Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Конференция

Аймақ Жаңғалиев-113: Ғылым,өлкетану және табиғи мұра сабақтастығы

admin
2026/08/31
Конференция
0
Аймақ Жаңғалиев-113: Ғылым,өлкетану және табиғи мұра сабақтастығы

Басы: 

Академик Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтің туғанына 113 жыл толуына арналған «Жетісу өңірінің тарихи-мәдени және табиғи мұрасы контексіндегі Сиверс алмасы: алып бірегей ағаштың тарихи-биологиялық құндылығы және оған “Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік” мәртебесін берудің ғылыми негіздері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуі – Жетісу өңірінің табиғи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуге, қорғауға және келешек ұрпаққа аманаттауға бағытталған маңызды бастама.

Конференцияның негізгі мақсаты – Жетісу жеріндегі Сиверс алмасының табиғи популяцияларын, соның ішінде ғасырлар бойы сақталған алып бірегей ағаштың тарихи-биологиялық, генетикалық және экологиялық құндылығын жан-жақты ғылыми тұрғыдан қарастыру, оны сақтау мен қорғаудың тиімді жолдарын айқындау, сондай-ақ оған «Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік» мәртебесін берудің ғылыми негіздерін қалыптастыру.

Сонымен қатар бұл басқосу ғалымдар, табиғат қорғау саласының мамандары, өлкетанушылар, музей және архив қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті зерттеушілердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Осындай ғылыми байланыстың орнығуы Жетісудың табиғи және тарихи-мәдени мұрасын жеке-жеке емес, өзара сабақтас тұтас құндылық ретінде зерттеуге жол ашады.

Сиверс алмасы – жай ғана жабайы жеміс ағашы емес. Ол – Жетісудың табиғи тарихының тірі куәгері, әлемдік алма мәдениетінің генетикалық бастауларының бірі әрі туған жеріміздің табиғи байлығын айғақтайтын бірегей мұра. Сондықтан оны ғылыми тұрғыдан зерттеу, табиғи өсу ортасын сақтау, қоғамға таныту және келер ұрпаққа жеткізу – ғалымдар мен табиғат қорғаушылардың ғана емес, баршамызға ортақ міндет.

Бұл бағыт «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің мақсат-міндеттерімен де тікелей үндеседі.

Біздің бірлестік Жетісу өлкесінің тарихына, табиғатына, мәдениеті мен рухани мұрасына бейжай қарамайтын, ортақ мақсаттағы азаматтардың басын қосу үшін құрылды. Біз үшін өлкетану – тек өткен тарихты хаттау немесе көнеден қалған деректерді жинаумен ғана шектелетін жұмыс емес. Өлкетану – туған өлкені жан-жақты тану, ғылыми шығармашылық пен ағартушылықты дамыту, тарихи жадыны жаңғырту, табиғи және мәдени мұраны қорғау, жинақталған деректерді ғылыми айналымға енгізу және оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Бірлестіктің негізгі міндеттерінің қатарында ғылыми-шығармашылық және ағартушылық жұмыстар жүргізу, танылмай жүрген таланттарды қолдау, ескерусіз қалған тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту, тарихи-мәдени сабақтастықты зерделеу бар. Сонымен бірге Жетісудың орман-тоғайы, өзен-көлі, аң-құсы мен өсімдіктер дүниесі жөніндегі мәліметтерді жинақтау, өңірдің табиғи байлығы туралы жүйелі дерек қорын қалыптастыру да маңызды бағыттарымыздың бірі.

Қоршаған ортаны қорғаудағы азаматтық ұстанымды қалыптастыру, ұлттық өнерді насихаттау, қасиетті және тарихи нысандарды анықтап, оларды жүйелеу, саяси қуғын-сүргін жылдарындағы ақтаңдақтардың ақиқатын ашуға атсалысу да бірлестік қызметінің ауқымды бөлігін құрайды. Бұған қоса шағатай және төте жазумен жазылған архив құжаттарын зерттеу, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинақтап, насихаттау, мәдени-рухани еларалық байланыстарды дамыту, туризм, мәдениет, өнер және спорт салаларындағы бастамаларды қолдау бағытында да жұмыстар жүргізіліп келеді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кажет Андас (@q_andass)

 

Осы мақсат-міндеттер бірлестік құрылғаннан бері нақты жобалар, экспедициялар, ғылыми-танымдық кездесулер, көрмелер мен баспа жұмыстары арқылы жүзеге асуда.

Солардың бірі – «Бабалар ізімен» Қызылжар экспедициясы. Экспедиция барысында Ақсу ауданындағы тарихи шайқас орны зерттеліп, ерлікпен қаза тапқан батырлар жерленген тарихи аумақ есепке алынып, оның сызбасы жасалды. Тарихта Құдайназар батыр, Мергенқыз және Гүлаяым есімдерімен сақталған бабалардың басына берік тас қойылып, рухына тағзым етілді. Осы арқылы үш ғасыр бұрынғы тарихи оқиғалардың ел жадындағы орны жаңғыртылды.

Ұлттық өнер мен мәдени мұраны дәріптеу бағытындағы ірі бастамалардың бірі – Талдықорған қаласында ұйымдастырылған «Жетісу өнері» көрмесі. Оған Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Ресей, Түркия, ТМД елдерінен және республикалық оқу орындарынан өнер өкілдері мен көркем еңбек пәнінің ұстаздары қатысты. Көрмеге қатысуға 335 қолөнершіден өтінім түсіп, жүзден астам шебердің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Киіз бен жібектен жасалған бұйымдар, зергерлік туындылар, ағаштан ойылған заттар, ұлттық музыкалық аспаптар мен өзге де қолөнер үлгілері халқымыздың дәстүрлі өнерінің өміршеңдігін көрсетті.

Біздің ұстанымымыз бойынша, адам алдымен өз өлкесін тануы керек. Өз өлкесін таныған адам өз елінің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінеді. Жетісу – қазақ мәдениетінің сан алуан үлгілері тоғысқан, тарихи жады мен ұлттық өнер сабақтасқан ерекше өңір. Сондықтан өнер адамдарын бір ортаға жинау арқылы олардың шығармашылығын қолдап қана қоймай, өңірдің мәдени әлеуетін танытуды да мақсат еттік.

Ұлттық киім мен дәстүрлі өнерді дәріптеу мақсатында Наурызнама онкүндігі аясында «Қызай өрнегі» атты ұлттық киім үлгілерінің көрме-фестивалі өткізілді. Мұндай шаралардың басты мәні – ұлттық мұраны музей немесе архив қорындағы жәдігер ретінде ғана емес, қазіргі қоғаммен сабақтас, өміршең рухани құндылық ретінде көрсету.

Бірлестік тарихи-мәдени және қасиетті нысандарды зерттеу ісіне де белсенді атсалысып келеді. Жергілікті тарихшылармен және тиісті мекемелермен бірлесе отырып, Жетісу аумағындағы тарихи орындарды анықтау, олар туралы деректер мен аңыз-әңгімелер жинау, жаңа нысандарды ғылыми және қоғамдық айналымға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Алакөл, Сарқан, Ақсу және өзге аудандарға ұйымдастырылған экспедициялар кезінде көптеген тарихи және қасиетті орындар жөнінде құнды материалдар жинақталды.

 

Бірлестік қызметінің тағы бір маңызды саласы – жастардың отаншылдық және әскери-патриоттық тәрбиесі. Осы бағытта Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірлесіп «Ерліктің даңқы өшпейді» атты әскери-патриоттық конференция ұйымдастырылды. Шара барысында жас жауынгерлер мен әскери-техникалық мектеп курсанттарына Жетісу жерінде өткен Орбұлақ, Қызылжар, Тоқтат тауындағы және басқа да тарихи шайқастар туралы өлкетанушылар жинақтаған деректер таныстырылды. Ел мен жерді қорғаған бабалардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа тағылым ретінде ұсынылды.

Өлкетанушылар туған өлкені зерттейді, ал әскери сала мамандары ел қауіпсіздігін қорғау жауапкершілігін мойнына алған азаматтар. Қызмет саласы әртүрлі болғанымен, екеуін тоғыстыратын ортақ құндылық – Отанға қызмет ету. Сондықтан өлке тарихы мен бабалар ерлігі негізінде жүргізілетін рухани-патриоттық тәрбие де бірлестік жұмысының маңызды бағыты болып қала береді.

Зерттеу мен ізденістің нәтижесін кітап етіп жариялау да қоғамдық бірлестіктің тұрақты жұмыстарының бірі. Өлкетанушылардың зерттеулері негізінде 2024 жылы 12 кітап, 2025 жылы 10 кітап жарық көрді. Осылайша екі жылдың ішінде өлкетану бағытындағы 22 еңбек оқырманға жол тартты.

Бұл басылымдарда Жетісудың тарихы, белгілі және ескерусіз қалған тұлғалары, елді мекендер тарихы, табиғи және мәдени мұрасы, тарихи оқиғалар, ел жадында сақталған ауызша деректер мен басқа да өлкетанулық мәселелер қамтылды.

Жарық көрген еңбектер «Кітап сыйла!» акциясы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына, Алматы және Жетісу облыстық, Талдықорған қалалық кітапханаларына тапсырылды. Мұндағы мақсат – өлкетанушылар жинаған құнды материалдардың жеке қорларда қалып қоймай, кітапхана қорлары арқылы зерттеушілер мен жалпы оқырманға қолжетімді болуына мүмкіндік жасау.

Бүгінде бірлестік айналасына 80-ге жуық өлкетанушы топтасқан. Олардың қатарында кәсіби зерттеушілермен бірге туған жердің табиғатын, тарихын және жер-су ерекшелігін жетік білетін қарапайым азаматтар, аңшылар, балықшылар, шопандар, орманшылар, жергілікті шежірешілер мен басқа да мамандық иелері бар.

Өлкетанудың ерекшелігі де осында. Кейде ғылым үшін аса құнды дерек тек архив құжатынан немесе кітаптан табыла бермейді. Ол көнекөз қарияның жадында, халық арасында сақталған әңгімеде, жер-су атауында, ескі сүрлеуде, ұмыт қалған қорымда, тау мен өзеннің бойында немесе бірнеше ғасырдан бері табиғи ортада өсіп тұрған алып ағаштың өзінде сақталуы мүмкін.

 

 

Сондықтан бүгінгі Сиверс алмасына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның тақырыбы біздің өлкетану қызметімізбен тікелей сабақтас.

Тарихи-мәдени мұра мен табиғи мұраны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Жердің тарихы – елдің тарихы. Өзен-көл, орман-тоғай, тау мен дала, жабайы алма ормандары, ғасырлық ағаштар, көне қорымдар, археологиялық ескерткіштер мен қасиетті мекендер – барлығы халықтың тарихи жадын қалыптастыратын ортақ ұлттық құндылықтар.

Бұл тұрғыдан академик Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтің Сиверс алмасын зерттеуге арналған ғылыми мұрасының орны ерекше. Оның еңбектері табиғи генетикалық қорды сақтаудың маңызын айқындап, бүгінгі зерттеулерге берік негіз қалады

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кажет Андас (@q_andass)

Ғалымның мұрасын жалғастыру – Сиверс алмасының табиғи популяцияларын, алып және ғасырлық ағаштарын зерттеп, қорғауға алу. Бұл жерде ғылым мен өлкетану өзара тоғысады: ғылым нысанның биологиялық және генетикалық құндылығын анықтаса, өлкетану оның тарихи және мәдени маңызын толықтырады.

Бүгінгі конференциядағы ғылыми ұсыныстар алып Сиверс алма ағашын қорғауға, оның маңызын айқындауға және оған «Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік» мәртебесін беруге негіз болады деп сенеміз. Бұл – бір ғана ағашты емес, Жетісудың табиғи мұрасын, ғылыми сабақтастығын және тарихи жадын сақтау мәселесі.

Ғылым, өлкетану және табиғат қорғау ісі бір арнаға тоғысқанда ғана туған өлкенің құндылығын толық танып, оны келер ұрпаққа аман жеткізе аламыз.

Конференция жұмысына табыс, қатысушыларға нәтижелі пікір алмасу, жаңа ғылыми жобалар мен игі бастамалар тілеймін!

Қажет Андас
«Жетісу» өлкетанушылар орталығы»
қоғамдық бірлестігінің директоры.

 

Дереккөз: Академик Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтің туғанына 113 жыл толуына арналған «Жетісу өңірінің тарихи-мәдени және табиғи мұрасы контексіндегі Сиверс алмасы: алып бірегей ағаштың тарихи-биологиялық құндылығы және оған «Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік» мәртебесін берудің ғылыми негіздері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. /Құрастырғандар: Андас Қ., Нұрғожанова Ж. С. /. Талдықорған: «Travel» баспа үйі, 2026. – 150 б. ISBN 978-601-12-9452-2

Информационное агентство «Q-Andas».

(Продолжение следует…)

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 60
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Ұлттық парк мұражайы: табиғатқа танымдық саяхат
Конференция

Ұлттық парк мұражайы: табиғатқа танымдық саяхат

September 29, 2026
Марқа тау таңбалы тастары
Конференция

Марқа тау таңбалы тастары

September 28, 2026
Сиверис алмасымен қоректенетін зиянкес жәндіктер
Конференция

Сиверис алмасымен қоректенетін зиянкес жәндіктер

September 28, 2026
Жаркент өңіріндегі жартас суреттері
Конференция

Жаркент өңіріндегі жартас суреттері

September 23, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz