Ұрымхан Рақыбайқызының (1906-1974ж.ж.) атасы Керімбек өз кезінде 7 мың жылқы айдаған ірі бай, өскен ортасында мектеп ашып, жоқ-жітікке қарайласқан жомарт, меценат, көпке қайырымды болған адам. Қызы Ұрымханды Омарақын Жансарбайұылына ұзатқан кезде жасаудың басы деп осы ұршықты берген екен. Қызайлардың арасында анамыз соңғы ұрпақтарына төрт асыл нәрсе қалдырып кеткен екен. Соның бірі «Қызай ананың ұршығы» делінеді. Сондықтан қызайларда ұршықты қадірлеп, қастерлеп, аялап ұстауды салтқа айналдырған. Егер ұршықты қадірлемесе, қызай ананың аурағы риза болмайды деп түсінеді. Көненің көзі ретінде Әуесхан Мажайқызы сақтап, осы күнге жеткізді.
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755
Q-Andas ақпарат











