Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

admin
2026/03/27
Тұлғатану
0
Тәңірдің берген сыйы

«Дүниеде мың кемістік, бір жетістік бар. Қайсысына бет алсаң, соған барасың», – дейтін даналардың сөзіне жүгінсек, өмірде тал егу, ұрпақ өсіруден артық игілікті іс болмаса керек. Осындай ұлы мұраттан жаңылмайтын Қасеновтар әулеті соның бір айғағы. Өйткені жыл сайын 8 наурыз бұл әулетте ұлы той болатын күн. Осы күні қарашаңырақтың тірегі, ақылшысы, жолбасшысы Сейілхан апамыздың туған күні. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, еліміздің әр шалғайындағы апаның ұл-қыздары, құда-жегжаты, туған-туысы, немере-шөберелері Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылында қоныс тепкен қарашаңыраққа жиналды. Көңілдері қуанышқа, жүздері жылылыққа толы көпшілік апамызды құттықтау үшін емес, ақыл-кеңесін алып, ағайынның амандығын біліп қайтуды да әдетке айналдырған. Ауласы кең жер үйдің алды қара нөпір адам. Бәрі де ападан тараған ұрпақтар. Міне, қызық, сексенге келсе де, өңінен жылылық, жүзінен нұры таймаған апамыздың осыншама ұрпақ өсіріп, ұлылық танытып отырғанына тәнті болдық. Сөйтсек, оның түйіні арыда жатыр екен.

Қара қылды қақ жарған шешендігі,
Жұртқа әйгілі билігі, көсемдігі, – деп парасаты мен пайымын кейінгі ұрпақ жырға қосқан, қара қылды қақ жарған Суан Қожмамбет би атаның бір ұрпағынан тараған киелі шаңырақты шаттыққа бөлеп отырған Сейілхан Қасенова – 80 жастың сеңгіріне қадам басқан аяулы ана. Өзі 15 сәбиді өмірге әкелген алтын құрсақты апамыз көзі тірі 11 баласынан тараған 38 немере, 26 шөбересіне аналық жүрегінің мейірін төгіп отыр. «Әкеміз Тоқтам тірі болғанда биыл 90-ға келер еді», – деп еске алады өсіп-өнген ұрпағы. Бүгінде 6 ұлын ұяға, 5 қызын қияға қондырған киелі ана «Ұлың өссе – өрісің, қызың өссе – қонысың» дегендей, әр баласын бір-бір шаңырақ етіп, ұлы бардың ұлымен, қызы бардың қызымен құда-жегжат болысып, сый-құрмет танытып келеді. Арысы Алтай жаққа жуық Тарбағатай мен Абайдың жері Семеймен, берісі жер жаннаты Жетісудағы бір-бір атаның баласымен қыз алысып, қыз берісіп отыр. Бар бала-шағасының саны, Алла көп көрмесін, 100-ге таяды. Сейілхан анамыздың өзі де Жаркент өңіріне аты шыққан атақты Салпық би, болыс Жақыбайдың ұрпағы Төреханның отбасында 30-жылдары көпбалалы отбасында дүние есігін ашқан.

Салпық атасы билік құрып, саудамен шұғылданумен қатар, мал шаруашылығымен, егін егіп, шөп шауып, отырықшылық, диқаншылық кәсіппен де айналысқан көрінеді. Ал Жақыбай атасы өте қайсар, қатал, әділетті, әулетті адам болған екен. Алайда алмағайып заманда бай, болыстардың ұрпағы қудаланып, бастарына қиындық туғанда, аман қалған Жақыбайдың ұрпақтары да бастарынан көп қиындықты өткереді. Сол қатарда Сейілхан апамыз бала кезінен тезек теріп, бидай орып, сиыр сауып, таңның атысы, кештің батысы жұмыс істеп, нағыз еңбектің адамы болып шынығып өсті. Соғыс жылдарында тылда еңбек етсе, еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы бар баспалдақта қос қолына тиген қара жұмысты таңдамай, бала-шағасын өсіріп, жеткізді.

Біздің қазақ халқы ықылым заманнан бері, ғасырлар бойы өзінің туған жерін, елін, тілін, дінін, салтын, әдет-ғұрпын, елдігін, ерлігін ардақтап, қастерлеп, сыры мен жырын, ғұмырлық тарихи шежіресін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп тастап кеткен. Сондай асыл мұра Сейілхан анамызға да дарыған. Оймақ ойып, сырмақ тігіп, жүн түтіп, текемет басып, әр баласына «көзімдей көріп жүріңдер», – деп үлестіріп берген. Тіккен кестесі мен тоқыған шәлілері ауыл адамдары мен туыстарының үйінен табылатын. Қайран қарттық жеңбей тұра ала ма, көз жанары тайып, қазіргі кезде сексенді алқымдаған шағында ол мұрасын келіндері мен қыздарына тапсырған. Сонымен қатар, ақ жаулықты анамыздың атағы алысқа жайылмаған, қарапайым ғана ауылдағы ақжаулықты аналардың бірі. Қолына кітап алып оқып, жазу жазып, әріп танымаса да, көкірегі ояу, көңілі зерек. Халқымыздың ауыз әдебиеті мен нақыл сөздерін, қазақтың тыйым сөздері мен имандылық дәріптерін ұрпағының құлағына құйып отырады. Ұл-қыздары да өнерге жақын: бірі өлең-жыр жазса, бірі домбыра тартып, бірі әуелетіп ән салады. Анамыздың өзі кей кездері бойжеткен қыз кезі есіне түскенде, қыз баланың ұзатыларда айтатын «сыңсуын» сызылтып айтып қояды.

«Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дегендей, көпбалалы ана өзінің ұлдары мен қыздарына да қазақтың санын көбейтуді үнемі айтып отырады. «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» деген өсиетін орындап жүрген ұрпағының өздері де «әже», «ата» атанып отыр. Үлкен ұлы Сейіткамал мен Жамилә келіні 8 ұл-қызды, 11 немерені өсіріп отырса, одан кейінгі ұлдарында да 5-6 баладан, 4-5 немереден өріп келеді. Қысқасы, «Ардақты ана» белгісін, көпбалалы ана эстафетасын бұл шаңырақ қолдан шығармай келеді. Ал екінші ұлы Сейітхан 6 баланың әкесі, 3 немересі бар, дәл бүгін қуанышқа қуаныш қосылып, кенже ұлы Айбекті қазақтың салт-дәстүрімен «сүндетке» отырғызды. Қыздары Рая мен Күләйхан да 7 баланы дүниеге әкеліп, саналы тәрбие беруде, қазір өз балаларының да көпбалалы отбасына айналуына өз үлестерін қосып жүр. Сонымен қатар, бұл шаңырақтың ұл-қыздарын нағыз еңбек адамдары деуге болады: ауыл шаруашылығы мамандығының иелері, бақташы, механизатор, электрик, жүргізуші, дәнекерлеуші, құқық пен әскери сала мамандары, мұғалім, тәрбиеші. Десе де, олар қарапайым ғана тірліктеріне тәубе етіп, дала төсінде тер төге жүріп, еліміздің гүлденуіне қосқан үлестері шексіз. Ал бейбіт өмірдің батыры атанған екі ұлы Асхат пен Асқар Ауған жеріндегі соғыста ерлік танытып, елге аман оралды. Ауған соғысының ардагерлері – асыл ұлдарының ана алдындағы борыштары зор. Өйткені олар: «Бізді от пен оққа оранған Ауған жеріндегі зұлматтан аман-есен алып шыққан – Сейілхан сияқты апаларымыздың ақ тілеуі, пәк ниеті», – деп балаларына ескертіп, ананы сыйлау мен қадірлеуді тапсырып отырады. Үлкеннің үлгісі кішіге осылай ізет болып дариды екен.

Ұл-қызының әдепті, инабатты, еңбекқор, мейірімді болып өсуіне көп күш салды. Әкеден ерте жетім қалған шалы мен қайын інісін жетелеген енесі Қанапия Әлібекқызының бір жағына шығып, 3 үйлі жанды үлкен бір әулетке айналдырды. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді» өзі көрсетіп, 90-ға таянғанға дейін кішкене қара кемпірді, яғни енесін ақ төсекке отырғызып, аузына тәттісін тосып, балаша мәпелеп бақты. Кей кездері нарық заманы деп, жоқшылық болғанда да ешнәрседен тарықпаған Сейілхан анамыз: «Маған Алланың берген ырызғысы – енемді туған анамдай бағып, күткендіктен, енем жарықтықтың ақ батасы мені еш тарықтырмайды, дастарқаныма байлығын төгіп тұрады», – дейді көңілін кеңге салып.

Қашанда ана жүрегі кең ғой, шіркін. Қандай қуанышы болса да, соны туыстарымен, жегжат-жұрағатымен бөліскенді жөн санайды. 75 жыл бұрын өз төркінінен ұзатылып, Қасеновтар әулетіне келін болып түссе де, өз туыстарын мақтанышпен еске алып отырады. Жақыбаевтардың алтын құрсақты аналарының бірі – Айдархан анамыз жеңгесі ретінде әлі күнге дейін қайын сіңілісінің жағдайын сұрап, жанашыр болып отырады.

Ана – мәуелі ағаш, бұтақтары жайқалып, жеміс берді. Ұлдары қасында, қыздары жат-жұрттыққа жаралған. Ал немере-шөберелері мереке сайын әжелеріне келуге асық. Мойнына асылып, еркелейді, қызыққа, қуанышқа бөлейді. Мерекелі де берекелі күнде бас қосқан Қасеновтар отбасы шаңырағының шаттығында шек жоқ. Барлығы мәре-сәре. Олар қаннан дарыған дарындарын байқатып, осы күнге жеткізген аналарына алғыс айтып, жалынды жырларын арнады. Қызы Бақытгүл Қасенова анасына арнап шығарған әнін әуелетсе, жан-жақта білім қуып жүрген немерелерінің бірі – Мәулен Әнербаев, Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің 2-курс студенті. Әжесіне арнап көптеген өлең жазса, Айдана Назарқұл, Аяулым Анарбаева бастаған немерелері де шетінен өнерпаз. Бірі би билеп, енді бірі ән салып, қалғандары спорттың түр-түрінен өнер көрсетіп, апаларын жалықтырмайды.

Бүгінгі қазақтың дерті, қазақ емес-ау, батысқа еліктеген күллі мұсылман жұртының көзіне қадалған қайғы – жастардың мұсылмандықтан алыстауы. Бұған ғасырға жуық ғұмыр кешкен кейуана да жанымен өш. Өмірден түйгенін ұрпағына жеткізіп, жастардың жат жолға түсуінен алаңдайды. Оларға адамдықтың жолын үйретеді. Өйткені ол қабылдаған өнеге өкінішке апарған жоқ.

Қажет Андас

«Жетісу» газеті, №36, бейсенбі, 7 наурыз 2013 жыл.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 50
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Адал еңбек абырой әпереді
Тұлғатану

Адал еңбек абырой әпереді

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz