Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қайрақ тас

Күнес өңірінің әр тұсынан сырлы тарихтың ішке бүккен сырын одан ары жасырып, құпиясын ашпай тұрған сымтастарда жиі ұшырайды

admin
2025/08/01
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Қайрақ тас

Айталық, Күнес өңірінің шығыс солтүстігіндегі Шет Меркі мен Орта меркі өзенінің аралығындағы тау жотасында биіктіі 270 см, әр бетінің жалпақтығы 30-35 см-ден асатын, төрт қырлап жонылып, жерге тік орнатылған сымтас бар. Бұ өңір осы тастың құрметімен Сымтас аталып кеткен. Осындай сымтастар батысқа қарай бір түзудің бойымен 20-30 шақырым аралыққа орнатылып отырған. Мысалы, Бәйгетөбе, Таясу, Қарағайлы судың құйғаны деген жерлерде де бар. Өкінішке орай, коммуналасу кезінде (1958-1959), мәсдени төңкеріс мезгілінде (1966-1976) бұл сымтастарды қопарып немесе орыннан пуысытыып тастаған. Бір қызығы кейінгі кездері Күнес өңірінде өткен дабыралы астарда берілген атбейгесінде аттар Қарағайлысудың құйғанындағы сымтастың жанынан шауып, Байгетөбедегі сымтастың маңына дейін дейін барған. Сымтастың (жер атауы)бойында қонақасы беріліп келген. Бұлда бір қызық жағдай ретінде қабылдауға болатын шығар.

1935 жылы 7 айда Тәңірберді Солтангелді руының болысы Естемес ажы Есенұлының асы Күнес Нараттың Көкөзек өстеңінің көмейінде өткізіледі. Оған 100 үй тігіледі. Әр үйдің иелері  күтуші болып бірге келеді. Асқа екі ай бұрын сауын хат таратылып, Іледегі Қызай елі түгел хабарланады. Бұратала Шахар мұңғұлдары мен Жұлдыз торғауыты қоса шақырлады.  Бәйгеге 500 ат айдалады. Атты Қарағайлы судың құйғаннан қоя беріп, Бәйге төбеден тосып алады. Алдыңғы ат Соқыртәнік қара Керімбектің қара қасқа аты болып 100 жылқы, екінші ат Естеместің аққұла аты болып 80 жылқы сыйлық алады, тағы да 40 атқа бәйге беріледі.

Осының өзін бүгін мен өткеннің арасындағы үлкен байланыстың белгісі демеске шараң жоқ.

Өкінішке орай 1968 жылы мәдени төңкерісі тұсында Бәйгетөбедегі сымтасты тың ашып, егін егу деген мақсатпен орнынан ауыстыру жұмысы қолға алынады. Сол жұмысқа сол жылдары басына қалпақ киім, өзгертуде жүрген әкем Омарақын, Әбдолла балуан, Тұрсынәлі, Әуелхан сияқты біздің ауылдың адамдары да  тартылады.

Әкемнің айтуынша:

–  Басында Сымтасты орнынан алып тастауға жүрегіміз дауаламай, батылымыз жетпеді. Аруақтан қорықтық. Бірақ бұйрық беріліп, төбеңде қызыл қорғаушылар дікеңдеп тұрған соң іштей тәңірге сиындықта жұмысқа кірістік. Бір байқағаным. Сымтас өте берік орналастырылған екен. Алдымен айналасын ауықмды етіп қазып, ең астына осы өңірден кездестірмейтін жарқышақ тастармен бекемдепті. Сосын тасты қойып, оны үш қабат етіп, толтырған. Бірінші қабаты керіш топырақты сары түсті ұсақ шақыл тастар төселген, одан кейін өзен бойындағы көктемгі су тасқынына кйеін қайырлап қалатын таза құмды толтырған, жер бетіне жақындаған жеріне таудың қара топырағы төселген. Тасты қопарып, оны орынынан алыс тастаған соң қайта жауып тастадық. Осы қайрақ тас сол сымтастың ең төменгі қабатына төселген тастардан шағып алып едім, – деп айтып отыратын.

Әкем көзі тірісінде бәкі, пышақ, балта, шоттарын осы қайрақтаспен ғана қайрайтын. Сол кезде күбірлеп, тәңірісіне сыйынып отыратынын да байқан қалушы едік.

 

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

 

Q-Andas ақпарат

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 133
Қонақ шақыру ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қонақ шақыру ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz