Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Тағдыр тәлкегі

admin
2026/08/30
Халық жады
0
Тағдыр тәлкегі

– Ой, қарағым-ай, мына біздің көргеніміз көнтулақ қой. Осынау қамшының қысқа сабындай ғана ғұмырымда айтса нанғысыз нелер кесел мен кесапатқа толы жайларды басымнан өткердім. Егер де уақытыңды бөліп құлақ асам десең, көкірегіме шерменде болып қалған бітеу жараның аузын ашайын, – деп терең де ауыр күрсініп алған Көлкен ақсақал қанжылаған қам көңілінің сыр сандығын ашты.

Сөзге шебер, көңіліне тоқығаны мен мүйгені мол қарт кесек тұлғасын сергек қозғап қойды да, қос жанарын алысқа қадап, әңгімесін арыдан бастап кетті.

–1937 жылдың тұп-тура 25 тамызы еді. Сол бір тұстағы мекен – тұрағымыз Кеген ауданының «Құрметі» деп аталатын колхозы – тын. Ол кезде мен 11 жастағы бала едім. Мезгіл таңертеңгі шақ болатын. Ойламаған жерден қызыл жағалы екі кісі үйге кіріп келді. Біз отбасымызбен дүрлігіп, үрпиісіп қалдық. Әлгілер сөзге келместен әкем Қырғызбайдың қос қолын артына қайырып, алдарына салып айдап алды да кетті. Аң-таң күйге енген біздер шамамыз тек екі көзімізге ғана жетіп, омырауымызды жас жуып қала бердік.

Бір шаңырақ астында әкемнің әкесі 75 жастағы Әбділда Шорманұлы. 37-ге келген шешем Нәсілхан, бірі 9, енді біреуі 2 жасқа жаңа толған қарындастарым Жуасхан мен Көкшегір және 5-тегі Қуаныш, сондай-ақ 11-ді жаңа ортайтқан мен қалдым.

Әкемді итжеккенге әкетіп, басымызға қайғының қара бұлты үйірілген бізге ауыл адамдары мен көрші-қолаңдарды былай қойғанда туыс – туған өзі үрке қарап, үрейлі пиғыл танытты. Жаңа оқу жылы басталып, мектеп табалдырығын аттаған мені мен қарындасым Жуасханға «сендер халық жауының баласысыңдар» деген қаралы ат тағып, оқуымызға үзілді кесілді тыйым салды.

Елден екшелеп, бөлектеніп қалған отбасымыздың күн көріс жағдайы тым ауырға соқты. Колхоз тарапынан ешбір көмек көрсетілмесін деп ұйғарылыпты. Ондағыларда өз көлеңкелерінен өздері үркіп, бойларын бізден барынша аулақ салды. «Өлмегенге – өлі балық» демекші, астығы орылып алынған аңыздан шама-шарқымызша масақ жинап алып, күйкі тірліктің күйін кешіп, өлместің қам-қаракетін жасадық. Атам Әбділда сол тұста колхоздың бір қора қойын бағатын. Біздің бәрімізге «ауылдан аттап алысқа  ұзап шаппайсыңдар, ал айтқанға құлақ аспасаңдар жазаланасыңдар» деген зілді сөздерді айтып, онсыз да мойнымызға түскен зіл-батпан салмақты одан да ауырлатып жіберді.

Зымыран уақыт зымырап өтіп жатты. 1938 жылдың тамыз айы туып, әкемді «халық жауы» ретінде айдап алып кеткеніне де жыл толып калды. Мен екі қойдың жүн-жұрқасын арқалап Жалаңашқа қарай сапар шектім. Ондағы ойым – сол арада қой жүнімен тиын-тебен жасап алып, ары қарай сол кездегі аудан орталығы Кеген селосына бару-ды. Мақсатым – сондағы ел ағаларына жолығып, қарындасымыз екеуміздің оқуымызға рұқсат алу болатын.

Тұрған жерімізден аудан орталығы 120 шақырым. Жаяу-жалпылап онда келген соң аудандық оқу бөлімінің бастығының қызмет орнын іздестіріп жүріп тауып алдым да, сонда бас сұқтым. Менің мүшкіл жағдайымды естіп, білген ол бізді оқуға қайта қабылдаудан ат-тонын ала қашты. Одан еш нәтиже шығара алмайтыныма көзім әбден жеткен соң аудандық партия комитетінің хатшысына барып мұң-зарымды шағуды жөн көрдім. Жазбаша арызымды оқып, оның мазмұнына қаныққан аудан басшысының ықыласы түсіп, арызыма оқуға алынсын деген бұрыштама соғып, кол койып берді. Итжеккенге айдалып кеткен әкем отбасына кайтып оралғандай, сондағы қуанышымда шек болсашы. Осылайша алланың нұры жауып, өз құрбы-құрдастарымның ортасына қайта оралып, оқуымды әрмен қарай жалғастырдым. Кейіннен Алматы қаласындағы сауда техникумын тәмамдап, ұзақ жылдар бойы осы салада қызмет жасадым. Кеген, Еңбекшіқазақ, Шелек аудандарында мамандығым бойынша сауда саласында басшылық қызметтер атқардым. Қарағым-ай, айта берсек, қалған ғұмырымыз да таңға дейін таусылмайтын ұзақ-сонар әңгіме.

Ал, енді әкеңіз Қырғызбайды неліктен «халық жауы» деп қаралады, деген заңды сауал да қоярсыздар. Оны біз кейіннен барып білдік. Кезінде Кеген ауданының бірінші басшысы болған Ораз Жандосов қызмет бабымен біздің «Құрметі» колхозына бірнеше мәрте ат басын тіреген еді. Сондағы колхоз басшыларының ұйғарымымен қасына ерген бірер адамдармен ол кісі біздің үйге қонақ болып, ас-су ішіп кеткен екен. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, бар пәлекет міне, осыдан шығыпты. Әкем сол кеткеннен мол кетіп, отбасымызға оралмай, сүйегі сол жақта қалды. Бір көңіл жұбатарлығы кейіннен толығымен акталды. Ол кісі сонау зар мен запыранға толы жылдардың бір көрінісін нақақтан-нақақ «халық жауының баласы» деген кара күйе жағылған, бұрынғы Шелек ауданының Сарыбұлақ ауылында ғұмыр кешуші Колкен Қырғызбайұлының өз аузынан ілгеріректе жазып алған едік. Енді соны өздерініздін назарларыңызға ұсынуда жөн көрдік.

Ескендір Рақымбайұлы,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Дерекөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723995

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 117
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz