Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Өмірі ерен, болашағы кенен

Қайсыбір қаламгердің: «Адам болашағының қалай болуын туған жері белгілей алмайды. Бірақ өскен ортасының табиғаты, айналасындағы адамдардың өмірге құштарлығы, дос-жолдастарының, етжақын ағайын-бауырларының жақсы қасиеттері – оның болашағына тікелей әсер етеді» дегенін оқыған едім. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген қанатты сөз осыған байланысты айтылатын шығар. Айдынды Алакөл өңірінің бір шетіндегі Еңбекші ауылы шағын ғана елді мекен болғанымен ырысы мен ынтымағы жарасқан, берекесі мен пейілі тасыған, ел құрметіне бөленген азаматтары көптеп түлеген қасиетті жер. Осы мақаламызда сөз еткелі отырған Байеке Қадіржанов сол Еңбекші ауылында 1923 жылғы 15 желтоқсан күні дүниеге келді.

admin
2026/02/10
Тұлғатану
0
Өмірі ерен, болашағы кенен

Тұрмыс тауқыметі оның басына ерте үйірілді, 1935 жылы қырық жас шамасында шешесі Нұрлыхан қайтыс болса, келесі жылы асқар таудай әкесі Қадіржан Мусинов қайғылы қазаға ұшырады. Мал күзететін әкесін қандықол бір қарақшы мерт еткен. Сөйтіп, Байеке ес біліп, етегін жаппай, бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпай жатып тағдыр талқысына түседі. «Адам болатын бала алысқа қарайды» демекші, қара басына қандай қиындық түссе де қасқайып қарсы тұра алатын жігіт болып ержетті. Yшарал қаласындағы интернатта тұрып, мектепте оқыды. Жарты нан жеп, жарты құрсақ жүрсе де құлшына оқып, сыныптастарының алдына шықты. 1939-1940 және 1940-1941 оқу жылдары озат оқушы ретінде, үлгілі, тәртіпті болғаны үшін Мақтау грамотасын алып тұрды. Сегізінші сыныпты бітіргенде берілген куәлігінде он сегіз сабақтың бәріне «өте жақсы» деген баға көрсетілген. Комсомол қатарына қабылданды.

Енді қанаты қатайып, оң-солын айыра бастаған кезде басына тағы бір сұрапыл бұлт үйірілді. 1941 жылы соғыс басталып, Байеке 1942 жылдың 26 ақпан күні онжылдықты бітірмей жатып, әскерге шақырылып, майданға аттанды. Осыдан бір-екі ай ғана бұрын он сегізге толған жас боздақ ұрыс даласына қарай кете барды. Оқ пен от ортасына бет алды.

Әуелі Түрікменстанның Ашхабад қаласында жаяу әскер училищесінде алты айдай оқыды. 1942 жылдың 7 қыркүйегінде Чкалов облысының Саракташ стансысындағы №9 атқыштар полкі құрамасына қосылады. Одан әрі майдан шебіне жөнелтіледі. Көп ұзамай-ақ, яғни, 24 қыркүйек күні алғаш ұрысқа қатысады. Автоматшы ретінде Великие Луки қаласы үшін өткен шайқас кезінде оң иығы мен мойнынан жараланып, госпиталыға түседі.

Емделіп шыққаннан кейін, кіші командирлер даярлайтын курсқа жіберіліп, кіші сержант дәрежесін алады. Көп ұзамай кіші лейтенанттар даярлайтын курста 4 ай оқып, кіші лейтенант болғаннан кейін, қайта майданға аттанады. Батыс майданының Орша түбіндегі бір ұрысқа взвод командирі дәрежесінде қатысқан ол оң тізесіне оқ тиіп, жарақат алады. Госпитальде тағы да емделіп шығып, қайтадан Батыс майданы жауынгерлерінің қатарына қосылады. Қарамағына взвод беріледі. Қиян-кескі соғыс кезінде, тағы да жараланады. Бұл жолы оқ оң қолына тиеді. Бip жарым айдай емделеді. Tәуір болғаннан соң өз бөлімшесіне тағы жіберіледі. Сонда аз уақыт ішінде 3 рет жараланып, 3 рет майданға оралды. 1944 жылдың 3 маусымында сұрапыл ұрыс басталып, қорғаныста жатқан жауынгерлер жауға қарсы шабуылға шығып, ілгері лап қояды. Олардың арасында фашистерді өкшелей қуып келе жатқан Байеке бір мезгілде қалпақтай ұшады. Сол аяғы қатты жарақаттанған, бірақ өзі аман. Бұл төртінші әрі соңғы реткі жарақаттануы еді. Ақыры сол аяғын кесуге тура келді. Міне, осыдан кейін ол елге қайтарылды. «Бастан құлақ садаға» десек те жалғыз аяқпен өмір сүру оңай ма? Әуелі балдақпен жүрді, одан соң ағаш аяқ киді.

Жарты жанын елін, жерін қорғау үшін берген Байеке Қадіржанов мүгедекпін деп қол қусырып отыра алмады. Жиырма екі жасқа енді келген кеудесінде жаны, бойында таудай талабы бар жігіт енді еңбек майданына араласты. Өзі оқыған Еңбекші орталау мектебінде мұғалім болып істейді. Қызметтегі біліктілігінің арқасында 1945 жылдың 13 тамызында Қарабұлақ жетіжылдық мектебінің директоры болады. Ал 1948 жылдың 27 желтоқсанында XII Алакөл аудандық комсомол конференциясында аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалады.

Сол тұстағы қоғамдық, саяси жұмыстарға араласа жүріп, білімі мен тәжірибесін жетілдіру керектігін терең сезген Байеке әртүрлі кедергіге қарамай, табандылық көрсетудің арқасында Абай атындағы Қазақтың мұғалімдер институтын, одан кейін Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітіреді.

Көпті көрген, біліктілігі мығым, талабы таудай маманның осыдан былай қызмет баспалдағы да жоғарылай береді. 1951 жылғы наурыздан 1953 жылдың қыркүйегіне дейін Талдықорған обком партиясында нұсқаушы, 1954 жылы бірнеше ай Талдықорған қалалық парткомитетінің екінші хатшысы, 1956 жылы Жоғары партия мектебін бітіріп келгеннен кейін, Талдықорған облыстық парткомитетінде бір-екі ай нұсқаушы, одан соң 1959 жылдың тамыз айына дейін әкімшілік және сауда-қаражат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Сол жылы, Талдықорған облысы Алматы облысына қосылуына байланысты, Б. Қадіржанов Семей обкомының әкімшілік және сауда-қаражат бөлімінің меңгерушісі қызметіне жіберілді. 1961-1968 жылдары Семей облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының бастығы болып істеді.

Байеке Қадіржановтың өмірі мен қызметінің аса сүбелі кезеңі оның Талдықорғанға қайтып оралуына байланысты. 1968 жылдың басында Талдықорған облысы қайта құрылғанда ол облыстық кәсіптік-техникалық мектеп білім беру басқармасының бастығы болып тағайындалды. Осы қызметте зейнеткерлікке шыққанға дейін табаны аумай 12 жыл бойы абыройлы қызмет атқарды. Мұнда да іскерлік танытып, құлшына еңбектеніп,  жастардың кәсіби мамандық алуына да, білімдерін көтеруіне де үлкен мән беріп, біліктілігін, күш-қайратын жұмсады. Жаңадан кәсіптік-техникалық училищелер ашуға бел буып, қай жерде қандай оқу орнын ашу керек, ол үшін қанша қаражат керек деген мәселелерді обком, облисполком ғана емес, республикалық мекемелер, тіпті, Министрлер кеңесі мен Орталық партия комитетінің алдына үнемі қойып отырған. Училищелер үйлерін ғана емес, салықты түзететін комплекстер, аудандар мен қалаларда стадиондар салуға да көңіл бөлген. Сөйтіп, үлкен нәтижеге жеткен. Ол келгенде облыста жеті ғана училище болса, оны жиырма екіге жеткізген. Оларда сан мыңдаған бала оқып шықты.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, Республика ауыр индустрия құрылысы министрлігінде кадрлар басқармасы бастығының орынбасары болып істеді. Бірақ жастайынан соғыстың ауыр азабын көрген, еңбекке араласқаннан бері де тынымсыз жұмыс істеп, ел игілігін арттыруға үлесі сіңген Байеке өмірден ерте кетті. Соғыстан қалған жарасы сыр беріп, алпысқа қараған шағында, 1983 жылғы  7-тамыз күні дүние салды. Бірақ, артында абыройлы із қалды, оның өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Қашанда адал еңбек, маңдай термен тапқан байлықтың қадірі үстем болады. «Халық – таразы» дегендей, қоғамның тыныштығы, өмірдің өзгерісі, жұрттың жағдайын жақсартуға бағытталған еңбектің өтеуі де мол болады. Бар саналы ғұмырын осындай мақсаттарға арнаған Байеке Қадіржановтың да төккен тері өтеліп, талай биік марапттарға ие болды. Оның соғыс және еңбек майданындағы epлігі мен еңбегі жоғары бағаланды. Ел қорғау жолындағы ерен еңбектері үшін  Қызыл -Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендері мен тоғыз медальдің иегері атанды. Бірнеше Құрмет грамотасы, төсбелгімен марапатталды. Олардың ішінде «Қазақстан кәсіптік-техникалық білім беру үздігі», «КСРО кәсіптік-техникалық білім беру үздігі» төсбелгілерін ерекше атай кетуге болады.

Қоғамдық қызметтегі қомақты үлестері үшін VII, XIII Талдықорған қалалық партия конференциясына, Х Талдықорған облыстық партия конференцияларына делегат болып қатысты. Сондай-ақ, облыстық комитеттерге мүше болып сайланған. 1950 жылы Алакөл аудандық, Семей қалалық (бірнеше мәрте) Талдықорған облыстық кеңестеріне депутат болды.

Өмірден өткеннен кейін де ел-жұрты  ескерусіз қалдырған жоқ. Талдықорған  қаласында бір көшеге аты берілді, сонда тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды. Алакөлдің жағасына бұдан 50 жыл бұрын салдырған «Жалын» оқуспорт лагеріне аты беріліп, кеңсе үйінің қабырғасына мемориалдық тақта ілінді. Аталған «Жалын» оқуспорт лагері әлі күнге дейін жұмыс істеп, сауықтыру орнына айналған. Мұнда жыл сайын 1000-1500 адам демалады. Бұл күнге дейін 50 мыңға жуық кісі болып, көлге шомылып, денсаулығын жақсартқан. Әлі де елге қызмет ете беретіні анық.

«Отан – отбасынан басталады» деген ұлағатты ұғым бар. Қандай дамыған, қуатты мемлекет болса да жекелеген отбасынан құралады. Елдің ертеңі де сол отбасынан шыққан әрбір азаматтың ерік-жігеріне, еңбегіне, біліктілігіне байланысты. Адамзат атаулының өзі осы отбасы құрылымынан өту арқылы қалыптасқан. Уақыт және күнделікті тәжірибе көрсетіп отырғандай, отбасы мәселесі әр үйде әртүрлі дәстүрмен қалыптасады. Өйткені әр отбасының қалыптасқан өзіндік менталитеті бар. Оған қоса, отбасына қатысты ұстанған ерекшеліктері де болатыны белгілі.

Бала күнінен тағдыр тауқыметін тартқан, соғыстан кейінгі қайта құру жылдарындағы қиындықты елмен бірге еңсерген, қоғамдық, саяси қызметтерде қарапайым халықтың ортасында жүрген Байеке Қадіржанов та өз отбасын берекелі, ынтымақты ұстап, балаларын парасатты, инабатты, білімді етіп өсіруге барын салды. Осы тұста өмірдің сан сынағынан сүрінбей өткен Байеке бала, немере сүйген бақытты адам.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез келген адам өмір бойы, құны жете алмайтын «бақыт» деген құдіретті сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытты байлықтан  тапқысы келсе, енді біреулері даңқ пен атақтан , мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Байеке Қадіржановты жар таңдаудан жаңылдырмай, ұрпақ тәрбиесінен адастырған жоқ. Алла оған мейірін төгіп, ақылды да сымбатты Зәйтуна деген жар қосты. Екеуінің өмірі жарасты, сыйластығы мығым болды. Өмірге 3 ұл, 3 қыз әкеліп, білімді, білікті етіп  тәрбиелеп өсірді. Балалары Әлия, Жанас, Тимур, Ғалия, Берік, Әсия әке аманатын ардақтап, ана тәрбиесін кейінгі буынға жалғастырып жүр. Бәрі де жоғары білім алған, таңдаған мамандығының иесі, өсіп-жетілген, ел қатарлы еңбек етіп, әкелерінің атын өшірмей, атағын аспандатып жүрген ұрпақ.

Осы тұста Байеке аға туған баласындай көріп кеткен күйеубаласы Мақсұт Құлжанов жайлы айрықша тоқтала кеткен жөн. Ол дәрігерлік мамандығын алғаннан кейін, жұмысына жауапкершілікпен қарап, аса еңбекқорлық көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлық қызметіне дейін кәтерілген азамат. Медицина ғылымының докторы, профессор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) комитетінің мүшесі, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің іргетасын қалап, тағы да 14 жыл ректор болған. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының ғылыми-зерттеу жөніндегі кеңесінің мүшесі, Европалық және Азия-Тынық мұхиттық Қоғамдық денсаулық сақтау мектептері А

ассоциациясының директорлар кеңесінің мүшесі, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк, Здравплюс, Британдық кеңес, тағы да басқа халықаралық ұйымдармен іскерлік қарым-қатынас жасаған білікті маман.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді дана халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, одан да көп ғасыр жасайды. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп Мыржақып Дулатов жазғандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сондықтан да  саналы ұрпақты тәрбиелеу, оны қоғам мүшесі ретінде таныту кез келген ата-ананың міндеті. Қорыта келгенде, соңында  өшпес  мұраң, ол – өзің тәрбиелеген ұрпағың болуы керек және солай болмақ. Бұл тұрғыдан да Байеке Қадіржан артынан саналы ұрпақ, салиқалы болашақ өсіп, өрбіп келе жатқан тұлға. Немерелері Айжан, Жанар, Тимур, Асан, Омар, Марианна, Зарина, Әлен, Жанна өсіп-жетіп аталарының аруағы жебеп, қазіргі заманға сай тірлік етуде. Шөберелері Айпара, Адель, Аллора, Алия, Лаура, Камила, Адиля, Ерік, Дамир, Алма, Элина, Карим, Камиля, Диана, Амир аталарының салған ізін жарқырата жалғастыратыны анық.

Бұл, Байеке Қадіржанның тұтас өмірінің қадау-қадау тұстары ғана. «Адам адамнан тәлім алады» дегендей, бұл жазбамыз болашағын адамзат өркениетімен, қоғам өзгерісімен, адамдардың парасат-пайымымен ұштастыра өркендетемін деген жастарға ой салса болды.  Біздің мақсатымыз да осы.

Қажет Андас

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 19
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz