Кектенген көптің Дутлейрді жазаға тарту
Айтып отырған жабайы түйеміз де Шыңжаңның бір түрлі құнды қазынасы саналады, оның дене бітімі кәдімгі үй түйесімен ұқсатуға келеді, айырмасы дене-тұрқы сидам, аяқтарын жіңішке де ұзын, зау желгенде кәдімгі түйеге жеткізбейді. Шиңжаңның кәдуілгі түйелерінің бейне тумасынан адамдардың мініп отыруына, жүк артуына арналып жасалған сияқты үлкендігі екі баладай қос өркеш болады. ал жабайы түйенің өркеші көрнекті болмайды. Нардың өркешіне ұқсаңқырайды кетеді. Мұндай жабайы түйелердің дүНиядегі сирек кездесетін хайуанат екендігі адамдар сонау ертеден-ақ байқаған, сол кезде Англияның бір хайуанаттар бақшасы ұстап алғандарға қыруар сыйлық ақша беруді құлақтандырса да Мұндай түйені үш жылға дейін сатып алмады.
Әсілі аңшылықпен шұғылданатын Литтерлер қабырға суреттерді алмайды. Ал олардың ішкі есебі жабайы түйе ұстап алатын. Олар Лопнорға барған соң Керім атты ұйғыр жігітке жол бастатқызып, сол алқабтың бәрінен жабайы түйенің ізін шалады.
Бір күні олар аумақты жайылымнан бір топ жабайы түйе кездестіреді. Қолына құрық ұстаған Керім атына қамшы басып-басып жіберіп түйелерді қуа жөнеледі.
– Тоқта! Тоқта! Сен оларды қуғанда жаныңнан кешейін деп пе едің? – деп айқайлады Литтер оның артынан.
Керім өзінің құла атының шабысына сенетін, құла ат бұл кезде садақтан атылған жебедей заулай жөнеледі де, көзді ашып-жұмғанша жабайы түйелерді қуып жетіп те қалады. Бірақ, жабайы түйелер құмға кіріп кетіп жағдай көңілдегідей болмай қалады. Осынау шет-шегіне көз жеткізсіз жалпақ құмнан аяқ алып жүрудің өзі мұң, бір ауық шапқан соң құла аттың қан сорпасы шығып болдыра бастайды, шабыстан тәкірге түсе, қамшымен қалай ұрса да шабыстан қалады, тағы біраз қуған соң тіпті өгіз аянға барса да. Ал құмға кіріп алған жабайы түйелер әлі зау желіп барады, аздан соң Керімді күш жер тастап кетеді.
Бұл кезде түйеге мінген Литтерде қуып жетті. Ол Керімге: – Байқаған шығарсың мынадай құнды түйені атпен қалай қуып ұстамақсың? Менің бір досым болған, ол ұлы сахара шөлінде бір топ жабайы түйеге кезігіп қалыпты да оларды атпен күні кешке дейін қуыпты, ең соңында аты зорығып өліпті, құмнан жол тауып шыға алмай өзі де өлді, – деп сөгіп бере сөйледі.
– Қуып жүріп құрық салып ұстамасақ онда тек қақпан құрып ұстау ғана қалды. Былай етсек қақпан жабайы түйенің аяғын қыйратады да, түйеңіз істен шығады.
Ха,ха,ха! Маған керек ақсақ түйе емес, аяғы қыйраса сойып етін алғаннан басқа түкке жарамайды, оны алып кетуге болмайды. Мен жабайы түйеден бірнешеуін тірідей ұстап Еуропаға апарып ел-жұртқа көрсетпекпін. Сен Лопнорлықсың, білесің ғой, балықтың судан айырылса күнінің қаран екендігін. Ал мынау жабайы түйелер құмда бізбен жасырынбақ ойнауға келгенде қатты шебер, егер жазыққа шықса олардың жүйрік аттардан қашып құтылуы екі талай, әсіресе боталар, оларды тіптен оңай ұстауға болады.
Литтердің осыларды түсіндіруі-ақ мұң екен, Керімге де бір жақсы ақыл келе қалды. Ол Англиялық елрі – зайыптыларды бастап көл жиегін бірнеше күн шарлады, айтпай-ақ бір күні оларға боталарын еткен бір топ жабайы түйе кездесе кетті. Жабайы түйелер көлден су ішіп шығыпты, боталар бірімен бірі алысып, тайраң қағып жүр, бір жолғы шын алпарыстың өздеріне төніп келе жатқаны олардың қаперлеріне де кіріп шыққан жоқ. Олардың ойынын тіпті енелері де тоқтата алмады. Мынау бір таптырмас тамаша орайды көрген Литтер, әйелі және жол бастаушы үшеуі аттарын қамшыны басып-басып жіберіп тап берді.
Бота жаратылысынан қатты алпарысқыш келеді, алпарысқа бір түсіп алса дүниенің бәрін ұмытады. Жабайы түйелердің үлкендері адамның қарасын көрген заманда безіп жоғалады, ойынның қызығына әбденн беріліп алған боталар адамдар үстілеріне келіп қалған кезде ғана асып-сасып жан ұшырта жөнеледі. Қап! Олар кешікті, оның үстіне енелеріне ілесіп өз енелерін көрсететін құнды алқабқа қарай қашпай, сасқалақтап теріс-қағыс жазыққа қарай қашты. Осылайша бір ауық қуған соң Литтер төрт бірдей жабайы ботаны қолға түсірді. Өзіне жәрдемдесіп боталарды үйретісуге ол тағы бірнеше адам жалдап алып боталарды үйретті, одан соң бұл хйуандарды алдыға салып айдап алтын тау жақты бетке алып жүріп кетті.
Басқа шетелдік саяхатшылар сияқты осы екі Англиялық аңшы да Жуңголықтарды адамсынбады, жалдап алған Жуңголықтарға қол ретінде мән жасады. Бетке алып шыққан бұл реткі машақатты сапар жолында судың тапшы екенін білетін олар су артылған атқа қатал шектеу жасады, өздері су ішкісі келгенде суды қалағанынша ішті де ал жалдап алған Жуңголықтарға өлшеп қана беріп отырды. Тіпті өздері үшін барынша қызмет көрсеткен Керімге де осыны істеді. Бұл жаз маусымы болатын, жалданғандар тандырдай ыстық құмды кешіп сапар шегіп келе жатты, шөл азабынан еріндері тілінді, кейде тіпті естерінен танып та жығылды. Литтер олардың жағдайына қарағанды қойып тезірек жүруге тақымдай берді. Бірақ қызық енді болды, күндіз кешке дейін шөлден қаңсып өліп кетуге айналған Жуңголық “құлдар” келесі күні құтыңдап шыға келді. Алып шыққан сулары сарқа түгесілген күні ерлі-зайыпты литтерлер шөлге шыдай алмай аттардың бірін сойып қанын ішпек болады. осы кезде Керім ішіне су толтырылған үлкен бір қабақты бұлғақтата алып келді де қабақтың ауызына әуелі өзі мейірі қанғанша су ішті, одан соң қабақты басқа жалданғандарға береді де:
– Құрметті мырзалар, сендер біз Жуңголықтарды адам құрлы көрмей шөлден өлтірмекші болдыңдар ғой. Ал енді көре беріңдер сол шырын түстеріңде! Осы жолдың қай жерінде су бар, мен бәрін білемін, күндіз шөл азабын тартсақ, түнде мен мына серіктерімді бастап қалағанымызша ішеміз. Шөлдегеннің дәмі енді сендер де татып көріңдер! – деп ашуланды.
Жол бастаушы осыны айтты да лаушыларды, тілмашты ертіп алып жүріп кетті. асқақтаған екі Англиялық бақытына жарай жершіл бір кәрі аттың жол бастауымен әзер дегенде бұқа көлін тауып суларын толықтап алады, осыдан кейін де тауқыметті тартып отырып Англияға жандарын зорға алып барады.
1894 – жылы бұл қымбатты Англиялықтар Қашқарға тағы да келеді. олар елге өздерінің баастан кешкен қауіп – қатерлерін айтып түйсінбестен бөсті. Бірақ олар өздерімен бір уақытта Жуңгоға келіп қатерлі саяхат жүргізген бір Франциялық достарының өлген хабарын естігенде “қоян өлгенде түлкі қайғырыпты” дегеннің керін келтіріп еріксізден ахілеп-үхілейді.
Бұл Франциялық Дутлейр деген адам еді. Ол 1890 – жылы Париждан Қашқарға келеді. Бұл арада Россия елшілігінен қолдау тауып, бірнеше казак қорғаушы алады да Қашқардан шығып, өтедегі жібек жолының оңтүстік жағын жағалай шығысқа бет алады, Ния, Чаршен және Лопнор үңгірлерінен ол бір қанша байырғы қаланы және зираттарды байқайды. Ол қол астындағыларды ұйымдастырып осы байырғы қаланың көне жұрты мен ескілікті зираттарды астаң – кестең қаздырып, Брахми және харожи жазуларымен жазылған қыруар материалдарды алып кетеді, бұлардың барлығы жаңа эраның 6,7 – ғасырларындағы құнды материалдар еді. Қуанышы қойнына сыймай кеткен ол ұған да мол мәдени мұраларды табу ойына келеді.
1893 – жылдың 4 – маусым күні Дутлейр шағын топты алып Шизаңның табуда деген жеріне келгенде қатты жаңбырға тап болады. ат үстінде келе жатқан ол алдарындағы шағын аулалы үйде көріп қамшысын сілтеп қалады да қасындағыларды бастап солай қарай шаба жөнеледі.
Бұл шағын ауланың қақпасына тас бекітулі боларын кім ойлаған, Дутлейр бірнеше рет айқайласа да есік ашылмайды. Жуңгоға келіп мәдени мұраларды тонаған үш жылдан бері ол Мұндай жағдайды көрмеген-ді, ол: Жуңголықтар жаратылысынан құл, сондықтан ақ жиыстың мәртебелердің алдында құрша жорғалап тұруға тиіс деп қарайтын. Енді міне олардың өзін батыл барып есік алдына тұрғызып қойғаннан көрмеймісің. Ол от алып қопаға түсіп казактарға есікті жаққызады да ішке баса-көктеп кіріп кетеді. Бұл үйдегі Заңзу тұрғындар қару-жарақ асынған осы бір топ «албастылардың» келе жатқанын көріп олардан үрейленіп барлығы бір кішкене үйге тығылып алады да дыбыс шығармай жатады, бірақ олардың жанарларынан кек ұшқыны шашырайды.
Бұл “албастылар” заңзу отбасында жарым күн мәре-сәре ішіп-жеп, аунап-қунап жатады да барлығы удай мас болып ұйқыға кетеді. келесі күні таң ертең Дутлейр серіктеріне ат ерттеп жолға шығуға әмір етті. Казактардың бірі кенет:
–А ттың бірі қалайша жоқ! Мен кеше осы үйдің ат қорасына кіргізбеп пе едім. – деп ойбай салады.
– Немене, ат жоқ деймісің? Үй иесін әкеліп төлеттіріңдер, – дейді де Дутлейр үй иесін жолсыздықпен сүйретіп әкелдіріп ат сұрайды.
– Мен кеше сені шақырып әкелгенім жоқ, атыңдыда маған баққызып қойған жоқсың, маған қалайша төлеттірмексің? – дейді ашу қысқан заңзу.
– Хы,хы, саған ат төле деп тұрғанымыз қайта сыпайылық істеп тұрғанымыз ғой, мен сені әуелі ат ұрлаған қылмысың үшін жазаға тарттырамын, – дейді Дутлейр ызғарланып күліп.
– Астахфируллаһ! Құдай біледі – ау, кеше біз бүгін бүкіл отбасымызбен мынау аядай үйге тығылып жатып, сыртқа шыққанымыз жоқ, – деп шырылдайды заңзу.
Мәртебелі Франциялық мынау Жуңголықпен мылжыңдасып тұрмақ па. Ол үй иесінің ат қорасындағы кесек бітімді тұрған, жүні жып-жылтыр торы атын казактарға жетектетіп алып кете береді.
Бұл өңірдегі заңзу тұрғындардығ дене аңшылықпен күн көретін, сондықтан ат олардың айырылмас серігі саналады. төрт ат үй иесінің ең сүйікті малы еді, атын шетелдіктер алып кете салып артынан қуа шыққан ол жол бойын, – қарақшыларды ұстаңдар! Қарақшыларды ұстаңдар! – деп айқайлай береді. Бұл хабарды естіген жақын маңдағы заңзулар жетіп келіп оның мұңын тыңдайды. Және барып үйін көреді де: Тфу! Мына шетелдіктер кеше бір түн түнегенмен қоймай бұл үйдің екі орындығын жарып отқа жағыпты, үйдің ішін ойран – топанын шығарыпты мұнысы аз болғандай кетерлерінде атын тонап алып кетіпті, нағыз қарақшылардың өзі екен, деп қатты ширығады.
Заңзулар екі жүзден астам адам жиналады да, аттарына міне салып қарақшылардың артынан қуа жөнеледі. Әбден кәріне мінген олар он неше шақырым ғана ұзаған Дутлейрдың адамдарын қуып жетеді. Әуелі мылтық атып сигнал беріп қарсы жағын тоқтатып. Дутлейр казактарға оқ шығартып қайтарма соққы жасатпақшы болады. бірақ бұл бірнеше ресейлік әскер қуғыыншылардың өңшең сияқты мылтық ұстап өздерін қараға алып тұрғанын көріп суқандары ұшып кетеді де аттарын қамшы басып тым-тырақай қаша жөнелді.
Бұл өр көкірек Франциялық Жуңголықтар өзіме ештеңе істей алмас деп ойлайды. Бұл атын Борбайлата қашып бара жатып оқ шығарып қарсыласады. Мынау заңзу аңшылардың шетінен мерген екенін ол қайдан білсін, заңзулар оның қашқанын көре салып оқ шығарады, бір тал кек оғы оның дәл кеудесінен түйреп өте шығады.
Заңзулар оның қасына келіп тек өздерінің аттарын ғана алады, басқа ештемесіне тиіспейді, олар Дутлейрдің мүрдесін бір жаққа лақтырып тастап торы атты жетелеп қайтып кетеді. “Саяхатшылардың” басқа адамдары талап алған қыруар мәдени мұраларын Францияға тасып әкетеді. Кейін Париждегі бір мерзімді ғылым журналы Дутлейр тапқан мәдени мұралар мен материалдарды арт-артынан жариялап, еуропадағы әрқайсы елдің Шыңжаңға деген аңсарын одан әрі аудара түседі.
Қажет АНДАС
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі
Жалғасы бар…











