Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Білім

Көшбасшылыққа бастар жол

Қазіргі қоғамда дебаттың маңызы ерекше. Жастардың сыни ойлауын дамытып, қоғамдық белсенділігін арттыратын, шешендік қабілеті мен көшбасшылық қасиетін шыңдайтын тиімді алаңда өтетін пікірсайыс кезінде қатысушылар өз ойын нақты дәлелмен қорғап, қарсы тараптың уәжіне сауатты жауап беруге, түрлі көзқарасты салыстырып, қорытынды жасауға үйренеді.

admin
2026/06/02
Білім
0
Көшбасшылыққа бастар жол

Осы бағытта І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College» басшылығының бастамасымен құрылған «Болашақ» дебат клубы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Клубтың негізгі мақсаты – заман талабына сай ойлайтын, адами құндылықты ұстанатын, қоғамдық өмірге белсене араласатын, жауапкершілігі жоғары жастарды тәрбиелеу.

«Болашақ» дебат клубы студенттерді пікірсайыс мәдениетіне баулып қана қоймай, колледжішілік турнирлер арқылы үздік ойыншыларды анықтап, оларды қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыстырып келеді. Соның нәтижесінде колледж студенттері түрлі додаларда жүлделі орындарға ие болып, тәжірибе жинақтауда.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 22 қазанда «Taldyqorgan jastary» филиалының ұйымдастыруымен «Jetisy jastary» орталығында Республика күніне орай өткен дебат ойынында «Zhansugurov College»-нің 222 Бқ тобының студенттері Көркем Әбіл мен Жазира Тункелхан ІІ орын иеленді. Ал 107 Иқ тобының студенті Әнуар Төкен «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.

Сондай-ақ, былтырғы 12 желтоқсанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен «Jetisy jastary» КММ ұйымдастырған «Адалдық менен басталады» атты пікірсайысқа Дильназ Наурызбай, Айнел Байғалиден құралған «Бәйтерек» тобы және Нұрайжан Жапкен мен Кәусар Асылбектен құралған «Эрудит» тобы қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Колледж студенттерінің жетістігі биыл да жалғасын тапты. 2026 жылғы 23 қаңтарда облыстық «Jetisy jastary» орталығы өткізген «Қазақстан Республикасының конституциялық құндылықтары – жастар үшін бағдар» атты дебат турнирінде колледждің құрама командасы жоғары дайындық, құқықтық сауаттылық, нақты аргументация және шешендік қабілет танытып, ІІ орын алып, арнайы диплом және кубокпен марапатталды.

Ал 17 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен «Zhansugurov College» ұйымдастырған «Заң мен Тәртіп» атты облыстық пікірсайыс турнирінде колледж құрамасының ойыншылары Кәусар Асылбек және Айнел Байғали жүлделі І орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, биылғы 22 сәуірде «Jetisy jastary» КММ ұйымдастырған «Саналы таңдау – жарқын болашақ» тақырыбындағы облыстық пікірсайыста «Zhansugurov College»-нің «Білімділер» командасы ІІІ орын иеленді. Бұл турнир жастар арасында құмар ойындарының зияны туралы түсінікті арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағытталды.

Жастар арасындағы пікірсайыс мәдениетін дамыту – білімді, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалыптастырудың тиімді жолы.

Гүлден НАЙМАНБАЕВА,
«Zhansugurov College»-нің «Болашақ» дебат клубының жетекшісі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 9
Өнерге бастар жол
Білім

Өнерге бастар жол

May 28, 2026
Жасанды интеллект және қазіргі білім көмек пе, әлде тәуелділік пе?
Білім

Жасанды интеллект және қазіргі білім көмек пе, әлде тәуелділік пе?

November 4, 2025
Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде
Білім

Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде

October 7, 2025
Білім

ІЛИЯС ОҚУЛАРЫНА 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ТІГІЛДІ

July 18, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz