Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Жансарбайдан қалған келі мен келсап, ұңғуыр

Қазақ халқы ежелден жердің шұрайлысын іздеп, шөптің шүйгінін таңдап, тұнық ауамен тыныстап, көшпенді тұрмыс кешіріп келген.

admin
2025/09/04
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Жансарбайдан қалған келі мен келсап, ұңғуыр

Осы тынымсыз тұрмыс барысында ата-бабаларымыз өмірінің рақатын да, шипалы жан азығын да, жұйелі, ғылми орналастырып, бағып өсірген төрт түлік малының керемет құатты етін жеп, сүтін өңдеп, алуан азықтық түрін жасаған. Онымен қоса неще түрлі астық дақылын да егіп өсірген. Солардің ішінде әсіресе, тары дақылын ерекше әспеттеп пайдаланған.

Ертеректе мынадай бір әңгіме болған:

Бірде үлкен атам бір шаруамен отау үйлердің біріне түсіп қалыпты. Сыйлы кісіні тік тұрып, байек бола кұтетін салтымыз бар емес пе. Үлкендерге берілетін қуатты азықтық тарыдан ақжарма түиіп, шайға салыпты. Сұңғыла ата табақтағы жармаға қарап отырып:

Сен тарымысың,

Тарының бәрімісің.

Ұрдыма, соқтыма, жардыма.

Жарымы келінің тұбіде қалдыма, – депті.

Шай құйып отырған келін қызара ұялып келінің түбіде алып қалған жарманы түгел төңкеріпті.

Тағы бір де Омарақын Жансарбай ұлының жас мырза кезі болса керек, достары оны сауыққа ұсыныс етеді.  “Жігіттің бағы білмейді,  жумыстың бабы билеиді” – дегендей, қатынаса алмаған Омекең шақыра барған жаушыға:

Сыртқа шықсам батырмын,

Іздегенге жақынмын.

Кешіріңдер достарым,

Қатын ауыру, бала жас,

Келі тұиіп жатырмын , – депті.

Қараңызшы, міне, бұның бәрі де халқымыздың тары дақылын тұрмысында кем болса болмайтын қымбатты азық етіп тұтынғандығын әйгілейді.

Еднді осы тары дақылына тоқталайық:

Тары түсіне қарай қызыл тары, ақ тары, ақтангер тары, сары тары, көк тары, қара тары, тарғыл тары қатарлы тұрге бөлінген. Тарыны откенде ата- бабаларымыз тың ашып, тақялап тары шашып бір тақия тарыдан 4 келе (өнім алады екен.  Ол кезде жер «қазық қақсаң бәйтерек шығады» дегендей құнарлы екен.

Халқымыз тынымсыз тұрмыс барысында шипалы жан азығын жүйелі, ғылыми түрде пайдалана білген. Соның ішінде тарыны ерекше әспеттепті. Бұл дақыл түсіне қарай қызыл, ақ, ақтаңгер, сары, көк, қара, тарғыл сияқты түрге бөлінеді.  Оның бәрін азық ретінде пайдалануға болады. Әрине, бабаларымыз күзде тарыны жинап алған соң, ауыл болып ұйысып, оны пісіріп, қыз-келіншектер келімен түйіп, ақтап, қапқа салып алады. Дайындалған өнімді (ақталған тары) су өтпейтін, көлеңке жерге сақтап, сосын оны қыс бойы азық етеді. Оның да пайдалану жолдары алуан түрлі болып келеді. Айталық,  жақсы ақталған тарыны жарма келіде түйіп, жылқы қазысының үлдірігіне жаншиды немесе жарманы сары май, кілегейге шылайды. Ақталған тарыға ірімшік, бауырсақ, қант, сары май қосып жент жасайды. Бұл өте қуатты азық саналады. Ал жазды күні бұл дақылды жақсылап жуып, қайнатып, сүт қатып, ашытып сусындық ретінде пайдаланады.  Ет асқан сорпаға тары салып қайнатып, сүзбе немесе құрт қатып, тарыкөже жасап ішеді.

Тары – қоректігі мол, қорытылуы тез азық. Құрамында пайдалы он бір дәрумен болғандықтан, оны үнемі тұтынатын адам ағзасы суыққа да, ыстыққа да төзімді келеді, яғни емдік қасиеті де жетерлік. Ерте қартаюдың алдын алады. Оны шайнап жейтіндіктен тіс түбінің беріктігін арттырып,  тісті ерте түсуден қорғайды. Сонымен қатар, оны тұтынғанда  бет сүйегі әрекеттену арқылы жақ кірісінің ашылып, жабылу қалыптылығын жиілетіп, ерте әжім түсудің алдын алып, бет терісінің жылтырлығын сақтайды. Бұл көздің көру қуатын арттыруға да өте пайдалы.

Оның ең басты қасиеті  – сусамыр (қантты диабет) дертіне шипа болатындығы. Бабаларымыз осы кеселге шалдыққандарға қойдың кәрі жілігінің көк еті мен семіз құйрық майға тарыны қосып жаншып,  дәрілікке қолданылған. ¤йткені ол қандағы тәттілік құрамды азайтып, майды өзіне сіміреді. Бұл қан қоюлануының алдын алып, қан жабысқақтығын тарқатады.

Сонымен қатар, тары асқазан қуырылуы, қабынуы, асқазан жарасы қатарлы ауруларды емдеуге қолданылады. Оны сүтке қайнатып, бұқтырып, үздіксіз жеп тұрса, асқазанды қуаттандырып, асқазан және ішек қабынуы салдарынан туындайтын іш өтудің, сусызданудың алдын алады.

Медицина мамандары тарының өт қуырылу, қабыну, өтке тас байлану сияқты ауруларға ем болатынын дәлелдеп отыр. Балалар ыстық жел болып ауырғанда таза ақ дабы дорба тігіп, оған тарыны толтырып, баланың басына жастап қою керек. Ұзақ уақыт төсек тартып жатқан адамның жамбас еті ойылып, өлі еттеніп кетеді. Осы тұста таза дабы дорба тігіп, оған 5-6 келі шикі тары салып, жамбасқа төсеп қойса қан тамырларын әрекеттендіріп, қан айналымын қалыпты ұстауға оң әсерін тигізеді. Егер адамның ыстығы көтеріліп ауырғанда ақталған тарыны бірнеше рет жуып, кірін кетіріп, сүтке қайнатып берсе денедегі ыстықты тез қайтарады.

Шикі тарыны диірменге салып немесе келімен ақтап сөк жасайды. Одан палау басып, көже жасап ішеді. Тары ұнынан нан пісіріледі,  боза жасалады. Ол асқазанды қуаттандырады. Ет асқаннан кейін сорпаның бетін қалқып алып тарыны бөктіріп,  балаларға береді. Бұл баланың тезірек есеюуіне  септігін тигізеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығына да тигізетін пайдасы бар. Бабаларымыз жүйрік атты тары беру арқылы баптаса, көтерем, арық малдарды да осы дақыл арқылы қыстан аман-есен шығарған. Мал ұрықтандырыу кезінде қошқарға міндетті түрде тары берген. Оны жеген малдың еті қуатты әрі дәмді болады.

…Қазақ-жоңғар арасында болған Орбұлақ шайқасы тұсында Ташкенттен көмекке шыққан Жолбарыс батырдың жасауылдары жол бойы етті азық етсе, тарыдан жасалған сусынмен шөлін басқан.  Жарты ай бойы ат үстінен түспеген сарбаздардың Орбұлаққа келе сала қанды майданға араласып, жауды жермен-жексен еткен батырлығына аталған дақылдың септігі тигені анық. Жоғарыдағы келі мен келсап Жансарбай Ұлтарақ ұлы өз қолымен шапқан дүниесі. Ал ыңғуыр осы екі құралды жасау үшін істеткен сол ксінің құралы еді. Жансарбай Ұлтарақ ұлы емші болумен қатар, қатты еңбекші болған. Сары кезеңнің астындағы сары жазыққа ағаш егіп, беделік жасап, егін салып, жер өңдеуге күш салып, басқалардың отырықтанып, өмір сүруіне бастамшы болған.

1910 жылдарды жер жыртып жайқалта астық еккен. Бір жылы күзде атақты шешен, жүйрік ақын Жапсарбай Сасанұлы ел аралап жүріп мұз қырманға тау болып үйілген тарыны Кеңсудан баса соққан желіне сыбанып тастап сапырып жатқан Жансекеңнің қырманан шығады. Кепсен ала кетпекші болып қараса, ыдысы жоқ екен. Құры кеткісі келмеген ол:

  • Ассалаумағалайком Жансарбай,

Қара тамырда жүрсең алдыңа жан салмай.

Қырман толсын әттеген-ай,

Келіппін-ау кепсен алуға қап салмай, – депті.

Сөз құдіретін жете түсінетін Жансарбай:

– Келіңіз, ақ түйенің қарны ақтарылып жатқан алтын күзде қырманға келіпсіз, кепсен алыңыз деп жүннен тоқылған қара қапқа толтыра тары салып, артып жіберіпті.

Қызай елі енді отырақтасып, егіншілікпен айналыса бастағанда елді отырақтануға, егіншілікке бастаған Жансарбай Ұлтарақ ұлының игі ісін білдіретін белгі ретінде ұрпақтары осы үш мұраны аялап, сақтап келеміз.

 

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

 

Q-Andas ақпарат

Қаралым 30
Қонақ шақыру ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қонақ шақыру ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz