Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

Мақаншы өңіріндегі тәркілеу науқаны

admin
2026/06/02
Қуғын-сүргін
0
Мақаншы өңіріндегі тәркілеу науқаны

Абай облысының мемлекеттік архивінен алынған бұл құжат Мақаншы ауданында 1928 жылы жүргізілген байлар мен ауқатты шаруаларды анықтау, тіркеу, жазалау және мал мүлкін тәркілеу саясатының нақты көрінісін береді. Құжатта сол кезеңдегі кеңестік биліктің ауыл ішіндегі әлеуметтік топтарды қалай бақылауға алғаны, кімдерді өкіметке жат санағаны, қандай адамдарды саяси қауіпті деп бағалағаны анық байқалады.

Мәтіннің басында Мақаншы аудандық партия комитетінің Семей округтік партия комитетіне жолдаған хаты берілген. Онда аудан ішіндегі байлар, кулактар және өкіметке жат адамдар туралы мәліметтер жіберіліп отырғаны айтылады. Бұл дерек кеңестік биліктің ауылдағы адамдарды тек дәулетіне қарай ғана емес, саяси сенімділігіне қарай да сұрыптағанын көрсетеді. Құжаттағы «жасырын» деген белгі де бұл жұмыстың жай шаруашылық есебі емес, саяси бақылау сипатында жүргізілгенін аңғартады.

Тізімде 159 адамның аты жөні көрсетілген. Олардың әрқайсысына қатысты шаруашылық кірісі, төленетін сомасы, сотпен кесілген жазасы, жер аударылған мерзімі, тәркіленген малы, сот айыбы және әкімшілік айыптары жазылған. Бірқатар адамға екі жыл, үш жыл еркінен айыру, он сегіз ай тұтқын, қара жұмысқа салу, бірнеше жылға жер аудару сияқты жазалар белгіленген. Кейбірінің малы түгелдей тәркіленсе, енді бірінің малының жартысы, үштен екі бөлігі немесе төрттен үш бөлігі алынған. Бұл деректер тәркілеу науқанының адамдарды саяси жағынан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да әлсіретуге бағытталғанын дәлелдейді.

Құжаттан кеңестік биліктің ауылдағы дәстүрлі шаруашылық жүйесін күшпен өзгертуге ұмтылғаны көрінеді. Қазақ қоғамында мал негізгі күнкөріс көзі ғана емес, отбасының тірегі, ел ішіндегі әлеуметтік қатынастың өлшемі болғаны белгілі. Сондықтан малды тәркілеу бір адамның байлығын алу ғана емес, тұтас әулеттің тіршілігін күйрету, ауылдың қалыптасқан тұрмыс жүйесін бұзу деген сөз еді. Бұл саясаттың салдары кейінгі аштыққа, босқындыққа, ел ішіндегі үрей мен сенімсіздікке алып келген ауыр тарихи үдерістермен сабақтасып жатыр.

Құжаттағы ең маңызды тұстардың бірі адамдардың қауіптілік деңгейі бойынша жіктелуі. Мәтіннің соңында тізімдегі бірқатар адамның өкімет жұмысына кедергі келтіру жағынан екінші түрде қауіпті екені көрсетіледі. Ал қалғандары шаруашылық жағынан және өкімет жұмысына кедергі жасау тұрғысынан бірінші реттегі қауіпті адамдар ретінде бағаланған. Бұл кеңестік жүйеде адамның нақты қылмысы емес, оның әлеуметтік тегі, малы, шаруашылығы және билікке ықтимал қарсылығы басты өлшемге айналғанын көрсетеді.

Мәтінде әйел адамдардың да аты аталады. Олардың қатарында «Назар келіні Барқыт», «Жесір қатын Зорап», «Қадиша Смағұл әйелі», «Балқия Тілеу әйелі», «Мәлике Төтеміс келіні» сияқты есімдер бар. Бұл қуғын сүргін мен тәркілеу саясатының тек ер адамдарға ғана емес, тұтас отбасыларға, жесір әйелдерге, әулет мүшелеріне де ауыр салмақ салғанын аңғартады. Демек, кеңестік саясат жеке адамды ғана емес, белгілі бір әлеуметтік топты түгелдей нысанаға алған.

Құжатта астық дайындау науқаны да бірнеше рет аталады. Бұл кездейсоқ емес. 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басында астық дайындау, ет дайындау, мал мүлкін тәркілеу және күштеп ұжымдастыру науқандары бір бірімен тығыз байланыста жүргізілді. Кеңестік билік ауқатты шаруаларды ауылдағы экономикалық тірек ретінде емес, саяси қарсылас ретінде танытты. Осылайша, шаруашылық міндеттемені орындамау немесе билік талабына толық бағынбау «өкімет жұмысына кедергі» деген айыпқа ұластырылды.

Тізімдегі жазалау түрлері де сол кезеңдегі әкімшілік және сот жүйесінің саяси науқанға тәуелді болғанын байқатады. Бір адам сотталған, екінші адамға әкімшілік айып салынған, үшіншісі жер аударылған, төртіншісінің малы тәркіленген. Кейбір адамдарға осы шаралардың бірнешеуі қатар қолданылған. Бұл жағдай жаза жүйесінің әділет өлшемінен гөрі таптық саясатқа көбірек сүйенгенін көрсетеді.

Мәтіндегі «тәркіленген», «еркінен айырылған», «жер аударылған», «қашқын» сияқты сөздердің өзі сол дәуірдің ауыр тынысын сездіреді. Әсіресе «қашқын» деген белгі адамның жазадан, тәркілеуден немесе жер аударудан бас сауғалауға мәжбүр болғанын аңғартады. Мұндай атаулардың артында бір ғана адамның емес, бүтін бір отбасының тағдыры, туған жерінен айырылған әулеттің қасіреті, малынан, мекенінен, ел ішіндегі орнынан айырылған халықтың зары жатыр.

Бұл құжаттың тарихи маңызы өте жоғары. Себебі онда Мақаншы өңіріндегі тәркілеу саясаты нақты адамдардың аты жөні арқылы көрініс тапқан. Әрбір есім жеке тағдырды білдіреді. Әрбір көрсетілген айып пен тәркіленген малдың артында бір шаңырақтың күйзелісі жатыр. Сондықтан мұндай архивтік деректерді ғылыми айналымға енгізу, аты аталған адамдардың өмір жолын анықтау, ұрпақтарымен байланыс орнату және олардың тағдырын тарихи әділет тұрғысынан қайта бағалау аса маңызды.

Сараптай келгенде, бұл құжат кеңестік биліктің қазақ ауылындағы дәстүрлі шаруашылық құрылымды күшпен өзгерткенін, ауқатты адамдарды «тап жауы» ретінде көрсетіп, олардың мал мүлкін тартып алғанын, тұтас отбасыларды саяси және әлеуметтік қысымға ұшыратқанын айғақтайды. Мақаншы өңіріндегі бұл тізім сол кезеңдегі қуғын сүргіннің жергілікті деңгейде қалай іске асқанын көрсететін құнды тарихи дерек болып саналады.

Мұндай құжаттарды жариялау өткенді қаралау үшін емес, тарихи ақиқатты қалпына келтіру үшін қажет. Жазықсыз жапа шеккен адамдардың есімін түгендеу, олардың тағдырын зерттеу және ұрпақ жадында сақтау елдік сананың маңызды бөлігі. Өйткені тарихтағы әрбір әділетсіздік айтылмай қалса, ұлт жадындағы жара жазылмайды. Ал ақиқатқа негізделген зерттеу ғана өткеннің ауыр сабағын бүгінгі ұрпаққа тағылым етіп жеткізе алады.

Құжаттың түпнұсқасы араб қарпінде жазылған. Аударған Қажет Андас.

 

Мақаншы ауданындағы бай және кулақ, өкіметке жат кулақтардың ашық науқандарда қолданылған шарасы

1928 жыл

 

Жалпы одақтық коменис (балшевиктер) әрмиясы Мақаншы  аудандық комитеті, Семей облысы  Таңбасы қойылған

Жасырын

Семейдің округтік партия комитетіне Осымен бірге жіберіледі Мақаншы Мақаншы ауданындағы байлар  кулактардың, өкіметке жат адамдардың тізімі.

Қазіргі уақытқа дейінгі біздегі бар мәліметбойынша және қалғандары болсаауылдағы комунист уәкілдер артқан, жасырынған  байлар болса ашық жағын қарастырып жатыр.  Егер тағы ашылса қосымшатүрде жіберіледі.

Ау партком затшысы Берғали.

30 януар 1928 г

№ 23

Мекен-жайы: жазу анық емес.

 

 

 

Қатар саны

 

 

Байдың аты, әкесі

Байлығы Сотпен кесілген жазалары

 

Шаруасының кіріс сомасы Төлейтін сомасы Бас жазасы Жер аударылған неше жылға Кампескеленген мал-мүлкі Сотпен кесілген айып Әкімшілік жөнінде салынған айып
1 Әміреұлы Нұрғазы 1303-25 277-65 Екі жыл тұтқын 3 Қолындағы малының 4/3 бөлігі, – –
2 Қамзашолақұлы Сыдық 5751 1613-60   – 40 қой, 1 ат, 1 сиырдан басқа ұсақ малы бар 2400 р –
3 Кенеұлы Нығмет   268-5 – – – – 11 р
4 Қамзашолақұлы Кәкімсейіт 1211 1207-35 – 8 50 қой, 4 қарадан басқа бар малы – –
5 Қамзашолақұлы Әмірсейіт 4421-35 795-15 Екі жыл еркінен айырылған 8 10 қой, 2 қарадан басқа малы – 750 р
6 Масулұлы Рақыжан 3027-50 1247-85 Екі жыл еркінен айырылған 8 40 қой, 2 қарадан басқа бар малы – 725 р
7 Масулұлы Серікбай 4497-00 1027-65 Екі жыл еркінен айырылған 8 40 қой, 2 қарадан басқа 3035бар малы – 1055 р
8 Сүлейменұлы Базарбай 3703- 529-35 Екі жыл еркінен айырылған – 40 қо38й, 3 қарадан- басқа бар малы – –
9 Сүоейменұлы Темірбек 2141-50 352-25 – – – – 3035
10 Баданұлы Абдылда 1475-25 281-25 Екі жыл еркінен айырылған 8 50 қой, 2 қарадан басқа бар малы – 38
11 Баданұлы Әміре 1254-75 529-95 – – – – –
12 Әміреұлы Әмірғұмар 1497-50 854-15 Екі жыл еркінен айырылған – 40 қой, 3 қарадан басқа бар малы – –
13 Манақбайұлы Омар 985-25 200-25 – – – – 1125
14 Текейұлы Ырымжан 1939 456-45 Екі жыл еркінен айырылған 8 50 қой, 2 қарадан басқа бар малы – –
15 Төкенұлы Бижан 937-50 185-25 – – – – –
16 Жашыұлы Байтұғыр 1259- 299-75 – – – – 2130 р
17 Ахметұлы Еркебала 1238-50 264-215 – – – – 2250
18 Қожамқұлұлы Жұмақан 1625-75 368-85 – – – – –
19 Ақмолдаұлы Далабек 1240-25 958-85 – – – – 2625
20 Мүкіұлы Бекен 1553-50 283-25 – – – – 1125
21 Назар келіні Барқыт 1336 311.85 – – – – 1125
22 Үсенұлы Зайбан 1106 250-5 – – — – 1350
23 Мансулұлы Маусымбай 1641-50 464-55 – – – – 1125
24 Мансулұлы Мақұлжан 1430 345-75 – – – 1200 250
25 Жесір қатын Зорап 1444 383-45 – – – – 1500
26 Жаншыбекұлы Тұқыр 882-75 169-65 2 жыл елінен айыру 8 жылға аударылған Малының жартысы канпескеленген – –
27 Назарбекұлы Жақия 1006-25 188-55 – – Малының барлығы – –
28 Қырымжанұлы Садақбай 802-50 163-65 – – – – –
29 Бегжанұлы Исажан 778-50 114-45 – – – – –
30 Райымжанұлы Садық 1022-50 223-65 – – – – –
31 Жадыраұлы Абдолда 1386 320-65 – – – – –
32 Жубақұлы Бекқожа 855-75 173-55 – – – – –
33 Отарбекұлы Байтоқ 910 141-75 – – – – –
34 Орысбайұлы Мизамбек 793 130-65 – – — – 160 р
35 Алмасұлы Омар 1000-50 211-05 – – -443 б, 35 н – –
36 Омарұлы Қанабек 2010-75 514-05 – – –   1250 р
37 Балғынбайұлы Ашман 1024 217-75 – – – – –
38 Райымжанұлы Нұғымар 914-75 179-25       – –
39 Бейісжанұлы Сүлеймен 1167-25 235-35         –
40 Ахметұлы Мәдек 1532-50 364-35 – – – – 337 р 50 к
41 Башбайұлы Шабдан 762-75 203-25 – – – – 183 р
42 Қасенұлы Қатдебек 1746-50 133-95 – – – – –
43 Жақыпұлы Иманғали 805- 154-5 – – – – –
44 Мақыпұлы Байжан 769-50 201-75 – – – – –
45 Дәнекеұлы Абдырахман 983-50 184-5 – – – – 30 р
46 Есқараұлы Есенаман 1141- 275-55 – – – – –
47 Қаймақбайұлы Құрман 1896-50 317-55 – – — – –
48 Қадиша Смағұл әйелі 1252 299-95 – – – – –
49 Саңқайбекұлы тәуекел 1686-75 950-35 – – –   –
50 Анарбекұлы Асқар 868 165-15 – – – – –
51 Иса Тілеуліұлы 1095-75 227-55 3 жылға кесілген – 3 қарадан басқа бар малы – 75 р
52 Әділбекұлы Молжігіт 1347-25 296-33 3 жылға кесілген – 3 қарадан басқа бар малы – 946 р 75 к
53 Қызырбайұлы Бекмұрза 1114-25 227-25 3 жыл еркінен – 3 қарадан басқа малы – 710 р
54 Балқия Тілеу әйелі 724 127-95 – – – – –
55 Оңсабекұлы Әли 1143- 283-65 – – – – 318 р
56 Егеубекұлы Нұғымар 906-25 164-55 – – – – 300 р
57 Мұқаметқанұлы Қапсамет 828-50 141-45 – – – – –
58 Мұқышбай Бекбосынұлы 3909- 1113-45 3 жыл еркінен – 20 қой, 3 қарадан басқа малы – 1224 р
59 Сарыазбанұлы Назар 1383-75 323-93 – – – – –
60 Бекбосынұлы Бікен 747-93 283-65 – – — – –
61 Доңшыұлы Омар 767 141-15 3 жыл еркінен – Малының 4/2 бөлігі – 1485 р
62 Дүйсекеұлы Ыбырайым 1163-25 259-65 – – –   –
63 Ыдырышұлы Шонжар 1106 206-85 – – – – –
64 Тышқанбайұлы Сақаржұма 1132-25 238-35 –   –   -141 р
65 Нүсіпбайұлы Кекебек 1037-75 204-15 –   –   –
66 Олжаұлы Құлжбек 1214 266-25 –   –   140 р
67 Шағанұлы Кабе 1597-75 426-15 – – – – 119 р80к
68 Қаледеұлы Шабдан 1146-25 266-85 – – – – 92 р3 к
69 Жақыпұлы Мұқаметхан 669-75 117-95 – – – – –
70 Молдабекұлы Мұқыш 975-15 376-35 – – – – –
71 Молдабекұлы Биселеу 1858-25 474-35 18 ай тұтқында – Барлық малы канаескеленді – –
72 Иманұлы Тазабек 1619-40 360-45 – Аягөз ауданына жер ауған – 500 р 260 р
73 Төтемісұлы Құрманғазы 2567-25 614-85 2 жыл тұтқында – Барлық малы канпескеленді – 1730 р
74 Мәлике Төтеміс келіні 1370-80 365-55 – – – 150 р –
75 Балдекеұлы Әділбек 717-50 120-19 — – – – –
76 Қалдайұлы Абдырахман 765-25 142-05 Қашқын – – – –
77 Кешінбекұлы Сылдырбек 1277- 275-85 – – Малының 3/2 канпескеленді – –
78 Кенішбекұлы Қызғынбек 929-50 192-75 1 жыл еркінен – Малының 3/1 канпескеленді – –
79 Ахметжанұлы Қалипан 1375 353-25 – – – – 450 р
80 Тілекбекұлы Қастан 223-50 238-95 – – – – 2000 р
81 Халықбекұлы Қойкелтір 1676-50 401-85 – – – – 300 р
82 Бекбауұлы Молдабек 1274 298-95 Қашқын – – 695 р –
83 Ысқақ Баянбайұлы 1333-50 310-95 – – – – –
83 Тілеубекұлы Омар 2257-50 576-15 1 жыл еркінен – 50 қой, 4 қарадан басқа малы – –
84 Исаұлы Қтмадыл 1809 485-45 – – Малының 4/1 канпескеленген – –
85 Қоржымбекұлы Сағит 2193-25 541-65 – – – 1300 р –
86 Тұтқышұлы Тұрлыбек 1860-25 424-75 1 жыл еркінен – 50 қой, 4 қарадан басқа малы — –
87 Тұрлыбекұлы Абылаш 2831-25 574-35 1 Жыл еркінен – 50 қой, 4 қарадан басқа малы – –
88 Мырзалиденұлы Сәлімгерей 1674-25 992-85 – – – – –
89 Сабырбекұлы Қадыр 1886- 464-55 – – – – –
90 Жылқышыұлы Шынар 1362-75 325-64 – – – – –
91 Садықұлы Қиялбай 1363-25 307-65 – – – – –
92 Қыдырбекұлы Мұқыш 1244-25 254-55

 

– – – – –
  93 Молдаұлы Қазынбай 1074 226-05 – – – – –
  94 Атамбекұлы Қасен 1640-50 391-05 – – – – –
  95 Шаншарбекұлы Мұсабек 1313-75 312-05 – – – – –
  96 Жесір әйел тәтті бала 1515-50 341-55 – – – – –
  97 Шегебекұлы Тырақмет 1701-75 154-05 – – – – –
  98 Дәулетбекұлы Абдырасыл 857-75 174-15 – – – – –
  99 Қарымсақұлы Ордабай 785-25 164-55 – – – – –
  100 Қарадоржыұлы Рамадан 1148 233-55 – – – – –
  101 Қосалұлы Жақып 1135-75 215-55 – – – – –
  102 Талғамбекұлы Сейітқазы 1379-25 306-15 –   – – –
  103 Аксебекұлы Үсен 710-55 124-05   – – – –
  104 Байжұмаұлы Сүйінші 974-75 169-63 – – – – –
  105 Шакұлы Ереже 1321-25 275-55 – – – – –
  106 Саялыұлы  Мақажан 1016-25 209-55 – – – – –
  107 Саялыұлы Ақажан 1016-25 205-35 – – – – –
  108 Қоспақұлы Жектебал 1121-25 223-05 – – – – –
  109 Қамзаұлы Сая 1468-25 309-75 – – – – –
  110 Таманұлы Аблез 1209-25 261-45 – – – – –
  111 Шотаұлы Өгеп 1004-50 206-25 – – – – –
  112 Тастамбекұлы Сияқ 885- 182-25 18 ай тұтқын – – – –
  113 Сиқымбайұлы Нұрқасым 844-75 172-25 – – – – –
  114 Жұманұлы Тілеулі 1767-75 139-05 – – – – –
  115 Санабекұлы Мақаш 746-90 164-85 –   – – –
  116 Қаратұрықұлы Рақым 2644 637-42   – – – –
  117 Рақымұлы Өнербай 2302 613-35 18 ай тұтқын 4 жылға жер аудару Малының 3/2 бөлігі канпскеленді – 1023
  118 Бердібекұлы Ақбар 6754 1763-10 – – – – –
  119 Шоқаұлы Қазым 2465-05 592- – – – – –
  120 Қарақожаұлы Қонысбек 1998-50 498-95 – – – – –
  121 Қарақожаұлы Қарамсақ 1953-75 490-95 – – – – –
  122 Шегебекұлы Көксеген 972 428-85 – – – – –
  123 Тастамбекұлы Сқақ 1536-50 365-85 18 ай тұтқын 4 жыл жер ауған Малының 3/2 бөлігі канпескеленген – –
  124 Әбішұлы Мұқажан 1698-75 420-45 18 ай тұтқын 4 жыл жер ауған 15 қой, 2 қара канпескеленген – 1500 р
  125 Інжіұлы Сиқымбай 2238-25 548-80 – – – – –
  126 Байжұмаұлы Тастамбек 1654-50 389-25 – – – – –
  127 Сәрсембекұлы Ыбырай 1624- 379-95 – – – – –
  128 Щегебекұлы Ядан 3423 975-30 18 ай тұтқын 4 жыл жер аудару Малының 4/2 бөлігі канпескеленген. – 200 р
  129 Көмекбайұлы Жапкен 1680 402-75 18 ай тұтқын 4 жыл жер аудару Малының 4/3 бөлігі канпескеленген – –
  130 Намазбекұлы Мұса 1466 338-55       – –
  131 Далбайұлы Қабдолда 2346-25 620-55 1 жыл қара жұмыс Қарақол ауылына жер ауған Малының жартысы канпескеленген – 500 р
  132 Қызырбайұлы Кесекбай 1410-50 322-15 1 жыл қара жұмыс Қарақол ауылына жер ауған Малының жартысы канпескеленген. – 350 р
  133 Төкеұлы Даниярбек 1819-50 660-65 – Қарақолға жер аудару – 750 р –
  134 Төленұлы Кеңесбай 1319-50 294-75 – Қарақолға жер аудару – 750 р –
  135 Абдулұлы Білембай 959- 192-45 – – – – –
  136 Байбатшаұлы Шабанбай 950-23 201-75 1 жыл қара жұмыс Қарақолға жер аудару Малының жартысы канпескеленген – –
  137 Сылқымбайұлы Қызған 1364-50 302-25 1 жыл қара жұмыс Қарақолға жер аудару Малының жартысы канпескеленген – 520 р
  138 Табыкенұлы Бұрақан 718-75 126-45 – – – – –
  139 Әбішұлы Сқақ 910- 177-75 – – – – 450 р
  140 Мерекеұлы Қордабай 885-50 164-55 – – – – –
  141 Апсаламұлы Құсыли 793-50 136-65 – – – – –
  142 Қалембетұлы Еділбай 588-50 177-45 – – – – –
  143 Әбішұлы Сортбай 1246-75 271-65 – – – – –
  144 Салқынбекұлы Бөкетай 1091-87 271-65 – – – – 240 р
  145 Мамырбек Мақажанұлы – – – – – – –
  146 Дүйсенмбекұлы Қабдылда 85- – 2 жыл- тұтқын Қашқын – – –
  147 Бекбердеұлы Сүлеймен 396 18-15 –   –   –
  148 Ақжомарт Қасымұлы 259-50 12-75 –   –   –
  149 Бақтиярұлы Қожеке 274 21-55 – – – – 105 р 75к
  150 Рамазан Мұқаметжанұлы 351 20-95 3 жыл тұтқын жазасы     200 р –
  151 Орысбайұлы Байбол 345 19-75       –  
  152 Сқақ Бұқашұлы 344-50 27-70 – – – – –
  153 Ережеп Алияқпарұлы 61 – – – – –  
  154 Шалтайұлы Кеппай 66   – – – – –
  155 Қаймақпайұлы Уәйіс 602 69-07 – – – – –
  156 Адылжан Бекжанұлы 232-50 7-85 – – – – 110 р
  157 Бөгіс Басболатұлы 213- – 18 ай тұтқын – – – –
  158 Нұрболат Берденұлы 378 18-95 18 ай тұтқын – – – 157 р
  159 Жақыпбек Көкімбайұлы 313-50 12-85 18 ай тұтқын – Малының жартысын канпескелеу – –
  Осы тізімдегі 159 адамның төмендегі нөмермен көрсетіліп,

аты аталғандар байлардың ішіндегі мінез жүзінде өкімет

жұмысына кедергі жұзіндегі қауыптылығы екінші түрде

деп саналады. Басқа аты аталмағандар қауіптілігі аса ауыр емес.

Шаруашылық жағынан қауіптылығы бар.

Олар мыналар: 1,2,3,4,5,6,7,8,25, 31, 32. 39, 44, 45, 46, 47

Мұғы Әбкенұлы

Жесір қатын Рдроба

Жадыраұлы Абдолда

Жұбайұлы Бекқожа

Бейсжаұлы Сүлеймен

Мақыпұлы Байжан

Тәнекеұлы Абдырахман

Есқараұлы Есенаман

Қаймақбайұлы Құрман

10. №48 Смағұл әйелі Қадиша

11. №54 Тілек әйелі Сәбек

12. №56 Егеубайұлы Нұғыман

13. №62  Дүйсекеұлы Ыбырайым

14. №63  Ыдырысұлы Шонжар

15. №65  Досбайұлы Кекебай

16. №64  Тышқанбайұлы Сақаржұма

17. №66  Улияұлы Құлжатай

18. №67  Шағанұлы Қабе

19. №75  Балдекеұлы Алдебек

20. №76  Абдрахман Қалдауұлы

21. №79  Абдрахман әйелі Қалипан

22. №80  Жылқыбайұлы Көбеш

23. №84  Исаұлы Ғимади

  24. №87 Рысбайұлы Мысалбай

Жоғарыдағы 24 адамнан басқалары шаруашылық жөнінен және өкімет жұмысына кедергікелтіруде бірінші реттегі қауіпті адамдар.  Және олардың қауыптылығы қай жағынан болса да астық дайындау науқанында қолданған жазалардан кейін де, қауіпті адамдар деп саналады.  Және канпескелеуден қалған шаруашылық, мал-мүліктері кеміді деуге болмайтындықтары бар.

Аупарткомхатшысы қолы (түсініксіз)

1930. 30/І

Қазақстан жалпы одақтывқ коменес баолшевиктер партиясы Шыңғыстай

аудандық комитеті Семей облысы

1/ІІ/1930

№39/с

 

Семей округ парткомына!

 

Сіздің 58/а-санды телеграм сұрағыңыз бойынша аудан ішіндегі  бай шаруалармен оларға жуық саяси қауіпті деп танылған  157 адамның тізімін жіберіп, сол тізімнің ішінде әр  қайсысының негізгі саяси қауіптерді көрсеттім.

Жәнеде астық дайындау науқанына дейінгі  шаруаларыныңда жайы көрсетіледі.

Ал, астық  дайындаудан кйеінгі шаруасының жайы турасындағы керекті мәлімет тез арада осыған қосымша ретінде жіберіледі. Сонымен астық дайындау және басқа жұмыстардың  уақытында жоғарыдағылардың қаншасы сотқа  тартылып, қандай жаза бұйырылғаны тұрасындағы  бір дана мәлімет тізім бірге жіберілді. Барлық қағаз «12» дана.

Аудан партком хатшысы А. Өлекұлы. Қолы қойылған

 

Дереккөз: Абай облысының мемлекеттік архиві

Түп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 19
1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?
Қуғын-сүргін

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026
Өзге ұлт өкілдерінің тағдыры
Қуғын-сүргін

Өзге ұлт өкілдерінің тағдыры

June 1, 2026
Босқындық тізімінің астарындағы тарихи шындық
Қуғын-сүргін

Босқындық тізімінің астарындағы тарихи шындық

May 26, 2026
Бір ауылдың босқыншылық шежіресі
Қуғын-сүргін

Бір ауылдың босқыншылық шежіресі

May 18, 2026
Босқындарды орналастыру және оларға жәрдем көрсету жөніндегі ТүркЦИК Арнайы комиссиясының Глеков жасаған тізімдері
Қуғын-сүргін

Босқындарды орналастыру және оларға жәрдем көрсету жөніндегі ТүркЦИК Арнайы комиссиясының Глеков жасаған тізімдері

May 13, 2026
Қытайдан өтіп тұрғылықты жеріне жіберілген босқындардың тізімі 1921 жыл
Қуғын-сүргін

Қытайдан өтіп тұрғылықты жеріне жіберілген босқындардың тізімі 1921 жыл

May 12, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz