Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Қызай елінде өткен айтулы астар

admin
2026/08/31
Андас Омарақын ізімен
0
Қызай елінде өткен айтулы астар

Басы:

САСАННЫҢ  АСЫ

   Сасан Киікбайұлы 1818 жылы Зайсанда туған, 1893 жылы Күнесте қайтыс болып, сүйегі қазіргі Құлжа ауданындағы «Сұлтан Уәйіс мазарына» жерленді. Сасан болыстың Қасеке, Нүптеке, Әлімжан, Тергеусіз, Нүптебек, Жайырбек, Еркінбеу сияқты балаларымен қатар бірталай жетім-жесір балаларды да бауырына басып, өсіріп, ержеткізіп, ел қатарына қосқаны да ел ішінде көп айтылады.  Сол қатарда Аткелтір, Есенбай, Құдайберген, Бектұрған, Туғанбай сияқты тонды балалары да болған екен. Атақты «Біржан сал мен Сараның айтысында» Біржан сал арғынның атқамінер мықтыларымен мақтанғанда Сара найманның игі-жақсыларын өлеңге қосып:

Ботабай, Сабырбек пен құт Баянбай,

Сасан би шапты кеше жауға аянбай.

Шынымен құлаш ұрып, самғай берсем,

Қаласың жетпек түгіл жер таянбай, – десе, Мыңбосын мен Мәуен айтысында:

Құтырған Қоңтайжымен сайысқанда,

Болады арғын, торғай Алаш ұқты.

Қанғажар, ер Ботабай батырлармен,

Сасан би, Құрбанғали және шықты, – делінеді.

 

Таңжырақ Жолдыұлының бір өлеңінде де:

Қазағым екі жүз жыл ар жағында,

Тоздырған бірден-бірі жауша шауып.

Жосыған үріккен қойдай тау мен тасқа,

Жан бағып, балдырған жеп, қайың сауып.

Қазақтың сол сергелдең дәуірінде,

Жоңғарға келген үркіп, қызай ауып.

Байеке, Сасан, Бұқаш бастап келіп,

Іледен орын алған мекен тауып, – делінеді.

Ақындар өлеңіне осылай арқау болған Сасан Киікбайұлы бала кезінен ел көзіне түсіп, жас кезінен зейін-зерделілігімен болашағынан үміт күттіре бастаған. Ол 16 жасында би, 18 жасында бегімбет, дербіске төбе би болған.

Сасан 16 жасқа шыққан жылы Қызай еліндегі Бегімбет атасынан шыққан қарт би Томпы Шаншарұлының орнына би сайланады. Осыдан бастап 60 жыл бойы қоғам қайраткерлерінің тобына қосылып, ел мүддесі үшін егей еңбектер жасайды.

Сасан ат жалын тартып мінгеннен бастап, жүйелі сөз арқылы басқаларды мойынсал еткен шешен болумен қатар әділ төрелігімен де, жақынына тартпайтын көпшілдігімен де таныла бастайды.

Өзінің кіші әкесі Жаманбай болыстың ауыл арасындағы билікте артық-кем айтқан жеріне дұрыс шешім жасап:

Жақыныңа жау болсаң, жауыздықтың белгісі,

Қатыныңа жау болсаң, жалғыздықтың белгісі.

Арамдықты асырсаң, әділетсіздіктің белгісі,

Әділ билік айтпасаң, дұшпанның таба күлкісі, – деген екен.

Осыдан былай Жаманбай болыс Сасанның шалымдылығын аңғарып:

– Болды, Сасан балам, «Ат тұяғын тай басады» деген. Бұдан былайғы билігімді саған бердім, – деген екен.

Сол жолы бегімбет, дербістің үлкен биі Әбікен руынан шыққан Монтей би де болған екен. Монтей би де Сасанның тартымды, өткір, әділдігін көріп:

– Мен де қартайдым, адам танысам Сасаның болғалы тұр екен. Мен де билігімді Сасанға бердім. Қызайдың ендігі биі Сасан болсын, – дейді. Осыдан бастап Сасан Ақпатшаның генерал губернаторының бекітуімен 1836 жылы 18 жасында би әрі болыстық шен алады.

Сасан Киікбайұлы өз кезінде  Цин империясы мен Ресейдің арасындағы жер дауы, құн дауы, жесір дауы, тағы да басқа дау-шарларға талау рет қатысып, билік айтқан. Тіпті, соның көбінде төбе би болып, төрелік жасаған. Оның осындай еңбектерін ескерген Цин өкіметі оған «Дың дәй хуа лиң» деген мәнсап беріп, арнаулы Ұтыға «тоты құстың қауырсыны шаншылған бас ким) тарту еткен. Осы ұтыға мен өмір бойы істеткен күміс мөрлі жүзігі кейінгі кезге дейін сақталды.

1882 жылы Байеке, Бұқаш, Сасан бастаған қызайдың атқамінерлері Іле генералы Жін шүнге жолығып, 3 мыңнан астам қазақ отбасын Ілеге көшіріп, қоныстандыруды талап етеді. Олардың бұл талабы сол жылы 7 айда бекітіліп, қызайлар үш бағыт бойынша ежелгі қонысы Ілеге қарай қоныс аударады. Сол тұстағы Іле генерал үкіметінің нұсқауы бойынша Күнесте тұңғыш рет ақалақшылық түзім атқарылып, Сасан бегімбет дербістің Байеке Тәйірбердінің, Бұқаш Тәңірбердінің ақалақшысы болып сайланады. Ол тұстағы ақалақшылардың еңбекақысы 200 тұяқ қой деп белгіленіп, өздеріне қарасты елден жиып алынатын. Қызайдың үш биі өздеріне қарасты елге жер шекарасын бөліп беруге міндеттеледі. Осы тұста бегімбет, дербіс елі Сасанның бастауымен Шақпы өзенінің аңғарындағы бір беткейге жиылып, жер шекара бөліскен. Бұл жер кейін Бөлгенсай аталып кетеді. Осы бөлісте Күнестің Оңтүстік жағасы, шығыста жаутоғайдан, батысы Текес өзеніне дейін бегімбет, дербіске тән болады.

Ол тұста бегімбет, дербіс руы қоныстанған Күнес жазығы қалың шилы болады екен де, оны Ақши деп атап кетеді. 1885 жылы Сасан Ажыбай қатарлы ұйғыр шеберлерін Құлжадан шақыртып, мешіт салдырады. Күнеске келген ең бірінші ұйғыр ұлтының өкілі осы Ажыбай болатын. Сасан оларға Талды ауылынан жер бөліп беріп, қоныстандырады.

Сасан би үш некелі болған. Бәйбішесі Мәликеден (Қаракерейдің қызы) Қасеке, Нүптеке, Әлімжан, Тергеусіз, Ұлықан (қыз), екінші әйелі Адастан (Құттымбет ауылының қызы) Нүптебек, Жайірбек, Еркінбек, Зинат (қыз), Изат (қыз), кіші әйелі Делгірден (моңғол қызы) бір ұлды болып, ол ертерек қайтыс болып кетеді де, кейін құрсақ көтермей, абысыны Адастан туған Жайырбекті бауырына салып, ержеткізеді. Сасанның жеті ұлы да өз дәуірінің егейлері, қолынан билік, өрісінен мал кетпеген адамдар болған. Айталық, Қасеке Сасанұлы Қызай бегімбет руының зәңгісі, биі, ақалақшысы болған. 1840 жылы туып, 1896 жылы қайтыс болып, «Сұлтан Уәйіс мазарына» жерленеді. Нүптеке Сасанұлы ержүрек батыр, құралайды көзге атқан мерген болған адам. Қажылыққа барып, дін жолын ұстанған, діни қайраткер. 1850 жылы Барлық тауының баурайында туып, 1906 жылы Күнесте қайтыс болды. Әлімжан Сасанұлы заманындағы беделді ақсақалдардың бірі 1843 жылы туып, 1910 жылы Күнесте қайтыс болған. Тергеусіз Сасанұлы бегімбет, дербіс руының ақалақшысы, тәйжісі болған. 1854 жылы туып, 1914 жылы қайтыс болған. Нүптебек Сасанұлы бегімбет руының мампаңы болған. Күнес өңірінде алғашқылардың бірі болып тың игеріп, егін егіп, диірмен салып, дүкен ашып, тері зауытын жүргізіп, елді кәсіпкерлікке баулыған адам. 1876 жылы туып, 1923 жылы Күнесте қайтыс болған. Жайырбек Сасанұлы бегімбет руының мампаңы, дербіс руының ақалақшысы болған. Күнес ауданының алғашқы әкімі 1885 жылы туып, 1946 жылы қайтыс болған. Еркінбек Сасанұлы бегімбет, дербіс руының ақалақшысы, Нылқы ауданының орынбасар әкімі болған. 1889 жылы туып, 1950 жылы қайтыс болған.

1894 жылы Бегімбет руының болысы Сасан Киікбайұлының асы Күнестің Ақөзен жайлауында таратылған. Асқа бүкіл Қызай елін түгел шақырып 100-ден астам үй тігіп, аста-төк қонақ күтіп, ат шаптырып тарқатқан. Атты Айдарбек деген адамға айдатқан екен. Атты Аралтөбенің Сағөткелінен қайтарып Нараттың Бәйге төбесінен тоқтатпақшы болады. Алайда Айдарбек атты Қарағайлысудың құйғанынан қайтарыпты.

Жер өте ұзақ болғандықтан жолда 4-5 бәйге ат түтігіп, өліп кетіпті. Қызайдағы «Айдарбек айдас» деген сөз осыдан қалыпты. Бұл ат жарыста 1-болып Байтоғайдың торы аты,  2-болып Тоқпанбектің шыбар аты,  3-болып Отыштың ақбестісі келіпті. Нәзірде Солтанкелді Азанбай деген адам Тілеуберді Молдажан ақалақшыны танымай, қалың топтың алдында атының басына қамшымен салып қалыпты дейді. Тілеуберді руының арасында жанжал тудыра жаздап, араға адам түсіп «Қаралы ауылда шатақ шығарды» деп Солтанкелді Азанбайға тоғыз қара ат шапан айып тартқызыпты. Нәзір осылай аста-төк ақырласыпты.

 

 

Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .       

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 91
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz