Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Шалғай ауыл

Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншы ауылдық округі – табиғи мүмкіндігі мол, шаруашылыққа қолайлы, болашағына сеніммен қарауға болатын өңір. Қаратал мен Көксу аудандарының, Быжы мен Мұқаншы өзендерінің ортасында орналасқан бұл өлкенің логистикалық мүмкіндігі де тиімді. Округте газ бен су жүйесінің болуы, қуатты қосалқы стансының орналасуы, күн нұрымен қуаттанатын стансы салуға лайық алғышарттардың қалыптасуы оның даму әлеуетін айқындай түседі. Осындай әлеуеті жоғары округті басқару біліктілік пен жауапкершілікті қатар талап етеді.

admin
2026/04/16
Шалғай ауыл
0
Мұқаншының Мұхиты

Туған жерге ту тіккен

Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мұхит Мамыр үшін туған жерге қызмет ету – азаматтық парыз бен үлкен жауапкершіліктің көрінісі. Жетіжал елді мекенінде туып-өскен ол бала күнінен осы өңірдің тыныс-тіршілігін танып, елдің қуанышы мен тұрмысын бойына сіңіріп өсті. Осында білім алып, азамат ретінде қалыптасты.

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін еңбек жолын Алматы қалалық спорт басқармасында бастап, бірнеше жыл сол салада қызмет атқарды. Қаладағы қызмет оны ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке, жүйелі жұмыс істеуге баулыды. Алайда туған жерге деген сағыныш пен елге жақын болу ниеті ауылға қайта оралуына себеп болды. Кейін ауылға келіп шаруашылықпен айналысып, жергілікті жұрттың күнделікті тіршілігімен етене араласты.

Қай кезеңде де ауылдың мұң-мұқтажынан сырт қалмай, ел ішіндегі өзекті мәселелерге сергек қарай білген азамат ретінде жұртшылық сеніміне ие болды. Осы сенімнің нәтижесінде Жетіжал ауылының атынан аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланып, өңірдің көкейкесті түйткілдерін көтеруге атсалысты. Бұл қызмет халықпен етене жұмыс істеудің, ел үмітін арқалаудың маңызды мектебіне айналды.

2023 жылы ауыл әкімінің сайлауына қатысып, ел қолдауымен әкім болып сайлануы да сол сенімнің заңды жалғасы еді. Туған топырақтың перзенті ретінде өзіне артылған сенімді терең сезінеді. Сондықтан ауылдың әрбір табысы мен алға басқан әрбір қадамын ортақ жетістік деп қабылдады.

 

Атқарылған іс ауқымды

Мұқаншы ауылдық округінде соңғы жылдары нақты істер көрініс тауып, елді мекендердің еңсесі көтеріле түсті. Округте аудан және облыс басшыларының қолдауының арқасында халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар қолға алынды.

Айталық, Жетіжал ауылы мен Мұқаншы елді мекенінде көшелер жарықтандырылып, бұл жұмыс кейін Көксу бекеті мен Қазақстанның 50 жылдығы ауылында жалғасын тапты. Жетіжал мен Нәдрізбек ауылдарына газ тартылып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарды. Көксу бекетінде, Жетіжал және Нәдрізбек ауылдарында көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп, Қазақстанның 50 жылдығы ауылы мен Қаратал ауданына қарасты Кәлпе ауылы аралығындағы жол да жаңартылды.

Әлеуметтік нысандар құрылысы да назардан тыс қалмады. Жетіжал ауылында спорт алаңы мен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Қазақстанның 50 жылдығы ауылында балабақша бой көтерді. Көксу бекетінде мал дәрігерлік пункт ашылып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш жаңғыртылды. Байшапанов және Қожабергенов көшелерінде ауызсу жүйесіне жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мұқаншы елді мекенінде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр. Округ әкімдігі ғимаратына жөндеу жүргізіліп, алды абаттандырылды. Бір сөзбен айтқанда, Мұқаншы ауылдық округіндегі игілікті істер ауылдың еңсесін көтеріп, тұрғындардың ертеңге деген сенімін нығайта түсті.

Әрине, мұндай өзгерістердің бәрі қиындықсыз келген жоқ. Сол салмақтың бәрі ауыл әкімінің иығына түсті. Соның бірі – ауылға газ тарту мәселесі. Бұл бағытта азды-көпті талас-тартыстың болғаны да рас. Себебі, газ желісін тартудағы бекітілген техникалық өлшемдер, әсіресе оның биіктігі ауылдық жердің күнделікті тіршілігіне, халықтың тұрмыс ыңғайына әрдайым сай келе бермейтін тұстар болған. Осындай сәтте ел сөзін сөйлеп, тұрғындар талабын жеткізу қажет еді.

Дәл осы тұста ауыл ақсақалы Арғынғазы Шәймерденов пен Мұхит Мамыр жұрттың мұң-мұқтажын арқалап, мәселенің оң шешілуіне күш салды. Олар жоғары жаққа қайта-қайта барып, ауыл тұрғындарының уәжін жеткізіп, нақты талаптың ескерілуіне ықпал етті. Соның нәтижесінде бұл мәселе де халықтың сұранысына сай шешімін тапты.

– Газ тарту оңай болған жоқ. Ел ішінде әртүрлі пікір де болды. Бірақ ауылдың жағдайын, тіршіліктің ыңғайын ескермесе болмайтын еді. Сонда Мұхит елмен бірге болды. Тұрғындардың талабын арқалап, талай жерге барып жүрді. Ақыры ауылға тиімді жағы қарастырылды. Мұның өзі елге шын жанашыр басшының ісі деп ойлаймын, – деп еске алады Арғынғазы ақсақал.

Арғынғазы ақсақал елді мекенге көше атауларын беруде осы ауылдың тоңын жібітіп, топырағын түзеген аға буындардың еңбегі ескерілсе деген тілегі барын тілге тиек етті.

 

Әлеуметтің әлеуеті

Мұқаншы ауылдық округінің экономикалық-әлеуметтік жағдайы жыл өткен сайын артып келеді. Кең байтақ жер қоры, егін және мал шаруашылығының қатар дамуы, су үнемдеу технологияларының өндіріске енгізілуі бұл өңірдің болашағына сеніммен қарауға толық негіз қалайды.

Егін шаруашылығы округ экономикасының маңызды тіректерінің біріне айналған. Соңғы жылдары заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында нақты жұмыстар қолға алынып, жерді тиімді игеру ісі жандана түсті. Атап айтқанда, «Смарт Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 667 гектар алқапта тамшылатып суару тәсілін қолданып келеді. Ал «BTS Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңбырлатып суару жүйесін енгізіп, бұл бағыттағы игі бастамаларға серпін берді.

Аталған жобалардың тиімділігі қазірдің өзінде анық байқала бастады. Су үнемдеудің озық үлгісіне негізделген бұл тәсілдер өнім көлемін арттыруға, еңбек өнімділігін күшейтуге және ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Ең бастысы, мұндай заманауи жобалар Көксу ауданы бойынша алғаш рет Мұқаншы ауылдық округінде жүзеге асып отыр. Бұл, бір жағынан, облыс пен аудан басшылығының ауыл тіршілігіне оң көзқарасын аңғартса, екінші жағынан, ауыл әкімінің іскерлігі мен елге қызмет етудегі нақты ізденісін де көрсетеді.

– Ауылдың болашағы – еңбек пен тиімді ұйымдастыруда. Біз үшін ең маңыздысы – елдің игілігіне қызмет ету, тұрғындардың тұрмысын жақсарту және Мұқаншы ауылдық округінің әлеуетін одан әрі арттыру, – дейді ауыл әкімі.

Осы жайында ауыл ақсақалы Арғынғазы Жұмаханұлы тағылымды ой қозғады. Оның айтуынша, бұл ауылдың тамырында еңбек, тәрбие, білімге құрмет секілді асыл қасиеттер ежелден бар.

Қарияның жадында ерекше сақталған оқиғаның бірі – 1989 жылы осы ауылда республика бойынша алғашқылардың бірі болып Наурыз мейрамының аталып өтуі. Содан бері бұл тағылымды мереке үзілген емес. Жыл сайын ауыл болып жұмылып, Наурыз тойын жоғары деңгейде өткізуді дәстүрге айналдырған. Ауылдағы сегіз көшенің тұрғындары кезек-кезегімен Мәдениет үйінде наурыз көже беріп, елдің берекесі мен бірлігін бекемдей түседі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шетелден оралған қандастардың алдымен осы ауылға келіп қоныстануы да тегін емес. Арғынғазы Шәймерденовтің пайымынша, бұған ауылдың ұлттық құндылықтарға жақындығы, салт-дәстүрге беріктігі себеп болған. Соның нәтижесінде ел қатары толысып, жоғымыз түгенделіп, ағайынның арасы жақындай түскен. Көпшіліктің қолдауымен мешіт салынуы – соның айқын көрінісі.

Уақыт өте келе ауылда ішімдіксіз орта қалыптастыру идеясы көтеріліп, бұл бастама да ел қолдауына ие болды. Қазір ауыл дүкендерінде арақ сатылмайды. Оның орнына еңбекке бет бұрған, түйе өсіріп, шұбат өндіріп отырған отбасылардың қатары артқан. Бұл ауыл өмірінің жаңа арнаға түскенін аңғартады.

Осы игі өзгерістердің басы-қасында Мұхит Мамырдың болғанын Арғынғазы Жұмаханұлы айрықша атап өтті. Ол сол тұста аудандық мәслихаттың депутаты еді. Кейін ауыл әкімі сайлауына түскен сәтте ақсақал сенімді өкіл ретінде қолдау білдірген. Себебі, ел алдында айтқан бағдарламасы нақты, мақсаты айқын болған. Ауыл әкімі болған соң сол игілікті істерді ары қарай жалғастырды.

 

Ата кәсіп ауылдың тірегі

Округ аумағындағы жалпы жер көлемі 76 665,47 гектарды құрайды. Оның 73 504,47 гектары жайылым, 3 161 гектары егістік жер. Жайылымның бір бөлігі ауыл тұрғындарының игілігіне берілген. Бұл, әсіресе, төрт түлік өсіруге қолайлы жағдай жасап, ауыл шаруашылығын дамытуға кең мүмкіндік беруде. Бүгінде округ бойынша 141 шаруа қожалығы тіркелген. Соның 81-і егін егу мен оны баптауға ден қойса, 60 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады.

Мал шаруашылығы бойынша Мұқаншы ауылдық округінің әлеуеті жоғары. Ауыл тұрғындарының атакәсіпті берік ұстанып, төрт түлікті табыс пен берекенің көзіне айналдырып отырғанына осы өңірде түйе өсіріп отырған Түйешібай Солтанияның шаңырағына барғанда анық көз жеткіздік.

Түйешібай Солтания Қытай елінен тарихи Отанына оралған қандас. Арғы бетте жүргенде де түйе өсіріп, шұбат өндіріп, осы кәсіптің қыр-сырын жетік меңгерген жан. Алайда, бұл істі бастарда қиындық аз болмаған.

– Алғашқы кезде ауыл тұрғындары балалардың қауіпсіздігін ойлап, түйе өсіруге алаңдаушылық білдірді. Дегенмен ауыл әкімдігінің араласуымен халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, істің байыбына барған жұрт біртіндеп бұл бастаманың тиімділігіне көз жеткізді. Соның нәтижесінде түйе шаруашылығы жолға қойылып, бүгінде ол ауыл тұрғындарына табыс әкелетін кәсіптің біріне айналды, – дейді ол.

Қазір ауылда түйе сүтінен шұбат дайындалып, одан талай отбасы нәсіп тауып отыр. Бұл тек бір кәсіптің дамуы ғана емес, ауыл өміріне тың серпін әкелген игі өзгерістің көрінісі. Ең бастысы, осының нәтижесінде Мұқаншы ауылы ішімдіксіз ауылға айналып, еңбекпен еңсе тіктеудің, кәсіппен тіршілікті түзеудің нақты үлгісін көрсетті. Мұны да ауыл әкімінің бастамашылдығынан бөле қарауға болмайды.

Спорт пен рух сабақтастығы

Еңбек пен тәртіп орныққан ортада ел намысын ерлер де көбейте түсетіні белгілі. Соның бір айғағы ретінде Мұқаншы топырағынан шыққан Мәулен Мамыровты және оның ізін басып келе жатқан жас спортшыларды айтуға болады. Бұл ауылда тек шаруашылық қана дамып отырған жоқ, мұнда елдің мерейін үстем ететін, намысын қорғайтын жас буын да өсіп келеді. Оған ауыл азаматтарының «Ұлы Дала жорығы» жобасындағы жетістігі дәлел болады. Айталық, 2019 жылы Шығыс Қазақстан бағыты бойынша өткен 140 шақырымдық халықаралық Ұлы Аламан бәйгесінде Мұқаншының Қызжирені бас бәйгені жеңіп алды. Бұл жарыс Гиннес рекордтар кітабына енген. Мұқаншылықтар 2022 жылы Астана – Түркістан бағыты бойынша өткен 1200 шақырымдық, 2023 жылы осы бағыттағы 1300 шақырымдық аламандарда бас бәйге алды. Ал 2024 жылы Астана – Павлодар бағыты бойынша ұйымдастырылған 500 шақырымдық Ұлы Аламан бәйгесінде тағы да топ жарып, бас бәйгені қанжығаға байлады.

Бұл жетістіктерді тек спорттағы жеңіс деп қана қарауға болмайды. Оның астарында ауылдың тарихи тамыры, мәдени болмысы мен рухани қуаты жатыр. Осындай жетістіктерден Мұқаншы ауылында атбегілік дәстүр мен ұлттық рухтың қатар өрілгенін аңғару қиын емес. Қысқасы, жастайынан спортпен айналысып, сол мамандықта оқып, сол салада біраз жыл еңбек еткен ауыл әкімінің бүйрегі бұрып тұратындығы анық.

 

Мәдени өмірдің мәйегі

Мұхит Мамыр ауыл әкімі болғаннан кейін тек мемлекеттік құзырет шеңберінде қалып қойған жоқ. Ең алдымен тұрғындардың нақты қажеттілігіне ден қойып, ауылға не керек, елге не қажет екенін ескеріп жұмыс істеді. Бұл ауылдың бірлігін күшейтіп, берекесін арттырды.

– Ауылда мәдени шаралар да кең көлемде өтеді. Мәдениет үйінде 120 орын болса, әрбір шара сайын көрерменге лық толады. Бұл халықтың рухани өмірге деген ынтасының айқын көрінісі. Биыл аудан бойынша Мұқаншы ауылдық Мәдениет үйі «Үздік мәдениет мекемесі» атанды. 18 наурыз – Ұлттық киім күніне тағылымы мол, мазмұнды шара ұйымдастырылды. Ал Наурыз мерекесі бұл ауылда 1989 жылдан бері бір жыл да үзілген емес. Биылдың өзінде екі ауылда екі күн бойы Наурыз тойы тойланып, мәдени және спорттық шаралар жоғары деңгейде өтті. Мұның бәрі Мұқаншыдағы мәдени өмірдің қайнаған ортасын, елдің салт-дәстүрге деген құрметін аңғартады, – дейді ауылдық Мәдениет үйінің директоры Фатих Ақын.

ТҮЙІН

Ауыл әкімінің мойнындағы жүк ел аманатына адал болудың үлкен жауапкершілігі. Мұхит Мамыр осы сенім жүгін терең сезініп, ауылдың әр мәселесіне бейжай қарамай, халықтың мұң-мұқтажын жүрегімен қабылдап келеді. Күнделікті тіршіліктегі түйткілден бастап, ел ертеңіне қатысты іргелі істерге дейін ұқыптылықпен қарап, жұрт сенімін ақтауға күш салып жүрген азаматтың еңбегі ауыл тынысынан анық аңғарылады. Оның іскерлігі мен жанашырлығы жауапкершілік пен сенімнің өзара сабақтас ұғым екенін көрсетеді.

 

Қажет Андас

Суреттерді түсірген: Жұмабай Мұсабеков

Мұқаншы ауылы,

Көксу ауданы

Декреккөз: «Jetisy» газеті, №39, сенбі, 11 сәуір 2026.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 7
Мұқаншының Мұхиты
Шалғай ауыл

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026
Жұмыс жүйелі, даму бар
Шалғай ауыл

Жұмыс жүйелі, даму бар

February 24, 2026
Ерікті көші-қон: Болашаққа жасалған нық қадам
Шалғай ауыл

Ерікті көші-қон: Болашаққа жасалған нық қадам

January 13, 2026
Жем-шөп жеткілікті ме?
Шалғай ауыл

Жем-шөп жеткілікті ме?

October 20, 2025
ИНТЕРНЕТІ ЖОҚ АУЫЛ
Шалғай ауыл

ИНТЕРНЕТІ ЖОҚ АУЫЛ

July 28, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz