Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

admin
2026/04/21
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Балалар ойыны

АУРУДЫ АЛАСТАУ

 

 Балаларға қотыр, теміреткі, тағы да жара шыққан кезде ауылдағы өзі тұстас балаларды жиып әкеліп, осы ойынды ойнатады. Балалар үйдің бұрыш-бұрышыныа тығылып, осы өлеңді кезек-кезегімен айтады. Ауру бала мұны тыңдап мәз болып, көңілі жадырап, аурудың салмағын ұмытып кетеді. Бүгінгі тілмен айтқанда аталарымыз психологтың міндетін балаар ойыны арқылы атқарып келген.

 

Осырар болсаң көтеу шықсын,

Бір шыққанда жетеу шықсын.

Тобылғыдан қызыл шықсын,

Қарағайдан ұзын шықсын.

Қасиын десең қаның шықсын,

Қасымайын десең жаның шықсын.

БАҚА БАҚ ОЙЫНЫ

Бақбақ шөбі

Көктем шығып, көк өсіп, гүлдер шешек атқан тұста ойналатын ойын түрі. Ауыл балалары жиналып алып, бақа бақ деп аталатын шоптің сабағын ауыздарына салып, төменде көрсетілген өлеңді бірнеше рет қайталап айтқанда бақа бақтың сабағы әртүрлі формаға енеді. Оны жинап, реттеп, сұрыптап, таңдап білезік, алқа, тағы да басқа әсемдік бұйымдарын жасап, мойындарына тағып, үйлерін сәндеп  мәз болысады. Бұл ойын да балалардың ойлау жүйесін дамытып, табиғатқа құштарлығын арттырады. Бүгінгі балабақша балалары үшін қолдануға болады. Бақа бақ шөбі уытты қайтаратын ерекшелікке ие болғандықтан, бала денсаулығына зиян келтірмейді.

 

Бақа бағым бақ-бақ,

Теке мүйіз тек-тек.

Қошқар мүйіз қош-қош,

Ешкі мүйіз шек-шек.

 

*******

Қапалақ- Қапалақ қар жауды,

Жаман жеңгей қыз тапты.

Оның атын кім қойды,

Келсаппенен бір қойды.

 

*********

Ала қарға, Сауысқан,

Елдің құртын тауысқан.

Қызыл тұмсық шау қарға,

Қыздан басқа жау барма.

 

********

Ойын-ойын, ойын бақ,

Диуананың қойын бақ.

Қатын алып қатын бақ,

Қатыныңның отын жақ.

ТІС ШЫҒАРУ ОЙЫНЫ

 

 Бала жеті жастан кейін тісі түсу қалыпты құбылыс. Алайда бала мұны түсінбегендіктен басында біраз қиналады. Осы кезде басқалар  осылай өлеңдетіп, мазақ қылып ойнайды. Бұл баланың психикасына әсер етіп, тісінің тезірек шығуына көмектеседі.

 

Кетік-кетік Кекшебай,

Екі тісі боқшабай.

Қара қалпақ қаңқабай,

Жауыр атқа шоңқабай.

Таудан барып тары же,

Тарғыл иттің боғын же.

Инеменен іліп же,

Тебениенен теріп же.

Саптаяққа салып же,

Салпылдатып алып же.

*******************

Сақау-сақау сақтаған,

Жылан етін қақтаған.

Күйді-күйді дегенде,

Күрек ала жүгірген.

Пысты-пысты дегенде,

Пышақ ала жүгірген.

 

 

 

Балалар ойыны

 

басы https://qandas.kz/balalar-ojyny-9421/

САНАМАҚ ОЙЫНДАРЫ

 

 Балаларға санау ретін үйрету үшін үкендер оларды жинап алады да, оларды қатар-қатар тізіп отырғызып, кезек-кезегімен сұрап шығады. Кейде балалар топтасып алып, өзара білім жарыстыру үшін де осы ойынды ойнап әдеттенеді. Өз кезегіне келгенде жаңылып, ұмытып қалғандары жаза арқалап, ойын ары қарай жалғаса береді. Бұл біріншіден, – баланың зеректігін, екіншіден – ұқыптылығын, үшіншіден – сан санауға деген ұмтылысын жетілдіреді. Ортада жаңылып айыпты болған бала келесі кезекте ұятты болмау үшін бұл өлеңдерді судыратып жаттап алуға тырысады. Сонымен бірге, осы арқылы санау ретінде меңгеріп алады.

 

НЕ ЖЕЙДІ?

 

Бірінші ит жейді,

Екінші елік жейді.

Үшінші үйрек жейді,

Төртінші түлен жейді.

Бесінші бел жейді.

Алтыншы аю жейді.

Жетінші желке жейді.

Сегізінші серке жейді.

Тоғызыншы тоқты жейді.

Оныншы оймақ жейді.

 

ОН БІР ЖАМАН

 

Бір не дегенде не жаман,

Бірлігі жоқ ел жаман.

Екі дегенде не жаман,

Екі кісі ерегессе сол жаман.

 

Үш дегенде не жаман,

Үлгісіз өскен ер жаман.

 

Төрт дегенде не жаман,

Төркіні алыс қыз жаман.

 

Бес дегене не жаман,

Бесіктегі баланың,

Шешесі өлсе сол жаман.

 

Алты дегенде не жаман,

Бір анадан алтау туып,

Жалғыздық көрсе сол жаман.

 

Жеті дегенде не жаман,

Жеткіншегінен айырылса сол жаман.

 

Сегіз дегенде не жаман,

Сергесіз өскен қой жаман.

 

Тоғыз дегенде не жаман,

Жер толғанып тұрғанда,

Ат үстінен ер жығылса сол жаман.

 

Он дегенде не жаман,

Оң жақтағы жас қызың,

Бағы тайса сол жаман.

 

Онбір дегенде не жаман,

Үйрексіз тымық көл жаман.

 

АУШАДИЯР

 

Аушадияр бір болар,

Малын баққан би болар.

Ақсақалдан бата алған,

Ақ шалмалы бай болар.

 

Аушадияр екі,

Қопа толдың шеті.

Шытырман көйлек, он түйме,

Ақ сұлудың көркі.

 

Аушадияр үш болар,

Ұшып жүрген құс болар.

Бағы тайған жігітке,

Бақыты қар дос болар.

 

Аушадияр төрт болар,

Қыздың қойыны өрт болар.

Екі жаман қосылса,

Қол аяғы мерт болар.

 

Аушадияр алты,

Ақ найзаны қарпы.

Ойнап, күліп жүрелік,

Бұрынғының салты.

 

Аушадияр жеті,

Қыздың қызыл беті.

Қызыл беттен бір сүю,

Ер жігіттің серті.

 

Аушадияр сегіз,

Су аяғы теңіз.

Қашайықта кетейік,

Екі торы ат семіз.

 

Аушадияр тоғыз,

Жорғалайды қоңыз.

Ата-анасын бақпаған,

Ақиретте доңыз.

 

Аушадияр он болар,

Өара мақпал тон болар.

Ата-анасын сйылаған,

Етек-жеңі кең болар.

 

Аушадияр онбір,

Даңғыраған жол бір.

Қашайықта кетейік,

Екі торы дүлдүл.

 

Аушадияр он екі,

Жаман адам дөрекі.

Қашалықта кетелік,

Таңдап бірін жол екі.

Ауесхан Мажай

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1605955

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 8
Қонақ шақыру ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қонақ шақыру ойыны

April 23, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

April 20, 2026
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

March 4, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 27, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 24, 2026
Андас Омарақынұлының қамшысы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Андас Омарақынұлының қамшысы

February 23, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz