Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Қуғын көрген Жасыбайдың ұлдары

admin
2026/08/31
Халық жады
0
Қуғын көрген Жасыбайдың ұлдары

Халқымыздың басынан кешкен ауырпалықтың бірі – Сталиндік жазалау, қысым көрсету тұсындағы нәубет екені қазір ашық айтылып, оның себеп-салдары кеңінен қозғалуда. Саяси қысымшылық Қазақ автономиялық Республикасына қатал түрде 1925 жылдың қыркүйегінде Ф.Голощекиннің өлкелік БКП(б) бірінші хатшысы болып келуінен бастау алады. Бұл жылдарда Алматы жеке облыс болатын. Киров ауданы Қаратал ауданымен бірігіп, ауданның орталығы Үштөбе болған. Қаратал ауданы бірінші хатшысы Ш .Құдаманов болды.

Әуелбек Өсербаев пен Шеген Құдаманов Мұқаншы ауылдық Кеңесі Ораз ұжымшарына (қазіргі Нәдірізбек) келеді. Басқарма бастығы Нүсіпов Кәрібай Жасыбайұлы болатын. Түс мезгілінде Кәрібай жекеменшік қара қойын сойып, ас берді. Бірақ ол кезде жекеменшік малды да союға рұқсат жоқ екен. Қара қой басына пәле болып, «халық жауы» атандырып, қуғынға ұщырап, сотталып кете береді. «Азалы кітаптың» 203-ші бетінде былай деп жазылған екен:

«Нусупов Карибай, род. 1908 г. в ауле Муканчи, Каратальского района, Талдыкорганской обл., казах. Председатель колхоза «Ораз», осужден тр. УНКВД Алматинской обл. 09.02.1938 г. пост, 58 к высшей мере наказания, расстрелян 14.02.1938 г. Реабилитирован заключением прокуратуры Талдыкорганской обл. 29.08.1958 г.

Нусупбаев Оксыкбай Жасыбаевич, род. 1903 г. в ауле Муканчи Каратальского района, Талдыкорганской обл. Казах. Зав. Овцеводческой фермой к-за «Бурган» осужден тр. УНКВД Алматинской обл. 09.02.1938 г. По ст. 58-10 к высшей мере наказания. Расстрелян 14.02.1938 г. Реабилитирован заключением прокуратуры Талдыкорганской обл. 1989 г».

Мен, Жасыбаев Төлеухан, бауырларымды жоқтап 1959 жылы желтоқсанда: «Председателю отдела КГБ при Совете Министров СССР тов. Семичастному», – деп хат жолдадым. Оған төмендегідей жауап келді.

«Гр. Жасыбаеву Т.

Поступившее к нам ваше заявление о судьбе родственников Нусупова Карибая и Нусупбаева Оксукбая направлено на рассмотреие в КГБ Казахской ССР (гор. Алма-Ата).

Сотрудник отдела КГБ При Совете Министров СССР.

«31» декабря 1959 г. ТК 1419».

Хабарды алысымен Алматы қаласына ҚК бастығы, генерал-майор Арыстанбековке хат жолдадым.

1960 жылы наурызда ҚК-нің өкілі маған ресми түрде келді. Ауызша маған айтқан сөзі: «Нусупов Кәрібай, 1942 жылы лагерьде жүргенде өкпесіне суық тиіп, өкпе науқасынан өлді. Ал Нусупбаев Өксікбай 1943 жылы миына қан кетіп, лагерьде жүргенде өлд», – деді. Осы хабарды естіген соң тұрып бара жатыр едім, есікке жақындағанда «Төлеухан, тоқта, мына ақтау қағазы керек болар», – деді.

Онда: «ст. Коксу Кировского района, Алма-Атинской области, училище механизаторов сельского хозяйства №17, курсанту Жасыбаеву Толеухану. Интересующий вас Нусупов Карибай  1908 года рождения, уроженец Каратальского района Алма-Атинской области, реабилитирован постановлением президиума бывшего Талдыкурганского обл. суда от 29 августа, 1958 года, как необаснованно осужденный в 1938 году.

Нусупбаев Оксукбай по нашим данным осужденным не значитчя. Возможно вы исказили его фамилию и имя, а поэтому прошу вас сообщить более точнее и подробные данные о нем, после чего будут принять меры проверки его дела.

Начальник отдела КГБ при СМ КССР.

«25» марта 1960 г. (Повягин) г. Алма-Ата, 3/614».

Нүсіпбаев Өксікбайдың «Не значится» деуінің себебі, Нүсіпов Кәдірбайды 1938 жылы түнде алып кеткенде артынан іздеп Үштөбе қаласына барып, қақпашы милиция есікті ашып, камераның ішіне итеріп жібереді де сыртынан құлып салады. Сонымен, ешбір соттың шешімінсіз бірге айдалып кете береді. Менің анам  Жасыбаева Макира Шеңгелбайқызы маған аяғы ауыр кезі екен. Соған қарамастан Үштөбеге келіп, ескі вагондарға тиеп жатқанда азық салынған дорбаны лақтырып қала береді. Бауырларымызды біз ұзақ күттік. Бірде Магаданда, бірде Сібірде екен деп еститінбіз. НКВД елдің «сүт бетіне шығар қаймағы» дегендерін бір сыпырып алды. Бұлардың көбісі баяғыда контрреволюцияға қарсы мықтап күрескен нағыз адал адамдар болатын.

Ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Сталинде ар-ождан, ынсап, әділет, мейірім болғанда қуғын-сүргінге ұшыратып, халықты қырмас еді. Қазіргі мына заманда еліміз тыныш, бүгінгі ұрпақ біз көрген нәубетті көрмесін. Жазықсыз жапа шеккендерді ел есінде сақтау шаралары көп болса екен.

Төлеухан ЖАСЫБАЕВ,

Қаз ССР кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің құрметті ұстазы, ІІІ дәрежелі Даңқ орденінің иегері. Көксу ауданы. «Жетісу». 29.05.2012 жыл.

Ескерту:

  1. Нүсіпбайдың баласы Жасыбай, сондықтан Нүсіпбаев Өксікбай Жасыбайұлы деп жазылады.
  2. Нүсіпов Кәрібай. Нүсіп – Нүсіпбайдың інісі. Кәрібайды інісіне (Нүсіпке) сегіз жасында бергізеді. Өксікбай да, Кәрібай да Жасыбайдың балалары.

 

Жарияланды Қараман Қ. Қаратал ақтаңдағы: тарихи-танымдықкітап -Алматы: «Тоғанай Т». 2015. -240 б. -142–144 б.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 70
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz