Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет кітап

Қанына тартпағанның қары сынсын

admin
2026/08/30
Қажет кітап
0
Қанына тартпағанның қары сынсын

Халқымыз қашан да даладай кең, Айдай әсем, судай таза мінезді. Ал қатайса болаттан да берік. Дүние тарихын парақтап көрсеңіз бар болмысын тасқа жазып қалдырған жалғыз халық – қазақ. “Қас сақ” аталып алысқанның белін үзген, орта ғасырдағы түркі әлеміне жарқын іздер қалдырған, Жібек жолының бел ортасында тұрып шығыс пен батыстың мәдениетіне өткел болған, жасанып тиген жоңғарды жер бетінен мәңгілікке жоғалтқан текті әулеттің тегі біз.

«Жарлы болсаң да арлы бол» деген қағиданы ұстанып, өмірі ешкімге жамандық жасауды санасына сіңірмеген ата-бабаларымыз бір мезгіл қатігездікті жүрегіне жұптаған жандардың құрбаны болып келді. Тарихымыз ойрандалып тілімізден, дінімізден, ұлттық мұрамыздан айырылып қала жаздадық. Ол аз болғандай тоталитарлық жүйе қазақты үркітіп шет елге қуды, өнер мен мәдениеттен аулақ жүрсін деп қалғанын ауылға айдады. Жылт еткен дарынды құрдымға жіберіп отырды. Соның зардабын әлі күнге тартып келеміз.

Алматы қаласындағы Мақатаев көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысындағы «Жетім бұрыш» туралы кейбіреулердің айтпаған сөзі, тақпаған кінәсі қалмады. Ондағы уақытша жалға тұратын баспана іздеп жүрген жандарды ауыл қайыршыларына дейін теңеді. Өз елінде, өз жерінде «қайыршы» атанудан артық азап жоқ шығар. Тіпті кейбіреуі қазақтың қамын ойлаған адамша үкіметке уәж айтып көсемсігені тағы бар. Қазақ жерінің ауасын жұтып, нанын жеп көлкілдеп жүргенін ескермей топтасқан адамдар шоғырынан ой тауып, балконда самалдап отырып әркім аузына келгенін айта береді. Мұның өзі «басы ауырмағанның құдаймен шаруасы жоқтың» керісі емей не? Біз сол “Жетім бұрыштың” шынайы мәніне үңіліп көрелікші.

Осыдан 20 жыл ілгері аздаған тиын-тебенімен жалғыз сөмкесін арқалап Алматыға жұмыс іздеп келген қазақтың жігіті бүгінгі күнге келген де банкир болып жайлы орындықта отыр. Хан сарайындай үй тұрғызып, алыс-жақын шет елдермен үлкен шаруа тындырып жүрген қаракөз қандастарымыз қаншама! Солар алғашында осы атышулы мекенге, яғни “жетім бұрышқа” соқпай кетті деп айта аласызба? Бұл жер тау мінезді қазақ ұл-қыздарының осы дәуірлік сынақ алаңы іспетті. Сыннан сүрінбей өткендер өмірден сүбелі сыбағасын алып жатыр. Себебі, қанда бар қасиет қашанда тегіне тартады. Өйткені, елдің нағыз қожасы да, әне, солар. Өткенге салауат, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып жатыр. Ел болдық, еңсеміз көтерілді. Десе де алдымызда әлі де болашаққа апарар жол жатыр.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда мал бағудан басқаны білмейтін халық қалай ел басқара екен деп ойлағандар да болды. Бірақ саусақпен санарлық жылдар аясында талайлар таңдай қаға таңғала қарайтын өреге табан тіредік, тіпті бізден үйренгісі келетіндердің қатары көбейіп келеді. Неге? Бұл – қазақ деген халықтың қайсарлығы, даналығы және таланттылығы. Сол қайсар халықтың жаңа ғасырын бойында ұлттық жігері бар, ата дәстүрін ойына сіңіріп өскен ұрпақ жасайтын болады. Сондықтан  олардың           көре-көре көсем болуы үшін «Болашақ» стипендиясы ауыл балаларына көбірек бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді.

Тас қалада тұрып тастай білім алуға болады. Ал қазақы қасиеттің қаймағы бұзылмаған ауылдан да ел тізгінін ұстайтын ерлердің көптеп шығатындығына көзіміз жеткен жоқ па?

Қажет Андас

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 44
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР
Қажет кітап

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026
«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек
Қажет кітап

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026
Майдан мен тыл тарихын тоғыстырған жинақ
Қажет кітап

Майдан мен тыл тарихын тоғыстырған жинақ

October 8, 2026
«Сайын даланың Сайболаттары»
Қажет кітап

«Сайын даланың Сайболаттары»

October 5, 2026
Парасат жолы өнегелі өмір естелігі
Қажет кітап

Парасат жолы өнегелі өмір естелігі

September 30, 2026
Сарқанда өлкетану кітаптары таныстырылды
Қажет кітап

Сарқанда өлкетану кітаптары таныстырылды

September 24, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz