаңдары: Әлейбек, Мамыр. зәңгілері: Әбілғазы, Мұстафа, Қызырбек, Керімбек, Кемелхан, Мұқаметхан, Жақып.

3. Баратбек ақалақшы, Мампаңдары: Арысқан, Нұрихан, Қасымхан Нүсіпұлы, зәңгілері: Жапарбек, Тазабек, Толықбек, Шаймардан, Өнербек, Жабал, Оспан, Тұрлықожа, Герман.

4. Рабат ақалақшы. мампаңдары: Рақымбек, Қасымбек, зәңгілері: Бәйембек, Бейісбек, Сыздықбек, Шаймардан, Әбылқайыр, Асқанбек.

5. Әбдіқадыр ақалақшы, мампаңдары: Айып, Жүнісбек, Әсен, зәңгілері: Әуелқан, Қамза, Омарақын, Мамырбек, Әділбек, Әйнен, Божықан, Әбдікерім, Аяпберген, Құсайындар.

Бұңдан сырт ұйғыр, орыс және басқа ұлттарды негіз етіп бір мыңбегі сайланып Әбдіқадыр міңбегі болды. Оның шаңиялары: Талдыдан Ошыртұрды, Исахан, Бестөбеден Мамыт, Жүніс, Аралтөбеден Нүсіп ахун, Оразақын, Қарабұрадан Мәсей қара, Қарабура дүңгендерінен Гәузы, Асан, орыстардан Николай, қалған албан руынан Сатай, Сатылхан, Әбілез, Таңқылар (Әбдіхалық) зәңгі болды.

1946 жылы Үш аймақ үкіметі гомендаң үкіметімен келіссөз өткізіп, «11 тармақты бейбітшілік шартына» қол қойғаннан кейін, аудан бастығын, орынбасарларын, өлкелік кеңес мүшелерін орталық өлкелік  үкімет жағынан сайлау арқылы тағайындауды қолға алды. Осы бекім бойынша орталық өлкелік үкіметтің мүшесі Жұңайху (сібе) мен Үш аймақ үкіметі жағынан Илхам Ақтам жұмыс тобын бастап келіп, Күнес аудандық халық үкіметін ұйымдастырып, аудан бастығын, орынбасар бастықтарын сайлады. Еркінбек бас әкім, Мауленқожа, Ыбырайым Баратов (ұйғыр) орынбасар әкім (қосымша аудандық сақшы мекемесінің бастығы). Қиясбек Берікбайұлы өлкелік кеңес мүшесі болып сайланды. 1949 жылы Ыбырайым Баратовтың жұмысы  Іле аймағына ауысты да, оның орнына Тұрсын Сырайыл (ұйғыр) орынбасар әкім болды. 1950 жылы Тұрсын Сырайылдың орынна Қиясбек Берікбайұлы орынбасар әкімдікті атқарып тұрды.

1951жылы Күнес ауданы көлемінде ауылдар қайта ұйымдасытырылып, Бестөбе, Аралтөбе, Талды, Нарат, Қарабұра болып 5 ауыл бекітілді.  1956 жылы Зекті Нылқы ауданынан Күнеске қосылып 6-шы ауыл болып құрылды.  1952 жылдың соңында аудан әкімі Әділхан Мазжанұлы Іле қазақ автономиялы облысына ауысып кетті де, оның орнына Әлімжан Иембергенұлы аудан әкім» болып тағайындалды. Күнестің әкімшілік, басқару тарихы осыдан былай басқаша өрбіді.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 12
Құт мекен
Андас Омарақын ізімен

Құт мекен

April 15, 2026
Білім көкжиегі
Андас Омарақын ізімен

Білім көкжиегі

April 13, 2026
Ұлар мен қырғауыл
Андас Омарақын ізімен

Ұлар мен қырғауыл

April 6, 2026
Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт
Андас Омарақын ізімен

Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт

April 3, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 31, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz