Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

ӨЛЕҢІН ӨМІРІНЕ АЗЫҚ ҚЫЛҒАН

admin
2025/07/28
Андас Омарақын ізімен
0
ÓLEŃIN ÓMIRINE AZYQ QYLǴAN

Өзге елдің суын ішіп, топырағын басып жүрсе де өзегі қазақ деп өртенген, жүрегі қазақ деп жылайтын азаматтар аз емес. Солардың бірі Қытай Халық Республикасының ШыңЖаң өлкесінде дүниеге келген Андас Жансарбаев. Иә, 1946 жылдың қыркүйек айында Шыңжаң өлкесінің Күнес деген елді мекенінде туды. Әкесі Омарақын ұлының болашағынан үлкен үміт күтетін. Жақсылықты осы ұлымнан көрермін деген әкенің асқақ үміті алдаған жоқ.

Расында да Андас бала кезінен-ақ зерек әрі еңбекқор болып өсті. Оның поэзияға деген сүйіспеншілігі өлең әлеміне алып келді. Яғни, мектеп қабырғасында жүргенде-ақ өлеңнен өрнек өрді. Ең алғашқы туындыларын ауыл еңбеккерлеріне арнап жазды. «Біздің екпін» деп аталатын өлеңі алғаш рет «Шыңжаң» газетінде жарық көрді. 1964 жылы орта мектепті ойдағыдай бітіреді. Отбасылық жағдайына байланысты жоғары оқуға бара алмай, ауылдағы шаруашылықтарда қара жұмысқа қабылданады. Ащы еңбектің кермек дәмін тата жүріп оның өлең әлеміндегі жолы айқындала түсті. 1974 жылы «Дарқан өмір» атты жмнақта Андас Жансарбаевтың бір топ өлеңі жарық көрді. Осыдан кейін ақынның есімі елге танылып, өлең көгінде шарықтай ұшты. Дәл осы жылы оны Шыңжаң өлкелік «Шұғыла» журналы жұмысқа шақырады. «Бұл журнал Қытай қазақтарының арасында ең мықты журнал еді. Дәл сіздерде шығатын «Жұлдыз» журналы сияқты», – дейді ағам.

Бұл кезде Андас Омарақынұлы отбасын құрып та үлгерген еді. Алғашында біраз ойланғанымен, қабырғасымен ақылдаса келіп, Шыңжаң өлкесінің орталығы Үрімші қаласына тартып отырды. Журналға келгеннен кейін оны әдебиет бөліміне бөлім меңгерушісі етіп қояды. Төрт жыл бойы осы жерде табжылмай жұмыс істейді. Әдебиеттің қайнаған ортасында жүріп, көптеген өлең жазып, өзгелердің еңбегін жариялап, бірнеше жыр жинағын құрастыруға атсалысады. Алайда, оған отбасынан бөлек тұрған өмір ұнамайды. 1978 жылы туған өлкесі Күнеске қайтып оралып, мұнан соң осындағы Күнес аудандық №3 орта мектепке әдебиет пәнінен мұғалім болып орналасады. Он жылдан астам уақыт ұстаз болып жүріп, жоғары оқу орнына түссем деп армандайды. Ақырында сол ойын жүзеге асыру мақсатында Андас аға Үрімжі қаласындағы Шыңжаң университетінің филология факультетіне құжаттарын өткізеді. Бала кезден бергі армандаған арманы жүзеге асып, бірден оқуға түсіп кетеді. Оқуға түскен жылы мұғалімдіктен Күнес аудандық мәдениет мекемесіне ауысады. Ал, 1992 жылы аудандық саси кеңестің тарихи материалдарды зерттеу комитетіне жауапты қызметкер болып жұмысқа тұрады. Осы жылдан бастап жергілікті қазақ халқының тарихын зерттеуге кіріседі. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде, оның Күнес тарихы, қазақтың мақал-мәтелдері жайында зерттеген 8 кітабы жарық көрді. Оның төртеуі қытай тіліне аударылған. Тарихты зерттеп жүрсе де өлең әлемінен алыстаған жоқ. Дәл осы жылдары «Жылдар ізі» атты жыр жинағын баспадан шығарды. Артынша «Жыл құсы», «Дода» атты жинақтарын баспаға ұсынды. Тарихи зерттеулері бойынша бүгінге дейін 14 кітабы жарық көрді.

«Осындай биіктерге жетіп ақын, жазушы, тарихшы атануына өскен ортам, ата-анам, қолдаушы адамдардың үлесі зор. Міне, енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел ортасындағы достық, ынтымақтастықты берік ұстауының арқасында атажұртқа келіп, елмен қауышып жатырмыз. Өз елім өзегімнен теппей алда талай биіктерге шығуыма жол ашады деп ойладмын» дейді әңгіме арасында ағамыз.

Бүгінде Қытай Халық Республикасы Күнес аудандық саяси кеңесінің тарихи материалдар комитетін басқарып отырған Андас Жансарбаев Пайғамбар жасына да аяқ басып қалды. Балаларының бәрі жоғары білім алып, өмірден өз жолдарын тауып үлгерді. «Еркектің жақсы, жаман атануы көбінде әйелге байланысты» екені рас. Сол айтқандай, Андас болып жүруімнің өзі жастай қосылған жарым – Әуесхан Мажайқызының арқасы», – деген ойын да жасырып қалмады.

Жастайынан жаны өлеңге құмар болып өскен Андас Омарақынұлы күні бүгінге дейін қолынан қаламын тастаған жоқ. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деген емес пе. Андас ағаны сегіз қырлы, бір сырлы азаматтардың қатарына жатқызуға әбден болады. Өлеңін өміріне азық қылған ағамызға поэзия әлеміндегі қадамыңыз қарыштай берсін демекпіз.

Сәрби ӘЙТЕНОВА,

Алматы облыстық «Жетісу» газеті, сенбі 28 шілде, 2007 жыл.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 17
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz