Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Көрме

Ұлттық киім – ұлт құндылығы

Талдықорған қаласындағы Көркемөнер галереясында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекеме мен «Жетісу өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт құндылығы» атты ұлттық киім фестивалі өтті.Тағылымды шараға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады.

admin
2026/03/19
Көрме
0
Ұлттық киім – ұлт құндылығы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Бет-жүзді тұмшалайтын қара киім кигеннен гөрі, ұлттық нақыштағы киім киген әлдеқайда дұрыс» деп, ұлттық киімдерді дәріптеудің маңыздылығына айрықша назар аударған болатын. Бұл – ұлттың болмысын сақтауға, төл мәдениетті жаңғыртуға бағытталған маңызды ұстаным. Расында, қазақ халқының ұлттық киімдері – ұлттың мәдени мұрасы, оның өзіндік болмысын танытатын айрықша құндылық. Олар тек әсемдік үшін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрін, дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігін, тіпті әлеуметтік мәртебесін де бейнелейді. Сондықтан ұлттық нақыштағы киімдерді дәріптеу – өткенді ұлықтау ғана емес, оны бүгінгі заман талабына сай жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу деген сөз. Осы мақсатта ұйымдастырылған фестивальде көпшілік назарына қазақы киім мәдениетінің бай мұрасы арнайы шерулер мен таныстырылымдар арқылы ұсынылды. Фестивальге қазақтың қолданбалы өнер шеберлері, ақсақалдар, жастар және ұлттық киімнің тарихы мен мәніне қызығушылық танытқан көпшілік жиналды. Сонымен қатар, жергілікті шеберлердің қолөнер туындылары қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда ұлттық бас киімдер, етіктер, ою-өрнекпен көмкерілген түрлі бұйымдар, сүлгілер мен өзге де қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Осындай шебер жандар жайлы халқымыздың «Он саусағынан өнер тамған» деуі бекер емес.

Іс-шара барысында Қуаныш Сүлейменов бүгінгі Қазақстан саяси жаңғырумен қатар рухани жаңғыру кезеңін де бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық киім – салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты кейінгі ұрпаққа жеткізетін маңызды рухани мұра.

– Мәдениет – мемлекеттің тірегі. Ал ұлттық киім – сол мәдениеттің айшықты көрінісі. Бүгінде біз ұлттық киімді тек мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де кию дәстүрін қалыптастырып келеміз. Бұл – ұлтқа деген құрметтің белгісі. Әсіресе, кимешек киген аналарды көргенде жүрекке жылылық ұялайды, – деді ол.

Сондай-ақ шара аясында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүниежүзілік рекордтар кітабына (Global World Book of Records) енген Жетісу облысының қолөнер шеберлерін марапаттады.

Фестиваль бағдарламасы мазмұнды әрі тағылымды сипатта өрбіді. Шара қонақтарды қарсы алып, тіркеуден басталып, салтанатты ашылу рәсімімен жалғасты. Одан кейін қатысушыларға арналған құттықтау сөздер айтылып, ұлттық киім үлгілерін насихаттауға арналған арнайы бөлімдер ұсынылды.

Солардың бірі – бас киімдер шеруі. Қазақы дүниетанымда бас киім – мәртебе мен мінездің, жас ерекшелігі мен тұрмыс-салттың, маусым мен кәсіптің де айғағы. Фестиваль аясында көрермен назарына тұмақ, қалпақ, малақай, тақия және шыт-орамал секілді ұлттық бас киім үлгілері ұсынылды. Тұмақ – қыстың қақаған аязына лайықталған жылы әрі дәстүрлі бас киім болса, қалпақ – салтанат пен сәннің үйлесімін танытады. Малақай – аязға төзімділігімен ерекшеленетін кең қолданыстағы бас киім түрі. Ал тақия – жеңіл әрі ұлттық нақышты айқындайтын көркем үлгі болса, шыт-орамал – қазақ әйелінің мәдениеті мен инабаттылығының белгісі.

Көрермен көңілінен шыққан ерекше бөлімнің бірі – кимешектер шеруі болды. Кимешек – ананың айбыны, ибалық пен ибалылықтың, ұрпақ тәрбиесінің нышаны. Әр өңірдің кимешегінде өзіндік өрнек, нақыш, сәндік ерекшелік сақталған. Сонымен бірге, кимешек үлгілерінен әйел адамның жас ерекшелігі мен әлеуметтік орны да аңғарылады. Шеруде ұсынылған классикалық кимешек үлгілері ою-өрнекпен әсемделіп, ұлттық талғам мен нәзіктіктің үйлесімін көрсетті. Кейбір кимешектердің кестесі мен жиек өрнектерінен өңірлік ерекшелік айқын байқалды.

Фестивальдің келесі бөлімі – жағалы киімдер шеруі. Онда шапан, камзол, бешпент, белбеу секілді ұлттық киім үлгілері таныстырылды. Бұл киімдер халқымыздың тұрмыс мәдениетін, талғамын, салтанатын, сән мен жарасымға деген көзқарасын айқын көрсетеді. Әсіресе, ерлер мен әйелдерге арналған киім үлгілерімен қатар ұсынылған «отбасы» форматындағы үйлесімді образдар ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісін танытты. Шапан – қазақтың классикалық салтанатты киімі ретінде ерекшеленсе, камзол мен белбеудің үйлесімі ұлттық киімнің көркемдік қуатын айшықтай түсті.

Шараның тағылымды бөлімдерінің бірі – ұлттық аяқ киімдер таныстырылымы болды. Қазақтың аяқ киімдері – қолөнердің озық үлгісі ғана емес, тұрмыстық қолайлылық пен эстетикалық талғамның сабақтастығын танытатын мұра. Көрсетілім барысында мәсі, кебіс, етік, саптама етік сияқты дәстүрлі аяқ киім түрлері таныстырылды. Мәсі – жұмсақ әрі жеңіл, күнделікті тіршілікке ыңғайлы аяқ киім. Кебіс – мәсінің сыртынан киілетін берік аяқ киім түрі. Ал етік пен саптама етік – көшпелі өмір салтына бейімделген, төзімділігімен ерекшеленетін ұлттық мұра.

Сонымен қатар, «Ұрпақ үні» атты әңгіме-сұхбат ұйымдастырылып, онда ұлттық мұраның ұрпақ тәрбиесіндегі орны кеңінен сөз болды. Шара барысында «Жетісу өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қажет Андас сөз сөйлеп, көрменің мән-маңызына тоқталды.

– Бейнелеу өнері галереясымен бірлесіп бұл көрмені үшінші рет ұйымдастырып отырмыз. Мұндай іс-шараларды өткізуде тәжірибеміз бар. Алла қаласа, келесі жылы да осы секілді ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, жастарды ұлттық дәстүрді, соның ішінде қазақтың ұлттық киімін құрметтеуге баулитын фестивальді тағы да өткізетін боламыз, – деді ол.

Шара барысында «Жетісу өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қажет Андас фестивальге атсалысқан өлкетанушыларды марапаттады. Ұлттық мұраны дәріптеуге үлес қосқан бірқатар азаматқа алғыс хат табысталды.

Атап айтқанда, Айкүлім Оразалиев, Айгүл Нүсіпбаева, Күләш Бегалиева, Нұржан Касенова, Айгүл Имамадиева, Шолпан Бектенова, Дәмелі Мейіл, Ұлжан Каримова, Ғайни Дыбыр, Айсұлу Меден, Раушан Әзкенқызы, Раушан Алпысбекқызы, Нұрсұлу Мақсымқызы, Күнарай Аманбекқызы, Меруерт Тойболат, Зауре Айтмұқанқызы Айнабекова, Күлтай Болтаева, Бану Оспанова, Сәбенұлы Назарбек және Кәтепқан Кәкерқызы марапатталды.

Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша үздіктер де анықталды. «Үздік ұлттық киім үлгісі» номинациясы Айкүлім Оразалиеваға бұйырса, «Ұрпақ сабақтастығы» аталымы Абдыбек Абылқасымға берілді. «Үздік аяқ киім» номинациясымен Нұрәлі Нұрғазы марапатталды. Ал «Үздік кимешек» аталымын Айгүл Нүсіпбаева иеленсе, «Үздік бас киім» номинациясы Нұрқайрат Майқанға табысталды. «Көрермен көзайымы» аталымының иегері Тұрымқан Жолмолда болды.

Фестивальдің көркін ұлттық киім киген ерлер мен әйелдердің дефилесі аша түсті. Одан кейін мерекелік бағдарлама концертпен жалғасып, соңында қонақтар көрмені тамашалап, галерея экспозициясымен танысты, арнайы экскурсияға қатысты.

Кездесу соңында Қажет Андас Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменовке алғыс білдіріп, «Жетісу өлкетанушылар орталығы» шығарған бірнеше кітапты сыйға тартты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кажет Андас (@q_andass)

Осылайша, «Ұлттық киім – ұлт құндылығы» фестивалі халқымыздың бай мұрасын насихаттап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың, жас ұрпақтың санасына рухани тәрбие сіңірудің маңызды алаңына айналды. Мұндай тағылымды шаралар арқылы қазақтың төл киім мәдениеті жаңаша сипат алып, бүгінгі қоғаммен үндесе түсетіні анық.

«Q–Andas» ақпарат агенттігі

https://vestnik19.kz/vestnik-zhetisu/festival-naczionalnoi-odezhdy-proshel-v-zhetisu-693

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 37
35 кітаптың таныстырылымы
Көрме

35 кітаптың таныстырылымы

February 27, 2026
Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?
Көрме

Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?

February 27, 2026
Туған жерге тағзым – «Мыңбұлақ» жырымен
Көрме

Туған жерге тағзым – «Мыңбұлақ» жырымен

October 23, 2025
Береке-бірліктің белгісі
Көрме

Береке-бірліктің белгісі

October 22, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz