Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет кітап

Майдан мен тыл тарихын тоғыстырған жинақ

Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы

admin
2026/10/08
Қажет кітап
2
Майдан мен тыл тарихын тоғыстырған жинақ

Әр кезеңнің өз шежіресі, әр ұрпақтың ұмытпайтын аманаты бар. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі – сол аманаттың бір бөлігі. «Қажет кітап» жобасының кезекті шығарылымы осы тарихи кезең мен оның тағылымын қамтыған «Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы» жинағына арналған.

Жеңістің 75 жылдығына орай құрастырылған кітап 2020 жылы Талдықорған қаласындағы «Офсет» баспаханасында жарық көрген. Құрастырушылары – Қажет Андас, Райхан Серғазинова және Гаухар Есжанова. Жинақта Алматы облыстық ардагерлер ұйымының тарихы мен қызметі, жетісулық жауынгерлердің майдандағы ерлігі, тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі және бейбіт кезеңде өңірдің дамуына еңбек сіңірген азаматтар туралы деректер топтастырылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кажет Андас (@q_andass)

Кітап авторы Қажет Андастың айтуынша, бұл еңбек Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, 2020 жылы сол кездегі Алматы облыстық ардагерлер ұйымының тапсырысы бойынша дайындалған.

– Кітапта Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлік жолы, олардың тағдыры мен елге сіңірген еңбегі кеңінен қамтылды. Жинақтың үшінші бөліміне Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында және оған дейінгі жылдары жарық көрген ардагерлер туралы материалдар енгізілді. Ал кітаптың ең маңызды әрі құнды бөлігі – төртінші бөлім деп есептеймін. Өйткені сол кезеңде Алматы облысында Ұлы Отан соғысының көзі тірі 66 ардагері бар еді. Біз облыстың 20 ауданы мен қаласын аралап, осы 66 майдангермен жүзбе-жүз кездестік. Олардың өмір жолын зерделеп, соғыстағы ерліктерін, бейбіт өмірдегі еңбектерін, ел дамуына қосқан үлестерін және кейінгі ұрпаққа айтар өсиет-өнегелерін жинақтадық. Осылайша, әр ардагердің тағдырын жеке-жеке қамтып, олардың естеліктерін кітап бетінде сақтап қалуға тырыстық. Бұл еңбектің басты құндылығы да осында. Өйткені біз тек тарихи деректерді жинап қана қойған жоқпыз, сұрапыл соғысты бастан өткерген майдангерлердің өз аузынан естіген естеліктерін келер ұрпаққа жеткізуді мақсат еттік, – дейді кітап авторы Қажет Андас.

Кітаптағы өмірбаяндар мен фотосуреттер соғыс жылдарының ауыртпалығын жекелеген адамдардың тағдыры арқылы танытады. Олардың қатарында майданнан елге оралған жауынгерлер де, Отанын қорғау жолында қаза тапқан боздақтар да бар. Әрқайсысының өмір жолы ел басына түскен сын кезеңнің шежіресін толықтырады.

Жинақта тыл еңбеккерлерінің еңбегіне де назар аударылған. Майдандағы жауынгерлер қан мен оттың ортасында шайқасса, тылдағы жұрт қажырлы еңбегімен елдің тіршілігін сақтап, Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Осы тұрғыдан алғанда, кітап атауы майдан мен тылдың ортақ мұратын айқындайды: жауынгерлер ерліктің даңқын асырса, еңбеккерлер елдіктің нарқын көрсетті. Бұл сабақтастық жинақтағы соғыстан кейінгі бейбіт еңбек туралы деректерде де жалғасады.

Еңбектің маңызды бөлігінің бірі – Жеңістің 75 жылдығына аман-есен жеткен 66 жетісулық соғыс ардагерінің өмірбаяны мен ерлік істері. Олардың қатарында Ақсу, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Талғар, Көксу, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған және сол кездегі Қапшағай қаласының майдангерлері бар. Ардагерлердің майдандағы жолымен бірге, Жеңістен кейінгі бейбіт өмірдегі еңбегі де кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде берілген.

«Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы» – өткеннің өнегесін бүгінмен сабақтастырған тарихи-танымдық жинақ. Ол қазіргі Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындарына жерлестерінің ерлігі мен еңбегін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өлке тарихын зерттеушілерге, соғыс және тыл тақырыбында ғылыми жоба дайындайтын мектеп оқушыларына қосымша дереккөз бола алады.

Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімін, өмір жолын сақтау – тарихи жадты жаңғыртудың маңызды бөлігі. Осы мұратқа қызмет ететін құнды еңбектерді «Қажет кітап» жобасы оқырманға таныстыруды жалғастырады.

ӘОЖ 355/359     
КБЖ 68.4

ISBN 978-601-7610-84-5       
© «7Su-Company» баспасы, 2020 ж.

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1607545

Айсұлу Төлеухан,

Өлкетанушы-журналист.

Суреттер мен бейнефильмді түсірген

Әмина Ақылбек.

«Q-Andas» ақпарат агентігінің тілшілері.

 

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 34
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР
Қажет кітап

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026
«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек
Қажет кітап

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026
«Сайын даланың Сайболаттары»
Қажет кітап

«Сайын даланың Сайболаттары»

October 5, 2026
Парасат жолы өнегелі өмір естелігі
Қажет кітап

Парасат жолы өнегелі өмір естелігі

September 30, 2026
Сарқанда өлкетану кітаптары таныстырылды
Қажет кітап

Сарқанда өлкетану кітаптары таныстырылды

September 24, 2026
Ұлттық жадты жаңғыртқан
Қажет кітап

Ұлттық жадты жаңғыртқан

September 19, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
2 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
trackback
Q-Andas
16 days ago

[…] Майдан мен тыл тарихын тоғыстырған жинақ […]

0
Reply
trackback
Сборник об истории фронта и тыла — Q-Andas
16 days ago

[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]

0
Reply
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz