Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Қытайға көшпек болған қоңыраттар немесе Түркістандық Әуез қожаның дүрбелеңі

ХІХ ғғ Ресей патша өкіметі қазақтардың арасындағы діни ахуалды, халықтың көңіл күйін мұқият бақылап, қадағалап отырған. Халық арасында жүрген салпаңқұлақ агенттері арқылы жағдайды анық біліп отырған. Сондай жағдайлардың бірінде елді дүрліктіріп Түркістан аймағындағы қоңырат елін Қытайға көшіріп алып кетпек болған Әуез қожа туралы деректерді баяндаймыз.

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0

Әуез қожа деректе кейбір жерде Әуез Мырза Үмбетов, кейде қысқартылып Әуез Мырзамбетов деп аталады. Ол туралы Ресей патшалығының «конфиденциально» белгісі қойылған құпия құжаттарында Түркістанның мың үй қоңыраттарын Арқаға көшіріп, одан ары қарай Қытай империясына көшіріп алып кетпек ойы бар екен деген қауесет өрттей қаулады. Әуелі Әуез туралы айта кетсек. «Секретное донесение Акмолинского уездного начальника о беспорядках в Ортавской волости 1888г.» деген құжаттағы деректерге қарағанда Әуез қожа Түркістанда беделді кісі болған екен. Оның жай ғана біреу емес екенін мынадан білуге болады.

Ол 1880 жылы Арқада Ақмода уезі Нілді болысының қазағы Шалғымбек Балаубеков деген бір байдың қызын алып күйеу бала болған. Шалғымбайдың қызының аты Бибіқатша (бибі Хадиша), тағы бір қызының аты Шәрипа. Әуез қожа Шалғымбайдың қызымен некелескен кезде Түркістан шаһарының бас қазысы Бахауддин қожа Хусейін қожаұлы некесін қиған (Бахауддин қазы Әзірет сұлтанның ұрпағы), Кәландар қазы (1888 жылы қайтыс болып кетті), муфти Еш-Мұхаммедтер куә (шахид) болған. Некені бірақ ешбір Неке кітабына тіркемеген себебі Әуез қожа мен Шалғымбек қалың малдың мусаммасын ақырына дейін келісе алмаған. Некеде Шалғымбайдың Ахмет деген жалғыз баласы куә болған. Бірақ көп өтпей Ахмет сол өздері тұратын Нілді болысында қайтыс болған. Ұлы өлген соң Шалғымбай Түркістанға күйеу баласын іздеп келмек болған. Бірақ 1887 жылы апрель айында ғана Түркістанда екеуі кездескен. Бұл туралы құпия мәліметтерді жеткізген бұхарлық сарт Толыбай, қазақ Төртбай, жесір әйел Үмбігүл Ақымбекова. Осылардың айтуына қарағанда Шалғымбай Балаубеков пен Әуез қожа Умидов көп мал мүлік пен ақша жинаған. Ойлары Нілді болысына көшіп, одан ары қарай Қытай асып кету.

Толыбайдың айтуына қарағанда 11 январь 1888 жылы Шалғымбай мен Әуез қожа отыз қой, екі түйені базарға алып келіп сатқан. Осы жағдайдың алдын алу үшін Түркістан уезінің пристав бастығы дереу Ақмола уезінің бастығына құпия хат жазып былай дейді: Маған құпия түрде жиналған ақпараттарға қарағанда біздің Түркістан қоңыраттарын бастап Әуез мырза Умидов Қытайға көшіп кетуге ниеттеніп жатыр. Мыңға жуық шаңырақ қоңыраттар, 1000 сомдай ақшасы бар. Ақмола уезінің бастығы болса Түркістан уезі бастығына 27 январь 1888 жылы жазған құпия хатында «Әуез Мырзамбетов туралы деректерді жинап жатырмыз» – деп жауап берген.

8 февральде жазған хатында болса «Арқадағы Ортау болысының қазағы Кенже Жұмабаевтың жеткізген мәліметтеріне қарағанда Әуез қожаның Ортау болысында Құтжан Өтебаев деген мүриді бар. Ол сол Әуез қожаның «жалған жолын» ұстанады. Құтжан бұрын кісі өліміне араласты деп елден қуылған еді енді қайтадан келіпті. 1884 жылы күзде осы Құтжанның ылаң салуымен Арқада Ортау болысында * отырған 150 шаңырақ қоңырат елі Түркістанға қарай көшіп кетіп қалды. Қазіргі кезде Құтжан мен оның бауыры Ерденбай тағы басқа Тұрсынбек деген туысқандары елді дүрліктіріп Қытайға көшеміз, біздің артымыздан барлық қоңырат елі көшеді деп айтып жүр. Құтжан Өтебаев деген қылмыскердің Түркістанда отырған Әуез деген «жалған пайғамбар» кісімен қылмыстық байланысын әшкерелеу керек. Оның бір дәлелі Құтжанның келіні Тәнен Ақмамбетова деген әйел 1885 жылы 1000 сом ақшаны алып Әуезге садақа ретінде жеткізіп берді.

Шу болысының биі Бақтыбай Тұржановтың хатында айтылған мәліметтеріне қарағанда Өтебаевтың Қытай өкіметімен және Бұхара әмірімен байланысы бар, олардан қымбат бағалы сыйлықтар алып тұрады екен. Қоңыраттарды және басқа қазақтарды қытайға көшіру үшін олармен келіссөздер жасап жүр. Осыларды айта келіп Ақмола уезінің бастығы Әуез Мырзамбетовтың соңынан адам салып және Қытайға көшіп кеткісі келіп жүрген қоңыраттардың көңіл-күйі туралы құпия мәліметтерді жинауды сұраймын, Бақтыбай Тұржановтың хатының копиясын жіберемін» – деп аяқтайды сөзін. Осы хатта Әуез қожаның Шу болысының биі Бақтыбай Тұржанов жазған хатта Әуез қожаның 1886 жылы Бұхара әміріне барып мәжіліс жасамақ болғаны, елді Қытайға көшіру туралы ақылдаспақ болғаны айтылады.

Осы деректерде аты аталған Әуез қожаның кім екендігін, оның қазір ұрпақтары бар ма жоқ па, әзірге толық анықтай алмадық. Нілді болысында өмір сүрген қоңыраттарға не болды, Қытайға қетіп кете алды ма, жоқ жете алмай жарты жолда қалды ма? – ол да белгісіз. Анықтау, сұрақтарға жауап іздеу келешек тарихшылардың ісі. Анығын Алла біледі. Тәммат тәмам.

Нұржан Сәдірбекұлы,

тарихшы-генеалог.

 

Ортау – қазіргі кезде Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы, Сәкен Сейфуллиннің туған жері (автор).

 

Q-Andas ақпарат

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 149
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz