Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Спорт

Бауыржан Әли: Үлкен рингке қадам

Қазақ боксының тарихында Жамбыл өңірінің орны бөлек. Осы топырақтан ел намысын қорғаған талай талант шықты. Сол дәстүрдің жалғасы іспетті бүгінгі жас буын арасында да шаршы алаңда мінез көрсетіп, жұрт назарын өзіне аударып жүрген спортшылар бар. Солардың бірі Қазақстан Республикасының спорт шебері, жас боксшы Бауыржан Әли Әділбекұлы.

admin
2026/05/04
Спорт
0
Бауыржан Әли: Үлкен рингке қадам

Жамбыл облысының тумасы саналатын жас спортшының Байзақ ауданындағы Мырзатай ауылынан шыққаны айтылады. Ауыл баласының үлкен спортқа қарай бет алуы көбіне қарапайым еңбек пен қайсар мінезден басталады. Бауыржанның спорттағы жолы да ерте жастан қалыптасқан. Бала күнінен боксқа ден қойып, жаттығу залындағы тәртіпке, төзімге, табандылыққа үйренді. Уақыт өте келе сол еңбектің нәтижесі көрініп, жас болса да ел ішінде болашағынан үміт күттіретін боксшылардың қатарына қосылды.

2005 жылы 6 шілдеде дүниеге келген былғары қолғап шебері бүгінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3 курс курсанты, полиция сержанты. Жас спортшы оқу мен спортты қатар алып жүріп, жоғары нәтижелерімен көзге түсіп келеді. Өмір жолы жас буынға табандылықтың, тәртіптің және мақсатқа адалдықтың үлгісін көрсетеді.

Спорттық ортада жас боксшының есімі еңбекқорлығымен, рингтегі батылдығымен және жеңіске деген ұмтылысымен аталады. Мәліметтерге сүйенсек, небәрі 15 жасында Қазақстан Республикасының спорт шебері атанған. Мұндай атақ кез келген спортшыға оңай берілмейді. Артында жылдар бойғы дайындық, қатаң тәртіп, талай жарыс, жеңіс пен жеңілістен алынған сабақ тұрады.

Жас спортшының қалыптасуына бапкерлерімен қатар әкесінің де ықпалы зор болды. Әкесі Әділбек ұлының бойындағы спортқа деген қызығушылықты ерте байқап, оған бағыт-бағдар берді. Оның кәсіби тұрғыдан қалыптасуына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақұрпеков үлкен еңбек сіңірді. Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевты тәрбиелеген білікті бапкер жас спортшының қабілетін ерте танып, рингтегі шеберлігін, тәртібін, төзімін және жеңіске деген сенімін шыңдады. Осылайша әке қолдауы мен бапкер еңбегі Бауыржанның үлкен спорттағы берік негізіне айналды. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде 75 келі салмақ дәрежесінде ұлттық құрама жүйесінде көзге түсуі де жас спортшының әлеуетін аңғартады.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділқари Молдатай да шәкіртінің басты қасиеті ретінде тәртіп пен еңбекқорлықты алға тартады.

– Бауыржан жаттығуда барын салатын, тапсырманы мұқият орындайтын боксшы. Бүгінгі жетістігі күн сайынғы еңбегінің нәтижесі», – дейді бапкер.

Жас спортшының жетістіктер тізімі аз емес. 2017 жылы Бокстан Азия кубогында 3 орын иеленіп, халықаралық аренадағы алғашқы ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді. Сол жылы Ташкент қаласында өткен «Ez 2017» турнирінде 1 орыннан көрінді. Бұдан бөлек, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған бокстан халықаралық турнирде де жеңімпаз атанды. Осы жеңістер жасөспірім кезінен үлкен додаға дайын, бәсекеге қабілетті спортшы екенін көрсетті.

2018 жыл да жас боксшы үшін табысты кезең болды. 2006 және 2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде 1 орын алды. Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыстық колледждер арасындағы ашық турнирде жеңімпаз атанды. Сол жылы бокстан ашық республикалық турнирде де топ жарды. Бір жылдың ішінде бірнеше жарыста бірінші орын алуы тұрақты дайындық пен үздіксіз еңбектің нәтижесін айқын көрсетті.

2019 жылы да жеңісті жол жалғасты. Жас спортшы 2006 және 2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында 1 орын алып, өңірлік деңгейде үздік екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы О. В. Кругловтың жүлдесіне арналған I халықаралық турнирде 3 орын иеленді. Сол жылы бокстан 4 әлем чемпионатында 1 орынға көтеріліп, Самара қаласында өткен VI халықаралық турнирде де жеңімпаз болды.

2020 жылы «Асқар Жұмабаев» атындағы Қордай батыр күрес клубының кубогы үшін өткен халықаралық турнирде 1 орын алды. Ал 2025 жылы Қарағанды қаласында өткен Ғ. Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде тағы да жеңімпаз атанды. Мұндай беделді жарыстарда топ жару спортшының шеберлігі мен тәжірибесін одан әрі айқындай түсті.

Жетістіктердің әрқайсысы бір күндік еңбектің емес, жылдар бойы төгілген тердің, төзімнің, бапкер мен шәкірт арасындағы сенімнің нәтижесі. Шаршы алаңда жеңіске жету үшін спортшы тек қарсыласын ғана емес, өз бойындағы шаршауды, қобалжуды, күмәнді де жеңуі керек. Жас таланттың спорттық жолынан осындай мінез анық байқалады.

2026 жыл жас боксшы үшін жаңа белестің басталуымен есте қалды. Кәсіпқой боксқа қадам басып, алғашқы жекпе жектерінде жеңіс дәмін татты. Биыл Steppe Boxing Өскемен қаласында ұйымдастырған бокс кешінде 1 орынды жеңіп алды. Ал Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде Қазақстан кәсіби бокс федерациясының ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додада Бауырдан Әли Тәжікстан өкілі Раджабой Ахмедовпен шаршы алаңға шықты. Жекпе жек төрт раундқа жоспарланғанымен, айқас ұзаққа созылған жоқ. Қарсыласын бірінші раундтың 57 секундында техникалық нокаутпен жеңіп, жанкүйерлерді қуантты.

Мұндай жеңістер кездейсоқ келмейді. Рингте әр секундтың салмағы бар. Жылдам ойлау, арақашықтықты дұрыс есептеу, сәтті дәл пайдалану, қарсыластың осал тұсын дер кезінде көру ұзақ еңбектің жемісі саналады. Тараздағы жеңіс жас боксшының тек күшке ғана емес, тактика мен ішкі сенімге де сүйенетін спортшы екенін көрсетті.

Жас спортшы тек спорттық жетістіктерімен ғана емес, азаматтық болмысымен де ерекшеленеді. Оқу мен спортты қатар алып жүру оңай емес. Қарағанды академиясының курсанты ретінде болашақ құқық қорғау саласының маманы болып қалыптасып жатыр. Ал спорттағы табысы тәртіпке, жүйелі еңбекке, жігер мен жауапкершілікке берік екенін дәлелдейді. Екі бағыт бірін бірі толықтырып тұрғандай. Академиядағы тәртіп спорттағы мінезді шыңдаса, спорттағы төзім қызметтегі жауапкершілікті күшейтеді.

Бокс мінездің спорты. Қазақ боксы әр дәуірде жаңа есімдермен толығып келеді. Бір буын ел намысын Олимпиадада, әлем чемпионаттарында қорғады. Енді ізін жалғайтын жас толқын өсіп келеді. Жамбылдық былғары қолғап шебері сол жаңа буынның өкілі. Бүгінгі жеңістері үлкен жолдың басы ғана. Ал үлкен жол әрқашан табандылықты, тәртіпті және тынымсыз еңбекті талап етеді.

Жас спортшы алдағы уақытта тағы бір жауапты сынға қатысуға мүмкіндік алып отыр. 24-30 мамыр аралығында Алматы қаласында Кеңес Одағының Батыры, «Халық Қаһарманы», армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнирге жолдама алды. Жанкүйерлері бұл жарыста да оның жеңіс тұғырынан көрінеріне сенім артады. Егер аталған сайыста алдыңғы орындардан көрініп, 1 немесе 2 орын иеленсе, шілде айында Малайзияда өтетін Қарулы күштер арасындағы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі де бекітілуі ықтимал.

Ілияс Жансүгіровтің «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деген тағылымды сөзі осындайда ойға оралады. Ел намысын қорғап, еңбегімен танылып жүрген жастарды дер кезінде танып, қолдау көрсету ортақ парыз. Бауыржан Әли Әділбекұлының бүгінгі жетістігі Жамбыл өңірінің ғана емес, қазақ спортының мерейі. Ерін ескерген елдің еңсесі биік, болашағы нұрлы болмақ.

Қажет Андас,

«Q-andas» ақпарат агенттігі

3 2 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 90
Жетісулықтардың жеңісі
Спорт

Жетісулықтардың жеңісі

April 15, 2026
Жеңіске жігер жетелейді
Спорт

Жеңіске жігер жетелейді

March 12, 2026
Алакөлдің мақтанышы
Спорт

Алакөлдің мақтанышы

February 24, 2026
Көп күттірген спорт кешені
Спорт

Көп күттірген спорт кешені

December 17, 2025
Сатпаев бастаған «Қайрат» КуПС-пен шешуші матчқа шығады
Спорт

Сатпаев бастаған «Қайрат» КуПС-пен шешуші матчқа шығады

July 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz