Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Мәдениет

Он саусағынан өнер тамған

Өмірде өз еңбегін бұлдамайтын адамдар көп. Олар атақ, абырой қумай-ақ өзі тұрған мекеннің қадірі мен қасиетін қашырмай, адал еңбегімен ас табады. Қоғамға қосқан үлесі мол болса да тірі жанға тіс жарып, «көптің көзіне түсіп қалайын» деп тыраштанбайды. Бұл нағыз еңбек адамына тән қасиет. Сондай жанның бірі Ескелді ауданының Сырымбет ауылында тұрады. Ол он саусағынан өнер тамған, ұзақ жыл ағаштан түйін түйіп, тұтынушыларын риза қылып жүрген Жұманұр Шаменұлы.

admin
2025/07/28
Мәдениет
0
Он саусағынан өнер тамған

Әке-шешесі, бауырлары және отбасымен 2010 жылдары Қытай елінен атажұртқа қоныс аударған Жұманұр елге келген соң бірден Сырымбет ауылына орналасыпты.

– Алғаш келген жылдары елге, жерге үйренісіп, құжаттарымызды реттеп, толық орналасып алған соң кәсіптенуге ниет ауды. Арғы бетте жүргенде бала күнімізден әкемізден ағаш шабудың қыры мен сырын көріп өстік. Әкеміз де, атамыз да, арғы аталарымыз да ағаш шабуды кәсіп еткен екен. Олар көбіне ер шауып, қазақ үй, үйге керекті тұрмыстық бұйымдар­ды жасайтын. Бірақ ол ­жақта ағаш ыдыстарға сұраныс аз болатын.Бұл жерде қазақы оюланған ыдысқа деген сұраныстың көптігін көрген соң осы кәсіпті қолға алдым. Басында қолмен тегене ойып, табақ шауып, кесе жонып жүрдім. Кейін келе Қытайдан ағашты өрнектеп жонатын станок алдырғалы жұмысым жүріп, өнім молая түсті, – дейді жас шебер.

Жұманұр ағаш ыдыстарды қарағаштан жасайды. Оның айтуынша, қарағаштан ойылған ыдыстар сапалы, шыдамды және әдемі болып шығады екен. Материалды ауылдастарынан сатып алады.

– Менің қымыз құятын тегенем өтімді ыдыс қатарында. Өйткені оның жасалуы өте нәзік және шыдамдылық пен шеберлікті талап етеді. Оюлы ағаш ыдыс жасайтындардың көбі қымыз құятын тегененің жұмысының көптігіне бола көп жоламайды. Алматыдағы біраз азамат мен жасаған тегенелерімді сатып алып, көтерме бағада сатып жүр, – дейді ол.

Жұманұрдың ыдыстарына сұраныс көп. Жұмысын арғы бетке танымал ағаш шебері әкесі Шамен Каметұлы қадағалап отырады. Жас күнінен тұрмыстық бұйымдар, киіз үйдің ағаш материалдарын, ертоқымның түр-түрін жасап, оны кәсіпке айналдырғандықтан білетіні мол. Сол тәжірибесі бойынша ұлына үнемі ақыл-кеңес беріп тұрады.

– Үш ұл, бір қызымыз бар. Құдайға шүкір, бәрі ержетіп, өз алдына отау құрды. Өз кәсібі, мамандығы бойынша жұмысы бар. Менің жолымды ұстанған Жұманұр ғана. Бала кезінен осы кәсіпке қызықты. Қасымнан қалмай ағаш ою өнерінің қыры-сырына көз жүгіртіп өсті. Қазір жасымыз ұлғайып қалды. Сонда да Жұманұр оюлап берген ыдыстардың өрнегін әрлеп, іші-сыртын майлап, қолдан келгенше көмектесіп тұрамын, – дейді Шамен ақсақал.

«Ерінбегеннің өзегі талмайды» деген рас. Сырымбет ауылы облыс, аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен. Бірақ Жұманұрдың өніміне деген сұраныс еліміздің әр өңірінен түсіп тұрады.

Расында, қазіргі нарық заманында тұтынушылар алатын затының сапасы мен қолайлылығына мән береді. Қаладасыз ба, ауылдасыз ба тұтынушының көңілінен шығатын өнім ұсынсаңыз іздеп тауып алады. Ал тауарды жеткізудің де жолы жеңілдей түсті. Бұл мүмкіндік Жұманұрды ынталандырып отыр.

Қажет АНДАС

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 22
Жетісу архивінің жүйелі жұмысы
Мәдениет

Жетісу архивінің жүйелі жұмысы

March 5, 2026
Өнер мен өрліктің отауы
Мәдениет

Өнер мен өрліктің отауы

December 12, 2025
Дін діңгек болсын десең…
Мәдениет

Дін діңгек болсын десең…

November 7, 2025
Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық
Мәдениет

Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық

October 29, 2025
«Біз де ғашық Болғанбыз?»
Мәдениет

«Біз де ғашық Болғанбыз?»

August 14, 2025
Қазақ шежіресі туралы
Мәдениет

Қазақ шежіресі туралы

August 19, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz