Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Білім

ІЛИЯС ОҚУЛАРЫНА 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ТІГІЛДІ

admin
2025/07/18
Білім
0

Жыл басынан бері Жетісу жұрты Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына қызу кірісіп кетті. Күні кеше Талдықорған қаласында ақын ұрпақтары, шығармашылық қауым өкілдері жиналып, үлкен ас берілді. Сол игілікті істердің жалғасындай, өткен аптада Ақсу аудандық Молықбай атындағы Мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасындағы ХІІ республикалық Ілияс оқулары өте жоғары деңгейде өтіп, жұрттың ықыласына бөленді.

Аталмыш бәсекеге  13 облыс пен қаладан 24 үміткер қатысты. Олар алдымен Ілияс өскен ортаның көркем табиғатын тамашалап, көңілдеріне көп ой түйді. Шараның ашылу салтанаты Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен аудандық Молықбай атындағы Мәдениет үйінде өтті. Салтанатты басқосуда алғашқы сөз кезегін алған өңір басшысы:

– «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп соңғыларға үлкен ұлағатты сөз қалдырған Ілияс атамыздың шығармашылық, тұлғалық қарым-қабілетін үлгі ету Мәңгілік Ел болудың жолында еңбек етіп жатқан біздер үшін үлкен үлгі. Биылғы байқау Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласындағы тапсырмаларды орындау негізінде қолға алынды. Мені ең алдымен еліміздің түкпір-түкпірінен келген, Ілияс атамыздың мұрасын құнттап жүрген жастардың көп екендігі қуантты. Әрине, республикалық деңгейдегі байқаудың аудан орталығында өтуі де жауапты жұмыс. Сол үшін үміткерлердің үмітін үкілеу мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасадық. Байқау барысында бәріңнің баптарың мен бақтарыңның тең түсіп, жүлдегерлер қатарынан көрінулеріңе сәттілік тілеймін, – деді ол.

Осыдан кейін шараның шымылдығын Ақсу аудандық өнер мектебінің шәкірттері ашты. Өнерпаз жастарды тәрбиелеуде үлкен нәтижелерге жетіп, халықаралық, республикалық деңгейдегі жеңімпаздарды жетілдіріп жүрген оқу орнының шәкірттері барын салды. Ән айтылды, би биленді, күй шертілді. Ең бастысы, балғындардың тақылдаған дауысы, тартымды  еркін де ерке қылықтары көпшілікті тәнті етті. Осындай жоғары көңіл-күймен басталған бәсеке төрт кезеңнен тұрды. Алдымен үміткерлер Ілиястың өзі таңдаған бір туындысын мәнерлеп оқып шықты, сосын қатысушы Ілияс ақынға арнауын көптің назарына ұсынды, келесі кезекте Ілиястың драматургиялық шығармаларынан көрініс көрсетілді. Соңында әділқазылар әр қатысушы алдын ала қаламгер шығармашылығы туралы жазған жеке шығармашылығын жалықпай оқып, әрбірін белгіленген шарт бойынша бағалап шықты.

Бір айта кетерлігі, бұл реткі байқауда әр қатысушы бүркеншік ат қолданды және бағалаушылардың қойған балы үлкен экран арқылы көпшілік назарына ұсынылып отырды. Ашықтық болғандықтан жүлдегерді анықтауда бұра тартар өрескел жағдай орын алған жоқ. Нәтижесінде, Ақсу ауданы, Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп оқушысы Әлібек Бегімбекұлы бас жүлдені қанжығасына байлап, өңір әкімі атынан тағайындалған 500 мың теңге арнайы жүлдені жеңіп алды.

«Өскенді жердің баласы өрелі келеді». Әділбек көпшіліктің көзінше өзіне тиесілі қаражаты Ілияс Жансүгіров атындағы қорға ұсынатынын жеткізді. Бірінші орынды Ақмола облысы, Көкшетау қаласынан Ернұр Балмашек, екінші орынға Маңғыстау облысынан Жарас Жүсіпов пен Шымкент қаласынынан Аружан Нұрадин лайықты деп танылды. Ал үшінші орынды Шымкент, Алматы, Талдықорған қаласының оқушылары қанжығасына байлады.

Қатысушылардың бәріне сертификат, жүлделі орынға ие болғандарға ақшалай сыйлық табысталды.

Қажет АНДАС

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Қаралым 8
Жасанды интеллект және қазіргі білім көмек пе, әлде тәуелділік пе?
Білім

Жасанды интеллект және қазіргі білім көмек пе, әлде тәуелділік пе?

November 4, 2025
Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде
Білім

Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде

October 7, 2025
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz