Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Мейірман Ермектасов

1888 жылы туған, Ақсу ауданы Еңбек ауылының тумасы.

admin
2026/08/31
Халық жады
0
Мейірман Ермектасов

Өз кезінде елінің өркениеті үшін өлшеусіз еңбек етсе де Кеңес билігі тұсындағы тоталитарлық режимнің ұзақ уақыттық қудалауына ұшыраған Мейірман Ермектасов араға бір ғасыр салып барып жұрттың құрметіне қайта бөленді. Жетісу жерінде алғаш рет Маман ұрпақтары ағартушылықтың шамшырағын жақса, сол отты өшірмей Ақсу өңірінде жалғастырған Мейірман Ермектасовтың қазақ халқын сауаттандырудағы еңбегі ересен. Ол 1888 жылы Еңбек ауылында туып, жас кезінде Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. Сол дәуірдегі түркітілдес ұлттардан шыққан зиялылардың құрметтісі атанды. Еліне келген соң қазіргі Еңбек ауылында 1922-1924 жылдары құрылыс материалдарын жан-жақтан өгіз арбамен тасып жүріп, сан қиындықты жеңіп, мектеп ашып, елді білім көкжиегіне жетеледі. Бүгінде бұл мектеп Қарасу атындағы орта мектеп аталып, сан түлекті білім нәрімен сусындатып келеді.

Өкінішке қарай, Мейірман Ермектасов 1916 жылғы Бөрібай басшылығындағы ұлт-азаттық көтерілісі мен Алашордамен тікелей қатысы болғандықтан қызыл өкіметтің қырына ілікті. Оның мектеп ашып, ағартушылықпен айналысқаны, Ораз Жандосовпен бірге ең алғаш балалар үйін салып, жетім балаларға көмек көрсеткені, тағы да басқа азаматтық істері ескерілгені былай тұрсын, басына қатер болып төнді. Ақыры 1930 жылдары жансауғалап Қытай асып тынды.

Қытайға өткеннен кейін де өзінің мол білімін, біліктілігін, Алаш арыстарынан көрген өнегесін Қытайдағы қандастардың қараңғылықтан құтылып, жарық дүниеге жол алуына арнады. 1933 жылы Мейірман Ермектасовтың жобалауымен Қытай қазақтарынан шыққан меценат Жабықбай Бұлғыншыұлының көмегімен «Жабықбай» мектебін ашып, сол жақтағы ағайынға ағартушылықтың нұрын септі. 1934 жылы Қытайдың Құлжа қаласында құрылған «Қазақ-қырғыз мәдени ағарту ұйымының» мұрындық болуымен ашылған Тұрасу жайлауындағы мұғалімдер даярлау курсына сабақ беріп, бастауыш сынып мұғалімдерін тәрбиелеп, қазақ ағартуына тағы да тың үлес қосты. Кейін 1944 жылы Құлжа қаласында Үш аймақ ұлттық өкіметі құрылғанда өкіметтің саяси кеңесінің құрамында болып елді орналастыру, Қытай асқан қазақтардың әлеуметтік жағдайын қадағалау, ағартушылық істерін өркендету, тағы да басқа маңызды жұмыстарды атқарды. Өкінішке қарай 1950 жылы қайтыс болып, сүйегі сол жақта қалды.

Мейірман Ермектасовтың кіндігінен Зейін атты жалғыз ұлы қалды. Зейіннен 8 қыз, 3 ұл тарап, бүгінде бір қауым елге айналыпты.

Шараға Алматы, Тараз, Қызылордада тұратын Ермектасовтың ұрпақтары да қатысты. Ағартушының немерелері Майра Ермектасова мен Зоя Ермектасова және шөберелері ескерткіш- тақтаның ашылуында үлкен жұмыс атқарған Жексембек Мықтыбаев пен Еңбек ауылы Қарасу орта мектебінің директоры Мұхтар Сағадиевтің иығына шапан жауып, жұрт құрметін көрсетті. Соңында көпшілік Еңбек ауылындағы мешітте Ермектасовтың ұрпақтары жайған ас дастарқанына жиналып, аруаққа Құран бағыштап, перзенттік ілтипатын көрсетті.

 

Қажет Андас.

Жарияланды. –Талдықорған: «Жетісу» газеті. №38.2022. -2 б.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 44
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz