Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Ұлт жадын жаңғыртудың жаңа кезеңі

Қазақ тарихының ең қасіретті беттерінің бірі саяси қуғын-сүргін кезеңі. Бұл тақырып ұзақ жылдар бойы біржақты зерттеліп, кеңестік идеологияның шеңберінен аса алмады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлт басынан өткен зұлматқа жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. Дегенмен, бүгінгі таңда саяси қуғын-сүргін мәселесін атылған Алаш арыстарының тағдырымен шектеу жеткіліксіз екені анық байқалып отыр. Өйткені қуғын-сүргіннің зардабы тұтас ұлттың тамырына балта шапты. Сондықтан бұл тақырыпты жаңа бағытта, кең ауқымда зерттеу уақыт талабы.

admin
2026/06/01
Халық жады
0
Ұлт жадын жаңғыртудың жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығы тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге жасалған маңызды қадам болды. Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде көптеген архив материалдары зерттеліп, бұрын халқымызға беймәлім болған тың мәліметтер жарыққа шығып жатқанын атап өтті.

Шын мәнінде, бұл мәселені жаңаша зерттеу дегеніміз бұрын жабық болып келген архивтерді ашумен ғана шектелмейді. Бұл халық жадында сақталған тарихи естеліктерді жинақтау, ұлт бастан өткерген нәубеттің толық картинасын қалпына келтіру деген сөз. Өйткені кеңестік кезеңде қуғын-сүргін мәселесі «халық жаулары» ретінде айыпталған зиялылар төңірегінде ғана қарастырылды. Ал шын мәнінде, ашаршылықтан қырылған қарапайым халықтың тағдыры, шетел асқан босқындардың қасіреті, ұжымдастыруға қарсы көтерілген ауыл адамдарының күресі, діни сенімі үшін жапа шеккендер, тәркіленген байлар мен орта шаруалардың өмірі толыққанды зерттелмей келді.

Жетісу облысында құрылған өңірлік жұмыс тобының соңғы жылдардағы ізденістері осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталды. Архив құжаттарымен қатар ел арасындағы естеліктер, сауалнамалар, сирек қолжазбалар, төте жазумен сақталған деректер ғылыми айналымға енгізіле бастады. Бұл саяси қуғын-сүргінді зерттеудің жаңа кезеңі басталғанының айқын белгісі.

Әсіресе, босқындық мәселесін зерттеудің маңызы зор. Бұған дейін қазақ тарихындағы босқындық көбіне 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісімен байланыстырылып келді. Алайда кейінгі архив деректері көрсеткендей, 1920–1930 жылдардағы тәркілеу, күштеп ұжымдастыру, ашаршылық пен саяси қысым салдарынан мыңдаған адам Қытайға, Орта Азия өңірлеріне, шетелдерге босып кеткен. Бұл қазақ халқының демографиялық, рухани, әлеуметтік дамуына ауыр соққы болды.

Кеңестік кезеңде бұл тақырып жабық ұсталды. Себебі босқындықты мойындау кеңестік саясаттың сәтсіздігін мойындаумен тең еді. Сондықтан көптеген тарихи оқиғалар көмескі тартты, ал кейбір халық батырлары «банды» деген жаламен тарихтан шеттетілді. Бүгінде сол тұлғалардың есімдері қайта жаңғырып жатыр. Құндақбай, Омарбек мерген, Мұқай батыр, Нұрмұхамет Жөкейұлы секілді ел қорғаған азаматтардың күресі жаңа көзқараспен бағалануда.

Саяси қуғын-сүргін тақырыбын жаңаша зерттеудің тағы бір маңызды бағыты халық жадына сүйену. Архив ресми құжаттың тілі болса, естелік халықтың жүрек сөзі. Сондықтан қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен жүргізілген сұхбаттар, ел ішіндегі шежірелер, көнекөз қариялардың естеліктері ерекше маңызға ие. Жетісу өңірінде жиналған 39 сауалнама мен 57 естеліктің өзі тұтас дәуірдің шындығын ашуға қызмет етіп отыр.

Бұл жерде тағы бір маңызды мәселе бар. Саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу өткенді қазбалау емес, ұлттық сананы жаңғырту. Өйткені тарихын ұмытқан халықтың болашағы бұлыңғыр. Қуғын-сүргін зұлматы қазақ халқының еркіндікке деген рухын жоя алған жоқ. Керісінше, ұлттың азаттық идеясын күшейтті. Сондықтан бұл тақырып жас ұрпақты тәрбиелеуде де айрықша рөл атқарады.

Бүгінде архивтерде әлі де зерттелмеген мыңдаған құжат жатыр. Оның ішінде араб қарпімен жазылған төте жазу материалдарының орны ерекше. Жетісу өңіріндегі құжаттардың басым бөлігі осы жазумен сақталғаны анықталды. Демек, қуғын-сүргін тарихын толық тану үшін төте жазуды меңгерген мамандарды даярлау да маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.

Саяси қуғын-сүргінді зерттеуде өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажет. Әр аймақтың өзіндік тарихи қасіреті бар. Мәселен, Жетісуда босқындық мәселесі айрықша орын алса, басқа өңірлерде лагерьлер жүйесі, күштеп қоныс аудару немесе діни қуғын-сүргін мәселелері тереңірек көрініс табады. Сондықтан зерттеулерді бір орталықтан ғана емес, өңірлік деңгейде жүйелі жүргізудің маңызы артып келеді.

Қуғын-сүргін тақырыбын жаңаша зерттеу тарихшылардың ғана міндеті емес. Бұл тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі. Өйткені бұл зұлматтың зардабы әр қазақ әулетіне тиді. Бірінің атасы атылды, бірінің әкесі жер ауды, енді бірінің отбасы босқынға айналды. Сондықтан бұл тарих бір адамның емес, тұтас ұлттың тағдыры.

Бүгінгі зерттеулердің басты ерекшелігі тарихи ақиқатты саясатсыз, жасандылықсыз, ғылыми негізде ашуға ұмтылуы. Бұл тәуелсіз елдің тарихи санасының қалыптасқанын көрсететін маңызды құбылыс.

Тарихты тану өткенге тағзым ету ғана емес, болашаққа сабақ алу. Саяси қуғын-сүргін тақырыбын жаңаша зерттеу арқылы біз ұлт ретінде қандай қасіретті бастан өткергенімізді тереңірек түсінеміз. Ең бастысы, мұндай зұлматтың енді ешқашан қайталанбауы үшін тарихи жадымызды күшейтеміз.

«Жетісу» өлкетанушылар орталығы қоғамдық бірлестігі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия жұмысына белсене атсалысып, осы бағытта бірнеше маңызды еңбек жазды. Бұл еңбектер Жетісу өңіріндегі қуғын-сүргін, тәркілеу, күштеп ұжымдастыру, босқындық және ашаршылық зардаптарын архив құжаттары, естеліктер, қолжазбалар мен тарихи деректер арқылы жаңаша зерделеуге жол ашты.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік        комиссияның материалдары. 47-том. Жетісу облысындағы босқындық мәселесінің себеп-салдары мен зардабы» (https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1685308

кітабында ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргіннің Жетісу өңіріндегі зардаптары құжаттық негізде жинақталған. Бұл еңбектің басты маңызы – босқындық мәселесін жеке тарихи құбылыс ретінде қарастыруында. Жинақта кеңестік саясаттың салдарынан туған әлеуметтік күйзеліс, ел ішіндегі тұрақсыздық, халықтың атақонысынан үдере көшуі, тұрмыс-тіршіліктің күйреуі нақты деректер арқылы көрсетіледі.

Кітапта қазақ және орыс тілдеріндегі материалдардың қатар берілуі зерттеудің ғылыми аясын кеңейтеді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Мемлекеттік комиссияның Жобалық офисі әзірлеген бұл жинақ саяси қуғын-сүргін тарихын жүйелі түрде зерделеуге мүмкіндік береді. Жетісу облысындағы босқындық мәселесі тек бір өңірдің ғана емес, тұтас қазақ қоғамының ХХ ғасырдағы қасіретті тағдырымен сабақтас. Сондықтан бұл том тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге, жазықсыз жапа шеккендер тағдырын тануға және ұлттық жадыны жаңғыртуға қызмет ететін маңызды еңбек болып саналады.

          «Жетісу өңірінің қуғын-сүргін қасіреті» (https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1723995) жинағында өңір тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі естеліктер, архив құжаттары, қолжазбалар мен фотосуреттер арқылы жинақталған. Кітаптың басты құндылығы – Жетісу жеріндегі саяси қуғын-сүргін, тәркілеу, күштеп ұжымдастыру жылдарындағы халық тағдырын нақты деректермен көрсетуінде. Жинаққа енгізілген 74 құжат сол кезеңнің қоғамдық ахуалын, жазықсыз жапа шеккен адамдардың тағдырын, отбасылардың күйзелісін және ел жадында қалған ауыр жараны тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Бұл еңбек құрғақ тарихи мәліметтер жиынтығы емес, халық басынан өткен қасіретті кезеңнің шынайы куәлігі. Естеліктер мен фотосуреттер архив деректерін толықтырып, қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын оқырманға жақындата түседі. Сондықтан жинақ тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге, ұмыт қалған есімдерді жаңғыртуға және ұлт жадын сақтауға қызмет етеді. «Жетісу өңірінің қуғын-сүргін қасіреті» – зерттеушілерге, өлкетанушыларға, тарихшыларға және жас ұрпаққа қажет құнды еңбек. Ол өткеннің ауыр сабағын ұмытпауға, жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етуге және тарихи шындықты терең тануға шақырады.

 

Жетісу өңірінде «Қазақстандағы кіші қазан» революциялық бағдарламасы кампанияларының күшпен жүзеге асырылуы. Т. XVIII. Құжаттар мен материалдар жинағы кітабында 1925–1933 жылдардағы ауыр тарихи кезең архив деректері арқылы кеңінен ашып көрсетілген. Еңбектің басты құндылығы – кеңестік биліктің «Кіші Қазан» саясатын Жетісу өңірінде қалай күшпен жүзеге асырғанын нақты құжаттар мен естеліктер негізінде дәлелдеуінде.

Жинақта ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Президентінің архиві, облыстық және аудандық архив қорларынан алынған тың деректер топтастырылған. Сонымен қатар сол кезеңде қабылданған заңнамалық, нормативтік-құқықтық құжаттар, жергілікті билік өкілдерінің хаттамалары, нұсқаулары мен есептері енгізілген. Бұл деректер орталықтан қабылданған саяси шешімдердің ауыл-аймақтарда қалай іске асқанын, қарапайым халыққа қандай қысым жасалғанын жан-жақты аңғартады.

Кітаптың тағы бір ерекшелігі – Жетісу өңіріндегі аудандық архивтердің сирек қорларында сақталған төте жазумен жазылған түпнұсқа құжаттардың енгізілуі. Мұндай деректердің басым көпшілігі алғаш рет ғылыми айналымға түсіп отыр. Бұл өз кезегінде кеңестік кезеңдегі тәркілеу, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін және ашаршылық тарихын тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Жинақтағы материалдардан «Кіші Қазан» саясатының Жетісу халқының әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріне аса ауыр зардап әкелгені анық көрінеді. Мал-мүлкінен айырылған, туған жерінен босып кеткен, қуғын-сүргінге ұшыраған халық тағдыры архив құжаттары арқылы нақты сипатталады. Әсіресе ауылдық кеңестердің құжаттары мен жергілікті атқарушы органдардың есептері сол дәуірдегі қоғам ахуалын шынайы бейнелейді.

Жалпы, аталған еңбектер саяси қуғын-сүргін тарихын өңірлік деңгейде жаңаша зерделеуге, тарихи шындықты ашуға, жазықсыз жапа шеккендердің есімін жаңғыртуға және ұлттық жадыны күшейтуге бағытталған құнды зерттеулер болып саналады. Олар тарихшыларға, зерттеушілерге, өлкетанушыларға, жас ғалымдарға және ел тарихына бейжай қарамайтын қалың оқырман қауымға арналған маңызды рухани мұра.

Сондықтан саяси қуғын-сүргінді зерттеу жұмыстары архив сөрелерінде шаң басып қалмауы керек. Ол мектеп оқулығына, ғылыми айналымға, деректі фильмдерге, әдеби шығармаларға, қоғамдық санаға айналуы тиіс. Сонда ғана біз өткеннің қасіретін ұмытпайтын, тарихи жадын жоғалтпайтын ұлт ретінде қалыптасамыз.

Қажет Андас,

«Q-Andas» ақпарат агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 26
Зобалаң жылдардың зорлығы
Халық жады

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026
Қытайдың мылтығынан сескенбеген Оспанқұл мен Жапар
Халық жады

Қытайдың мылтығынан сескенбеген Оспанқұл мен Жапар

June 2, 2026
Тар кезеңде таланған тағдырлар
Халық жады

Тар кезеңде таланған тағдырлар

June 1, 2026
Түрмеден келген тосынсый немесе райыс молданың ақырғы аманаты
Халық жады

Түрмеден келген тосынсый немесе райыс молданың ақырғы аманаты

May 26, 2026
Білімге салынған алғашқы инвестиция
Халық жады

Білімге салынған алғашқы инвестиция

May 18, 2026
Имандылықтан таймаған
Халық жады

Имандылықтан таймаған

May 13, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz