Бұрынғы заманда әлемге аты әйгілі теміршілердің пірі – Дәуіт пайғампар деген кемеңгер ұста өткен екен. Ол қызған темірді жалаңаш қолымен ұстап соға береді екен.
Ол өнері арқылы атағы жалпақ елге жайылып, халықтың құрметіне бөленіпті. Дәуіт құдіреттің кереметімен зерделі де зерек адам болып, өз өнерін кейінгі ұрпақтарына қалдырып кету үшін 200-ден астам шәкірт тәрбиелеп, өнерін оларға үйретіпті. Күндердің бірінде ол шәкірттерін байқап көру үшін үстіне жаман киім киіп, қолына сынған темірдің бір паршасын ұстап, әрбір шәкіртінің алдына барып:
– Мына темірден бір сайман соғып беріңдер, – дейді екен.
Бірақ шәкірттерінің көбі оның алба-жұлба түріне қарап:
– Алжыған ақымақ шал, осы темірден сайман соғуға қалай болады? – деп дүкендерінен шығарып жібереді екен.
Ал Дәуіт сонша жыл тәрбиелеген шәкірттерінің кісі талғайтын жаман істеріне кейіп:
– Асқанға – тосқан бір кездеспей қоймайды. Естеріңде болсын, темірші болсаң ұстазыңды ұмытпа, шәкірт болсаң ұстазыңды ұмытпа, адам болсаң тегіңді ұмытпа, – деп, артына бұрылып, жүріп кеткен екен.
Осыдан кейін ұстаздарын ренжіткен шәкірттері қызған темірді қолымен ұстап тұрып, соға алатын өнерлерінен түгел ада болып, жан бағулары қиынға түсіпті.
Олар ойлай-ойлай әлгі шалдың айтқан сөзі естеріне түсіп, Қызыр ғалейһиссалам пайғампарды іздеп тауып, одан ақыл-кеңес сұрапты. Қызыр ғалейһиссалам:
– Ол қарт сендерге бекер келген ақсақал емес, сөз төркініне қарағанда, ол сендерді тәрбиелеген Дәуіт ұстаздарың екен. Сендерді сынап келген көрінеді. Сендер елге қайырымсыздық істегендіктен, ол ашуға шыдамай ел кезіп кеткен болу керек, – депті. Және: – Сендер оны табамын десеңдер: «Темірші болсаң көмірді ұмытпа!» деген өсиеті бойынша, әрбір жол тораптарына көмір шашып, байқасаңдар болады. Кімде-кім келіп көмірді жинаса, сол Дәуіт ұста болады. Себебі ол өз өнерінің жағына – көмірді көргенде қайқашанда одан аттап кете алмайды, – дейді.
Дәуіттің шәкірттері Қызыр пайғампардың айтқаны бойынша істеп, Дәуіт ұстазын тауып алады да:
– Ұстаз, сіздің қадір-қымбатыңызды білмеппіз. Сіз үйреткен темірді қолмен ұстап соғу өнерінен айырылдық, – депті. Дәуіттің аяғына бас ұрып, Дәуіт шәкірттерінің қолының сыртымен қағып:
– Олай болса, иттің аяғына қараңдар! – дей салып, жүріп кетіпті.
Шәкірттер Дәуіттің бұл сөзіне түсіне алмай, тағы да Қызыр пайғампарға барыпты. Ол:
– Ай, ақымақтар, «Итке қара» дегені – сендер иттік істедіңдер, солай болса да, сендердің темір соғып, жан бағуларыңды ойлап, сүйек мұжыған иттің аяғына қарап, «Қышқаш жасап алыңдар» дегені емес пе?! – депті.
Содан кейін шәкірттері сүйек жүрген алуан түрлі қышқаштарымыз әне сол иттің аяғынан пайдаланып жасалыпты. Шәкірттері сол сүйек мұжыған иттің аяғына қарап, қышқаш жасап алыпты. Қазіргі біздің істетіп жүрген алуан түрлі қышқаштарымыз сол иттің аяғынан пайдаланып жасалыпты.
Дереккөз : «Күнес ауданының аңыз-ертегілері». 1991 жыл. Ішкі таралым. Іле халық баспасы.
«Q-Andas» ақпарат агенттігі.
Жалғасы бар…
КАК ПОЯВИЛИСЬ КЛЕЩИ?
В давние времена жил мудрый мастер по имени пророк Дауд, считавшийся покровителем прославленных на весь мир кузнецов. Говорят, что он мог брать раскалённое железо голыми руками и ковать его.
Благодаря своему мастерству он прославился на всю страну и заслужил уважение народа. По воле Всевышнего Дауд был человеком умным и проницательным. Желая оставить своё искусство будущим поколениям, он воспитал более двухсот учеников и обучил их своему ремеслу. Однажды, чтобы испытать своих учеников, он надел на себя плохую одежду, взял в руки кусок сломанного железа и стал заходить к каждому из них со словами:
– Выкуйте мне из этого железа какой-нибудь инструмент, – говорил он.
Но большинство учеников, глядя на его оборванный вид, говорили:
– Выживший из ума глупый старик, как можно выковать инструмент из такого железа? – и прогоняли его из своих кузниц.
Дауд, огорчённый тем, что ученики, которых он столько лет воспитывал, стали судить людей по их внешнему виду, сказал:
– На каждого возгордившегося однажды найдётся тот, кто его остановит. Запомните: если ты кузнец – не забывай своего учителя, если ты ученик – не забывай своего наставника, если ты человек – не забывай своего происхождения, – и, повернувшись, ушёл.
После этого ученики, обидевшие своего учителя, полностью лишились способности держать раскалённое железо руками и ковать его. Им стало трудно зарабатывать себе на жизнь.
Долго размышляя, они вспомнили слова того старика, разыскали пророка Хызыр алейхиссалам и попросили у него совета. Хызыр алейхиссалам сказал:
– Тот старец пришёл к вам не случайно. Судя по его словам, это был ваш учитель Дауд, который вас воспитал. Видимо, он пришёл испытать вас. Из-за того, что вы проявили бессердечие к людям, он разгневался и ушёл странствовать по свету, – сказал он. Затем добавил: – Если хотите его найти, следуйте наставлению: «Если ты кузнец – не забывай уголь!» Рассыпьте уголь на перекрёстках дорог и наблюдайте. Кто придёт и станет собирать уголь, тот и будет мастер Дауд. Ведь он, увидев уголь, связанный с его ремеслом, никогда не сможет пройти мимо него.
Ученики Дауда сделали так, как посоветовал пророк Хызыр, и нашли своего учителя Дауда.
– Учитель, мы не знали вашей истинной ценности. Мы лишились искусства, которому вы нас научили, – способности брать железо руками и ковать его, – сказали они.
Они пали к ногам Дауда. Дауд ударил учеников тыльной стороной ладони и сказал:
– Тогда посмотрите на собачью лапу! – после чего развернулся и ушёл.
Ученики не поняли слов Дауда и снова отправились к пророку Хызыру. Тот сказал:
– Эх вы, глупцы! Слова «Посмотрите на собаку» означают: вы поступили по-собачьи, но, несмотря на это, он всё же подумал о том, чтобы вы могли ковать железо и зарабатывать себе на жизнь. Он велел вам посмотреть на лапу собаки, грызущей кость, и сделать по её подобию клещи. Разве не это он имел в виду?!
После этого ученики посмотрели на лапу собаки, грызущей кость, и изготовили клещи. Говорят, что различные виды клещей, которыми мы пользуемся и сегодня, были созданы по образцу собачьей лапы.
Источник: «Легенды и сказки уезда Кюнес». 1991 год. Внутренний тираж. Народное издательство Или.
Информационное агентство «Q-Andas».
(Продолжение следует…)
HOW WERE TONGS INVENTED?
Long ago, there lived a wise craftsman named the Prophet Dawud, who was regarded as the patron of blacksmiths renowned throughout the world. It is said that he could hold red-hot iron with his bare hands and forge it.
Through his skill, his fame spread far and wide, and he earned the respect of the people. By the grace of the Almighty, Dawud was an intelligent and perceptive man. Wishing to pass his craft on to future generations, he trained more than two hundred apprentices and taught them his art. One day, in order to test his students, he put on shabby clothes, took a piece of broken iron in his hand, and went to each of his apprentices, saying:
– Forge some kind of tool for me from this piece of iron, – he would say.
However, most of his apprentices looked at his ragged appearance and said:
– What a foolish, senile old man! How can anyone make a tool from a piece of iron like this? – and drove him out of their workshops.
Dawud was deeply disappointed that the apprentices he had trained for so many years had begun judging people by their appearance. He said:
– For every arrogant person, someone who can stop him will eventually appear. Remember this: if you are a blacksmith, do not forget your master; if you are an apprentice, do not forget your teacher; if you are a human being, do not forget your roots, – and then he turned around and left.
After this, the apprentices who had offended their master completely lost the ability to hold red-hot iron in their hands and forge it. It became difficult for them to earn a living.
After thinking for a long time, they remembered the old man’s words. They searched for the Prophet Khidr, peace be upon him, found him, and asked for his advice. Khidr said:
– That old man did not come to you by chance. Judging by his words, he was your teacher Dawud, the one who trained you. It seems that he came to test you. Because you showed no kindness to people, he became angry and went wandering through the land, – he said. Then he added: – If you want to find him, follow his saying: “If you are a blacksmith, do not forget the coal!” Scatter pieces of coal at every crossroads and watch carefully. Whoever comes and begins collecting the coal will be Master Dawud. Since coal is part of his craft, he will never be able to simply walk past it when he sees it.
Dawud’s apprentices followed the Prophet Khidr’s advice and eventually found their teacher.
– Master, we did not understand your true worth. We have lost the skill you taught us – the ability to hold hot iron in our hands and forge it, – they said.
They bowed at Dawud’s feet. Dawud struck the backs of their hands and said:
– In that case, look at a dog’s paw! – and then turned around and walked away.
The apprentices could not understand Dawud’s words, so they once again went to the Prophet Khidr. He said:
– You fools! When he told you to “look at the dog,” he meant that you had behaved like dogs. Yet despite that, he was still thinking about how you could continue forging iron and earn your living. He meant that you should look at the paw of a dog gnawing a bone and make a pair of tongs based on its shape. Is that not what he meant?!
After that, the apprentices observed the paw of a dog gnawing a bone and made tongs based on its shape. It is said that the various kinds of tongs we use today were originally created by taking inspiration from a dog’s paw.
Source: “Legends and Folktales of Künes County”. 1991. Internal publication. Ili People’s Publishing House.
Information Agency “Q-Andas”.
(To be continued…)











