Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

admin
2026/04/20
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Балалар ойыны

КІМ, НЕ БЕРДІ?

Бұл ойынның бірнеше түрлі нұсқасы бар. Алайда, бұл нұсқа біздің ортамызда кең таралған. Ол негізінен балалардың табиғатқа, қоршаған ортаға, туған жерге еген сүйіспеншілігін тудыруды мақсат ете ойналатын тойын.

 

Жұмбағымнан жүтылдым,

Өрге қашып құтылдым.

Қойным толды жеміске,

Жемісімді жерге бердім.

Жер жұсанын берді.

Жұсанды қойыма бердім.

Қойым қозысын берді.

Қозымды апама бердім.

Апам қара сиырдың сүтін берді.

Сүтімді пысырып отырсам,

Көбелек келіп көліп етті.

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалып етіп,

Жарымын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етті,

Сарқытын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қаңқ етті,

Басына шөміш таңқ етті.

 

АЛДЫРЫҚ, БҰЛДЫРЫҚ

Сәбидің тілінің тез шығуы үшін ойналатын ойынның түрі. Үйдің ішінен кішігірім үй жасап, балалар соған кіріп, шығып осы өлеңді айтады. Сөйтіп жүріп тілі сөзге бейімделіп, жаттық, таза сөйлеуге жаттығады.

 

Ағатайым, бұғатайым,

Сары атанға жүк артайын.

Хан қайда кетті.

Тұзға кетті.

Қашан келер?

Жаз келер, жаз келмесе, күз келер.

Алдрық, бұлдырық,

Сен кіріп сен шық.

 

КҮШ СЫНАСУ

Бұл қазақ балаларының аткеншектің екі басына отырып алып, ойнайтын ойыны.  Осы арқылы олардың ақыл-ойын жетілдіріп, сезгірлігін арттырады.

 

Ақ терек көк терек,

Шауып алдым бәйтерек.

Қанжығадан қан шықпас,

Тоқымдықтан тер шықпас,

Қабырғалы, камшалы,

Жаман торғай шамшалы.

Қара судан хат келді,

Хат бізге бап келді.

 

БЕСІК ЖЫРЫ

 Бесік жырының да сан түрлі нұсқасы бар.  Бұл біз өскен өңірде кең тараған түрі. Мұнда сәбидің ата-анаға опалы, ел-жұртына жағымды, көкірегі ояу, туған жеріне деген құрметі ерек болуын армандаған жыр түрі. Бесік жырын тек апалар ғана айтпаған сәби өмірге келіп, шілдехана күзеткен де балалар екіге бөлініп алып, осы жырды жатқа айтып сайысқа түседі. Оған үлкендерде қосылып, жаңа шұмақтар енгізіп, түрін, мазмұнын байыта береді. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген мақалдың түп-төркіні осыны көрсетеді. Бесік жырын айтуды қазірде жалғастыру керек.

 

Әлди-әлди әппағым,

Қойдың жүні қалпағың.

Құрым кигіз түбегің,

Асық жілік шүмегің.

 

Талдан иген бесігі,

Апасында несібі.

Жақсы болып ержетсең,

Қетпес ата есімі.

 

Әлди-әлди, әлди қақ,

Үлкен болып жылқы бақ.

Қас, Күнестің бойынан,

Қасқыр менен Түлкі қақ.

 

Әлди-әлди бөпешім,

Қарашығым көкешім.

Қай уақытта ержетіп,

Адам болар екенсің.

Әлди-әлди абайым,

Атқа тоқым жабайын.

Сенің шешең қыдырмаш,

Қайдан іздеп табайын.

 

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Құнан қойды сой бөпем,

Құйрығына той бөпем.

 

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Құйрығыңа май балам.

Қаз-қаз  балам, қаз балам,

Құлыншағым тай балам.

 

Әлди-әлди, ақ бөбек,

Құнан қойды сой бөбек.

Құйрығына той бөбек,

Мен бір жаққа кеткенде,

Бір жапырақ қой бөбек.

 

Әлди-әлди, аппағым,

Қозы жүні қалпағым.

Қойдың жүні байпағым,

Ешкі жүні арқаным.

Жылқы жүні шылбырым,

Түйе жүні кебенек.

Сиыр жүні помезек,

Ойна балам өрмелеп.

 

Балам менің қайда екен,

Балам менің тойда екен.

Тойда нағып жүр екен,

Алма теріп жүр екен.

алмасынан қане екен,

жаңа теріп жүр екен.

 

Осыдан кейін жыр аяғын ананың ақ тілегімен жалғасы кетеді:

 

Әлдилеген апасы,

Ержеткенде дана бол.

Жел жағыма пана бол,

Күн жағыма сая бол.

 

Әлди балам боларсың,

Тірі болсаң толарсың.

Жаман әстен аулақ қаш,

Жақсы жүрсең оңарсың.

 

Әлди балам есен бол,

Тілің жүйрік шешен бол.

Ержеткенде есті бол,

Көре-көре көсем бол.

 

Әлди балам оқырсың,

Ұққаныңды тоқырсың.

Ертең адам боларсың,

Құшағымда отырсың.

 

Әлди балам батыр бол,

Басқа сая шатыр бол.

Батыр болып ержетсең,

Азаматсың ақыл мол.

 

Әлди балам жылама,

Жылағаның болама.

Боран соқты далаға,

Тоңасың оған қарама.

 

әлләй балам еркесің,

Жуып қойдым көрпесін.

Көтерейін көкешім,

Тоңдырмайын желкесін.

 

Әлди балам аппағым,

Қозы жүні қалпағың.

Өз орныңда ұйықташы,

Бесігің бар шап-шағын.

 

Әлди балам күнішім,

Дем алысым тынысым.

Құдайым берген қарғашым,

Бақ дәулетім ырысым.

Осылайша, бесік жырын тыңдап, оны өзі ойнап ержеткен бала өскенде ұлштына адал, салт-дәстүрге жетік, азаматтығы мен мәрттігі қатар жетілген адам болып ержетеді.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 19
Қонақ шақыру ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қонақ шақыру ойыны

April 23, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

April 21, 2026
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

March 4, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 27, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 24, 2026
Андас Омарақынұлының қамшысы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Андас Омарақынұлының қамшысы

February 23, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz