Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айрылған қиын екен,
Қара көзге мөлдіреп жас келеді,
– деп келетін «Елім-ай» әнінің жүрек қылыңды тербемейтін кезі жоқ. Ән әуенін ести сала қиындығы мен азабы ұласқан қасірет пен қайғы көз алдыңа келеді. Иә, қазақта мұндай ән көп. Затаевич таңқалғандай, қазақтың жаны даласымен үндесіп, ән салып жататыны анық. Кешегі Біржансал мен Ақансері, палуан Шолақ пен жаяуМұсадан бастап, ғұдамаАбай, бүгінгі Шәмші, Абілахат, Әсет, Нұрғисаға дейін жібін үзбей келе жатқан өнердің халықтың жүрегіне жылу, намысына қорған, ойына орам болғанын түсіне аламыз. Әрнине, сол ауендер бүгінде бүлдіргісі бүлінбей, көңіл қуанышына айналуда.
Мұхтар Шаханша айтсақ, әр дәуірдің өзіне сай алтынның да нарқы өзгеріп отыратыны осы болса керек. Нұрғисаның «Саржайлау», Абілахат Есбаевтің «Ұстазым», Дәнеш Рахыштың «Қойшы әні», «Жылқышы әні» сол тұстағы қазақ өмірінің өзегінен туған дүниелер еді. Алайда, бүгінгі өмір өзгеше, қазақтың да күн көріс тәсілі өзгерді. Ең бастысы, тәуелсіз елдің құраушысы болып отырғаны. Тағы бір жағынан, қаракөздеріміз техниканың тілін меңгеріп, шаруасын шалқытып жатыр. Бірақ, олардың жұмыс орнына бара қалсаң тағы да өзге ұлттың әуендері шырқалып жатқанын естисің. Неге?… алдыңнан сан сұрақ көлденеңдеп шыға келеді.
Таяуда қаламыздағы бір кәсіптік-техникалық колледждің құрылу мерекесіне орай ұйымдастырылыған салтанатты шараға қатыстым. Мұнда бәрі де жақсы дайындалған. Студенттер білім ордасында оқытылатын 13 мамандық бойынша сахналық көрініс даяындап, оны әнмен айшықтап көрсетуге тырысты. Бірақ, осы барыста ас даярлау мамандығында ғана қазақтың «Дастарқан» әні шырқалғаны болмаса, өзгелерінде орыс немесе ағылшын тіліндегі әндермен сүйемелденгені көңіліме ұнамады. Бұл туралы, шараны ұйымдастырушылардан сұрап көрген едім. Жайсыз жаупқа жаным ауырды. «Манандықтарға сай келетін қазақша ән табылмады», – деп қайырды олар. Сосын бұл пікірдің қате екенін дәлелдемекке тырысып, қолымда бар ән жинақ пен бейнетаспаны ақтарып көргенде барып олардың айтқанының дұрыстығына көз жеткіздім.
Қаракөздерімізде өзге ұлттың әндеріне құмар емес, өкініштісі, қазір қазақта техника мен кәсіптік мамандыққа арналған ән жоқ. Әрине, машина жөндеуші зергердің тілін, балық өңдеуші бақташының сырын, бағбан жиһаз жасаушының ойын білмейді. Тағысын тағылар. Осының өзінен-ақ әр адамның мамандығына сай талғанының болатынын білуге болады. Сондықтан осы қажеттілікке негізделген әндерге құмар болатыны анық. Алайда, техникалық мамандық иелерінің талғаныма сай келетін қазақ тілінде ән болмаған соң, өзге ұлттың осы бағыттағы әуендеріне тәнті болмай шарасы қалмайды. Біз «Техниканың тілі қазақшаланбай, қазақ тілінің көсегесі көгермейді», – деп жатамыз. Ал, техниканың қызығы мен қиындығын бейнелейтін назды да сазды әндер тумай, техниканың тілі ешқашан қазақшаланбайды деген ойға келдім. Сондықтан бұл ақтаңдақты ертерек қолға алмасақ, баяғы жартас сол жартас болып қала бермек. Яғни, қазақтың тілін қанша бұрасаңда, құлақтан кіріп, бойды алатын рухани тәуелділіктен құтыла алмасымыз анық. Сондықтан қазақ композиторлары шоу бизнес деген түсінікке жармасып алмай, бір сәт осы жағына да көңіл аударса нұр үстіне нұр болар еді.
Қажет Андас
«Q-andas» ақпараттық агенттігі











