Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Спорт

Көп күттірген спорт кешені

Көптен бері жетісулықтар үмітпен күткен, спорт саласын дамытуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асты. 14 желтоқсанда Алакөл ауданының Лепсі ауылында жас спортшылардың кәсіби өсуіне жол ашатын көпфункционалды спорт кешені мен 244 орындық жатақхана салтанатты түрде пайдалануға берілді.

admin
2025/12/17
Спорт
0
Көп күттірген спорт кешені

Нысанның салтанатты ашылуына облысәкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов, Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов, белгілі спорт ардагерлері, Олимпиада чемпиондары мен өңірдің құрметті азаматтары қатысты.

Жобаның жалпы құны 3,8 млрд. теңгені құрайды. Ғимараттардың жалпы құрылыс аумағы 5772,1 шаршы метр, спорт кешенінің жобалық қуаттылығы 160 орын, ал жатақхана 244 орынға арналған. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы, негізгі мердігер «Дәулет-Серпин 603» ЖШС, техникалық қадағалауды «Дан строй проект» ЖШС жүргізген.

Кешен құрамына күрес, бокс, волейбол және баскетбол залдары, тренажер залы, медициналық және қалпына келтіру бөлмелері, сондай-ақ ашық футбол алаңы енген. Ал бес қабатты жатақхана спортшылардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне толықтай бейімделген.

Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов сөйлеп, жаңа спорт кешенінің өңір үшін маңызын атап өтті:

– Бұл нысан ауыл спортын дамытуға тың серпін беріп, жасөспірімдердің жүйелі түрде жаттығып, үлкен спортқа қадам басуына мүмкіндік жасайды. Мемлекет тарапынан спорт инфрақұрылымын дамыту алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді ол.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов өз сөзінде жастар спортына салынған инвестиция – елдің болашағына салынған инвестиция екенін атап өтті.

Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко жас спортшыларға сәттілік тілеп, табандылық пен еңбек қана үлкен жеңіске жеткізетінін жеткізді.

Іс-шара барысында 21–26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында өткен U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 60 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған Лепсі мектебінің оқушысы Ақан Дамир ерекше құрметке ие болды. Чемпион спортшыға 500000 теңге, сондай-ақ, оның жаттықтырушысы Отарқұл Нұрдаулетке де 500000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Марапатты Қазақстандағы бокс және күрес федерацияларының вице-президенті, меценат Бауыржан Оспанов табыстады.

Салтанатты рәсім барысында Алматы және Жетісу облыстарының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері Болатбек Шынқожаұлы Қапсаламов жаңа спорт кешенінің болашағына ақ батасын берді. Одан кейін құрметті қонақтардың қатысуымен лента қию рәсімі өтіп, қонақтар ғимаратты аралап көрді.

Лепсі ауылында ашылған бұл жаңа спорт кешені – өңірдегі спорттық резервті қалыптастыруға, ауыл жастарының әлеуетін ашуға және болашақта ұлттық әрі халықаралық аренада ел намысын қорғайтын чемпиондарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.

Жетісудың желмен жарысқан жастары әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берсін!

Қажет Андас,

«Q–andas» ақпараттық агенттігі.

Лепсі ауылы,

Алакөл ауданы.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 20
Жетісулықтардың жеңісі
Спорт

Жетісулықтардың жеңісі

April 15, 2026
Жеңіске жігер жетелейді
Спорт

Жеңіске жігер жетелейді

March 12, 2026
Алакөлдің мақтанышы
Спорт

Алакөлдің мақтанышы

February 24, 2026
Сатпаев бастаған «Қайрат» КуПС-пен шешуші матчқа шығады
Спорт

Сатпаев бастаған «Қайрат» КуПС-пен шешуші матчқа шығады

July 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz