Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Мәдениет

ЖАРКЕНТ – КИЕЛІ МЕКЕН

admin
2025/07/28
Мәдениет
0
ЖАРКЕНТ – КИЕЛІ МЕКЕН

Панфилов  ауданына қарасты тарихи орындар мен қасиетті нысандарға, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» қатысты жерлерге, қала музейлеріне облыстық «Қоғамдық келісім» орталығы  ұйымдастырған «Жаркент – киелі мекен» ғылыми-танымдық экспедициясы келіп қайтты. Танымдық саяхатта киелі жерлердің тарихы туралы қысқаша мәліметтер беріліп, сұхбаттар алынды және бейнетаспаға түсірілді. 


Тағылымды шара Жаркент қаласындағы  көне  түрме ғимараты  мен «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер және «Жауынгерлік Даңқ» музейлеріндегі  өлке тарихына қатысты  экскурсиясы мен Шолақай ауылындағы Ж. Босақов атындағы орта мектептегі «Жаркент – киелі мекен»  ғылыми-танымдық  конференцияға ұласты.  Конференцияны облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Қуандық Ешімет жүргізді.

Конференция аясында «Жетісу өлкетанушылар орталығы» ҚБ директоры Қажет Андас,  облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі орталығының директоры  Ғалымжан Оспанов, өлкетанушы-журналист, «Жауынгерлік Даңқ» музейінің меңгерушісі Қали Тұрдығазыұлы және «Қазақ тілі қоғамы» Панфилов аудандық филиалының төрайымы Роза Ыстай, Панфилов аудандық мемлекеттік архивінің директоры Гүлнар Кәременова, ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы  Азат Гаитов, дүнген этномәдени орталығының өкілі Рихангүл Ласиева баяндама оқыды. Баяндамашылар Панфилов ауданындағы жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енген киелі жерлер, ауданның өткені мен бүгінгі тарихы, Жетісу өңіріндегі қуғын-сүргін қасіреті, этностардың мәдениеті мен өнері, олардың  Жаркент жеріне қоныстану тарихы туралы мәселелерді қаузады.

Бүгінгі таңда еліміздегі шынайы  тұрақтылық пен халық бірлігі, бейбіт өмір мемлекет дамуының негізі екендігі баршаңызға аян. Естеріңізде болса, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері қазақстандық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің моделі қалыптасып, әлемге танылды.  Жиналыста игілікті істі қазіргі таңда  «Қоғамдық келісім» КММ орталығы сәтті жалғастырып жатқандығы туралы айтылды.

Ата-бабамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған жерін көзінің қарашығындай сақтайтын ұлт жастарын тәрбиелеп, оларды тарихи мұраларды қорғау жұмыстарына тарту бүгінгі күннің басты бағыты. Жетісу облысы өз алдына шаңырақ көтеріп шыққаннан кейін осы өңірдің тарихи, мәдени мұраларын қорғау жөніндегі орталығына салмақты міндеттер жүктелді. Соның ішінде Жаркент өңірі де тарихқа бай өңір екендігі ел-жұртқа мәлім. Облыстық мұрағат Талдықорған қаласында орналасқанымен оның қорында еліміздің, тіпті шетел мұрағаттарынан кездестіре алмайтын, зерттеушілердің назарына ілінбеген уездік құжаттармен бірге  Жаркент өңіріне де қатысты құнды дүниелер өте көп екендігі мәлім. Конституцияның 7-бабында: «Елімізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып табылады» деп жазылған.  Сол үшін де мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін аудан  аумағында көптеген игі істер атқарылуда. Осы мақсатта республикалық «Қазақ тілі» қоғамы құрылып, Жаркент өңірінде де тиісті жұмыстар жүргізуде. Конференция аясында осы мәселелер де талқыланды.

Жаркент жері ғасырлар бойы бейбітшілік пен келісімнен тұратын этнос өкілдерінің ортақ тіршілікте өмір сүріп жатқан құтты мекені. Демек, барлық ұлт еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресіп, егемен Қазақстанның өркендеуіне қомақты үлес қосып жатқандарын да  атап айтулары уақыт қажеттілігі. Олардың қатарына дүнген, ұйғыр, тағы басқа этномәдени орталықтары жатады. Әрбір этнос басқа халықтардың тарихына, өзіндік мәдениетіне құрметпен қарап және де  өздерінің ата-бабаларының мәдени мұрасын ұрпақтан ұрпаққа  аманаттап  қаз-қалпында жеткізуге әрекет жасайтындығы қалыпты жағдаят  екендігі даусыз. Бұл тұрғыда да тұшымды ойлар ортаға салынды. Соңында «Жаркент – киелі мекен» конференциясына  белсенді түрде  атсалысқандарға Алғыс хат тапсырылды.

Экспедицияның соңғы күні Бөрібай би ауылының іргесіндегі Кеңгір әулие мен Өтеген би кесенесіне, Ынталы қорымына тәу еткен көпшілік Ынталы  ауылы маңындағы емдік сулары бар «Найзатапқан» арасанындағы «Таза Қазақстан!» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.

Қ. Ибрайымжанов,
өлкетанушы
Жаркент қаласы.

Q-Andas ақпарат.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 33
Жетісу архивінің жүйелі жұмысы
Мәдениет

Жетісу архивінің жүйелі жұмысы

March 5, 2026
Өнер мен өрліктің отауы
Мәдениет

Өнер мен өрліктің отауы

December 12, 2025
Дін діңгек болсын десең…
Мәдениет

Дін діңгек болсын десең…

November 7, 2025
Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық
Мәдениет

Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық

October 29, 2025
«Біз де ғашық Болғанбыз?»
Мәдениет

«Біз де ғашық Болғанбыз?»

August 14, 2025
Қазақ шежіресі туралы
Мәдениет

Қазақ шежіресі туралы

August 19, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz