Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 6 бөлім

ЛУ ЯН

admin
2025/10/02
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 6 бөлім

Литтердің жібек жолын тексеріп жүріп 1000 үйге кез болуы

Паул бағалы ескі кітапты қолға түсіргенде Григор құнды жабайы жылқыны ұстап апарғаннан кейін еуропадағы әрқайсы елдерден Шиңжаңға серуен құра бағалы зат іздеп келушілер барған сайын көбейе түсті. Осылардың бірі англиялық Литтер деген адам, бұл адам 1892 – жылы әйелін ертіп Қашқардан Күшарға келеді, оның есіл-дерті Паулға бағалы кітапты берген ұйғырды тауып алу, осы арқылы оны өзіне жол бастатып әлгі ежелгі қаланың орнына барып бақ сынап көру болды. Бірақ, бұл ұйғырдың аты-жөні кім, қайда тұрады, ол мұны білмеді. Аудан қалашығына келгеннен кейін Литтер сұрау салып еді, ойламаған жерден бұл ұйғырды бірсыпыра адам білетін болып шықты.
Жарма сақал қойған орта жастағы бір ер адам Литтерге:
–Ссіздер оны іздегенде оған қанша ақша беріп бір қамшы ұрмақшысыздар? – деген қызық сұрау қойды.
– Мұныңыз не деген сөз? – деп сұрады мынау сөздің байыбына бара алмаған Литтер.
– Достық дегенім ғой! Шетелдіктердің адам ұруы ақша беру үшін. Сіз батыс қақпа жаққа барып “бес тиын бір қамшы” қайда тұрады деп сұрап көріңіз, үлкен адамнан тартып жас балаға дейін сізге айтып береді, – деп жарма сақал айтарын айтып болады да сақалын сипап қойып қошеметтене жылысып береді.
Паулға жол бастап берген адамға қалайша мұндай лақабат қойылып жүргенін Литтер мен әйелі біле алмады. Олар бұл сөзге сенерін де, сенбесін де біле алмай “жарма сақал” айтқан жерге барып сұрастырып көріп еді. Айтқандай біреу оларды әлгі адамның үйіне ертіп апарды, оның үстіне соңдарынан бір қанша бала қызық көруге еріп жүрді.
Әсілінде бұл адам алдыңғы рет кіші Лейтенант Паулды ертіп көне қорғанға келеді. Кіші лейтинант оған бір кетпен көтеріп нысаналы жерге жеткен соң оны зорлап жерді олай да қаздырады, былай да қаздырады. Бұл дәл әуе айналып жерге түсіп тұрған маусым еді, көне қорғанның ішінен керек десе бір топ ағашта, бір ұрттам суда табылмайтын, ыстыққа шыдай алмағанда көлеңкелейтін жерде табылмайтын, еңбек істегенді былай қойып, бұл арада бірнеше сағат жай тұрудың өзі мұң еді.
Бұл азамат ақыры шыжыған күннің қақтауы мен Паулдың азаптануына шыдай алмай сөз тарта, – мырза, бұл жерден ештеңе шығатын емес, күнде шыжып тұр, қайтайық, – дейді.
– Ештеңе шықпайды деймісің, онда сен бағанағы кітапты қайдан алдың? Біліп қой, мен саған ақша беріп отырмын!
– Ол кітапқа берген ақшаңыз ғой!
– Бір іске кітабың соншалықты көп ақшаға татиды деп тұрсың ба? Қылжақтамай жөндеп қаз!
– Сіз тек жол бастап берсең болды демеп пе едіңіз, қазу керек болса өзіңіз қазыңыз!
Мынау адамның өзімен именбестен қарсыласқаннан көрген Паул мылтығын суырып алады да оны айдап құлап қалған бір көне үйдің ішіне әкеледі, одан қоржынынан жіп алып шығып оны байлайды да бір ағаш діңгекке таңып тастап оңды солды шықпырта бастайды, қамшы өткен сайын ойбайлап бақыра береді.
Паул оған:
– Сен біз шетелдіктердің ақшасы боп оңай ала салатын нәрсе деп ойлайсыңба? Менің шерім саған жүз қамшы соқсам ғана тарқайды, бес тиыным бір қамшы, есептеп көр, арзан-ақ, – дейді де ұра береді.
Паул оған жүз қамшы соғады да атына мініп кетіп қалады. Діңгекке таңылып тасталған бұл адам қала береді, тек імірт үйіріліп бара жатқан шақта осы арадан өткен бір жүргінші көріп шешіп алады. оның шетелдіктерге жарамсақтанып жүріп тапқан пайдасын біліп алған кейбір адамдар оған “бес тиыным бір қамшы” деген лақабат қояды.
Екі шетелдіктің өзін іздеп келгені көрген “бес тиын” еріксіз ашуға басып қоя береді: – маған тағы да жол бастатпақшысыңдар ма? Сендер сияқты шетелдіктердің қайыс қамшысының дәмін жетерлік татқанмын, – ол осыны айтады да шаппанның түймесін ағынып жіберіп денесіндегі тыртықтарын көрсете тұрып: – Көріңдер, міне, мыналар сол алдыңғы рет сендер сияқты шетелдік мырзаға жол бастап беремін деп содан қалған естелік. Бес тиыны бір қамшы, ха, ха! Соны ертіп келіңдер, мен оған он қамшы шықпыртып бір теңге берейін, ха,ха!…
Литтер кеудесіне крест сызып шоқынып қайта қайта жаңсақтық, жаңсақтық! Біз қамшы жұмсағанда білмейміз, – дейді де әйелін сүйрелей зытып береді. Мынау қызықты бір тұрған манағы бір топ тамашалаған балалар күлісіп мәз-мәйрәм болады.
– Қырсық! Бүгін осы бір есалаңдарға қайдан тап болып едік, – деп кей сөйлеп келе жатты англиялық ерлі-зайыптылар жол-жөнекей.
Паулға көне кітап берген бұл адамды өздеріне жол бастаушы болуға көндіре алмаған олар ертеңінде сол жердің жағдайына халық бір ұйғыр қарияны тауып жол бастаушы етпек болды.
Ерлі-зайыпты шетелдіктердің әйгілі ескерткіштерді іздестіріп жүрміз дегенін естіген қария – ертіп барайын, ертіп барайын, – деп қаудырақ қағады.
Қуаныштары қойындарына сыймай қарияға ілесіп қаладан шыққан екі шетелдікке жарым сағат жол жүрмей жатып бір топ кәрі ағаштың саясында тұрған жылтыл сұрлы қаңылтақ кірпіштен қаланған күмбез төбелі, еңселі құрылыс көрінеді. Қасына келіп қараса бұл салынғанына ұзақ болмаған мешіт екен, қасында тағы бір жылтыр сырлы ұзыншақ тіктөртбұрыш бейіт тұр. Бейіт жаңа салынған қорғанның дәл ортасына орнапты. Адамдар басына келіп құран оқып тұрады екен.
Олардың көзі мешіт дөдегенсінің астында тұрған көк сырлы үлкен маңдайшалыққа түсті. Маңдайшалыққа ханьцзуша «Мұсылман қауымының қасиетті әулиесі» деген сөз жазылыпты. Қасында тағы көптеген ұсақ жазулар бар. шетелдіктер бұл жазуларды мүлдем танымады. Тек қарияның: «бұл бейітке бұрыңғы заманда өткен Маулана Рашиден деген әулие жерленіпті. Хуаньшудың 7 – жылы біздің ауданның әкімі Ли ұлық осы мешітті және әулиенің бейітін қайта жөндеп салуға әмір түсіріп қақпадағы маңдайшалыққа осы жазуларды жаздырыпты, – дейді.
– Оныңыз қандай әулие, оған арнап мешіт және мазар тұрғызуға не үшін жарлық шығарылған? – деп сұрады Литтер түсінбей.
– Дәл осы бір істе сіз бір тәуірі маған кез болып отырсыз. Маулана Рашиденнің ислам діні тарату жөніндегі оқиғаны қазіргі жастардың көбі сізге атып бере алмайды, – деген де дария саласы сақалын сипап қойып күлімсіреген қалыпта әңгіме айтуды бастады.
– Бұл аяғынан бай заманында болған оқиға екен. Ол кезде бұл араның патшалары мен бұқаралары будда дініне сеніпті. Әулие буддаға құрмет білдіру үшін түйін ел жыл сайын жақын маңдағы таулардың ішінен үңгір қазып ішіне алтынмен баптап мүсін жасайды, алуан реңді суреттер затын екен, оның үстіне бұларды жыл бойы бағып тұруға көптеген адам орналастырады. Кейін келе мұны алла тағала біліп өзінің үмбеті Маулана Рашиденді жіберіп ислам дінін тараттырыпты. Қолына құран ұстап осы жерге келген Рашиден патшаны тауып оған құранның мәнісін түсіндіріпті. Мұны тыңдап әрі-бері отырған патша, сенің айтып отырғаның қандай құдай, оны мен көре алмадым ғой. Менің сыйынатын будда әулие ғибадатханада тұрады, – депті. Бұған қарқ-қарқ күлген Рашиден:
– Ол қайтып та будда әулие болсын? Әншейін бір балшық үйіндісі емес пе, сіз нағыз құдайды көргіңіз келе ме? Онда ордаңыздағы бақшаның ішіне елу ежір шелек дайындатып шелектердің ішіне түгелдей су толтыртыңыз. Кешке мен сізді ертіп барып алла тағаланы көрсетейін, – дейді.
Бұл күні кешке аспандағы толықсыған жарық ай жалпақ даланы күндізгідей жарық қып тұрыпты. Рашиден патшаны ертіп орда бақшасында келеді. ол ежір шелектің біреуінің ішін көрсетіп күліп патшадан:
– Сіз шелектің ішінен не көрдіңіз? – деп сұрайды.
– Ай көрдім, – деп жауап береді патша.
Рашиден ежір шелектердің бірінен соң бірін көрсете береді. Әбден көрсетіп болған соң:
– Сіз осы тұрған шелектердің ішінен не көрдіңіз? – деп сұрайды.
Тағы да сол ай. Шелек сайын бірден дөңгелек ай тұр. – деп жауап береді патша.
– Бұлар ай емес, алла тағала дегеніміз міне осы, – дейді Рашиден аспандағы айды көрсетіп тұрып, – алла дегеніміз ай, ол тек біреу ғана, мәңгі бақи аспанда болады да күллі әлемдегі пендесіне нұрын төгіп тұрады. Тек пенделерінің ниеті судай таза болса болғаны ол сол пенделеріне шапағат етеді. Бұл сіздің сиынып жүрген балшық құдайыңыздан мың есе құдыретті емес пе? – дейді.
Құранның мәнісін түсіне қойған патша өзі ислам діні құдайына сиынып қалмастан, бүкіл еліндегі бұқарасын да ислам діні құдайына сйындырыпты.
Қарт жол бастаушының айтып отырғаны соң патшалығының Ли цзун жылдары (жаңа эраның 1225 – жылынан 1263 – жылына дейін) арабтың атақты ахоны Маулана Рашиденнің күшарға келіп ислам дінін таратып, сол кезде осы өңірді мекендеп жүрген моңғолдарың жан саны 100 мыңнан асатын луку тайпасын түгелімен ислам дініне кіргізіп, алла тағала жөніндегі аңыз-әңгімелерге нандырғандығы.
Бұл әңгімені тыңдаған сайын қызыға түскен Литтер:
– Ал, әлгі жат діннің құдайлары қайда? – деп тағатсыздана сұрайды.
– Ха,ха! Сіздердің назарларыңыз әлі сол балшықтан жасалып әдеміштеніп құйылатын әулиелерде отыр екен ғой. Кейін келе елдің бәрі ислам дініне сенетін болған соң ол әулиелерге кім қарады дейсіз? Керек десеңіз әуелі тау үңгірлерінде тұрып әулиелерге қарап күтетін адал мұриттері де түгел кетіп қалыпты, аты бұл әулиелер мың үйде қараусыз қала беріпті.
– Мың үй қай жерде? Бізді ертіп апарып көрсетіңізші!
– Мың үй осы өңірдің бір қанша жерінде бар, ертең мен сіздерді ең жақын жердегі біреуіне ертып апарып көрсетейін. Ол әншейін тау беткейінен қазылған үңгірлер ғана, көрген соң өздеріңіз де мезі боласыздар.
Келесі күні ерлі-зайыпты Литтерлер кореяның жоқ бастауында қаланың басындағы жеті км жердегі қызыл мың үйді саяхаттайды. Бұл жерде мың үй дейтін үй жоқ. Тек бір ен сайдың ішінен беткейге жастай қазылған неше ондаған ұзынды-қысқалы тас үңгірлер ғана бар екен. Тау етегін күсілген кең жазық екен де онда құлаған там-қорғандардың қалдығы жатыр, бұл бәлкім өткенде тауға келген пұтханаға табынушылардың тамақтануы және қосалқы етуіне арналған тұрақ болса керек, алып жатқан жер көлемінен осы араның сол дәуірдегі гүлденіп-көркейген бет-бейнесін көз алдырмай қарауға болады.
Осы аумақта жазықтың оңтүстігінде төртбұрыш келген биіктігі он метрден астам топырақ үйіндісі тұр, бұл ертедегі белгі от текшесі екен, бұл текше үңгір пұтханалар орналасқан жерден көрініп тұрады екен. бұл екі орындағы көне құрылыс кәдеге жарап тұрған соң бір дәуірде текшені күзететін жасақтар батар күн соңғы шапағын олардың төбесіне төгіп өтетін кірде мұңды сырнай тартады, ал үңгір пұтханалардағы монақтар зілмауыр қоңырауларын қағады. Біріне бірі мүлде ұқсамайтын бұл екі түрлі дауыстың тоғысуынан шыққан музыканың құдайға құлшылық ету үшін тау етегіне келіп жатқан адамдардың көңіліне қаншалықты терең әсер қалдырарын кім білсін!
Бұл жерді талдап алып пұтхана салуына қарағанда ертедегі күшарлықтардың ой-өрісінің едауір кең екендігін байқауға болады. Ерлі – зайыпты Литтерлердің мынау будда үңгірлерінің жер жағдайын, табиғи ортасын тексеруге зауықтары соқпады, олардың ойлары осы тылсым тас үңгірлердің анық-қанығына жетуде болды.
Өткенде бұл тас үңгірлердің сыртында жаңбыр суынан сақтайтын маңдайшасын жел тосатын есігі болыпты, ал кейбір үңгірлердің алдында будданың және пусаның реңдеп жасалған мүсіндері тұр. Тас үңгірлерді аяқ жағында адамдардың жоғары шығуына арналған тас баспалдақ жатыр. Енді міне бұл құрылыстар әлде қашан бұзылған олардың бет алдарында тек тастай қараңғы үңгірлер ғана тұр, баспалдақпен шығу, ішіне кірудің өзі бір машақат.
Қарт жол бастаушының бастауымен будда үңгірлерінің біріне кірген ерлі-зайыпты Литтерлер қабырға суреттерге таңдана қарап тұрып тұрып қалды. Үңгір ішіне лық толтыра сызылған қабырға суреттерінің сызу слобы ерте заманғыша әрі өз алдына дара стильде, оның үстіне реңі де айырықша көз тартады. Олар бұдан басқа қыруар будда, пуса, періштелері, күшар патшасын, оның уәзірлерін, сардарларын, әйелдерді көріп құдды бір әсемөнер сарайын кіріп кеткендей болды. бірақ мұндағы мүсіндер қирап қалыпты, үйме-жүйме болып балшықтан жасалған қол-аяқтар жатыр, бұл жайт осының мүсіндердің бір кезде бұл арада адамзат мәдениетінен игіліктенгендігін дәлелдейді.
Ерлі – зайыпты Литтерлер бұған қабағат қызықты, үңгірлердің бірінен соң біріне өрмелеп шығып көре берді. Сондай-ақ мұнан қыруар сурет тартып алды, суреттерді елдеріне ала қайтып осы ретке ойламаған жерден кездесекен жаңалықтарын басқаларға таныстырмақ болды. бұл екі шетелдің таяу заман тарихында, күшар қабырға суреттерін ең алдымен байқаған адамдар болды. бірақ, қабырға суреттерді ойып алып көшіріп әкету әдісі олардың ойына келмеген -ді.
Екі күннен кейін бұл ерлі – зайыптылар амалын тауып жабайы түйе ұстау үшін күшардан аттанып Лұпнорға тартты.

Қажет АНДАС
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі
Басы: https://qandas.kz/zhibek-zholynda%d2%93y-m%d3%99deni-m%d2%b1ralardy%d2%a3-%d2%b1rlanuy-5-b%d3%a9lim-4424/
Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 28
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Елтану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

August 31, 2026
Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо
Елтану

Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо

August 31, 2026
Жяй ілімі
Елтану

Жяй ілімі

August 31, 2026
Жиңди тағылымы
Елтану

Жиңди тағылымы

August 31, 2026
Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан
Елтану

Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан

August 31, 2026
ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі
Елтану

ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz