Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Өнермен өрнектелген өмір

admin
2025/10/13
Тұлғатану
0
Өнермен өрнектелген өмір

– Сахна киелі ме? – деп сұрай қалсаңыз әркім әртүрлі жауап берері анық. Осы толғақты мәселеге біздің кейіпкеріміз сахна киелі. Оның үстіне театр сахнасының орны бөлек деп қарайды.

– Иә, бір спектакльді немесе ондағы бір бейнені сомдайтын актерді дайындау үшін суретші, ағашшы, драматург, режиссер, тігінші, композитор, жарық түсіруші, көркемдеуші, гримдеуші, тағы басқа да өнер саласы ат салысады. Егер мұның бірі кем болса, бейне толық ашылмайды. Ой айқындалмайды да спектакль өлі түрде көрерменге ұсынылады. Ал, осы мамандардың әр біріне Алла тағаланың берген бағы мен қасиеті бар. Сахнаның киелі болатын себебі, осындай көптеген қасиеттен өрілетіндігі, – деп жауап берді.

Әрине, киелі сахнаның боз кілеміне шыққандар көп болғанымен, оның биігінен көрінгендер санаулы ғана. Соның бірі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, “Парасат” өрденінің иегері, Бикен Римова атындағы драма театрының актері Өмірсерік Қалиев.

Өмірсерік аға бала кезінде актер боламын деп ойламаған. Ақсу ауданы, Жаңалық ауылында туылып, ананың әлдиі мен даланың иісіне қанықты. Басқа балалар сияқты өлкенің шалғынына аунап, суына шомылып өсті. Кешке қарай сыбызғының үніндей сызылып, жаныңды жадырататын дала табиғатына елітіп ер жетті. Мүмкін, соның да әсері болған шығар немесе “Адам көре-көре көсем болады” демеуші ме еді, әкесі Қали Жөнкебаевтің кісілігі мен кішіпейілділігі жарасқан елге сыйлы мінезінен бе? Әлде, қара Қыпшақ Қобыланды, Қозы-Көрпеш Баян сұлу, қыз Жібек сияқты халық мұрасын таңнан-таңға жаттап айтатын шешесі Муслиманың ақ сүтімен дарыған қасиеттен болар. Есейе келе өнер жолына бірден ден қойды. Болмыс бітімі өнер деген әлемге құнығып өскен жас жігіт Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның актерлік факультетіне оқуға түсті.  Халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаев пен тәлімгер Рәбиға Мұқайқызының жетекшілігінде Ш. Құсайыновтың “Алдаркөсе” қойылымындағы Шораяқты, Ш. Айтматовтың “Жәмила” қойылымындағы Оразыматтың бейнелерін дипломдық жұмыста шеберлікпен сомдап шықты. Жас жігіттің болашағына үлкен сеніммен қараған басшылық оны жастар театрына жұмысқа қалдырды. Шара не? Бұл кезде үш баланың әкесі болып үлгерген ағамыз отбасының жағдайын ойлап, ауылға қайтуды ұйғарды. 1974 – 1975 жылдары Ақсу ауданы Ілияс Жансүгіров колхозында комсомол ұйымының хатшысы болып жұмыс істеді. 1975 жылы Талдықорған драма театры ашылған кезде актерлік жұмысқа орналасты.

Содан бері 34 жыл аталмыш өнер ордасының ыстығына күйді, суығына тоңды. Бірақ өкінбейді. Өйткені, өмірге өзіндік таңбасын қалдырды. Үлкенге қадірлі іні, кішіге үлгі тұтар аға іспетті. Өнер жолына жаңа қадам басқан жастардың ақылшы-ұстазы болып келеді. Біреулерше байлық жинап, қызыл танау болған жоқ, елдің рухын байытамын деп еңбек етті. Осы еңбегі елдің есінде жатталып, жанын байытты. Бос уақыты шыға қалса, қолына қаламын алып, ақ қағазды жолдас етті. Театр саңлақтары жайында мақала жариялап, оларды елге таныстырып отырды. 1990 жылы “Түнгі драма” әңгімесі облыстық “Жерұйық” газетінің бәйгесін жеңіп алып, замандастарына басқа қырынан көрінді. Қазір алпыстың асқарынан асқан ағаның театр өнері жайында түйгені көп.

Бұл күнде елге танымал, талантты актердің өзгеге ұқсамас дара қасиеті – жүрегін тебірентіп, жанын баурап келе жатқан ұлттық сезім. Әрине, осы бір ұлы қасиетпен санаспайтын қоғам да, адам да жоқ шығар. Өмірсерік аға оны өнер тілімен өрнектеп жеткізді. Сахна төріне көтерілген алғашқы күннен бүгінге дейін сексеннен аса рөлді сомдады. Оларды  көрермен жоғары бағалап, қабылдады. Абзал ағаларының алғысы мен батасын және жақсы бағасын алып отырды. Осы ретте, солардың біразына тоқтала кетуді жөн көрдім.

Назым Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ер” қойылымындағы дәрігер бейнесін қазақтың тарлан актері Нұрмұқан Жантөринмен бірге бір рөлде ойнап, сәтті алып шыққаны.

Аталмыш шығармадағы дәрігер мәртебесі биіктеп, атағы жер жарған адам. Алайда, оның қызы тұрмысқа шақпай тұрып, жүкті болып қалады да, жалған намыстың өзегінде әкесі қызына операция жасайды. Өкінішке орай, қызы қайтыс болады. Ол турмеге отырады. Кейін қайтып келгенде бәрінен айырылып қалғанын бірақ сезінеді. Нұрмұқан Жантөрин оның ақсүйектік жағын, такапарлығын баса көрсетті. Әрине, сахна саңлағына айналған актер үшін солай жасау керек шығар. Ал жас талант Өмірсерік дәрігердің қайырымдылығы мен қамқор көңілін  жіті зерттеп, басқаша бейнеде көрсетуге тырысып, ағасының батасын алған. М. Әуезовтің “Абай” драмасындағы ұлы ақынның бейнесін сомдаған жас актерге Қазақстанның халық әртісі, профессор, танымал режиссер Маман Байсеркенов: “Мен бұл актердің бойынан Қалекеңді (Абай бейнесін тұңғыш жасаушы Қалибек Қуанышбаев) көріп отырмын, ұлы ақынның ақындығы мен қайраткер әрі философтық биігін көрсете білді” деп баға берді. Ал, театр сыншысы профессор Бағыбек Құндақбаев Өмірсерік Қалиев ойнаған М. Әуезовтің “Еңлік Кебегіндегі” Еспенбет бейнесіне: “Күні бүгінге дейін қазақ театр сахнасындағы актерлер Еспенбет бейнесін Серке Қожамқұловтың жолымен жасап, тек Серағаңды қайталаумен болып еді. Ал, Өмірсерік Еспенбет бейнесін шешен би, ақылды, айлакер етіп көрсетті. Әрине, ақылды болмаған адам би болып, ел басқара ала ма? Қатал болмаса, басқаны айтқанына көндіріп, жұртты ұйыта ала ма? Бұл актердің өз шеберлігін көрсеткен үлкен табысы” деген жылы лебізін білдірген. Белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай: “Өмірсерік Қалиұлы бейнелеген бейнелерді өз мәнінде шынайы көп ізденіс еңбекпен, сенімді, нанымды етіп шығарады. Актер “земляной”, бойында ұлттың иісі аңқып тұрған талантты актер” десе, драматург О. Бодықов:” М. Әуезовтің “Түнгі сарын” қойылымындағы көтерілістің басына өмірдің өзі әкелген Жантас та оқыған азамат, Жүністікіндей білімі болмаса да оның өз еліне деген жалындаған жүрегі, азаматтыққа деген лапылдаған тілегі барлығын Сағат Жылкелдиев шебер көрсете білді. Жантасқа сенімді серік болған Тәнеке рөлін Өмірсерік жасы үлкен ақсақал емес, артынан ерген азаматтарды сара жолға нұсқай білетін сергек басшы етіп сомдады” деп жазады.

Тәуелсіздік алып, тарихымызды, асыл ерлер мен абзал аға буындарды еске ала бастағанда Өмірсерік Қалиұлы ұлтқа деген терең сүйіспеншілік, өткір жауапкершілікпен атсалысты. Ескелді Дербісәліұлының 300 жылдық тойының режиссері болып табыспен өткізді. Қазақтың биі Жәлменденің тойында Жәлменденің бейнесін сомдады. Балпық баба тойында режиссер әрі ұйымдастырушы ретінде көптің алғысын алды. Ілияс Жансүгіровтің 100 жылдық тойында Молықбай бейнесін алып шықты. Қабанбай батырдың 30 жылдық тойында хан батыр Қабанбайдың рөлін сәтті жасады. Осыдан бастап ел оны өз атымен атамай “Қабанбай” атап кетті. Бұл туралы Нұрғали Омарқұлов: “ Сахнагер Өмірсерік Қалиұлы сомдаған Қабанбай бейнесі – аңызға айналған батыр бала образы елінің ертеңін, жерінің тыныштығын сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыруда түр тұлғасымен, күркірей шыққан дауысымен батыр бейнесін нанымды етіп көрерменге жеткізе білді” – деп жоғары бағалады. Ал, трагедия, комедия, фарс жанрында сомдаған рөлдерінің өзі өзгеше бояуымен көрермен көңіліне терең ұялады.

Елім деп туған ерді елі де ескерусіз қалдырмайтыны анық. Өткен жылы Желтоқсан айының 18 жұлдызында Ақсу ауданының Жансүгіров кентінде актердің шығармашылық кеші өтті. Халқы ат мінгізіп, шапан жапты.

Театр халықтың өмірін, тарихын, ертеңін, болашағын бүгінгі ұрпаққа өнердің тілімен жеткізеді. Өмірсерік аға тек, актер немесе осы жолда құрметке бөленген адам емес, қазақ тарихы мен әдебиетін, ұлттық театрдың өткені мен бүгінін толық бағамдаған еңбекқор жан. Ол өз шеберлігін шыңдаумен бірге, театр өміріне жиі араласып, жастарға ақыл кеңес беруден жалықпайтын, өнер әлеміне үлкен жауапкершілік, адамгершілік сеніммен қарайтын тәлімгер. Желтоқсан оқиғасы кезінде жастарға жанашырлық білдірген аға буын өкілі. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы ауыр кезеңде қол шанамен мектептерді аралап жүріп, ойын қойып, өнерді сақтап қалған театр саңлағы.

Қажет Андас

“Q-andas” ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 62
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz