Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

admin
2026/04/16
Тұлғатану
0
Шәкірт мақтанышына айналған

Ұстаздық жол – ауыр жол. Оның биігіне тек қажыры мен қайраты бекем, жолай келген қиындыққа мойымайтын бірбеткей жандар ғана шыға алатынын өмір сан мәрте дәлелдеп берді.

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, сегіз өзен өрнектеген, сері қырдың мекені болған Жаркент жерінен түлеп ұшқан Маулипа Тәжиева бала кезінен ұстаз болсам деген ұлы арманының жетегінде жүрді.

Арманы алдамады. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану-география факультетінің химия-биология бөлімін бітіріп шыққаннан кейін қарапайым ғана, бірақ ерке самалымен жаныңды желпіп өткенде бар уайымнан айығатын Айдарлы ауылындағы орта мектепке мұғалім болып орналасады. Егер басқалар сияқты биіктікті қалап, жайлы орын іздесе, мүмкіндік көп еді. Бірақ ол биіктіктен гөрі балаларға білім беруді артық санады.

Әрбір таңын үмітпен атырып, шәкіртінің жетістігіне қуанып, қуанышты кештерін мәнді өткізген 28 жылдық ұстаздық қызметінде қадап айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ең бастысы, бала бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруді, патриоттық тәрбие беруді, оқушыларды ортаға қарай дамыта оқытуды басты ұстаным етті. Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық өрісін өсіруге бар қажырын жұмсады. Қолынан түлеп ұшқан шәкірттерінің табысымен марқайып отырды. Қиналса бірге қиналып, қуанса бірге шаттанатын.

Жаратылыстану саласындағы білімді, әсіресе биология мен химия пәнін балаларға ұғындыру оңай емес. Мұндай пәндерді тек кітаппен ғана емес, тәжірибе арқылы да дәлелдеп, оқушыға көзбе-көз түсіндіру қажет. Ендеше, аталған пәндерді оқытудың қиындығын бағамдай беріңіз. Десе де, жаңашыл ұстаз қиыннан жол тауып, оқушыларын кітаптағы жаттанды білімді игеруден гөрі зерттеу жұмысына жұмылдырып, іздену әдетін қалыптастыруға баулыды. Олар облыстық, республикалық байқауларда топ жарып, ұстаз еңбегінің нәтижесін дәлелдеп жатты.

Соның бірі – Айгерім Молдахметова. Оның «Кеурекқасқыр өсімдігінің экологиясы және оны қорғау» тақырыбындағы зерттеуі 2003 жылы Алматы қаласында өткен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау байқауында бірінші орынды жеңіп алып, ауылдың беделін бір көтеріп тастаған еді. Әрине, шәкірттің осындай жетістікке жетуі үшін ұстаздың өзі де сондай ізденісте болуы керек. Дей тұрғанмен, бүгінгі бас пайдасын көбірек ойлайтын кезде мұндай батылдыққа тек Маулипа секілді ықыласты ұстаздардың ғана бара алатынын сеземіз.

Еңбектің де өтеуі болады. Оның жұмысқа белсенділігін мектеп ұжымы мен басшылығы жоғары бағалады. Жиі-жиі білім беру саласы мамандарының басқосуларына шақырып, тәжірибесін тыңдайтын. Еңбегі еленіп, 2005 жылы өзі жетекшілік ететін сыныбы аудан көлемінде техника пәні бойынша өткен семинарда «Шебер» алғыс хатымен марапатталды. Сол жылы Жеңістің 60 жылдығына орай балаларға патриоттық тәрбие берудегі жетістігі үшін мектеп әкімшілігінің Құрмет грамотасына ие болды. Бірнеше жыл қатарынан аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасын алды. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы білім беру саласында жинақтаған тәжірибесін республикалық, облыстық мерзімді басылымдарда жариялап, ой-пікірін оқырманмен бөлісіп отырды. Тіпті, оның шәкірттерінің жетістігі аудан мектептеріндегі оқушыларға үлгі болып келеді.

Өмір дәлелдегендей, өз мамандығының шебері, өз пәнінің білгірі Маулипа Тәжиеваны ұстаздар әулетінің игі дәстүрін жалғастырушы деуге де болады. Әкесі Тоқтарбек, шешесі Айтбүбі де талай жастың талабын ұштап, арманына жол ашқан ұстаздар болса, бүгінгі күні Тоқтарбек атаның екі немересі де білім беру саласының білгірлері. Атақпен, даңқпен, мәртебемен емес, балаларға өлмес өнеге, өшпес білім беруді мақсат еткен жандар осылар.

Тағдырдың қаталдығы болмаса, ол әлі талай биіктерден көрінер еді. Оған аудан мектептері арасында өткен «Шебер мұғалім» байқауында үшінші орынды иеленіп, мерейленгені де дәлел бола алады. Тіпті, осыдан жиырма жыл бұрын өз қолымен ұшырған түлектерінің кездесуі өтіп, асыға күткен шәкірттерінің жеткен биігін көріп, жігерлене түсер еді. Не шара, беймезгіл ажал арамыздан алып кетті.

Бірақ ұстаздар ұлағатының бойына ұялаған Маулипа апайдың өзіне ғана тән, қайталанбас болмысы, ешқандай марапатты місе тұтпай-ақ, шәкірттерінің жан-жақты білімді азамат болуына барын арнап, жан аямай еңбек етіп, кәсібіне барынша адалдық танытқан кіршіксіз қасиеті оның шәкірттерінің мақтанышына айналып, ауыл жұртының жүрек түкпірінде сағыныш болып қала беретіні шындық.

Қажет Андас,

 «Жеітсу» газеті, №139, сенбі, 11 желтоқсан 2010

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 7
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Адал еңбек абырой әпереді
Тұлғатану

Адал еңбек абырой әпереді

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz