Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Мәдениет

Тойы көп үй

Әлемде қанша жұрт болса, олар өзінің ұлттық құндылығымен дараланып тұрады. Ал сол құндылықтың қайнар көзі ретінде театр өнерін атауға болады. Қазақтың театр өнеріне тағы бір тың дүние келіп қосылды. Ол белгілі драматург, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққожа Мұқайдың “Тойы көп үй” трагикомедиясы. Аталмыш туындыны Бикен Римова атындағы драма театры ұжымы сахналады. Таяуда оның тұсаукесері болып өтті.

admin
2025/08/13
Мәдениет
0
Тойы көп үй

Баққожа Мұқайдың бірнеше шығармасының сахна төрінде өз көрермендерін тауып жүргенін бәріміз білеміз. Әрине, ойы орамды, шығармашылығы сұңғақ автордың аталған туындысын қай қырынан қарап бағаласаң да үлкен ойға жүк болары анық. Мұнда қазақтың жомарттығы жанына жарасқан бір отбасының тірлігі сөз болады. Қолы ашық, пейілі дархан отағасы тастанды бала, зәбір шеккен ана, жүрегі жаралы әйел, тағы басқа тірліктің теперішін көріп жүрген адамдарға көмектесуді әдетіне айналдырған. Бұл сол отағасының бойынан көрініс тапқан қазақ халқына ғана тән ұлттық қасиет еді. Алайда, бүгінгі мынау алмағайып заман сол кеңпейіл жандардың да санасын лайлай бастағаны анық.  Жомарт көңілдің көмескідегі жауы – байлықтың аздыруымен, әзәзіл болып шыға келетін дүниеқоңыздық екенін автор ашына жазады. Бірақ, заман қалай құбылса да, адам қалай өзгерсе де өмірде бірғана өзгермейтін шындық бар. Ол “Арым жанымның садағасы” дейтін қазақ деген халықтың “Арды” заңнан да биік санайтын философиялық қағиданы анықтап береді. Жарасымды отбасы мен терең сүйіспеншілікте біздің азаматтар мен аруларға тән екенін санаға сыналап сіңірумен де құнды.

 

Авторы – Баққожа Мұқай

Қоюшы режиссеры – Мұрат Ахманов, ҚР еңбек сіңірген артисі

Қоюшы суретші – Қамза Қайырбаев, ҚР Мәдениет қайраткері

Музыкамен көркемдеген – Ә. Тінәлі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қалай айтсақ та, қойылым сахнаға тіленіп тұр. Сондықтан да көрермендердің көңілінен шықты. Күліп отырып ұялған, жылап отырып ойланғандар көп болды. Оған қоюшы режиссер Мұрат Ахманов пен қоюшы суретші Қамза Қайырбаевтың көп тер төккені анық. Енді бір жағынан спектакльдегі ролдерді бірінен бірін бөліп немесе бас, қосымша кейіпкер деп ажыратып жатудың керегі жоқ, барлығының өмірде өз орны бар. Бірақ актерлердің шеберлігіне тәнті боласың. Ақ көңіл Заңғар ролін Жеңіс Жолдыбаев, аяулы жар Назгүлді Хазима Нұғыманова сұмдады. Сандуғаш Нұғыманова – Гүлназ, Мұратжан Махмұтұлы – Қамбар, Әлихан Ыдырышева – Гүлшара әжей, Нұрлан Әлбосынов – Шорабай ақсақал болып шыға келді. Қара сомқесін қысып ұстап келе жататын Қали ролінде Абай Нұғыманов, қателігін кейіндеп таныған келіншекті Роза Қапешева әдемі орындап шықты. Міне, осы актерлар еңбегі қазақ ұлтына тән асқан жомарттықтың  бүгінгі таңдағы күрделі қайшылықтарға үйлесе бермейтін аңқаулық жағын ашып береді. Бұл ролдерді әлі талай актерлер қайталайтын шығар, десе де, бүгінгі қойылым өз құндылығымен көрерменнің көңілінде қалғаны анық.

Біздің халқымыздың сан ғасырлық алапаттан аман-есен өтіп, бүгінгі еңселі ел болып отыруының бірі, халқымыздың ұлттық өнерін қастер тұтқандығы. Театрдың қоюшы режиссері Мұрат Ахмановтың сөзіне сүйенсек, қазір қазақ жастарының өнерге деген қызығушылығы артып келеді. Оған себеп, соңғы жылдары театр ұжымы бірнеше тың дүниені сахналаған. Алдағы жоспарлары да аз емес, десе де, театр сахнасына керегі “Тойы көп үй” сияқты ойы мен орамы жарасқан көркем шығарма. Біздің қоғамға керегі де осы.

 

Қажет АНДАС

Дереккөз: “Жетісу” газеті, №20, беәсенбі, 24 ақпан 2009 жыл.

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 60
Жетісу архивінің жүйелі жұмысы
Мәдениет

Жетісу архивінің жүйелі жұмысы

March 5, 2026
Өнер мен өрліктің отауы
Мәдениет

Өнер мен өрліктің отауы

December 12, 2025
Дін діңгек болсын десең…
Мәдениет

Дін діңгек болсын десең…

November 7, 2025
Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық
Мәдениет

Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық

October 29, 2025
«Біз де ғашық Болғанбыз?»
Мәдениет

«Біз де ғашық Болғанбыз?»

August 14, 2025
Қазақ шежіресі туралы
Мәдениет

Қазақ шежіресі туралы

August 19, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz