Қашан, кім айтқаны белгісіз: «адамның жақсы-жаман болуын туған жері белгілей алмайды. Алайда, ортаның мәденитті – мәдениетсіз болуы жазушының нысанына ықпал етеді» – деген екен, осы ойдың терең мәнісін енді түсініп келе жатқан сияқтымын.
Қазақ халқы ежелден өнер мен ғылымнан, өркениеттен кенде емес еді, солай болғандықтан Әбу нәсір Әл-Фарабидей алыпты, Абайдай ғұламаны, Мұқтардай ұрпақты, Абылайдай ханды, Нұрсұлтандай Елбасын тудыра алған. Мұнан басқада ауыз толтырып айтар алыптарымыздың қатары аз емес, бұл біздің мақтанышымыз.
Қазақ, қазақ болғалы екі үлкен апаттың өтіне ұшыраған екен. Оның бірі басқыншылардың шапқыншылығы; қазақ мәдениеті мен ғылымын, ұлты мен ұлысын, қаласы мен даласын ойрандап «ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама» қалге түсірген заман, енді бірі империалистердің отарлауы, қабілетті адамдардың көзін жойып, көлгірсіген саясатымен ұлттық рухты ойрандап, Жаһан кездірген заман. Ал қазіргі кезеңде тағы бір дерт – үлкен қатер төндіріп келеді. Есітркіге еліткен ұлдарың мен жезөкше болып жүрген қыздардың қылығы жаныңды мазалайды. Діни сенім сергектікке жетелейді дегенмен, санаңды улап, ағайынға қарсы қылыш ала жүгіртетін сенімдер жастардың санасын уландырып жатқанын да қосыңыз. Жоғарыда аталған тарихи апаттардан қызыл қырғын болып жүрып түтінін қайта түтеткен қазақ халқы ойланбаса, осынау апаттар діңін құртар жегі құрт емес пе?!
Дүние тарихына көз жіберсек; ұлы орыс елі Петр реформасынан кейін, жапондар Мин Жы жаңалығынан соң, қытайлар Шин Хай төңкерісі арқылы оянған еді. Біздің ұлтымыздың да оянар орайы келіп отыр. Ол – қалай оянады? Әрине, түртіп оятар сергек ұрпақ керек, ол – кім? Дәл осы ХХІ ғасырдағы біз жастар. Бұл үшін қару ұстап қалжырап, аз қазақтың берекесін қашыруға болмайды. Ең абзалы, өнер мен ғылым меңгеруде. Ақын Таңжарық:
Қазақ мыңын беріп, бірін алады,
Ойын беріп, бірін алады.
Ары-бері сабылып көшіп жүріп,
Бар өнерден құр қалады, – деген екен.
Осы тақсіретті өткенде тарттық, енді тарта беруге қақылы емеспіз, біз бәрі – бәрінен айырылуға жаралған жоқпыз? Келешегіміздің кескінін жасайтын орай келді. Бұл өзіме де, өзгеге де, бүкіл қазақ жастарына айта берейін дейтін сұрағым. Алайда, еріншектік, жалқаулық, ұрпақ болашағын ойламайтын есерлік, азын-аулақ байлықты місе тұтатын аңсарлық кейбір ағайынның қатпарлы маңдайынан қашан өшер екен?!
Қажет Андас
«Q-andas» ақпараттық агенттігі.











