Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Конференция

Сиверис алмасымен қоректенетін зиянкес жәндіктер

экологиялық топтарға бөліну ерекшеліктері

admin
2026/09/28
Конференция, Қажет ақпарат
0
Сиверис алмасымен қоректенетін зиянкес жәндіктер

Аннотация: Мақалада Жетісу аумағындағы Сиверс алмасында (Malus sieversii) тіршілік ететін зиянкес жәндіктердің экологиялық топтарға бөліну ерекшеліктері қарастырылды. Зиянкестердің өсімдіктің зақымдайтын мүшелеріне байланысты қоректену мамандануы анықталып, олар жапырақпен қоректенетін филлофагтар, ағаштың қаңқалық бөліктерімен қоректенетін ксилофагтар және генеративті мүшелері мен жемістерін зақымдайтын карпофагтар топтарына жіктелді. Зерттеу нәтижесінде Сиверс алмасында 117 зиянкес түрі тіркеліп, олардың ішінде филлофагтардың басым екендігі (62,4%) анықталды. Карпофагтар жалпы түрлердің 21,4%-ын, ал ксилофагтар 16,2%-ын құрады. Алынған нәтижелер Сиверс алмасының зиянкестерінің биоэкологиялық ерекшеліктерін бағалауға және оларды қорғау шараларын ғылыми негізде жетілдіруге мүмкіндік береді.

Кілт сөздер: Сиверс алмасы, Malus sieversii, зиянкес жәндіктер, экологиялық топтар, филлофагтар, ксилофагтар, карпофагтар, биоалуантүрлілік.

  Кіріспе. Сиверс алмасы (Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.) – мәдени алма сорттарының арғы тегі болып саналатын, әлемдік маңызы бар сирек реликті өсімдік. Оның табиғи таралу аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен оңтүстігі, Тарбағатайдан Памир-Алайға дейін жабайы жеміс ормандарында шоғырланған. Бұл ормандар биоалуантүрлілікті сақтауда ерекше орын алады және көптеген омыртқасыз жануарлар мен жәндіктердің табиғи мекендеу ортасы болып табылады [1, 2].

Соңғы жылдары табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен Сиверс алма ормандарының ауданы қысқарып, ағаштардың фитосанитарлық жағдайы нашарлауда. Орман экожүйелерінің тұрақтылығына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі – зиянкес жәндіктердің көптүрлілігі мен олардың өсімдіктің әртүрлі мүшелерін зақымдауы. Жәндіктер жапырақтармен, бүршіктермен, гүлдермен, жемістермен, қабықпен және сүрекпен қоректеніп, ағаштардың физиологиялық жағдайын әлсіретеді, өнімділігін төмендетеді және әртүрлі ауру қоздырғыштарының таралуына ықпал етеді [3, 4].

Сиверс алмасының зиянкестерінің түрлік құрамы мен биоэкологиялық ерекшеліктері жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізілгенімен [1, 3, 5, 6], олардың экологиялық топтарға бөлінуі мен қоректік мамандануы жөніндегі мәліметтерді жүйелеу табиғи популяцияларды қорғау үшін маңызды болып табылады. Зиянкестерді олардың зақымдайтын мүшелері бойынша жіктеу фитосанитарлық мониторингті жетілдіруге, қауіпті түрлерді дер кезінде анықтауға және ғылыми негізделген қорғау шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді [7–9].

Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – Жетісу аумағындағы Сиверс алмасымен қоректенетін зиянкес жәндіктерді өсімдіктің зақымдайтын мүшелеріне сәйкес экологиялық топтарға бөліп, олардың таралу ерекшеліктері мен салыстырмалы үлесін анықтау.

Материалдар мен әдістер.

Зерттеу материалы 2018-2019, 2023-2024 жылдары далалық маусымда Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Сиверс алмасының табиғи популяцияларында жүргізілген маршруттық зерттеулер барысында жиналды. Жәндіктерді бақылау және жинау үшін жалпы энтомологияда қабылданған әдістер қолданылды: ағаштардың жапырақтары, генеративті мүшелері, қабығы, діңі мен бұтақтары қаралып, қозғалмалы жәндіктер энтомологиялық тормен ұсталды. Жиналған үлгілер морфологиялық белгілері бойынша анықтағыштармен салыстырылып, түрлердің атаулары қолда бар ғылыми деректермен тексерілді [10, 14].

Анықталған түрлер өсімдіктің зақымдайтын мүшесіне қарай үш экологиялық топқа бөлінді: филлофагтар (жапырақпен қоректенетіндер), ксилофагтар (ағаштың қаңқалық бөліктерімен қоректенетіндер) және карпофагтар (генеративті мүшелермен, бүршіктермен және жемістермен қоректенетіндер). Әр топтың пайыздық үлесі P = n/N × 100 формуласы бойынша есептелді, мұнда n — тиісті топтағы түрлер саны, N — барлық тіркелген түрлердің жалпы саны (N = 117). Есептеу нәтижелері бір ондық таңбаға дейін дөңгелектелді.

Зерттеу нәтижелері. Жәндіктер өсімдіктерге қоректенумен, жұмыртқа салу, саңырауқұлақтарды, бактериялық және вирустық ауруларды тарату арқылы зиян келтіреді [10-13]. Жәндіктердің қоректенуі  ең көп таралған зияндылық болып табылады.

Жәндіктер, әдетте, белгілі бір мүшелерге мамандандырылған, қоректену үшін жапырақтарды немесе жемістерді, ағашты, тамырларды және өсімдіктердің басқа бөліктерін таңдайды. Жапырақтарға зиян келтіретін түрлер – филлофагтар, жемістерге – карпофагтар, ағаштарға – ксилофагтар, тамырларға  – ризофагтар деп аталады. Анықталған зиянкес жәндіктерге сәйкес Сиверс алма ағашында мамандандырылған қоректену мүшелері анықталды (1-кесте).

Кесте 1 – Жапырақтармен қоректенетін зиянкес түрлер

Отряд Тұқымдас Түрлер
Homoptera теңқанаттылар  Aphididae нағыз бітелер Aphis pomi De Geer
Dysaphis mali Ferrari
Dysaphis devecta Walker
Eriosoma lanigerum Hausmann
 Cicadellidae шырылдауықтар Typhlocyba rosae  L.
 Coccidae сымырлар Parthenolecanium corni Bouché
Parthenolecanium persicae Fabricius
Eulecanium mali Borchsenius
Palaeolecanium bituberculatum Signoret
Rhodococcus turanicus  Archangelskaya
Hemiptera жартылай қаттықанаттылар  Tingidae шiлтерлi қандалалар Stephanitis pyri  Fabricius
Coleoptera қаттықанаттылар

 

Scarabaeidae  тақтамұртты қоңыздар Phyllopertha horticola L.
Maladera holosericae  Scopoli
Curculionidae  бiзтұмсықты

қоңыздар

Phyllobius pyri  L.
Phyllobius urticae De Geer
Phyllobius oblongus  L.
Chrysomelidae  жапырақжегiш қоңыздар Chrysomela tremulae Fabricius
Melasoma populi L.
Luperus xanthopoda Schrank
Hymenoptera жарғаққанаттылар

 

Pamphiliidae  егеушiлер Neurotoma saltuum  L.
Croesus septentrionalis L.
Diptera қосқанаттылар Cecidomyiidae  беріштүзуші шыбындар Dasyneura pyri Bouché
Dasyneura mali  Kieffer
Agromyzidae миналаушы шыбындар Phytomyza heringiana Hendel
Lepidoptera қабыршаққанаттылар

 

 

 

Tortricidae жапырақ ширатқыш көбелектер Cydia (Laspeyresia) pomonella Linnaeus
Laspeyresia pyrivora Danilevsky
Spilonota albicana Motschulsky
Grapholita molesta  Busck
Spilonota ocellana  Denis & Schiffermuller
Archips rosana  Linnaeus
Archips crataegana Hubner
Archips podana Scopoli
Acleris variegana Denis & Schiffermuller
Argyrotaenia ljungiana Thunberg
Eupoecilia ambiguella Hubner
Hedya nubiferana Haworth
Cacoecia xylosteana  Linnaeus
Ptycholoma lecheana  Linnaeus
Adoxophyes orana Fischer v.Roslerstamm
Ancylis selenana  Guenee
Acleris ferrugana Denis & Schiffermuller
Glyphipterygidae  жапырақ ширатқыш күйе көбелектер Simaethis pariana Clerck
Yponomeutidae  ақкіс күйе көбелектер Yponomeuta malinellus Zeller
Yponomeuta padellus L.
Gemiostomidae шеңберлі күйе көбелектер Leucoptera malifoliella Costa
Cemiostoma scitella Zeller
Lyonetiidae тарқанатты миналаушы күйе көбелектер Lyonetia clerckella  Linnaeus
Momphidae   тарқанатты күйе көбелектер Lastodacna putripennella Zeller
Lithocolletidae шұбар күйе көбелектер Callisto denticulella Thunberg
Gammaornix petiolella  Frey
Lithocolletis blancardella Fabricius
Lithocolletis corilifoliella  Hübner
Gelechiidae оймақанатты күйе көбелектер Recurvaria nanella Denis & Schiffermüller
Recurvaria leucatella  Clerck
Stigmeleidae шағын күйе көбелектер Stigmella  malella Stainton
Pyralidae  откөбелектер Eurrhypara hortulata Linnaeus
Geometridae   мұр көбелектер Operophthera brumata Linnaeus
Oporinia autumnata  Borkhausen
Lycia hirtaria Clerck
Chloroclystis rectangulata Linnaeus
Opisthograptis luteolata  Linnaeus
Noctuidae түн көбелектер Autographa gamma  Linnaeus
Atethmia ambusta Denis & Schiffermuller
Agrotis segetum Denis & Schiffermuller
    Agrotis ipsilon Hufnagel
Apatele tridens Denis & Schiffermüller
Lymantriidae толқын көбелектер Euproctis chrysorrhoea Linnaeus
Lymantria dispar  Linnaeus
Orgya antiqua Linnaeus
Arctiidae кiрекей көбелектер Phragmatobia  fuliginosa Linnaeus
Hyphantria cunea Drury
Pieridae ақ көбелектер Aporia crataegi Linnaeus

1-кестенің нәтижелері бойынша барлық анықталған отрядтарда жапырақтармен қоректенетін түрлер бар екенін көруге болады, бірақ олардың негізгі бөлігін қабыршаққанаттылар отряды құрайды. Мұны 1-суреттен де байқауға болады.

                     Сурет 1 – Сиверс алма ағашының жапырақтарымен қоректенетін зиянкес түрлер

 1-суретке сәйкес, жапырақтармен қоректенетін отрядтардың ішінде бірінші орынды қабыршаққанаттылар (67 %), екінші орында  теңқанаттылар (14%) алады, 8 түрмен үшінші орынға қаттықанаттылар (11 %) ие, қосқанаттылар 4%, жарғаққанаттылар 3% алады, ең азы тек 1%-ды жартылай қаттықанаттылар алады. Ағаштардың қаңқалық бөліктерін жейтін түрлер де бар (2-кесте).

Кесте 2 – Ағаштардың қаңқалық бөліктерін жейтін зиянкес түрлер

Отряд Тұқымдас Түрлер
Homoptera теңқанаттылар

 

 Diaspididae сымырлар Epidiaspis leperii Signoret
Diaspidiotus prunorum Laing
Diaspidiotus ostreaeformis Curtis
Lepidosaphes ulmi  L.
Lepidosaphes malicola Borchsenius
Eriococcidae киіз басушылар Acanthococcus lagerstroemiae Kuwana
Pseudococcidae ұн құртшалары Coccura comari Kunow
Coleoptera қаттықанаттылар Cerambycidae  ұзынмұртшалы қоңыздар Tetrops praeusta L.
Сleroclytus semirufus collarius Jakovlev
Molorchus schmidti Ganglbauer
Turanium badenkoi Danilevsky
Trichoferus campestris Faldermann
Tetrops formosus bivittulatus Jankowski
Tetrops formosus songaricus Kostin
Scolytidae  қабықжегіш қоңыздар Scolytus mali Bechstein
Scolytus rugulosus Müller
Xyleborus dispar Fabricius
Buprestidae зер қоңыздар Chrysobothris affinis nevskyi Richter
Anobiidae үңгі қоңыздар Cacotemnus rufipes Fabricius
Lepidoptera қабыршаққанаттылар Cossidae ағаш бұрғы көбелектер Zeuzera pyrina Linnaeus
Cossus cossus Linnaeus

Кесте 2 ағаштың қаңқалық бөліктері, атап айтқанда ағаштың қабығы, діңі, бұтақтары теңқанаттылар, қаттықанаттылар және қабыршаққанаттылар түрлерін жейтінін көрсетеді. Мұны 2-суреттен көруге болады.

Сурет 2 – Сиверс алма ағаштарының қаңқалық бөліктерін жейтін зиянкестердің пайыздық мөлшері

 2-суреттен қаттықанаттылардың түрлері басқа түрлерге қарағанда ағаштардың қаңқа бөліктері бойынша маманданғанын көруге болады. Ағаштардың осы бөлігінің екінші жегіштері – бұл теңқанаттылар. Қабыршаққанаттылар отрядының екі түрі ғана ағаштардың қаңқалық бөліктерін жегенді жөн көреді [14-15]. Сиверс алма ағашының генеративті мүшелерімен қоректенетін түрлер де бар (3-кесте).

Кесте 3 – Генеративті мүшелермен және бүршіктермен қоректенетін зиянкестердің түрлері

Отряд Тұқымдас Түрлер
Homoptera теңқанаттылар   Psyllidae жапырақ бүргелері Psylla mali Schmidberger
Psylla pyri Linnaeus
Thysanoptera трипстер Phlaeothripidae ірі трипстер Haplothrips reuteri Каrnу
Frankliniella intonsa Trybom
Coleoptera қаттықанаттылар Scarabaeidae  тақтамұртты қоңыздар Epicometis hirta Poda
Oxythyrea funesta  Poda
Curculionidae  бізтұмсықты қоңыздар Anthonomus pomorum L.
Sciaphobus squalidus  Gyllenhal
Psalidium maxillosum Dejean
Rhynchitidae түтік ораушы қоңыздар Rhynchites bacchus L.
Rhynchites giganteus Kryn
Neocoenorhinidius pauxillus Germar
Coenorrhinus aequatus L.
Haplorhynchites coeruleus De Geer
Hymenoptera жарғаққанаттылар

 

 

Tenthredinidae  негізгі егеушілер Hoplocampa testudinea  Klug
Hoplocampa brevis  Klug
Hoplocampa minuta Christ
Diptera қосқанаттылар Cecidomyiidae  беріштүзушілер Thomasiniana oculiperda Rubsaamen
Tephritidae  алақанат шыбындар Rhagoletis pomonella Walsh
Lepidoptera қабыршаққанаттылар Gemiostomidae дөңгелекті күйе көбелектер Argyresthia conjugella Zeller
Gelechiidae оймақанатты күйе көбелектер Anarsia lineatella Zeller
Coleophoridae  құндақты көбелектер

 

Coleophora hemerobiella Scopoli
Geometridae мұр көбелектер Erannis defoliaria Clerck

3-кестеден барлық отрядтардың бірнеше түрі генеративті мүшелермен және бүршіктермен қоректенуге мамандандырылған, атап айтқанда гүлдер, аталықтар мен аналықтар, бүршіктер, жемістер жейтінін білуге болады. 3-суреттен анық көруге болады.

Сурет 3 – Генеративті мүшелермен және бүршіктермен қоректенетін зиянкестердің  пайыздық көрсеткіші

 3-суреттің нәтижелері бойынша генеративті мүшелермен ең көп қоректенетін қаттықанаттылар екені белгілі болды,  олар басқа түрлердің арасында 43% алады. Гүлдер, аталықтар мен аналықтар, бүршіктер мен жемістермен қоректенетіндердің ішінен екінші орынға – қабыршаққанаттылар орналасты.

Үшінші орынды жарғаққанаттылар алады, ал қалған отрядтар теңқанаттылар, трипстер және қосқанаттылар бірдей түрлерге ие, олар генеративті органдармен және Сиверс алма ағашының бүршіктерімен қоректенеді.

Қоректену мүшелерінің мамандануы бойынша барлық түрлерді анықтағаннан кейін зиянкестердің экологиялық топтарына әсер ету сипаты мен Сиверс алма ағашындағы зақымданудың локализациясы бойынша талдау жасалды (4-кесте).

Кесте 4 – Сиверс алма ағашындағы зақымдайтын мүшелері мен әсер ету сипаты бойынша зиянкестердің экологиялық топтары

Зақымдайтын мүшелері Отряд Түрлер саны Пайыздық көрсеткіші
Жапырақпен қоректенетіндер 6 73 62,4 %
Қаңқалық бөліктерімен қоректенетіндер 3 19 16,2 %
Генеративті мүшелермен және бүршіктермен қоректенетіндер 6 25 21,4 %
Барлығы   117 100 %

Сурет 4 – Сиверс алма ағашындағы зақымдайтын мүшелері мен әсер ету сипаты бойынша зиянкестердің экологиялық топтары

4-сурет пен 4-кестенің нәтижелері бойынша зиянкестердің экологиялық топтарының арасында филлофагтар – жапырақтарға мамандандырылған түрлер (62,4 %) басым екендігі анықталды. Екінші орынды карпофагтар – жемістермен, алма ағашының генеративті мүшелерімен қоректенетін түрлер алды, үшінші орынды ксилофагтар – ағаштардың қаңқалық бөліктерімен қоректенетін түрлер (16,2%) иеленді.

Қорытынды. Зерттеу нәтижесінде Жетісу аумағындағы Сиверс алма ағашында тіршілік ететін зиянкес жәндіктердің экологиялық құрылымы анықталды. Жалпы 117 зиянкес түрі тіркеліп, олардың өсімдіктің зақымдайтын мүшелеріне қарай филлофагтар, ксилофагтар және карпофагтар топтарына жіктелгені анықталды.

Экологиялық топтардың ішінде басым бөлігін жапырақпен қоректенетін филлофагтар құрап, олардың үлесі 62,4%-ға жетті. Генеративті мүшелер мен жемістерді зақымдайтын карпофагтар 21,4%, ал ағаштың қаңқалық бөліктерімен қоректенетін ксилофагтар 16,2% болды. Жапырақпен қоректенетін зиянкестер арасында қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрядының түрлері ең жоғары үлеске ие екендігі анықталды. Ал ағаштың сүрегі мен қабығына маманданған түрлердің басым бөлігі қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядына жататыны байқалды. Генеративті мүшелерді зақымдайтын түрлер арасында да қаттықанаттылардың үлесі жоғары болды.

Алынған нәтижелер Сиверс алма популяцияларындағы зиянкес жәндіктердің қоректік мамандануын және олардың экологиялық топтар бойынша таралу заңдылықтарын сипаттайды. Бұл мәліметтер табиғи жабайы алма ормандарының фитосанитарлық жағдайын бағалауда, зиянкестерге мониторинг жүргізуде және ғылыми негізделген қорғау іс-шараларын жоспарлауда маңызды ғылыми негіз бола алады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Қазақстандағы Сиверс алма ормандарының биоалуантүрлілігін сақтау және оларды ұзақ мерзімді қорғау бағытындағы энтомологиялық зерттеулерді толықтыра түседі.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мухамадиев Н.С., Ашикбаев Н.Ж., Меңдібаева Г.Ж., Болат Ж., Кеңес Н., Мусин Т.О. Основные виды дефолиаторов яблони Сиверса (Malus sieversii) в Джунгарском и Заилийском Алатау // Известия Национальной академии наук Республики Казахстан. – 2017. – Т. 3, № 39. – С. 147-151.
  2. Сагитов А.О., Мухамадиев Н.С., Ашикбаев Н.Ж. и др. К дендрохронологическим исследованиям яблони Сиверса в дикоплодовых лесах Юго-Востока Казахстана // Инновационные экологически безопасные технологии защиты растений: материалы международной конференции. – Алматы, 2015. – С. 171-
  3. Исин М.М., Джуманова Ж.К., Солтанбеков С.С., Омаров Е.Е. Испытание инсектицидов гормонального действия, биопрепаратов и фунгицидов против вредных организмов на яблоне Сиверса в Заилийском Алатау // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. – – Т. 10, № 9. – С. 44-49.
  4. Митяев И.Д., Ященко Р.В., Казенас В.Л. Удивительный мир беспозвоночных. По страницам Красной книги Казахстана. – Алматы: Алматы кітап, 2005. – 115 с.
  5. Кащеев В.А., Тлеппаева А.А. Материалы по фауне супралиторальных членистоногих Большого Алматинского озера (Илейский Алатау) // Известия МН-АН Республики Казахстан. Серия биологическая. – – № 2. – С. 16-19.
  6. Кадырбеков Р.Х., Тлеппаева А.М. Обзор жуков-дровосеков (Coleoptera, Cerambycidae) Алматинской области // Tethys Entomological Research. – 2008. – Т. 16. – С. 45-58.
  7. Кабак И.И. Жужелицы (Coleoptera, Carabidae) гор юга и юго-востока Казахстана // Видовое разнообразие насекомых и паукообразных в горных экосистемах юга и юго-востока Казахстана: заключительный отчет о научно-исследовательской работе за 2000–2002 гг. – Алматы: Институт зоологии МОН РК, 2002. – 226 с.
  8. Есенбекова П.А. К фауне полужесткокрылых долины среднего течения р. Или // Вестник КазНУ. Серия биологическая. – – № 2 (28). – С. 68-78.
  9. Джанокмен К.А. Предварительный список видов птеромалид (Hymenoptera, Chalcidoidea, Pteromalidae) Казахстана и Средней Азии // Tethys Entomological Research. – – Т. 8. – С. 215-238.
  10. Вредители и болезни полезащитных лесных насаждений и меры борьбы с ними / под ред. В.Н. Старка. – Л.: Государственное издательство сельскохозяйственной литературы, 1951. – 326 с.
  11. Кащеев В.А. Справочник насекомых-вредителей яблонь в дикорастущих плодовых лесах и садах Казахстана. – Алматы, 2010. – 156 с.
  12. Матесова Г.Я., Митяев И.Д., Юхневич Л.А. Обзор насекомых, повреждающих плодово-ягодные культуры и виноградную лозу в Юго-Западном Казахстане // Материалы по изучению насекомых Казахстана. – Алма-Ата: АН КазССР, 1962. – С. 3–46.
  13. Казенас В.Л. Фундаментальной энтомологической науке — новый стимул // Доклады НАН РК. – – № 4. – С. 74-79.
  14. Jashenko R., Tanabekova G. Insects that damage the wild populations of Malus sieversii in Kazakhstan // IOP Conference Series: Earth and Environmental Science. – – Vol. 298. – Art. 012018. https://doi.org/10.1088/1755-1315/298/1/012018.
  15. Jashchenko R., Tanabekova G.B., Lu Z. Assessment of biological and ecological characteristics of Malus sieversii pests in the Trans-Ili Alatau, Kazakhstan // Sustainability. – – Vol. 15, No. 14. – Art. 11303. https://doi.org/10.3390/su151411303.

Тaнaбeковa Г.Б.1,2

1ҚР ҒЖБМ ҒК “Зоология институты” ШЖҚ РМК

2Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

tanabekova.guli@gmail.com

Конференция аясында Танабекова Гүлжанат Бакытовнаның «Іле және Жетісу Алатауындағы Сиверс алмасының зиянкес жәндіктері» кітабының тұсаукесері өтті.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 26
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz