Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуы және жұмыспен қамтылуына бағытталған шаралар туралы сөз болды. Соның бірі жастар өміріне жаңаша бағдар беретін «Таза Қазақстан» акциясы. Экологиялық бастама аясында жастардың қатысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы «Jetisu Jastary» КММ директоры Арнай Рақымбердіұлы айтып өтті. Оның айтуынша, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған түрлі шара мен жобалар өткізілмекші. Бұл жас буынның белсенділігін арттырып, жаңа бастамаларға жол ашады деген ойдамыз.
Мекеме жастарды жұмыспен қамту бағытында бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырып, жастарға жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, өзіне лайықты жұмыс табуға мүмкіндік ұсынады. Осы тұста жастардың кәсіби біліктілігін арттыруға «Жастар практикасы» бағдарламасы да септігін тигізеді. Бағдарлама арқылы жас мамандар еңбек тәжірибесін жинақтап, өз саласы бойынша жұмыс істеуге жағдай жасалады.
Айсұлу Бауыржанқызы
“Q-Andas” ақпарат агентігінің тілшісі
Бейнеоператор
Әмина Саяхатқызы.











