Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Омарақын Зәңгі

admin
2026/08/30
Тұлғатану
0
Омарақын Зәңгі

Шетсізде шексіз бұл қаһарлы дүние кімді айтқанына көндіріп, айдауына жүргізбеген, айбатына мінсе ұлы теңіздің шүңеті іспетті бірде терең оппасына обырлана батырып, енді бірде дүлей толқын ұрып ұшырған ағаш қайықтың сынық жаңқасындай жағаға лақтырмады. Ол бірде ақпаның қызыл шунақ айазындай қарып, екі аяғыңды бір етікке тығады. Алдын беріп арбап, артын беріп аяғына жығады, морт сындырады. Осылай алпарасып жүріп ризығыңды таусып, мәңгі көз жұмасың, азаптан ада боласың. Дес еде ойлап тұрсаң осы түлкі дүние бастапта тең жаратылған, ешкімнің пешенесіне бақ пен сордың таңбасы шыр етіп жер бетіне түсіп,  туа да басылмаған екен. Бұл ақиқат. Адамдар жүре келе оз мүдесіне бола айласынан ақылын асырып, бірі қожа болып шыға келеды де онысын жасыру үшін ‹‹Жазылмыш та, бұзылмыш жоқ.› бұл Тәңірдің жазмышы», ــ деп сендіретіні бар. Ал енді осындай аумалы төкпелі жағдайда кейбір ақылды адамдар өзін дұрыс ұстай біліп, өмірден құнды сабақ қабылдайды. Сол арқылы жүрер жолын, бағдарын дәл бағамдап, кішіліктің, кісіліктің қадыр-қымбатын сақтайды. Қоғамдағы орнын биіктетіп, тиесілі үлесінен игліктенеді. Өмірдің құнын тұсінеді, басқаларға қамқор, бастамашы болып балта сабындай қысықа ғұмырында халыққа, қоғамға еселі еңбегін бағыш етіп, жұрт жүрегінен жол алып, кейінгіге ғибаратты еңбектер қалтырады. Әрине бұл мақтаныш етуге тұратын, алғыстауға, марапаттауға татитын ізгілікті шаруа. Міне осындай ардақты адамдардың үлкен ортасында момында, еңбеккер, басқалармен жұғысқыш, жұртқа қылдай қиянаты жоқ, өзін таза даіретті ұстап өткендердің бірі қасиетті Қызай елінің бір тармағы Таңірберды – Құдайназар – солтенкелді руының Шәкілден тарайтын Омарақын Жансарбай ұлы еді.

Омарақын қазіргі Күнес ауданы, Кеңсу ауылының көрікті де көркем сары кезең асты деген жерінде, сайын даласыында сағым ойнап, сарайыңды ашып, жаныңды жадыратқан самалы есіп, қызғалдағы мен қымыздық гүлі ашылып масатыдай түрленген 1903 жылдың мамыр айының тамылжыған ашық 24 жұлдызын ң арайлы кешінде, түтіні түзу ұшып, өз қолы өзіне жететін ауқатты отбасында дүние есігін ашыпты. Әкесі Жансарбай Ұлтарақ ұлы ақтабан шұбырындылықты көп көрген Қызай елі тұрақты орын таппай үркіншілікте жүрген шақтарда 1851 жылы Барлық тауының баурайында дүниеге келіпті. Бала кезінен күн бұрын шала тұғандықтан алжұаз және жансары болыпты. Айтуларға қарағанда, шешесі ұлы әжеміз Қыздығой атты анамыз өте келісті, көпті көрген, қатты білікті, ойлампаз, ақылды адам екен. Жаңа туған ұлына Жансарбай деген ат қойып, тұмаққа салып, киіз үйдің керегесінің басына іліп бағыпты. Әркұны тәңертең ауыстырып отырып 40 күн дегенде қырық керегенің көзінен өткізеді, 40 қасық сумен шомылдырып қырқынан шығарады, наресте сондағана туылатын мезгіліне жетіп адам кейпіне кіріпті. Осындай білімді аңғарлы ана қолында өсіп, танымалы есті әкесінен өмірдің ой мен қырын үйреніп, тарбиеа лған Жансакең Күнестің екі қабырғасын жайлаған елге аты мәлім, ажалға арашашы, ауруға медеткер, козқарақты, ғұлама, оқымсты адам болып өсіпті. Ол  тамыр ұстап, артүрлы аурудың қаракетін ажыратып, талай-талай аурудың ашты азабын тарқатқан, алжуаз жандарға жанашыр болып, қол үшін берген, қараңқы қазақ даласында үстемдігін жүргізген қаражел, опыпа,  қатарлы қауіпты ауруларға қарадүрсын емес, өмірден қабылдаған кемеңгерлер тәжірбие, мол білімі арқылы өзі жинап, жасаған жергілікті дәрілерімен дауалап төтеп беріпті. Тіпті рецеп жазып қалтырмағаны болмаса, үй ішінен үй тігіп, қазір рәк аталып жүрген өмірдің қас жауы қылтамақ ауыруында емдеп жазыпты. Әбеутәліп ақсақалдың айтуынша, бір жолы бабасы Мұратбек Шілдебай ұлы екеуі Жансакеңе салем бере барады. Аз отырған соң:

– Аттың демі келіп тұр, алыстан науқас келуі мүмкін, халы нашар, нашар сияқты –дейді. Ауыз жиғанша болмапты, ат тұяғының дүбірі естіліп, іле-шала тор еттен әбден ажырап, жіпке тізгендей арбайып қу сүйектері қалған, оте арықтаған бір адамды қолтықтап, үйге сүйеп кіргізген адам:

– Ассалаумағалайком, ардақты әулием, жан қалса жансарбай, Мәшеден қалады деген дабырыңызды естіп қыйырдағы Қас бойынан арнайы іздеп келдім.  Бұл ауру адам менің Алібек деген ағам еді, ауырғалы алты ай болды, ешбір ем шипа болмады. Сізден медет тілеп келіп тұрмын, – дейді өтініп.

– Ағаң қауыпты ауру екен, қоымнан келмес пе екен, – дейді. Ауыр тыныс алып, әлгі адам:

– Әулием-ау, бұл ақыры өлге қиған туысым еді, емдеп көріңізші, бір шипасы табылып ем болып қаларма екен, – деп жылып жіберді.

Алыстан ат арытып келген соң, көңілін жықпаған Жансекең науқасқа оңаша үй тіктіріп, емдеуге кірсті. Алдымен жақсы иленген жұмсақ қайыстан жіңішкелеп 12 таспа тіліп, қырғызша өрім өрді. Қотаннан бір қара қойды алдырып,  айтып сойғызып, қызыл оңешін алып жас қызыл өңешті аударып басын ішіне қаратып тігіп қамшының өріміне кигізді. Бас жағын үш жерінен бұнап, мәлім мөлшерде кепіреш және өзі жасаған бір бөлім күшті дәрілерін жағып, әлгі адамға:

–  Ағаңның жаны бір қалса осыдан қалады, болмаса қауыпты, емдеп көремізбе? – дейді.

– Әулие, қалай болса да біз мақұлмыз, емдеп көріңіз, – деп рұқсатын береді.

Жансекең баланың шынтағындай жуандықтағы жаңағы қызыл өңешке сұғылған қамшының өрімін науқас адамның кеңірдегіне күшеп жұтқызып, бірнеше рет толғап жүгіртеді. Ауру адам талып жығылып түседі. Аузынан қан да шығып кетеді. Жұмсақ бағлан етінен сорпа қайнатып, сүт пісіртіп қойған. Түске таман ауру есін жияды. Дереу бір шыны сүт ішкізіп, аз уақыт өткеннен кейін жұмсақ етті азырақ майдалап үгіп, бір шыны қозы сорпасын беріп, қалың орап жатқызып тастайды. Тынышталған ол алты айдан бергі ұйқысыздықтың әсерінен бе екен, болмаса ауру азабы жеңілдеді ме қатты ұйқтап кетеді. Табан бір тәулік ұйықтап ертесі сол уағында сергек ойянады. Астына төселген көрпе-киіздер теріден сығып алардай су болып кетіпті. Жансекең тамырын ұстап көріп, бір түрлі ризы болған бейнеде:

– Құдайға шүкір, беті бері қарапты, үміт бар, ем  болып қалар дейді зор сеніммен. Аз уақыт дем алдырып, артынан қара бұрыш, топиын және бір бөлім дәріні қосып, қолдан тосап дәрі жасап жалғасты емдейді. Бес күннен кейін аздап тамаққа араласады, он күннен кейін басын көтеріп, керегеге сүйеніп жүретін халге жетеді. Сүйтіп, Алібек бір жарым ай дегенде сауығып ауылына қайтады. Келер жылы інісі екеуі ат жетелеп келіп рақмет айтады. Содан бастап Әлібек Жансарбайдың бір баласы атанып кетеді.

Жансекең әрі емкос, әрі кәсіпкер болған адам. Ол кісі 1946 жылы 95 жасында дүниеден өтіпті. Ел 98 жас деп жаназасын шығарды. Жансекең көз жұмарында сол екі қасиетті заттарын, қасиетті ақ салдесін үлкен ұлы Аяпбергенге, қасиетті сарыала қамшысын кіші ұлы Омарақынға мұра етіп қалдырып кетеді.

Жансекең әрқандай сырқатта зерсала қарап, өнімді дауалайтын еді. Қожабек руындағы Мамырбек деген зәңгінің әйелі қатты аурады. Жансекең науқастың тамырын ұстап, асқынған сүзек екенін айрады да науқасты шешіндіріп тоқылған шым шимен орап, п түрлі дәрі-дәрмек салып қайта шым-шым ыстық сумен сыртынан соғып, дауалап жазады.
Қарымбай деген кісінің келіні қатты ыстық болып, безгекпен ауырғанда суық суға тоғыту, жас көк бедеге орап, шырғанақтың түбін қайнатып ішкізу арқылы жергілікті әдістермен дауалап қатты ыстықты қайтарып, безгекті жазады. Бізден бұрын шешек сынды ажалды да өз суын өзіне құйып дауалапты. Ол былай екен: Алдымен шешек шығып ұшыққанан кейінгі қара қотырды қырып алып, жылыман қайнақ суға езеді. Бұл суды баланың немесе үлкен адамдардың білегіне отқа салып суын қайтарған иненің ұшымен дөңгелетіп сызып соған жеткілікті езілген шешек суын құйып егеді. Осы әдісі арқылы шешекттің алдын алып отырған. Жансекеңнің бұндай ұлағатты стері айтып тауысқысыз.
Жансекең бір жылдары елді ауыр шығынға ұшыратқан сүзекті, безгекті өзінің еске емдеу тәжірибесімен табысты емдеп жазады. Ол кісіні жұрт үйде отырғызбайтын, емшіні аттан түсірмейтін. Тек Күнес халқы емес, Нылқы, Тоғызтару сынды алыс жерлерге де алып кететін. Ол кісі тағы да Қазақстаннан келген білімді Сәлақи деген оқымысты татар таныстырған ішкі ресейден оқыған үлкен білімді, тәжірибелі дәрігер Алиов деген адамды ауылына шақырып ерулетіп,  қос ғұлама тәжірибе алмасып, түрлі ауруды, оны емдеудың жолын талқылап, пікір алмасып, білігін арттырып отырады. Осы ауылда бақсы, емші аталған Мәші, Сақал, Бәтима қатарлы емкостер болыпты. Жансекеңнің бұдан басқа қасиетті сарыала қамшысы мен ақ сәлдесі болушы еді. Толғағы ауыр болып, босана алмай жатқан жүкті әйелдер мен бала жолдасы түспеген әйелдердің ішіне дем салып, қамшымен бір сыйпаса дереу аман-есен босанып, бала жолдасы қалыпты түсетін.

– Сенің шешең Ұрымханынң қалай келгендігі туралы айтып берейін, –деді тағы бірде Ыразбек ақсақал көңілдене:

– Бір жылы көктем болатын бәріміз қыстаулықтан көшіп, Кеңсу бойына көктеулікке тұскенбыз. Әркұны кеште ауыл ақсақалдарының бас қосып, әңгіме дүкен құратын әдеті емес пе? Осындай бір күны сыртта отырғанбыз, Жансекең аттың демі тйіп тұр ғой, алыстан бір адам келетін сяқты, – деді.

Іле шала батыс жақтан ақ көбік, қаратер басқан қосар ат жетелеген бірадам көрінді. Келген беті:

–  Ассалаумағаликом, ақсақалдар, Жансакең әулиені іздеп келіп едім, – деді.

Ссәлем алған Жансекең:

– Я, ол кісі менмін, келіңіз, түсіңіз, шаруа жайыңызды айтыңыз? – деді.

– Мен Күнестің арғы бетіндегі Бегімбет Әбікен руының адамымын. Сорбұлақтағы Рақыбай байдың бәйбішесі Дәмелі деген кісі жүкті еді. Он екі айдан әсты әлі босана алмады. Соған сіздің әулие атыңызды естіп, дауа іздеп шақыра келген едім,әулием, – деді.

Жансекең аялдамай сәлдесін орап, дереу киінді де келген адамға еріп жүріп кетті. Барса әйелдің жүкті болғанына 12 ай, 12 күн болыпты. Құрсағы дегенің ерекше үлкейіп басынан асардай ісінген. Отырып, тұра алмайды. ұзақты күн ұйқы жоқ есіктен төрке домалап тыныс таппай қиналуда екен. Төңірегін қорқытып, діңкелетіп болыпты. Жансекең бара сала шешініп тастап,  алдымен әйелдің тамырын ұстап, су егіз екендігін айырады. Ары ـ бері аунатып құрсақ бөлімін уқалап ем-дом жасайды. Артынан қасиетті сарыала қамшысымен құрсағын өрден төмен бірнеше сыйпап, дем салады да: – Қыз бала екен, қой келе аман-есен босанады. Ренжімесеңдер маған балағып беріңдер, – дейді.

Үй иелері:

–  Әулием, айтқаныңыз келсін, науқастың жаны қалып, айтқаныңыздай болса, сізден аямаймыз, кенініңіз болсын, – деседі жамырай.

Жансекең үй артындағы дөңге барып жақсы хабар күтіп отыра тұрады. Дәл бесін ауып, көгендегі қозысына бола маңырап улар-шу болып ауылға қайтқан қоймен бірге:

– Алақай, әулием, босанды, аман-есен босанды. Қыз бала, қыз бала екен айтқаныңыз келді, – деп біреу ентіге хабарлады.

Осы жолы Жансакең олардың ризылығын алып, бесікінде құдаласып Үрімханды бес жас үлкен Омарақынға қосқан еді, –дейді.

Жансекең басқа емкостікке де жеттік еді. ‹‹Ауруда шаншу, сөзде қаңқу жаман›› дегендей, ол кісі өне-бойды құрыстыра ұстаған қатты шаншуарды да сол қамшысымен ұрып, дем салып үзіп жазатын. Жансекеңды науқастар күншілік, бірнеше күншілік жерден ат артып әдейлеп іздеп келетін.  Бұндайда Жансекең олардың іздеп келетінін алдын-ала біліп, болжап отыратын. Айтса, айтқандай сол күні, сол уақытта, адамдардың іздеп келгенін күретінбіз. Жұрт сенсін, сенбесін шынында да ол кісі көріпкелі бар әулие адам еді, анығына көзіміз әбден жеткен болатын, – деп отыратын еді.

Қасиетті  Жансекен туралы жұрт арасында таралған «шайта соққан» деген аңыз әңгіме бар. Жастау кезі болса керек, түйеге мініп қалың қой, ешкісін беткейге қаптатып өргізіп келе жатса сүйкімді бір кішкене ақ лақ ақсаңдап қойға ілесе алмайды:

– Жануарға не болды екен, – деп жаны ашып, түйесін шөгеріп, алдына үңгеріп алады.Аз жұрген соң еркек пе ұрғашы ма екен, – деп астын ұстап көрмекші болса, лаққа тіл бітіп:

– Қолың толды ма ? – депті.

– Ә, пәтшағар, шешек  екенсің ғой, – деп лақтың айдарынан алып тобылғы сапты сары ала қамшысымен жатып кеп сабапты. Қамшы өткен сайтан төбесіндегі теңгесін тастап беріп :

– Балаңның баласының, барлық ұрпақтарыңның маңына жоламай, – деп зарлап зытып берпті.

Бұл әрине адамның нанғысы келмейтін аңыз іспетті болғанымен сенуге болатын да шындық болып күрінетін сяқты.

Жері шалғай немесе қолы босамай қалып, шақырған жерге өзі бара алмаса, сол екі қасиетті затының бірін беріп жіберіп, босандырады екен. Жансарбайдың бұндай емкостік істері сан-санақсыз. Халық аузында аңыз болып жүрген аңгімелері тіпті де мол. Бұдан сырт, қатты еңбекші болған. Сары кезеңнің астындағы сары жазыққа ағаш егіп, беделік жасап, егін салып, жер өңдеуге күш салып, басқалардың отырықтанып, өмір сүруіне бастамшы болған.

1910 жылдарды жер жыртып жайқалта астық еккен. Бір жылы күзде атақты шешен, жүйрік ақын Жапсарбай Сасанұлы ел аралап жүріп мұз қырманға тау болып үйілген тарыны Кеңсудан баса соққан желіне сыбанып тастап сапырып жатқан Жансекеңнің қырманан шығады. Кепсен ала кетпекші болып қараса, ыдысы жоқ екен. Құры кеткісі келмеген ол:

  • Ассалаумағалайком Жансарбай,

Қара тамырда жүрсең алдыңа жан салмай.

Қырман толсын әттеген-ай,

Келіппін-ау кепсен алуға қап салмай, – депті.

Сөз құдіретін жете түсінетін Жансарбай:

– Келіңіз, ақ түйенің қарны ақтарылып жатқан алтын күзде қырманға келіпсіз, кепсен алыңыз деп жүннен тоқылған қара қапқа толтыра тары салып, артып жіберіпті.

Сол тұс қыр қазақтарының жер емшегін жаңадан еме бастаған. Бір егіншінің шанағына қарамай бұлар істеуі неткен жомарттық десеңізші?

Жансакең міне осындай кең пейіл, жомарт көңіл ,көпшіл адам екен. Осы бір дарқан пейіліне бола да бәрді ме екен ол кісі екі некелі болыпты. Бірінші әйелі Қалиша анамыздан алты қыз туып, артынан бір ұлды болады. Ұлдың атын Алла алты қыздың артынан аяп берген ғой деп Аяпберген қойыпты. Екінші әйелітүйеге мінгізіп әкелген Керей қызы Жамила анамыздан тұңғышы бір ұл туып, артынан алты қыз көріпті. Сол алты қыздың алдындағы ұл омарақын екен. Жансекең 1946 жылы 95 жасында елімен ұрпақтары ортасында, ақыл, өсиетін қалтыра отырып, әлеуетті, сергек қалпында пәниден бақиға аттаныпты да, елі 98 жас деп намазын шығарып, мәңгілік тұрағына аттандырыпты.

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, осындай бір көзі ашық, көкіргегі ояу, кең пейіл, көпшіл отбасының өнегесін көріп өскен Омекең де ақ еділ, өнегелі қасиет қалыптастырады. Ол 1913 жылға дейін ата-ана тәрбиесінде болғаннан кейін, сол тұстағы бірден-бір білімді ғұлама адам Әліш молладан арабша, латынша пәнни білім алады. Қысқа ғана уақыт ішінде төрт амалды игеріп, едәуір сауатын ашады. Одан ары жоғарылап оқитын мектеп ол тұста болмағандықтан бұдан кейінгі жерде отбасы істерімен айналысады.

Шүрек ақсақал бір сөзінде:

– Омекең жастайынан еңбек сүйгіш, елгезек болып еді, – деп күле отырып ол кісінің бала күнгі бір қызық қылығын есіне алады. – 13-14 жастар шамасында болу керек жылқышы жігіттермен бірге түнгі жылқы күзетіне шығыпты. Ісімер қолды анасы жаңада ғана тігіп берген ұлпадай етіп илеп рауғаштың түбімен бояп, балағына шибарқытты кестелеп әріп салған шалбарымен жаға-жеңін қара бұйра дәкімен жұрындаған әдемі сары тонын киіпті. Түнімен сіркіреп қос аяқтап жауған ақ жаңбыр таңға толас таппапты. «Терінің жаны суға ериді» дегендей, жаңбыр өтінде ұзақ жүріп әбден малшынып езілген оның тон шалбары ұзара беріпті, созыла беріпті. Ұзарған сайын тонының жеңі мен етегін, шалбарының балағын кесіп тастай беріпті. Ертесі жаңбыр басылып күн ашылғанда, ыстыққа кепкен тон шалбардың қуырылған жеңі шынтақтан, етегі белден, балағы тізеден жоғары шығып шолтиып қысқарып киюге жаармай қалыпты. «Терінің атасы күн» емес пе, суға созылып, ыстыққа қуырылатындығын сезбеген, әй балалықты айтсаңшы?.

Омекең тағы да қызықшыл қалжыңбас болатын. Жездесі атақты молла Сәрсе Балқан ұлы мінезі қоңыр, момындау кісі еді. Сол кісі үйлеріне келе қалса қалжыңдап ойнап (жездесімен ойнайтын қазақ салты емес пе?) есіктің алдында жататын едауыр әлуетті деген адамдар орнынан әзер қозғайтын үлкен ақтаспен жығып салып, жотаـ желкесінен бастырып қойатын. Тасты аударып тұрып кетуген қауқары жетпей тек тыпырлауға ғана мұршасы келген жездесі:

– Әй, пәтшағар, үй пәтшағар, қойсаңшы, ей қойсаңшы, әй мынау адам өлтіре ме қайтеді, құтқарыңдар? – деп айғайлайтын. Сықылықтап күлген, бірдемі қылжақтан кейін:

– Кешіріңіз, – деп тер басып кеткен молла жездесін тастың астынан босатып алатын. Омекең сондай қалжыңбас, қайратты болатын, –  дейді.

Кеңсудың Сары кезеңі астындағы Сары жазығы шыбық шаншсаң орман өсетін қыртысы қалың, құнарлы, қоңыр бұйра топырақты болып келеді де, еңбегіңді есесімен қайтаратын жомарт жер еді. Осы құтты қойнауда Омекең ағасы Аяпбергенмен бірлікте тізе қоса отырып, қос қолдарымен игілік жаратуға құлшынады. Ол ең алдымен шөп басын қуып, ауарайының ығына аударылып, көшып-қонып жүретін мағынасыз ескі тірлікті өзгертуге бел байлайды. «Бұзау шөңген» деген сай аузындағы жер тошаласын көшіріп әкеліп, Сары жазықтың ортасынан екі ауызды ағаш үй, бір ауызды там үй тұрғызып, есіктің алдынан екі жарым гектар мөлшерінде бақша жасап тал, терек, қайың мойыл, долана, алма, өрік ағаштарын отырғызады. Ал үйдің артынан 10 гектарға жуық жерді соқпа там, қазған өрмен қоршап, айналасына төрт қатарлап тал, терек, шырғанақ отырғызып, беделік жасап көгертумен шұғылданады.

«Көнені айтбай, жаңа еске түспейді» демекші, осы арада мынадай бір удай ашты шындықты қыстыра кеткім келеді. 1958 жылдары «Байтал түгіл бас қайғы» дегендей, Омекең басқасынан да айырылып «Табы жат элемент» болып шетке қағылып жүрген кезде тай қазан құрылып, коллективке мал қораларын салу жабал қолға алынып, оған ағаш материял керек болады. Алдымен иен жатқан иессіз малдай көріп, кемеліне келіп самсып тұрған осы бақшаны ойрандап (әзір түбүрі де қалмаған жасамыс тартқан 3700 түп терек, 200 түп өрік, 700 түп алма, 1200 түп тал болып (басқасы есептеле 5800 түп ағашты Сары кезең, Сары сай, Көлденең бұлақ, Шошқа сай, Ашудас қатарлы жерлерге апарып, мал қораларына ағаш материялы етіп пайдалу мен бір бөлімін коллектив асханаларға отынға жағып тауысқан. Бүнымен қоса, бізнеше ауыз) үй, мал қорасының ағаштарын бұзып істету мен киіз үйінің туырлық, үзіктеріне дейін «Әнгылияны қуып жету, болат қорытуда» (бұлда 1958-жыл) өгізге ерттеу етіп еріксіз әкеткен. Омекең өзінің бұл адал еңбегімен, мүлікіне ашынып қайтарып беруді, ең болмаса, қаржыға жатқызып беруді өтінген болса да, жекелікке жармасатын идеяң әлі ауыр, коллектив көзқарасың нашар, өзгеру позитсияң жақсы емес, «Үш қызылтуға қарсысың, – деп күреске алып, басып қойған. Кейіндеп жағдай біраз оңалып, саясат тиянақтанған кезде осы ағаштарымен мүліктерді бұйрық бойынша өздері кесіп, тасып орналастырған Мизамбай, Оңалқан, Шүрек қатарлы кісілердің куәлік беруінде жоғарыға арызданып, төменде қузасақ та еш нәтиже болмады.  Тіпті ит жемі болып жоғалып, төңкеріс дауылына ұшып текке кетті ғой қайран еңбек, қайран мүліктер.

Енді әңгімемізге қайта орайалайық. Омекең Сары жазыққа тұрақтап, үй салып, бақша жасаумен бірге, тақялап тары шашсаң бірнеше он қаптап өнім алатын құнарлы қойнауды Қазақстаннан алдырған ақсайски ат соқамен жыртып,  тары, бұдай, арпа қатарлы дақылдар егіп жыл сайын мол өнім алып отырады. Бұндай ұлағатты істер сол өңірге тың жаңалық, өнегелі бастама болады. Шәкіл Қара күнгейінде тау сағалап, өзен жағалап жүрген барша жұрт жапал аттанысқа келіп ауқаты барлар ағаштан, жұқалтаң күйлілері тамнан соғып үй тұрғызып,  басы Кеңсудың су ағарынан, аяғы Сары сайдың аузына дейін созылған ұзыннан ұзақ ретті ауыл қалыптастырады. Мүсі, Мұратбек, Қабылбек, Қанапя қатарлы көзі ашық, зерделі адамдар аулаларына ағаш отырғызып, есік алдына қомақты бақша жасайды. Егін егіп, жер емшегін емуді үйренеді. Сары кезең астындағы Сары жазықты гұл-бақшаға айналдырады.

– Омарақын қайырымды, ақпейыл жан болатын, – деп еді кезінде көпті көрген көнекөз Разбек Ақмәди ұлы ақсақал, –  ауылымызда астықты ең әлдімен айдап, ана топырақтың игілігін көріп, басқаларға үлгі болып еді.Әрі тұсындағы аш-арықтарға қол үшін беріп отыратын. Шәкіл руы Омарақын отырған ақ орданы «әкем үйі» деп атайтын. Біріміздің қарнымыз ашып, өзегіміз таласа немесе әлде бір нәрсеміз жетіспей жатса көңілге тоқ, медет көріп «әкем үйіне» жүгіретінбіз, ондайда Омарақынды былай қойғанда, қолы берекелі келініміз Үрімқанда меселдемізді қайтармайтын. Мұрағанымызды алып, қиыншылығымызды шешіп риза болып қайтатынбыз.

– Әсіресе, –дейді Рекең ақсақал кедейліктен басына күн түскен кейбір жоқ-жітік адамдар Омарақынды паналап келіп, ес жиятын. Панасыз жетім үш ата Әбдіқадыр Есім ұлы дейтін жалқы жігіт паналап келіп қолына кіреді. Омарақын оның адамершіліктіы, біртоға, момындығын көріп қарындасы Алтынсарыны қалыңсыз қосып, басына отау көтеріп, бауырына қазан асып, алдына мал салып өзының бір отауы ретінде қасына отырғызады. Кейіндеп Әбдіқадыр малды жақты болып, коммунаға бір топ қараң-құраң қосып берген еді.

Алыстағы Әбікен руынан Тоқтарбек қатарлы екі жетім, панасыз баланы бағып іске жарап, азамат болғанда мал-жанымен туыстарына табыстап берген. Жақын бауырлары Байнұрманның Нұрданбек дейтін баласын бағып, азамат болғанға дейін қарайласып қатарға қосқан. Кейін «ысқырықшы Нұрдамбек» атанып коммұнаның қоралы қойын бағып озат шопан, халқына көп еңбек сіңірген қадірменді ақсақал болды. Жездесі Әміржан деген адам кедейліктен тұралап қалғанда қасына көшіріп әкеліп қаттысына қайырылып, жұмсағына жұмылып күн көрісіне шығар жол тауып берген. Оның Мұқабек Орысбай, Нұрся, Сәйділда, Мизамбай қатарлы ұлдары әзір бір-бір ауыл болып өніп-өсіп Кеңсуда өркен жайып отыр. Күн көрісі нашар жақын құдасы Аужай деген кісінің Дәуіт, Сәбит, Дәуітбек қатарлы балалары жанына көшіп келіп, тіршілік тынысын түзеп, жақсы күн көріпті. Бұл адамдар Омекеңе қашан болсын ықласты алғыстарын айтып келеді.

Тағы да сол үлкендердің айтуынша, Омекең тұрмыста үнемшіл, көркемдікті ұнататын мырза, аршыған пяздай таза, сабырлы да сағыз, берекешіл екен. Жүйрік баптап, күтіп мінеді. Қолына Аралтөбеден Құлжаға күнбе-күн кіретін бір келісті қаражорға ат ұстапты. Мінген күні мініп, мінбеген күні күмістелген әдемі келісті қазақи ер-түрманын ерттеп кермеге қаңтарып байлап қойады екен. Ол кісі қосымша сауда-саттықпенде айналысып алім-берім, айырбас жолын да игеріпті. Осы қаражорға әтпен ерек қайраттылығынан Құлжаға мал саудалап жүргенде бірнеше рет Шуырмада жол торыған қарақшылар қолынан аман-есен құтылып жолдастарын да құтқарып кетіпті.

Шүрек ақсақал бір сөзінде осы қара әтпен оның иесі Омекеңнің екінің бірінің ілуде бір қолынан келе бермейтін тағы бір азаматтығымен адамгершілігін сүйсіне отырып сөз еткен еді.

– Бір жолы Омекең, Нұрсия бар 7 адам 7 күн жол жүріп Хыжың Байынбұлақ өңіріне қарайтын Жұлдыз отарының кең бір түкпіріне суыр, түлкі, қасқыр аулап саятқа барады. Олар қақпандарын жайып саятшылықтың қалыпты қызығына түскен 2 күні Нұрся аяқ астынан ауырады. Алғашында безгек тигендей қалшылдайды. Кейіннен бір күн сұлық, ес-түссіз жатады. Екінші күні басын көтеріп езуінен ақ көбік бұрқырап, жынын шашып, екі жанын жүліп-жеп алпарысқа түседі. Көзі қып-қызыл болып қанталап, адам шошырлық қорқынышты дәрежеге жетеді. Барғанда да ес-ақыл қалмайды. Тек науқас адамды байлап тастауға тура келеді, өйтбесе, басқаларды жазым етеді, науқасы барған сайын ауырлап, беті ары қарай бастайды. Бақса Нұрся құтырық ауруына шалдыққан екен.

Жағдай былай еді:

Сол жылы жазда ел қыстаудан көшіп жатқанда Нұкең қыс қамы үшін қый оюға қалған қорасына барады. Ат қораның есігін ашып кіре бергенде оқырдың ішінде жатқан бір дау қара ит атып тұрып ырылдап келіп оның балтырынан алады. Нұрсияда еңгезердей дәу, қайратты жігіт еді, иіттің екі құлағынан алып жығып, ажыратып мойнын қайырып, тұншықтырып өлтіреді. Көп өтбей ит қапқан жарасы тез жазылып кетеді. Бұл іске елеусіз қараған Нүкең еш қамсыз жүре береді. Құтырған ит қапқанын ұмытып кетеді. Міне енді «Елемеген ауыру жаман» дегендей, дәл қырық күн дегенде құтырықтың микробы қозып, айықпас дертке, аса өкінішті трагедяға жолықтырғалы отыр. Жағдай өте қатерлі, бетбақ дала, иен жер, арыстай азаматты көз қыйып бұнда қалтыруға бола ма? ауылға алып қайту керек. Бұл үлкен кісілікке саятын сын. Ал онда кім алып қайтады, болмаса, қотарыла көшу керекпе? бұл сурауға ешкім ашылып жартымды жауап қатпай, жер шұқылап төмен қарай береді. Өйткені сонау қир алыстан, басқа өлкеден ат терлетіп тіршілік қамы үшін аңсап енді ғана әрең жетті ғой … Басқа шешім жоқ, ақыры салмақ білікті Омекеңе түседі. Омекең өзі алып қайту бекіміне келеді. басқаларға алаңсыз аңшылық әрекетімен айналыса беруді тапсырып, өзі сенген қара аттың ерін мықтап тоқып, төстеп, шандырлап төрт айыл тартады. Өйткені өзі жалғыз, жол күдір де алсын, арада асу бермейтін екі заңғар алып қарлы шың бар.

Аллаға тәуекел айтып күн шыға бере атқа қонған Омекең арыстай азамат екі қолы байлаулы Нұрсияны екі аяғын үзеңгіліктен өткізіп, бұлқындырмай алдына балаша мінгізіп, мықтап құшақтап, жолдастарына қош айтып жолға түседі. Ұзақ жол, ыстық күн, ауру бала-шаға, жеңіл-желпі адам емес еңгезердей кесек денелі азамат, оның үстіне жәй науқас емес, құтырық ауруы. Бұны меңгеру жалғыз адамға оңайға түспейді. Әйтсе де, ауру адамды жол бойы дәретка отырғызу керек, тамақтандыру керек, сусын беру керек. Осындайда Омекең атты қияға тартып алдімен науқасты көтеріп атқа мінгізеді, артынан өзі секіріп мінгеседі. Міне осындай жол азабын айтып сұрамаңыз. Осы суыт жүріспен түнде ұйқы, күндіз тыным жоқ, 3 қонақта кеш ауылға жеткізеді. Нұрсия үйіне келген соң бір түнеп ертесі сәскеде пәниден бақиға көшеді. Ел-жүрт оның бауыр-туыстары Омекеңе дән риза болып, алғыстарын арнайды. Міне, сөйтіп қара жорға аттың белінің беріктігі, оны меңгерген Омекеңнің қару-қайраты адамгершілікпен ерліктің жанды айғағы болған еді, – дейді.

Бір жылы көктемде ел көктеулікке келіп жабыла бие байлау басталады. Сол әредікте Мүсі деген бай кісі бие байлап ауылды биебауға шақырады. Желі басына дастарқан жайылып айғырдың жалына май жағатын салт басталады. Жастар жағы дүрілдесіп асау құлындарға шалма тастап шыңғыртып байлап жатады. Солардың ішінде жүрген Әзірбек деген азамат жолындағы шалмасын лақтырып қалса қолынан жүген, құрық тимеген шу асау үлкен торы айғырдың мойнына барып ілінеді. Жазым десеңізші, дереу тартқанынша болмай асығыста арқан Әзікеңнің беліне оралып қалады да тарпаң айғыр ала қонеледі. Қолтоқпақтай кішкене адамды ана жерге бір ұрып, мына жерге бір ұрып Кеңсу бойындағы бұта-бүрген, тасқа соқтырып, аралатып үркіп сүйретіп кете барады, жұрт қайтерін білмей аңтарылып қалады. Дәл осы кезде ауылға беттеп келе жатқан Омекең айғырды бастырта қуып береді. Мінгені қашағанға салып жүрген бедеу күрең түбел бие екен. Шапшаңдығынан әйтіп-бүйіткенше үріккен айғырды әудем жерге жібермей қуып жетеді де қатарласа беріп ту құйрығынан алып тақымға басып тоқтатып адамды айырып алып қалады. Ауыр тыныс алған жұрт лезде бұл адам өміріне саятын кереметтей іске сүйсініп дән риза болады. Әзекең ажалдан арашаланады. Сүйегі сау, бірақ, бүтін арқа терісі сылынған, әйтеуір жаны бар. Өн бойында сау жері жоқ ауыр жарадар болып қозғалуға келмей қалыпты. Күйімшаң Омекең тағы да сол жылы Әзірбекті қасына көшіріп әкеліп үлкен емші әкесіне бір жаз дауалатып, әбден сауықтырып қатарға қосыпты.

1942 жылдың қоңыр күзі екен, бүкіл Кеңсу алабын қопа-қопа бойшаң өскен қалың қурай, бітік шыққан қалың шалғын шөп, ит тұмсығы батпайтын бұта-бүрген қымтап, бүк басып, тымырсық атып тұнып тұрған шақ. Кеңсудағы дүйім ел алдағы қыс қамына кірісіп беде, шөп мол жиып, қора-қопсыларын жедел жөндеп, тақиялап шашқан болмашы астықтарын жиыстырып, тырнаштап, тырбанып жабал қимылдауда. Омекең Аралтөбеден шығып Кеңсудағы үйіне қайтып келе жатқан. Батыстан аздап желемік соғып тұрыпты. Кенет Сары сайдың батысындағы Есімбай ақсайының аузынан лап етіп көтерілген өрт жалынын көреді. Сол аралықта батыстың желі де елеуреп күшейе түседі. Жалындап күшейген өрт қоңырсып тұрған бітік даланы жалмап шығысқа қарай тез жайылып, бейғам жатқан ауылға таяйды. Өрттен озып асығып жеткен Өмекең ауыл адамдарының ұлар-шу болып, ептері қашып, естері шығып, не істерін білмей, берекесіз қимылдап, бағыт-бағдарсыз жүгірісіп жүргенін көреді. Омекең келе сала ең алдымен қауіпте қалған адамдар өмірін құтқаруды ойлап, үлкендерді дереу ұйымдастырып балаларды, әйелдерді өңгеріп, бөктеріп дегендей тасып ауыл алдындағы көк суға сала береді. Өрттің алдынан қарсы өрт қойғызады.

– сонда, – дейді Тұрдыбек ажы ақсақал. –: естері шығып қорқып, шулаған адамдар судан шыға-шыға қашып өртке қарай жүгіреді. Омарақын бастаған біздер оларды ұстап әкеліп қайтадан суға тоғытамыз. Болып жатқан бір үлкен сайыс дерсің. Қатігез өрт бір демде дүйім Кеңсу алабын қара құйқаға айландырып, қоңырсытып күйдіріп кете барды. Бүтін ауыл өртке кетті. Осы жолы үш адам өліп жеті тұйақ ірі қара, сексен тұйақтан артық ұсақ мал, он жеті отбасының үй-мүлкі, соқа-сайманы қырмандағы быйдай, тарысы күйіп кетті. Әр жердегі еріп қоңырсыған қарын-қарын сармайлар, теңкиіп-теңкиіп қала берді. Омарақынның жанқиярлықпен жүгіріп, күш сала ұйымдастыруында бұданда неше есе үлкен болатын апаттың алды алынып қалды. Адам шығын аз болды, әйтпесе, экономикалық шығынды мөлшерлеуге болмайтын еді. Омекеңді жеңгелері ұзын кірпік деп тергейтін еді, осы жолы кірпігі, қасы, самайы, екі бетінің ұшы отқа күйді. Екі құлағының ұшында өрт жалыны шалып кетті. Бұл өрт әсілінде Есембай руындағы Оқап деген адам сол жерге салған орыстың картобынан әкеліп қырманның басында сабанға псырып жеп отырғанда жаққан оттан кетіпті. Кейін Кеңсу елі Оқапты сүрісті етіп қуғындағанда ол қашып кетіп табылмайды. Осының аяғынан екі ел ортасында егер туыларманға жетеді. Араға тағы да Омекең түсіп жарастырып, араздықты, зардабы ауыр болатын үлкен дау-жаңжалдың алдын алып, берекеге шақырып, татуластырып қойыпты.

«Аздың аты озбайды» дегендей, Сүлтанкелді елі ішіндегі бір анадан туған Малтабар, Шәкіл аз ру болып, өзге жуан аталардан қақпай, қысым көріп шығындар бола бергендіктен халқы олардан бөлініп шығып өз алдына бір зәңгі ел болып құрылуды тіленіп жоғарыға арыз ұсынады. Үш аймақ уақытылы өкіметінің жаңа белгілемесі бойынша 1945 жылы Малтабар, Шәкіл руы Қожабек зәңгісінен бөлініп шығып, бір зәңгі болып ұйымдастырылады. Көзі ашық, сауатты азаматы Омарақынды елбасы зәңгі етіп сайлайды. Омекең зәңгі болғаннан кейін елінің қамы үшін беріле еңбектене жұмыс жүргізіп, жұрт арасында туылған дау-шарлармен, белең берген қайшылық-қақтығыстарды кезінде дұрыс шешіп, елін береке-бірлікке шақырып келіпті. Сондай-ақ жоғарымен, сыртпен болған қарым-қатынасты да шеберлікпен шендестіре біліпті.

Бір ақынның:
Шәкілден Омарақын, Мүсі келді,
Бір қыдыру қасында кісі келді.
Келіпті ел тұтқасын ұстап олар,
Оңаша қонақ үйге түсіп енді, – дегеннен-ақ, оның топтарымен съездерде елінің абырой-атағын көтеруге бола сөйлеп, десін биіктету үшін ырықты түрде үлкен-үлкен істерге араласып, ел-жұртының ауыр жүктерін жеңілдету үшін жүгіріп жүргендігін көруге болады. 1952 жылдың көктем кезі Кеңсу өңірінде де көллективтесудің алғашқы адымда ұлы науқаны алға қойып сай-салада тарыдай шашылып жүрген бытыранды ел ұйымдасып, бір араға тұңғыш бас қосып, кигз үйімен ауылдасып отырақтастырылады. Ұйым Кеңсудан тоған алып, иен тұсып жатқан Кесіктің үстіне су шығарып, астық егуді жоспарлайды. Адамдар бір тұтас аттанысқа келіп Кенереден өстең алуға қатынасады. Тоған құрылыс қызу жүріп жатқан бір тұста өстеңнің ортасынан үлкен қара тас шығады. бірнеше адам төңірегін қазып, ырғап көреді де қозғай алмайды.

– Осы тасты кім көтеріп сыртқа шығарып тастаса, сол адм осы тоған қазу жұмысынан босатылады, – деп жарялайды бригадир.

Өзін мықты санап жүрген, талай жарыстарға қатысып жүлдегер атанғандардан Теберек сяқты бірнеше балуан тасты көтеріп шығара алмайды. Сол кезде Омекеңнің 49 мүшел жастағы кезі екен.

– Тәуекел мен көрейін, – деп екі жарым метір келетін қара бұл белбеуін беліне мықтап орап, ұзын арқан алдырып тасты байлап, көтеріп өстең ішінен анадайға шығарып тастаған екен. Басшылық айтқан уәдесі бойынша өстең құрылысы біткенше ол кісіні жұмысқа шақырмапты.

Омекең ел арасында ықпалды, алғабасар болғандықтан 1954 жылдан 1957 жылдар аралығында (жоғары жікке ажырап шалық тигенге дейін) аудандық халық құрылтайының депутаты болып, халық пен жоғарының ортасында әділ де елпек дәнекерлік рол атқарды. Сондай-ақ, отабсы тәрбиесінеа, туыстар ара ынтымаққа да қатты көңіл бөлетін. Ағасы Аяпберген екеуі төтенше жақын болып бір-біріне ілтипатпен жол берісіп, бірі түзден тапса, бірі тапқанын екі етіп құрап кәдеге жаратып отырыпты. Ақылымен іс көріп берекеге жүгінген олардың еншілері өбірлі-шөбірелі үлкен отбасы болып кетсе де, тек 1958 жылы халық коммунасына кірерде ғана бөлініпті. Атышулы мәдени төңкеріс кезінде Омекең таптық дұшпан қатарына жатқызылып, күреске алынып жүрген кезде шәш ал десе, бас алатын, жандайшап қызыл төңкерісші Абзал, Абзалбек, Сәдуақас қатарлылар жоғарыдағы айтылған Омекеңді паналаған адамдарды іздеп тауып:

– Сендерді Омарақын кезінде езіп, қанаған, еңбектеріңмен байыған, енді оянатын кездерің жетті. Оған кеткен еңбекақыларың бар соны қайтарып алыңдар, үстінен шағым айтыңдар, сайраңдар, сендерді төңкеріс, партя қолдайды, – деп үгіттеп желіктіреді.

Десе де, олар:

– Біз Омекеңнен еш жамандық көрмедік, аузымызға ас, астымызға ат, басымызға пана болды. Анығында еңбекақыны кім беру ісін сөз етер болсақ, ол кісінің есесі бізде көп, жөн білсек, рахмет айту кезегі біздікі, –  депті. Қызыл төңкерісшілерді шамырқандырып алғандығы себепті, соның аяғынан кейбіреуінің табы тақыр кедей бола тұра қызыл төңкерісшілер қосынынан қуаланып ортаға сүйреп шығарылып, күреске алынғаны бар-тін.

Омекең бұрын ат үстінде жүргенімен, кейде қарапайым қазақи қол-онерменде айналысады екен. Соның арқасында еңбекпен өзгеріп күреске алынып, қақпай көріп жүргенінде, кедейлердің көз аларта қарағанымен олардың қолынан келмейтін амалсыздық жағдайында қамыт, арқан, соқа-сайман, сібірткі, күрек қатарлы өндіріске керекті жабдықтардыкүркіреп жөтеле жүріп тындырымды етіп, айтарлықтай сапалы жасап беріп отырады.

Ол кісі қатты діншіл болмаса да, қандай бір қиын жағдайда да оразасын ұстап, бес уақыт намазын тастанайтын іретті адам еді. Бес уақыт намазын ұрланыпп болса да өтеп тұратын.

Бір рет 1970 жылы «қоңырлар»  тобында еңбекпен өзгертіліп бөлек қамауда жатқан кезі болатын мен түскі тамақ алып бардым. Қап-қара жатақханасына кіріп барғанымда, бірге өзгертудегі Қамза Шыбыбай ұлы, Мұсабек Қамза ұлы, Сара, Салиман деген кісілермен бірге намазға тұрып, сәждеге жаңадан бас қоюға әңкейген екен. Олар сол қалпы сілейіп тұрды да қалды. Қорқып кеткендіктері мәлім. Сөйтсе мені аңдып келген бақылаушылардың бірі екен деп қалыпты. Көргеннен кейін ғана «ұһ» деп демдерін алып, маңдай терін сүртті. Әкем араб жазуын жаттық танып оқи беруші еді. Бір құран баспаққа салып бас жағындағы бір елеусіз жерге іліп қойатын. Бұл құран сол елеусіздігімен ел алғаш 1952 жылы үйі опыс болып, үй мүлкі қатталғандада, 1958 жылы 2 рет үйі ақтарылғанда, 1968 жылы 3 рет үй тінтілгендеде қызыл білектілер жағынан қолды болмай қағыс қалып отырды. Кейін науқасы ауырлап өмірден өтерінде аздап молдалығы бар немерелес туысы Есімбек Малай ұлы деген кісіні шақырып алып:

– Сенің аздап молдалығың бар еді. Кезінде әкемнен қалған мына құранды ұзақ жыл сақтап келгенмін. Енді бұның да дәурені өткен сяқты. Бұрынғылар бетін ашып, шаңын қағып тұрмаса карып болып қалады дейді. сондықтан саған берейін, сен таза сақтап мүсәпір қылмай оқып тұр, –  деп өз қолымен есекеңе тапсырып береді.

Әкем Омарақын ғасырдың басында туылып, ғасырмен жалғас қуатты қадам тастап келе жатыр еді. Амал қанша 1977 жылы 28 ақпан күні бауыры зақымдалған, өкпені қатты суық қапқан, асынған рематизім қатарлы аурулардың қабаттасуында емдеу өнім бермей, пәниден бақиға аттанды. Бұл жазылмас дерттер 1951-1952 жылдардағы өрт сяқты жалындап далиып кеткен «3 ке, 5 ке қарсы тұру» әрекетінің, әсіресе солшылдық желінің кесірінен бір мезет түрмеде өтірумен, атшулы мадани зор төңкерісінің қатігез қара боранына ұшырап, табы жат елемент болып шетке тұрғызылып, күреске алынып «қара қалпақ кигізіліп» текпі көрумен, өзгертуде болып ауыр еңбектерге жегіліп жеген таяқ, қарыған суықтың қарымжысынан қалған зардаптар еді. Бұл алапат бұнімен ғана бітпейді, тіпті ол кісінің ұрым-бұтағына да шарпып құтты ұясына булт үйіріп, шаңырағын шайқалтты. «Қасқырдың бөлтірігі, жас кері төңкерісшіл, күні ертең көктеп шығатын Ухан, Жыңтоның Аралтөбеге қағып кеткен жас қазығы, сары ән-жыр айтушы, шетке байланған жас жүрек сондықтан әкесімен қоса бұны да жөргегінде жою керек», – деп түктің қарасы жоқ жаңа мектептен келген балауса мені де, әкеммен бірге күреске алып, қалпақ кигіріп айдап, ұрып-соғып еңбекпен өзгертуге салды. Отбасымызды еріксіз жер аударып басқа орынға көшіріп тастады. Саяси еркіндік пен экономикалық тұрмыстан мейлінше жан-жақтылы шектелдік. Біз осындай жаны жылаулы, сордың қара бұлты қаптаған сүреңсіз, теңсіз күндер, әумесірлігінен айықпаған қалпы өте береме деп өмірден қатты түңілген едік. Бақытымызға жараса жақсы дәуір оңалды. Сол бақытсыз күндер келмеске кетті. Көз жасымыз құрғады. Қадірліы әке бүгін міне, ұрпақтарыңыздың сіздің басыңызға төнген қара бұт ыдырап, жаралы жараңыз жазылып, мәнді күндеріңіз бен мағыналы өміріңізді еске алуына шындап жақсы орай жаратылды. Біздің де қабағымыз ашылды, иығымыз басқалармен теңелді. Замана сыйлаған осынау жақсы орайда біз ұрпақтарыңыз жерлігіңіздің басына жиналып, шырақ жағып, нәзір таратып, мәңгілік ескерткіш үшін құлыптас орнатып отырмыз. Бұл әрине молшылдықта, құрапилықта емес, сізге деген балалық борышымыз бен өшпес сағынышымыз. Осы көңіл қоштығында жиналған жұртқа сіз жәйлі мына өлеңді оқыдым:
Ардақты әке алдында зиратыңның,

Тұрмын үнсіз егіліп тіл қату мұң.

Торқа болсын жатқан жер, топырағың,

Тағдыр жазса қымбатын қимасын кім.

 

Көп істердің астарын терең ұғып,

Есіне алды жиналған ел егіліп.

Кешулерің тартылып картинадай,

Қиял кетті қиырға елегізіп.

 

Тартып мінген кезіңнен аттың жалын,

Тағылыққа еңсеңді бастармадың.

Қамқор болдың талайға жолын іздеп,

Қанаттыға қайырсыз қақтырмаудың.

 

Тынбай алға жетелеп қызулы арман,

Бой көрсеттің биіктен, қиырлардан.

Еңбегің мен төгіліп тұнық терің,

Туған жердің төсінде ізің қалды.

 

Жаралған бір жан едің жаның ізгі,

Намыс білдің жалдыға бағынуды.

Адалдығың, қалтқысыз көпшілдігің,

Мәртебең мен өсірді қадіріңді.

 

Сүйіп ыстық жүрек пен халқыңды анық,

Жақсы келе жатың ең қарқын алып.

Қаптады бір солақай соқыр туман,

Ақ пен қара шықпастай айқындалып.

 

Келтірместен шаманы тұрам дерге,

Жапты бейуаз момақан лаңды елге.

Болып берді шаш десе бас алатын,

Адырақпай иттерге туман кеуде.

 

Жалғандықты, жаулықты түрлі қылып,

Әзезіл боп арбады мың құбылып.

Жарқанаттар жалбаңдап көлбеп ұшты,

Бүркемек боп күн көзін – шынды буып.

 

Жүрегіңе жазылмас ажара салып,

Тоғышардың жабысты жаласы анық.

Таптық дұшпан жігіне жатқызылып,

Өзгертуге айдалдың жау атанып.

 

Сонан талай сұрықсыз күндер өтті,

Шетке қағу, теңсіздік бізге жетті.

Бір төңкеріс басталды дәл уағында,

Деп жүргенде ақымыз кімге кетті.

 

Тігіледі найзағай түндігін кеп,

Түек бұлттан биіктеп күн күлімдеп.

Жанымыздан талай жыл қатып қалған,

Мұз еріді, есті де шын жылы леп.

 

Бақытты бол заманда жаңаланған,

Талай жүрек жазылды жараланған.

Сол қатарда ақталып ардақты әке,

Жегі құрттан құтылдың, жалалардан.

 

Мәңгі, мәңгі сақталар бұл шақтарың,

Жүрек қаным – қабыл ал, жыр тақпаған.

Алаңсыз бол ұйқыңыз бөлінбесін,

Соңғы істерді жалғайды ұрпақтарың.

2003 жылы 24 мамыр.

Андас ОМАРАҚЫН.

Дереккөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 90
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz