Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Жапсарбай Сасанұлының қағытпалары

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Жапсарбай Сасанұлының қағытпалары

Шәкіл руында мырза Мүсі деген Елубасы және Жансарбай деген емші болып, қайда жүрсе де екеуі бірге жүреді екен. Олар жүрген жерде ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін көрінеді. Жансарбай мен Мүсінің Жапсарбайдан жас айырмасы болғанымен, дос-құрдастарша қағысып жүреді екен.
Мүсі екі әйел шығарған екен. Мұны естіген Жапсарбай:

– Шәкілде Елубасы Мүсі бар ма,
Мүсінің кісіменен ісі бар ма?
Жылына бірден қатын шығаратын,
Тақымының астында тісі бар ма, – деген екен.

 

Тағы бірде Мүсі Жапсарбайдың жақындарының қызы Ақылжанды

аламын деп, ала алмай қалғанда Жапсарбай:

– Мына тұрған Мүсі ме,
Мүсі дағы кісі ме?
Көтеш қызын бермеді,
Өрге қарап кісіне, – депті.

 

Жапсарбай Солтанкелді Естемес қажының үйіне келсе, жарма шылап жеп отыр екен. Ет аспай, шаймен жолға салыпты.
Аттанғалы жатқанда Естемес:
– Басқа бұйымтай, шаруаң бар ма? – дейді.
Сонда Жапсарбай:

– Сәлем берем деп келгем Естемеске,
Жарма тауып алыпты ет жемеске.
Елде жоқ аузы қисық қатын алып,
Тойынып қалған екен кет демеске, – депті.

 

Жапсарбай Естеместің баласы Ноғайбектің диірменіне келсе, диірменші орыс екен. Содан соң Естемес ақалақшының үйіне келсе, Түндібай имам отырады.
Аман-сәлемнен кейін:

– Диірменге келіп ем, орысың жоқ,
Сәлем бере келіп ем, болысың жоқ.
Өліден де аласың, тіріден де,
Елге берер, молдеке, борышың көп, – дегенде, Түндібай имам сасқалақтап үн қата алмапты.

 

Дәуіш ішінде Қоңқай, Шибұт деген адамдар бір туыс екен.
Шибұт өлгенде Жапсарбайға хабар бармай қалып, екі күннен кейін озандатып:

– Ойбай, бауырым Шибекем,
Малды өсірген Шитекем.
Кезінде хабар бермеген,
Қашқын мен Қоңқай – ит екен, – деп Қоңқайдың мойнынан құшақтап алып, сүт пісірім жылапты.

 

Баласы аң аулап жүргенде, мал іздеп кеткен әкесі Әншені аң екен деп атып жіберіпті.
Сонда Жапсарбай:

– Әуелі мерген болып Әншені аттың,
Кім біледі дербістен қаншаны аттың.
Өз әкесін өзі атқан жетпегір-ай,
Енді сені мерген боп сайтан атсын.
Қайтып қана көктейсің, көгересің,
Өзің шыққан жеріңді байқамапсың, – деп бауырымдап барған екен.

 

Уақбай деген адам қайтыс болғанда, Жапсарбай былай деп бауырымдапты:

– Ойбай, бауырым Уақбай,
Ұшып кеттің тұмақтай.
Кетсең өзің кете бер,
Мәлік-Шолақты шулатпай.
Бататар неғып отырсың,
Әлжан жеңгеңді уатпай.
Жөнелт, жақсы арт жағын,
Қазанын босқа қуратпай.
Құранды жақсы оқыт сен,
Көріңде тегін тұрлатпай.

 

Жапсарбай құрдасы Шыңғай ауырып жатқанда көңілін сұрай барып, құрбыларын өлеңге қосып, науқас көңілін сергітіп қайтады.
Сонда Жапсекең айтқан өлең:

– Шікең-ау, дүниеден кетемісің,
Өтіп барып Бәтішке жетемісің.
Адам болып санаққа қосылмайтын,
Жылқыбайдың алып кет Өтемісін, – деген екен.

 

Мақсұт пен Дәрубай – екі ақалақшы – бір кезде араздасып қалады. Бұл екеуін татуластыру үшін Жапсарбайдың айтқаны:

– Қызайда екеуің бе мақтап жүрген,
Осы ма бар ақылың сақтап жүрген.
Екеуің екі жаққа қисайсаңдар,
Бір қасқыр жеп қоймай ма жақтап жүрген, – депті.

 

Мақсұт гуандай мен Дәрубай ақалақшы Күредегі бір съезде сөзге келіп қалып, арты ренішке ұласады. Сонда Жапсарбай Сасанұлы:

– Іледе екі жүйрік баптап жүрген,
Бір өнерің осы ма сақтап жүрген.
Алтыбақан алауыз бола білсең,
Бір қасқыр жеп қоймай ма жақтап жүрген, – деген өлеңімен екеуін татуластырған екен.

 

Жапсарбай Қожағұл-қара деген рудың Молдажан деген ақалақшысының үйіне барыпты. Ақалақшы үйінде жоқ екен. Бәйбішесі қонақасыға лақ әкеліп сойыпты.
Сонда Жапсарбай:

– Лақ әкепсің, апырық,
Екі мүйізі жапырық.
Қандай әйел сойды екен,
Бауырын иттей қатырып.
Обал еді, соймай-ақ,
Тары берсең болмай ма,
Шекесін майға батырып.
Көже берсең де болады,
Құртын көме қатырып.
Соған-ақ риза болар ем,
Қара су берсең де сапырып.

Қожағұл-қараның бірісің,
Жақын еді туысың.
Бір тоқты сойсаң әйтпесе,
Кетпес еді ғой ер ісің, – деп бата жасапты.

 

Әлемде жарық жалғыз күн,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Көшпелі сеңдей бақ пен сор,
Бірде бар да, бірде жоқ.
Салмақ сабыр етпесе,
Кездейсоқ қайғы кімде жоқ?
Дөңгелек жердің бетінде
Шайқалмайтын ірге жоқ.
Бізге де міне келіпті
Ерекше елден бір кезек.
Амал нешік, қайтейін,
Тартайын азап бір мезет.

 

Беті күйген Шанаштай,
Бұтағы жоқ ағаштай.
Қатын бетті көсені
Кім танымас адаспай.
Дастарқанның үстінде
Табысармыз таласпай.

 

Қысқа сөздік (түсініксізірек атауларды нақтылау)

Ақалақшы – келмес замандағы жергілікті әкім, ауыл-болыс деңгейіндегі шенеунік атауы.

Гуандай – (қыт. guan-dai) шен атауы, жергілікті билік өкілі.

Жарма шылау – жарманы (бидай/тары талқанын) шайға не суға былғап жеу.

Озандату – дауыстап жоқтау, зар қылып айту.

Бауырымдау – қайтыс болған адамға жоқтау айтып, көңіл айту.

Кісінеу – жылқының даусы; «өрге қарап кісіне» – мысқыл, келеке мәнінде.

Тұмақ – түлкі, елтіріден тігілетін қалың құлақшалы бас киім.

Алтыбақан алауыз – «ырду-дырду, кикілжің» деген тұспал тіркес.

 

Ел аузынан жинап, реттеген – Андас Омарақынұлы.

Дереккөз:Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.]. https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 33
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz