Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Білім

Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде

Қазақстандағы демографиялық теңгерім, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және өңірлік дамуды қамтамасыз ету – мемлекеттің стратегиялық мақсаттарының бірі. Сол мақсатта соңғы жылдары «Ерікті қоныс аудару» бағдарламасы қолға алынып, еңбек күші мол оңтүстік аймақтардың халқы солтүстік пен шығыс өңірлерге қоныстандырылуда. Бағдарлама жүздеген отбасына жаңа өмір бастауға мүмкіндік берді. Алайда қоныс аударудың өзіне тән қиындықтары да бар: жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі, жаңа ортаға бейімделу, балалардың мектепке баруы, ауа райына үйренісу. Біз осы мақалада Абай, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшіп, қоныстанған жетісулық отбасылардың тәжірибесіне жүргізген журналистік зерттеулердің қорытындысын бердік. 2025 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша, Жетісу облысынан ажалпы саны 39 адамнан тұратын 117 отбасы солтүстік-шығыс өңірлерге өз бетінше қоныс аударыпты.

admin
2025/10/07
Білім, Көші-қон
0
Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде

АБАЙ ЕЛІНДЕГІ АҒАЙЫНДАР

Қоныс аударушылар жаңа ортада

 

Абай облысы – ерікті көші-қон бағдарламасын тиімді жүзеге асырып отырған өңірлердің бірі. Мұнда қаржылай қолдау жүйесі мен еңбек нарығындағы сұраныс нақты үйлескен.

2024 жылы облысқа 188 отбасы (530 адам) қоныс аударды. Оның ішінде 310 адам – ішкі мигранттар, 220 адам – қандастар. Мемлекет тарапынан 503 адамға біржолғы көшу төлемі беріліп, 152 отбасының тұрғын үй жалдау және коммуналдық төлемдері өтелді. 112 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатына ие болды.

Қоныс аударушылардың көбі білім, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларына орналасты. Жарма, Аягөз және Бородулиха аудандарында бағдарлама нақты нәтиже беріп отыр. Жергілікті тұрғындар жаңа келгендерге үй, отын, мал, тұрмыстық көмек көрсетіп, қоғамдастық дәстүрін сақтап келеді.

Мәдени өмірге бейімделу

 

Дегенмен, жаңа ортаға бейімделу, тілдік айырмашылық, қысқы климат, инфрақұрылым тапшылығы сияқты мәселелер сақталып отыр. Соған қарамастан, көптеген отбасы кәсіп ашып, мал шаруашылығы мен шағын бизнесті дамытып жатыр. Бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін жергілікті әкімдіктер мен еңбек мобильділігі орталықтарының жұмысы әлі де күшейтілуі қажет.

 

Толық нұсқа Qandas.kz сайтында: https://7-su.kz/janalyqtar/sayasat/abai-elndeg-aaiyndar-8398/

 

Қостанайдағы жерлестер

Тарихтың табы қалған Қостанай

 

2023–2024 жылдары Жетісудан 12 отбасы қоныс аударып, жаңа ортаға бейімделді. Мысалы: Асхат Адамбаев – “Трансремвагон” зауытында; Ұлпан Жүнісова – қалалық ауруханада дәрігер; Дәурен Томатаев – университет қызметкері; Әділет Талдыбайқызы – мектеп мұғалімі, Ардақ Сейітқалиева – дәрігер. Осының өзі Қостанай облысында бағдарлама сәтті жүзеге асып жатқанын айғақтайды.

Өңірде 4,5 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттары беріледі. Бұл көптеген отбасыларға өз баспанасын алуға мүмкіндік жасады. Алайда, кейбір отбасылар үшін сертификат мерзімінің шектеулігі, жұмыс орны мен тұрғылықты жердің арақашықтығы, мектеп пен балабақша тапшылығы қиындық тудырып отыр. Мысалы, Рудный қаласына көшкен Әділет Талдыбайқызы: «Үй берілді, бірақ жұмыс шалғай ауылда. Балаларды мектепке апару қиын. Әсіресе математика мен физика пәндерінен мұғалімдер жетіспейді», – дейді.

Қостанай облысында дәрігерлер мен педагогтардың жетіспеушілігі азайып, ауылдар жанданып келеді. Бірақ бюрократиялық рәсімдер мен сертификат мерзімінің қысқалығы сияқты мәселелер бағдарламаның толық жүзеге асуына кедергі келтіруде.

Жас маман Ардақ Сейітқалиева жаңа жұмыс орнында

 

Сарапшылар пікірінше, құжат рәсімдеу жеңілдеп, инфрақұрылым дамыса, бағдарлама нәтижесі айтарлықтай жоғары болмақ.

Толық нұсқа Qandas.kz сайтында:https://7-su.kz/janalyqtar/kuenderek/60432-60432/

 

Солтүстіктегі Жетісулықтар

Солтүстіктегі еңбек адамдары

 

Солтүстік Қазақстан облысына соңғы жылдары оңтүстік өңірлерден, соның ішінде Жетісудан келген отбасылардың саны артып отыр.

2023 жылы – 711 отбасы (2 460 адам), оның ішінде 21 отбасы (97 адам) Жетісудан; 2024 жылы – 710 отбасы (2 340 адам), оның ішінде 105 отбасы (207 адам) қандас санатына жатады. 2025 жылы 2 969 адам, соның ішінде 175 қандас қабылдау жоспарланған.

Көшіп келгендердің көбі ауыл шаруашылығы, мәдениет және білім саласында еңбек етуде. Берікбол Дүйсенбайұлы Айыртау ауданында мәдениет үйінде қызмет атқарады, ал Жұбаныш Әнеш грант арқылы дәмхана ашқан.

Негізгі қиындықтар: қатты климат, тұрғын үйдің сапасы, мамандық сәйкестігі және бюрократия. Дегенмен, мемлекет ауыл шаруашылығына жер бөліп, кәсіп ашуға жағдай жасауда.

«Климат ауырлау, бірақ бізге жер берілді. Қазір өз кәсібімізді бастадық», – дейді қоныс аударушының бірі.

Солтүстік өңірдегі отбасылармен кездесу

Жаңа отбасылар ауыл өміріне жаңа тыныс берді: балалар саны көбейіп, мектептер сақталды, жастар ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсетуге жаңашылдық әкелуде.

Солтүстік Қазақстан бүгінде инфрақұрылымдық және экономикалық серпін кезеңінде. Жаңа зауыттар мен кооперативтер ашылып, жол және газ тарту жобалары жүзеге асуда. Бұл – көші-қонның әлеуметтік және экономикалық тиімділігін арттырудың нақты дәлелі.

 

Толық нұсқа Qandas.kz сайтында:https://7-su.kz/janalyqtar/kuenderek/zhana-qonys-synaq-pen-umit-69692/

 

Ортақ түйін

Жетісудан шыққан отбасылардың Абай, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тәжірибесі – аймақтық даму мен халық теңгерімін қамтамасыз етудің өміршең үлгісі.

Абайда — әлеуметтік қолдау мен экономикалық сертификаттар жүйесі жолға қойылған. Қостанайда — еңбек нарығы мен баспана бағдарламасы тиімді, бірақ рәсімдеу шектеулі. Солтүстікте — климат пен инфрақұрылым ауыр болғанымен, ауылдарға жаңа серпін келді.

Барлық өңірде қоныс аударушылар жаңа ортаға бейімделіп, еңбекке араласып, жергілікті қоғаммен бірігіп өмір сүруде. Бұл бағдарламаның әлеуметтік нәтижесі бар екенін дәлелдейді.

Облыстар бойынша 2025 жылғы өңірлік квота. Дерек ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

 

ЖУРНАЛИСТІК ҰСЫНЫСТАР

 

Бағдарлама тиімділігін арттыру үшін тұрғын үй сертификатының мерзімін ұзарту, қоныс пен жұмыс орнын үйлестіретін “тұрмыс картасын” енгізу, құжат рәсімдеу және төлем жүйесін толық цифрландыру. Қоныс аударушыларға арналған ақпарат және психологиялық көмек орталықтарын ашу, мәдени және тілдік курстар ұйымдастыру, жастарды ауылдық кәсіпке тарту үшін гранттар мен несие қолжетімділігін арттыру. Қоныстанған ауылдарға жол, медицина, интернет пен білім инфрақұрылымын тарту, жергілікті бюджеттен бейімделу жобаларына қаржы бөлу. Облыстық БАҚ беттерінде көші-қон тақырыбында тұрақты айдар ашу, сәтті қоныстанған отбасылардың тәжірибесін мотивациялық материал ретінде тарату, әр облыс әкімдігі сайтында онлайн көмек және кері байланыс картасын орналастыру.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жетісудан қоныс аударған отбасылардың тағдыры – елдегі әлеуметтік саясаттың айнасы. Абай, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының тәжірибесі мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын да, оның шектеулерін де көрсетті.

Бұл зерттеудің мақсаты – қоғам назарын көші-қон мәселесіне аудару және тиімді әлеуметтік саясат қалыптастыруға үлес қосу. Қоныстанушылардың еңбекқорлығы мен төзімі – елдің дамуына, бірлігін нығайтуға бағытталған үлкен қадам.

Жаңа қоныс — жаңа үміт. Ал сол үміттің жүзеге асуы – адам мен мемлекеттің өзара сеніміне байланысты.

Қажет АНДАС,

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 55
Керекуде  – рухани да, материалдық та қолдау көп
Көші-қон

Керекуде – рухани да, материалдық та қолдау көп

November 11, 2025
Жасанды интеллект және қазіргі білім көмек пе, әлде тәуелділік пе?
Білім

Жасанды интеллект және қазіргі білім көмек пе, әлде тәуелділік пе?

November 4, 2025
СОЛТҮСТІКТЕГІ ЖЕТІСУЛЫҚТАР
Көші-қон

СОЛТҮСТІКТЕГІ ЖЕТІСУЛЫҚТАР

October 7, 2025
Еркіннің көктерегі
Көші-қон

Еркіннің көктерегі

July 28, 2025
Қостанайдағы жерлестер
Көші-қон

Қостанайдағы жерлестер

July 28, 2025
Абай еліндегі ағайындар
Көші-қон

Абай еліндегі ағайындар

July 28, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz