Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Андас Омарақын ізімен

Құт мекен

admin
2026/04/15
Андас Омарақын ізімен
0
Құт мекен

Күнес өңірі ерте заманнан бері қазақ халқының ататегі болып есептелетін тайпалық одақтар мен патшалық, хандықтардың ата қонысы болып келді. Бұл жерде Ғұн, Сақ, Үйсін, Түркі, Түркеш, Найман патшалығының ізі қалды. Олар қазір осы өлкеде әлі де сайрап жатыр. Тас бетіндегі жазулар, суреттер, балбал тастар мен сым тастар, үйсін қабірлері, сақ қорғандары ерте дәуірдің ерекше белгілері. Бұл өңірді ең алғаш көшпенді үйсін малшылары мекендеп, өзінің қонысына айналдырған. Кейін сақтар күшейіп, олар екі бағытқа бөліне көшкенді бір бағыты осы өңірге келіп табан тіреп, үйсіндерді ығыстырады. Ал жаңа эраның 5-6-ғасырларында Батыс Түрік қағанатының қарамағында болып, кейін Түркеш хандығы, Қарлық қағанаты, Моғолстан мемлекеті мен Қазақ хандығының қарастылығындағы қазақ ұлтын құраған ұлыс-тайпалардың қонысы болды.

XVIII ғасырдың орта шенінде бұл өңірдегі қазақ халқы жоңғар шапқыншыларының аяусыз қырып-жоюуы мен бұлап-талауына ұшырады. Торғайдай тозып, атамекенінен айырылып, бас сауғалап басқа өңірлерге босып кетті. Жоңғар шапқыншылары жойылғаннан кейін Қазақ халқы алтын бесік атамекеніне қайта оралып, өзінің ежелгі мекене келіп ірге көмді. Мыңдаған жылдық тарихқа ие Күнес алқабында жасаған жұрты ұлан-ғайыр тарихи оқиғаларды бастан кешірді. Бұл оқиғаларды ел көзіне түскен саңлақ сарбаз, батыр қолбасы, ел бастаған басшылардың бастамасымен қазық ата-бабаларымыз нтымақтасып жасады. Олар ұлысы, тайпасы, елі үшін игілікті істер атқарып, тарихқа қатталды.

Іле өзенінің шығыс басына орналасқан Күнес өңірі оңтүстігі Тянь-Шань тауының асқар шыңдарымен иықтасып, бағзыдан бері «Алты қала» аталып, Музарт, Нарат, Қонжан асулары арқылы көршілес өңірлермен барыс-келіс жасап, бағын ашып келеді. Өңірдің тарихи, географиялық, климаттық, тағы да басқа жағдайына қарай, бұл жерде ерте заманнан-ақ адамдар қоныстанып, мал мен аң-құсы тел өсіп, өнері мен мәдениеті өркендеп, салтанат құрған байырғы жұрт екенін мойындайсың.

Күнес өңірінің он бойында тау-төскейлері, жайлау-қыстаулары, қолғат, аңғар, сайлар да дерлік үлкенді-кішілі төбе, дегерстер Күнес басы делінетін Желді кезең мен Арасан қатарлы жерлерде өте көп кездеседі. Есімде қалуынша, 1981 жылдары Шинжан қоғамдық ғылымдар академиясы тарих-археология зерттеу бөлімінің мамандары Темірлік, Шуырма сияқты жерлердегі 23 төбені қазып, зерттеу жүргізіп, нәтижесінде бұл төбелердің 2, 3 мың жылдың алдында осы өңірді үйсіндер, сақтар мекендеп, тіршілік еткенін анықтап еді. Олардың дені үйсіндердің қабірі мен сақтардың ата қонысының белгісі ретінде қалдырған тарихи белгілері болатын. Мұндай төбелер Күнес өңірінде өте көп. Күнес ауданының орталығы Бестөбе қаласының атауы да қала маңында жатқан 5 үлкен төбенің, нақтылап айтқанда, үйсін қабірінің құрметіне қойылған атау. Бір қызығы, бұл бес төбенің үлкендігі-кішілігі, көлемі, орналасу реті, айналасындағы жердің жағдайы, тіпті басына үйілген тас-топырақтары да бірдей. Алайда, оның астында не жатқанын анықтай алмасақ та  ежелгі ата-баба тарихының анық белгісі деп жұрт құрметпен қарайды.

«Ханнама. Батыс өңір шежіресі» атты кітапта: «Үйсін мемлекетінің орны әсілінде сақтар қоныстанған орын еді. Ұлы Юзылер батысқа беталып, сақтарды жеңіп, ханын күйретті. Сақтардың ханы оңтүстіктегі Шуандуды басып өтіп, көшіп кетті. Ұлы юзілер олардың жерін мекендеп, кейін Үйсін күнбиі Ұлы юзілерді талқандады. Ұлы юзілер батысқа ауып барып, Бактерияны талқандады. Ал Үйсін күнбиі олардың жерін иемденді. Сондықтан үйсіндердің құрамында сақтар да, Ұлы юзілер де бар», – деп жазылған. Демек, осыдан Іле өңірінің ежелде сақтардың мекені болғанын, кейін үйсын мемлекетінің осы жерде құрылғанын аңғаруға болады.

Зекті қызыл қорым жартас суреті.

Археологтар 1963 жылы Ақтас №1 моласын қазу барысында бір дана үшбұрышты тас тапты. Оның бетінде бірталай белгі ойылған. Ғалымдар оны ерте заман жазуы болуы мүмкін деген болжам айтты. 1968 жылы Қаратұма моласынан шыққан тас құралдардан да ерте заман жазуының белгісі байқалады. Зекті қалашығының маңынан табылған «Қызылқорым» жартас суреттері мен жазуларын 1986 жылы арнайы зерттей келген жапониялық ғалым 2500 жылдың алдындағы үйсін жазу-сызулары деп тұрақтандырған. 1983 жылы тамызда Күнес өзенінің оңтүстік жағындағы Бестөбе қалашығынан 20 шақырым жердегі «Тудүн» обасынан екі мың жылдың алдындағы бағалы қола бұйымдар табылды. Соның ішіндегі үш сирағын хайуанаттың аяғына ұқсатып жасаған салмағы 12 келе қола қазан, қола қоңырау, бір-біріне қарап жатқан екі жолбарыс мүсіні салынған қола шеңбер, биіктігі 24 см келетін қола шырақ және қоладан жасалған жауынгер мүсіні бар. Ал Күнестен табылған жартас таңбаларын зерделеп көргенде, ондағы таңбалар қазақ ру тайпаларындағы бүгінгі үйсін, дулат, сиқым, албан, суан, шынқожа, қоралас, ботбай, самбет, арғын, садыр, матай, табын, терістаңбалы, он таңбалы табын, кердері қатарлы 69 ру-тайпаның таңбасымен ұқсас екендігі анықталды. Демек, Күнес өңірі ежелгі қазақ халқының тегін құраған арғы ата-бабалардың құтты қонысы, қасиетті мекені деп жасырмай-ақ айтуға болады.

Зекті қалашығының шығыс солтүстігіндегі 5 шақырым жерде Қызылтас тауының жартастарында сызылған суреттердің тарихы да тым арыда жатыр. Бұл Күнес ауданының 4 жеріндегі жартас суретінің ең үлкені. Суреттердің нақтылы сызылған уақытын тереңдеп зерттеуге тура келеді. Бір қызығы, бұл өңірдегі жартас суреттері түсі қызыл қоңыр, беті майда жартастарға ойылған. Сурет шығыстан батысқа қарай сызылған. Жартас суретінің ең үлкенінің ұзындығы 10 метр, кеңдігі 2 метр, кішкенелерінің ұзындығы мен ені бірнеше сантиметр келеді. Кейбіреуінің көлемі 80-120 см айналасында. Қазірге дейін сақталып қалған жартас бетінде ешкі, бұғы, ит, жылқы, түйе қатарлы жануарлардың, аң аулаған, би билеген адамдардың қимылын байқауға болады. Суреттер ашық, жанды, шеберлікпен сызылған. Күнес жартас суреттеріндегі бір ерекшелік – ондағы Күн бейнесі ерекше бедерленген. Сондай-ақ, Күннің айналасына жұлдыздарды сызып, тастың ақ жалтыр, ақсүр түсінен пайдаланып кілкіп аққан судың бейнесін салынады. Күн көтерілгенде тастың беті жарқырап, әсем көрініс қалыптасады. Бұл тұтас табиғаттың орталығы Күн деген ұғымды білдірсе керек. Осындай бейнелі суреттер тек Күнес өзенінің бойынада жиі кездесетіндіктен «Күнес» деген атау осыған байланысты шыққан болуы мүмкін.

Қытайлық тарихшы, профессор Жаңьчияньның «Үйсін қазақ ірі істер көрсеткіші» деген кытабында: «Мен хан патшалығы дәуіріндегі «Үйсін жергілікті тілі» деген кітапты оқыған соң, сол кезде үйсіндерде жазу болғанына көзім әбден жетті. Бұл жазу түбінде бір байқалады», – деген еді Бір қызығы, 2003 жылы Зекті қалашығына қарасты жерді қазып жүрген жұмысшылар бетінде жазу мен таңбалар ойылған қайрақ тасты тауып алады. Ауыл адамдары тұрғын үй салу үшін жер тегістеп, жер төле қазып жүргенде осындай қайрақ тастардың бірнешеуін тауып алады. Ал 1990 жылдары Кеңесу ауылына жол салу жұмысы жүріп жатқанда кездейсоқ үлкен олжаға кезіккен жұмысшылар көптеген тарихи жәдігерлерді тауып алды. Оның ішінде алтынмен апталған, күміспен күптелген талай әшекей бұйым, алтын, күміс, қола теңгелердің болғанын көрдік. Ол бұйымдарға бедерленген жазулардың да бар екенін байқадық. Өкініштісі, сол жәдігерлер туралы жазулар мен таңбаларға қазірге дейін нақты ғылыми анықтама берілмегенімен, олардың көбі ежелгі қазақ халқын құраған ру-тайпалардың таңбасына ұқсап кететінін көруге болады. Оның ішінде Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қазақтарының таңбалары да бар. Бұл дүние ғалымдар жағынан одан ары зерделеніп, нақты қорытынды жасалатын шығар. Демек, Күнес жартас жазбалары сол үйсін тілінде жазылған тас кітаптың парақтары болуы әбден мүмкін. Ал Қазақстанның Есік қорған моласынан табылған күміс тостағандағы жазулар да Жаңьчиян мырза айтқан «Үйсін жазуы» болуы әбден мүмкін деген ойлаймын.  Оны тереңдеп зерделеп, ел мұрасына айналдыру кейінгілердің еншісінде.

Таңжарық пен Әшімнің ескерткіші  Күнес мүсін тасы.

Шақпы өзенінің бойынан табылған қаздың жұмыртқасындай ақ тасқа ойылып-сызылған сурет те сананы сан-саққа жүгіртеді. Тастағы судың, су бетіндегі үш желкенді қайықтың суреті және қайықтардың арасын қосып тұрған (=) қос сызық, оның үстіндегі ек үлкен қарақұстың суреті, көтерілген күн, сондай-ақ таңбалар мен өрнек жазулар тарихтың тағы бір жаңа парағын ашқандай болды. Жоғарыдағы таңбалар мен жазуларды зерделеп көргенде олардың тағы да Үш жүзді құраған ру, тайпалардың таңбасы екендігін көруге болады. Ал күн, желкенді қайық, қара құс, қос сызық – бұл өңірді олардың Күн тәңірінің қолдауымен, қайықпен тауып келгенін бейнелегені деп түйдік. Ал Бестөбе қалашығынна орын тепкен «Таңжарық пен Әшімнің ескерткіші» орнатылған аумақтағы екі сымтастағы жазуларда қазақ Үш жүзін құрайтын ру-тайпалардың таңбасы екенін көресетіп тұр. Нарат ауылынан табылған таңбалы тастың да шертер сыры көп. Бұл тастың биіктігі 20, ені 19, ортасы 12, үстіңгі ені 11, қалыңдығы 7 см. Тастың түсі ақсұр, әр жерінде табиғи шұқырлары бар. Тастың бетіне қызыл күрең түспен салынған белгілер анық көрінеді. Ол белгілер Күнді, Күн жүйесін, Жұлдыздар шоғырын көрсетеді. Бұл сол дәуірдегі адамдардың күнге табыну дәстүрінен бізге жеткен бір белгі деп қабылдауға болады.

Күнес өңірінде әйгілі мұралар сақталған бірнеше орын бар. Бүгінге дейін оны ел-жұрт көзінің қарашығындай қорғап келді. Ең алдымен ежелгі ескерткіш ретінде «Алтын қорғанды» атауға болады. Күнес ауданының орталығы Бестөбе қаласынан 8,5 шақырым жерде, Шақпы өзенінің оңтүстік жағасына орналасқан. Айтуларға қарағанда, бұл Шағатай хандығы тұсындағы қала қорғаны деп есептеледі. Көлемі 70 мың шаршы метр, биіктігі 10 метр. Қорған ішінде үй, бұтхана бар. Бұлар бүгінде толықтай қираған. Бірақ қорған тамдарының іргесі әлі бар. Қорған сыртындағы қорғаныс орнын әлі де парықтауға болады. Қорғанның іші тегіс емес. Топырағы бос, ежірден құйылған кірпіштердің сынықтарын барлық жерден табуға болады. Бұрынғы аты Қатынқорған. Бұл ат қорғанның шығыс жағындағы бір тас әйелдің суретіне байланысты қойылған.  Айтуларға қарағанда, 1938 жылы сырттан келген көпестер бұл жерден алтын екшеген. Көптеген тұрмыстық бұйымдар, алтын жамбылар, күміс жармақтар, көне қыш ыдыстар табылған. Негізінен алтыннан жасалған дүниелер көп болған. Сонымен қатар Телғара өзені мен Күнес өзенінің құйғанының солтүстік жағасында «Тас қорған» деп аталатын қорған, Аралтөбе қалашығының батыс жағалауында және соған тұстас Күнес өзенінің жағасында, Нарат ауылының Тоғызқұмалақ деген жерінде көне қорғандардың белгілері сақталған. Олардың осылай аталуы сол жердегі жер жағдайына байланысты кейінгілердің қойған атауы. Мүмкін, бұрынғы, өз дәуіріндегі аты басқа шығар.

Күнес өңірінде бұт, бұттас деп аталатын адам мүсінді тастар да жиі ұшырайды. Айталық, Шақпы өзенінің жоғарғы көпірінің жанындағы әйел мүсінді тас, Жаутоғай, қазіргі Алма ферма орналасқан жердегі әйел мүсінді тас, Сарымсақты тауының Ақбұлақ жотасында,  Жауыр тауының оңтүстік беткейінде ақ Бұрхан деп аталатын адам мүсінді ойылған тастар да сан тарихтың сырын бүгіп жатыр. Өкініштісі,  Ақбұрхандағы тасты кейінгі кезде біреулер ұрлап әкетіп, қазір аты ғана қалды. Күнестегі тас мүсіндердің көбіне әйел бейнесі ойылғанын да айта кеткен жөн шығар.

Тағы бір тарихи орын – Нарат қалашығының оңтүстігіндегі 2 шақырым жерде жатыр. Аңыздарға қарағанда, бұл жер Сақ, Ғұн, Үйсін патшалығы тұсындағы әскери бекініс болған делінеді. Әр дәуірде  қорғаныс әскерлері орналастырылып, қауіпсіздік қызметін атқарған. 1930 жылы Мақсұт Сасанұлы Дағыты асуын қорғау үшін әскерін осы жерге орналастырылған. 1944 жылы Гомендаң өкіметі 22 бөлмелі үй салдырып, әскері тұрғызған. Жергілікті тұрғындар бұл жерден ертедегі әскери құралдар: садақ, жебе, семсер және мыстан жасалған құралдар мен таяу заманғы әскери құралдардың бөлшектерін тауып алған. Бүгінде бұл жер «Иіңпаң» (Әскери тұрақ) деп аталады.

Әңгімеміздің басында айтқандай Күнес өңірі ежелгі үйсін қабырларының жинақталған мекені. Жалпы, Күнестің 19 жерінде үйсін қабыры бар. Ғалымдардың анықтауынша, олардың жалпы саны 2 мыңға жуықтайды. Көп бөлігі Күнес өзенінің екі жағалауына орналасқан. Шығысы бүгінгі Нарат саяхат орнынан басталып, батысы Аққой фермасына дейінгі 150 шақырым жерге созылып жатыр. Олардың дені Аққой фермасынан Зекті қалашығына дейінгі Абыралы тау-жоталарында шоғырланған. Мөлшермен 1600-ге жуық қабыр топырақпен үйліп, таспен қаланып, сандықша формасында жасалған. Үлкен-кішілігі ұқсамайды. Үлкенінің биіктігі шамамен 10 метр, диаметрі 80 метр айналасында. 1970 жылы археологтар Аққой фермасы мен Темірлік ауылының маңындағы бірқатар қабірді ашып, зерттеу жұмысын жүргізген де көптеген көне метал ақша, алтын-күміспен әдіптелген әшекей бұйымдар табылған. Көне қабырлар негізінен Күнес өзенінің жағалауына шоғырланғандықтан «Күнес үйсін қабырлары» деген атпен аталған.

Күнес ауданы Аққой фермасының

 жанындағы ең үлкен үйсін қабырі осы.

Күнес өңірінің әр тұсынан сырлы тарихтың сырын жасырып, құпиясын ашпай тұрған сымтастар да жиі ұшырайды. Айталық, Күнес өңірінің шығыс солтүстігіндегі Шет Меркі мен Орта меркі өзенінің аралығындағы тау жотасында биіктігі 270 см, әр бетінің жалпақтығы 30-35 см-ден асатын, төрт қырлап жонылып, жерге тік орнатылған сымтас бар. Бұл өңір осы тастың құрметімен Сымтас аталып кеткен. Осындай сымтастар шығыстан батысқа қарай бір түзудің бойымен 20-30 шақырым аралыққа орнатылып отырған. Мысалы, Бәйгетөбе, Таясу, Қарағайлы судың құйғаны деген жерлерде де бар. Өкінішке орай, 1958-1959 жылдары шаруашылық түзіміне енгізілген өзгеріс кезінде, 1966-1976 жылдардағы,мәдени төңкеріс мезгілінде бұл сымтастарды қопарып немесе орыннан ауысытырып тастаған. Бір қызығы, кейінгі кездері Күнес өңірінде өткен дабыралы астарда берілген атбейгесінде аттар Қарағайлысудың Құйғанындағы сымтастың жанынан шауып, бүгінгі Нарат ауылының маңындағы Байгетөбедегі сымтастың маңына дейін барғаны өткенге деген құрметтің жалғасы іспетті сезіледі.

Күнес өңірінің басынан аяғына дейін ертеде, тіпті арғы сақ, үйсін дәуірінен бері адамдар егін және мал шарушылығымен айналысумен бірге қолөнерді, қыш ыдыстар құюды, тас ойма, зергерлік, сондай-ақ, темір, мыс ерітіп ыдыс-аяқ, құрал-жарақ жасауды өркендеткені белгілі. Мысалы, Күнестің Темірлігінен қазылған тоғыз төбенің қабырларынан темірден, қатты сүйектен жасалған садақ оғының ұштары, темір қалдығы, мыс айна, тас моншақ, ежір ыдыс, алтын сыр жалатылған түйме, тағы да басқа толып жатқан дүние табылған. Жауыр тауының үстіндегі төбеден өрнектелген шаршы күйдірілген кірпіштер табылған. Жарөткелден 1,5 метр жер астынан биік мыс тегене, өрнек салынған қола ыдыс шықты. Тасқорған қасындағы Тасөткел деген жерден мыс күбі табылған. 1960-70 жылдар аралығында Шақпы ішінен бір темір сауыт табылып, қазір қайда екендігі белгісіз. Өкінерлігі, бұл мұраларды тексеру, зерттеу жұмысын жүргізетін арнайы орын болмағандықтан көбі ұстағанның қолында кетті. Кейбір алтын, күміс, мыс бұйымдар жасырын жолмен сатылса, темір бұйымдар темір-терсек сатып алатын жерлерге өте арзан бағамен, келілеп сатылып кетті. Ал Күнес өңіріндегі ағашшылық, зергерлік өнерін меңгерген адамдар да өте көп еді. Сол дүниелердің көбі көненің көзі ретінде қоқысқа тасталы, өртеліп, шағылды. Зергерлер мен шеберлер көнелікті дәріптеуші ретінде шетке тұрып, қалпақ киіп, тіпті кейбіреуінің жазықсыздан-жазықсыз сотталып, тіпті, ауыр соққыдан өліп кеткендері де болды.

Күнес алабында тарихтан сақталып келген адам қолымен жасалған тау, үңгірлер де көп кездеседі. Бұның ішінде Бестөбе қалашығының оңтүстік жағындағы Шақпы өзені тау аңғарының шығыс жағында бір үңгір бар. 1940 жылдары ауыл азаматтарын ұйымдастырып, қазу жұмысы жүргізілген екен. Осы жолғы қазу жұмысына Күнестегі білекті, жүректі жігіттерді жинаған. Сол қатарда әкем Омарақын да болған екен. Ол кісінің айтуынша, үңгірді қазушылар 130-150 метр жерге дейін барып, одан ары баруға мүмкіндік болмай, кері қайтыпты. Үңгір жолының кей жерінің биіктігі 2м-ден асады деп отырушы еді. Уақыттың өтуімен кей жерінің тасы түсіп, тарылып кеткен. Ал орталық үңгірдің әр жерінен айналып қосылатын жанама үңгір жолдары да бар екен. Кей үңгірдің аузы таспен қаланып, бекітілген.  Бір қызығы, үңгірді қазушылар Бөлгенсайдың аузынан басталатын үңгірдің аузынан от жағып, түтіндетіп көргенде, түтін Қарашоқы деп аталатын шоқының төбесінен шыққанын байқайды. Демек, бұл үңгірдің Бөлгенсайдың аузынан Қарашоқының төбесіне дейін жалғасатын көрсетеді. Мұндай үңгірлер Күнестің шығысындағы Меркі, Қызыл қия, Жырғалаң, Шолуты жайлаулары мен Талды аңғары сияқты тау шатқалдарында жиі кездеседі.

Күнес өңірінде тас мүсіндер де жиі ұшырайды. Қазір музейлерде оның бірнешеуі сақталуда. Бұлар негізінен Шақпы өзені аңғарынан табылып отыр. Тас мүсіндердің бейнесі анық, жанды, белгілері айқын. Бүкіл дене мүсінінің биіктігі 1,4 метр, жарым денелі мүсіннің биіктігі 70 см мөлшерінде. Ер, әйел бейнесіндегі тас мүсіндердің киім-кешек, безенуі бөлек.  Күнес өңіріндегі тас мүсіндер көбінше қара түсті тастардан қашап немесе тегіс бетті жұмыр малта тастардың бетіне ою түсіру арқылы адам бейнесін бедерлеп жасаған. Бәрінің беті шығысқа қаратылып қойылған .Оның кейбіреуі ерлерге, кейбірі әйелдерге ұқсатып қырылған. Кейбірінң басы, денесі, бет пішіні, тіпті, қолына ұстаған заттарына дейін айшықты ойылған. Олар дерлік бір қолына белбеуіндегі қылышын, енді бір қолына тостағанға салынған әлде бір затты ұстап тұрғандай көрініс береді. Бұл Түркі қағанаты дәуіріндегі шаман дініне сеніп, күнге табынған кезеңге тән деп топршыланады.  Кейбір жұмыр тастарға адам бейнесін жіңішке сызық арқылы түсірген мүсін тастар да бар. Археологтардың айтуынша, бұл өте арғы дәуірге тән дүние.

Демек, Кұнес өңірі ерте дәуірдегі адамзат өркениетінің алғашқы өркен жайған, өркендеген, өскен дәуірі саналады. Бұл мақалада тек өзіміз куә болған, көрген, іблген дүниемізді ғана айтып отырмыз. Ал аяғымыз жетпеген ұлан-ғайыр алқап тағы қандай құпияны бауырына бүгіп жатқаны анық емес. Халқымызда: «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді» деген нақыл бар. Біз өткеніміздің тарихы мен өнерін, ұлылығы мен парасатын сезінгенде ғана болашаққа даңғыл жол сала алатынымыз анық. Осы тұрғыдан келгенде, Күнес өңіріндегі бай тарихты зерделеп, оны елдің рухани өмірінің қажеттілігіне айналдыру тұтас адамзаттың ортақ борышы.

 

 

Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .    

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 29
Елдіктің жолы
Андас Омарақын ізімен

Елдіктің жолы

April 16, 2026
Білім көкжиегі
Андас Омарақын ізімен

Білім көкжиегі

April 13, 2026
Ұлар мен қырғауыл
Андас Омарақын ізімен

Ұлар мен қырғауыл

April 6, 2026
Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт
Андас Омарақын ізімен

Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт

April 3, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 31, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz