Үй ішінен үй тігіп ыстықжел, құяңмен ауырған адамдарды емдесе, жергілікті дәрілік шөптерден пайдаланып, қылтамақты (Рак) емдеп жазған. Өз тұсында алыс-жақынға «Жан қалса Жансарбайдан қалады» деген қанатты сөз тараған. Сондықтан ол кісін сол тұста өткен үлкен съездерге шақырып, жан-жақтан жиылған қадірлі қонақтардың денсаулығына жауапты еткен. 1881 жылдары Қытай-Ресей Іле өңірінің жер шекара белгісін айыру комиссиясының құрамында болған. Бұл үтікті сол кезде Ресейден келген ноғай саудагерлері тарту еткен екен. Содан бері Жансарбай әулетінде сақталып келеді.
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755
Q-Andas ақпарат











