Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

admin
2026/06/03
Тұлғатану
0
Ұстаз ананың хаты

Қадірлі ұстаз, аяулы ана Қаламқас Маймақованың есімі Кенен ауылының тұрғындары үшін қашанда құрметпен аталады. Ол ұзақ жылдар бойы ауыл мектебінде математика пәнінен сабақ беріп, саналы ғұмырын бала тәрбиесі мен білім беру ісіне арнаған жан. Қаламқас апай шәкірттеріне тек есеп шығаруды ғана үйреткен жоқ, адалдықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекті қадірлеуді де бойларына сіңіре білді.

Ұстаздық жолды өмірлік мұрат еткен ардақты ұстаздың әр сабағы тәртіп пен талапқа, адамгершілік пен тазалыққа негізделген еді. Оның бойындағы қарапайымдылық, еңбекқорлық, кісілік келбет талай ұрпақтың жадында сақталып қалды. Осындай өнегелі жанның өз қолымен жазып қалдырған естелік хатын оқи отырып, оның өмір жолы бір адамның тағдыры ғана емес, тұтас бір дәуірдің, ауыл өмірінің, ұстаздық пен аналық мейірімнің айнасы екенін аңғарасың.

Кейіпкеріміз өз хатында алдымен ата-анасы туралы тебірене жазады. «Әкем Тілеубердиев Маймақ, жешем Әштай Жамбыл облысы, Красногор ауданы Иірсу ауылында тұрды. Ата-аналарым мал шаруашылығын дамытуға айрықша үлесін қосты. Еңбегі үшін әкем «Еңбек қызыл Ту» орденімен наградталды. Колхоз басқармасының орынбасары қызметіне көтерілді, бірнеше медальдарға ие болды», деп еске алады.

Бұл жолдардан қарапайым еңбек адамының ел алдындағы абыройы, соғыстан кейінгі ауыр кезеңдегі ауыл тіршілігі, ата-ананың бала бойына сіңірген өнегесі айқын сезіледі. Елдің соғыс зардабынан қиналып тұрған шағында да еңбекке адалдық, елге қызмет ету, отбасы мен жұрт алдындағы жауапкершілік басты құндылық болды. Ұстаз ананың кейінгі өмір жолындағы табандылық пен еңбекқорлықтың бастауы да осы отбасылық тәрбиеде жатқандай.

Ол 1944 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1950 жылдың желтоқсанына дейін білім алады. Кейін әке-шешесі ел-жұртымен бірге болуды қалап, Соғандыға көшеді. 1951 жылы 7 сыныпты Соғандыдан бітірген естелік иесі Алматыдағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищеге түсіп, оны үздік дипломмен аяқтайды. Содан кейін Қордай ауданының Блоговешенко, Соғанды ауылында мұғалім болып еңбек етеді.

Ұстаздық жолын таңдаған жас маман білімін әрі қарай жалғастырып, 1968 жылы Алматыдағы Абай атындағы пединститутты бітіреді. Сол жылдан бастап Кенен ауылындағы мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады. Өз ісіне адал, шәкірт тәрбиесіне жауапкершілікпен қараған ұстаздың еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол «Көп жылғы адал еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан Жамбыл облыстық атқару комитетінің шешімімен және тағы басқа медальдармен марапатталдым», деп жазады.

Қаламқас апайдың өміріндегі тағы бір маңызды кезең – Кенен ауылына келін болып түсуі. 1968 жылы осы ауыл мектебінде математика пәнінен сабақ беріп жүрген кезінде Санақ есімді азаматпен шаңырақ көтеріп, Ботабек әулетінің келіні атанады. Бұл әулет ауыл ішінде сыйлы еңбегімен танылған, елге қадірлі отбасы болған. Кейіпкеріміз өз хатында қайын атасы туралы да ерекше құрметпен жазады. Қайын атасы Ұлы Отан соғысынан «Қызыл жұлдыз» орденімен, ерлігі үшін медальдармен, ал бейбіт дәуірде еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталған жан еді.

«Осындай өнегелі отбасына келін болып түсу мен үшін үлкен жауапкершілік болды», дейді ұстаз ана. Расында, келін болып түскен шаңырақтың салты мен сыйластығын сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отбасының берекесін келтіру – қазақ әйелі үшін қашанда үлкен сын. Қайын атасы мен енесінің тәрбиесі, олардың өмірге деген көзқарасы жас келінге көп нәрсе үйретеді. Сол шаңырақта ол сыйластық пен еңбектің қадірін терең түсінеді. Бүгінде сол бір кезеңдерді еске алғанда, оның жүрегіне жылылық ұялайтыны да сондықтан.

Естелік иесінің жазбасындағы ең әсерлі тұстардың бірі – қазақтың атақты ақыны, дархан даланы асқақ әнімен тербеткен, көңілді күйге бөлеген, халқымыздың талантты, айтулы әншісі, көрнекті композиторлар дәстүрін ілгері дамытқан өнерпаз, сал-серінің соңғысы Кенен Әзірбаев туралы айтқан сырлары.

Қаламқас апайдың жазуынша, олардың көршісі Кенен Әзірбаев атамыз болған. Жоқшылық пен кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан Кенен ата өзі сүрген ортаның озық дәстүрінде тәрбиеленіп, Шөже мен Жамбыл, Сарбас пен Ноғайбай сияқты өнерпаз жақсылардан өнеге алған. Бұл жайында апайымыз атаның айтқан әңгімелері мен естеліктерінен көп байқағанын жазады.

Тағдырдың бір қызығы, ұстаз ана Кенен ата тұрған Иірсу ауылында өмірге келген. Кенен атаның қызы Төрткенмен бірге жүріп, балалық шағын өткізген. «Атамыздың үйі мен біздің үйдің арасында үй жоқ, іргелес еді», деген жолдар балалық күндердің жылы көрінісін көз алдымызға әкеледі. Кейін өзі Кенен ауылына келін болып түскенде, Кенен атаның үйге арнайы келіп, «орның құтты болсын, сен келін емессің, қызымсың» деп маңдайынан сүйгені Қаламқас апайдың есінде өмір бойы сақталып қалған.

Бұл бір ғана жылы сөз емес, үлкен жүректі адамның батасы, ақ тілеуі, жас келінге көрсеткен әкелік мейірімі еді. Естелік иесі Кенен атаның қолында кішкентай домбырасы бар, аяңдап басып келіп, «қаймақ қатқан, қызыл күрең шай ішуге келдім» дейтінін ерекше сағынышпен еске алады. Ол кезде үй иелері атаны құшақ жая қарсы алып, бар жақсысын алдына жайып, өткен-кеткен әңгімесін тыңдап, шай құйып беретін.

Кенен ата жас келінге отбасының ұйтқысы бола білуді, кеш жатып, ерте тұруды, пейілі кең, дастарханы мол болуды, адалдықты, жақсы келіндерге тән үлгі мен өнегені үнемі айтып отырған. Бұл өсиеттердің бәрі ардақты ұстаздың өмірлік ұстанымына айналды. Қазақы тәрбиенің терең мәні де осында. Бір ауыз ақыл, бір сәттік әңгіме, үлкеннің батасы адам өміріне бағыт беріп, болашағына із қалдырады.

Апайымыздың естелігінде Кенен атаның еңбекқор бейнесі де ерекше суреттеледі. Атаның қасқа атына мініп шыққан кездегі отырысы, қамшысын сермеуі өзгеше көрініс болған. Ауласында жоңышқа өсіріп, шалғыны құлаштай сермеп шөп шапқанын ол қызыға қарап тұратын. Бір күні тамақ дайын болған кезде: «Ата, үйден түскі ас ішіңіз, шаршадыңыз ғой», дейді. Сонда Кенен ата: «Оның рас, бір қатар ғана шабатын жер қалды, бірақ шаршап та қалыппын», деп жауап береді. Қаламқас апай атаны жуынуға жіберіп, сол қатарды өзі шауып бітіреді. Осылайша атаның алғысы мен батасын көбірек алады.

Бұл шағын ғана оқиғада үлкен тағылым бар. Онда келіннің еңбекке бейімділігі, үлкенге деген құрметі, үй ішінің берекесін ойлаған ақ пейілі көрінеді. Ал Кенен атаның ризалығы мен батасы – жас келіннің өмір жолындағы ең қымбат рухани сыйдың бірі.

Ұстаз ана Кенен Әзірбаевтың шаңырағына Қазақстаннан ғана емес, туысқан республикалардан да көп қонақтар келетінін жазады. Сол қонақтарды Дина келінімен бірге талай жүгіріп күтіскен. Бұл да ауыл өмірінің, өнер адамының айналасындағы елдік сыйластықтың, қазақы қонақжайлықтың бір көрінісі. Кенен атаның салған әсем әндері, қоңыр үні Қаламқас апайдың құлағынан әлі күнге дейін кетпегендей әсер қалдырған.

Ұстаз ананың хаты – өткен өмірдің жай ғана баяны емес. Бұл хатта еңбек адамының тағдыры, соғыстан кейінгі ауылдың тіршілігі, ұстаздық жолдың жауапкершілігі, келіндік тәрбиенің салмағы, Кенен Әзірбаевтай алып тұлғаның адамдық болмысы қатар өрілген. Ардақты ұстаздың естелігі арқылы біз бір дәуірдің тынысын, бір ауылдың рухани әлемін, бір әулеттің өнегесін танимыз.

Қаламқас Маймақованың есімі Кенен ауылының тарихында қадірлі ұстаз, аяулы ана, өнегелі келін, еңбекқор жан ретінде сақталады. Ал оның өз қолымен жазып кеткен естелік хаты кейінгі ұрпаққа өткенді құрметтеуді, үлкендердің өмір жолынан үлгі алуды, адал еңбек пен адамдық қасиетті жоғары қоюды үйретеді.

Мұрат Кененов,
К.
Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінің әдіскері

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 20
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Тұлғатану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

May 26, 2026
Тағылымды тағдыр
Тұлғатану

Тағылымды тағдыр

May 13, 2026
«Апа, сен болмасаң»
Тұлғатану

«Апа, сен болмасаң»

May 12, 2026
Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи
Тұлғатану

Тарих және ағартушы Мұрат Рәмзи

May 12, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

May 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz