Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Ат тергеу

Қазақ ұғымында жас отбасында алғаш дүниеге келген ұл мен қыз ата баласы саналады. Оның астарында үлкен пәлсапалық мән жатқанын есейіп, оң-солымды бағдарлай бастаған тұста сезініп жүрмін. Расында адам баласының тұтас өмірінде бірнеше сынақ болады. Соның ішіндегі ең маңыздысы – шаңырақ көтеріп, отау құрып, ұрпақ өсірер ұлы жолға қадам басу. Бірақ өткенде де, бүгін де жаңадан үйленген жастардың арасында түсініспеушілік жиі болып тұрды. Әр дәуірдің тұрмыс-тіршілігі, пайымы, өмірге көзқарасы, адамдардың түсінігі мен түйсігі, тұтынған заты, ішетін асы, жатар орны, жастардың бір-біріне сезімін білдіру жолы, тағы да басқа материалдық-маралдық ұстанымы мүлде ұқсамағанымен, екі әулеттің еркесі қанша өліп-өшіп бас құраса да, отбасылық өмірдің алғашқы сынағынан айналып кете алған жоқ, бұдан кейін де солай болады. Осы сыннан өте алса, мәңгілік жұп болып, өте алмаса жөн-жөніне кетіседі. Бұл сол жастардың өміріне қара дақ салумен бірге, әулетпен-әулеттің арасындағы келіспеушілікке әкеліп соғады.

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Ат тергеу

Сондықтан аталарымыз жас отаудың алғашықы қызығы болып, өмірге келген баланы өз бауырына басып, жастардың жоғарды айтылған сынақтан сүрінбей өтіп кетуіне мүмкіндік беріп отырған. Менің пайымымда осылай істеудің үш түрлі себебі бар екен. Біріншіден, жас ата-ана өздерін нағыз ата-ана ретінде сезініп, отбасының тірегі екенін білгенге дейін кезіккен қиындықты жеңілдетеді. Екіншіден – «Екі баланың арасында өскен қария бала болады, екі карияның ортасында өскен бала дана болады» деген қазақы тәрбиенің екпіні. Үшіншіден, жас отбасылар ажырасып кеткен жағдайда бала жетімдік көрмей ата-апасының қолында, өз әулетінің арасында өсе береді. Қазақтың тарихын парақтап отырсақ «Жетім бала» деген ұғым болмағаны осындай көрегендіктің нәтижесі. Өкінішке орай, қазір осы салттан ажырап қалдықта, ажырасу деген сәнге айналды. Бұрын жетім-жесірін ауыл болып жебесе, қазір ата-анасын қарттар үйіне, бала-шағасын жетімдер үйіне өткізу үшін, құжат жинап, жанталасып жүргендерді көргенде жаның жүдейді. «Құдай менің де, өзгелердің де, өркениетті ұрпақтың басына салмасын» деп жағаңды тістейсің.

Сол кездің тағы бір жақсы қасиеті – жасы кішілер үлкендерге, келіндер әулет мүшелеріне ат қойып, бір-бірін әдеппен шақырып жататын. Осын бала күнімізде көріп өстік. Оның қазақтың салтында ат тергеу деп атайды. Әсіресе, жас келіннің ат тергеуді білмеуін көргенсіздік, тәрбиесіздік деп түсінетін. Ол келіннің ата-анасына да үлкен ұятты іс болып саналатын. Ат тергеудің де сан түрі бар. Тіпті, оның өзі келіннің көргенділігі мен тәлім-тәрбиесін айшықтап тұратын белгі саналатын. Біздің ауылда ат қоюға келгенде кіші апам алдына жан салмайтын. Кіші апа деп отырғаным әкемнің үлкен ағасы Дәулетхан Омарақынұлының (біз ол кісіні үлкен аға деп атайтынбыз) зайыбы Жанелхан Әуелханқызы. Ол кісі ауылдағы барлық адамды атымен атамай, тергеп шақыратын. Атауларының өзі бір төбе болатын. Би ата, молда ата, емші ата, зәңгі ата, ісімер әже, емші апа, ақ әже, молда аға, қойшы аға, жылқышы аға, саятшы аға, үлкен жеңеше, кіші жеңеше, мырза жігіт, ерке төре, еркем, тентегім, адам тұрмақ ауылды да би атаның ауылы, үлкен ауыл, үлкен үй, отау үй, кенжемнің үйі деп тергеп айтатын. Онымен қоса, өрістегі төрт түлік, ауладағы үй жануарларында тергеп шақыратын. Жаңа туған нәрестеге де аты дайын тұрады.

Кіші апам әңгіме айтқанда міндетті түрде абысыны, Мәңсүгір әкеміздің (молда ағамыз) зайыбы Сағатхан шешеміз бірге жүруші еді. Өйткені, Сағатхан шешеміз аңгүдіктеу адам болғандықтан үлкендер ол кісіге ат тергемеуге рұхсат берген екен. Қазір ойласам, бұлда үлкендердің көрегендігінің бір белгісі сияқты. Өйткені, тергелген есімнің кімге тиесілі екендігін түсіндіріп беретін адам да керек қой. Сонымен кіші апам «Емші атамыз» деп әңгімесін бастағанда Сағатхан шешеміз «Жансарбай емші» деп анықтамасын айтады. Зәңгі атамыз дей бергенде Омарақын, ақын ата Аяпберген, емші апа Батима Жансарбайқызы, сынықшы ата Сақал, даукес ата Мәші, мырза жігіт Андас,.. міне, осылай жалғаса береді.
Қазақы отбасының қаймағы бұзылмаған ортасында дүниеге келген соң әпкем екеуміз бала күнімізде Омарақын атам мен Ұрымхан апамның баласы болып өстік. үлкендердің үйретуімен әке-шешеміздің атын тергеп, “Кіші аға”, “Кенже келін” деп атап кеттік. Әке-шешені бұлай атау бала күнде білінбегенімен, жас өсе келе өрескел сезіле береді екен. «Әке», «Аға», «Шеше», «Тәте», тағы да басқа тұрмыстық атауларға бала күніңде тіл сындырмаған соң үлкейгенде үйрене қою да қиын болды. Ақыры әкемізді «Андеке», шешемізді «Басеке» деп шақыруға үйреніп кеттік.

Негізінде біздің үйдің күнделікті тірлігі шешеміз Әусхан Мажайқызының басқаруымен жүретін. Өйткені, әкемізді көп көре алмайтынбыз. Бірақ шешеміз бізге тапсырма бергенде: «Әкелерің айтты», – деп барып, сосын міндетімізді бөліп беретін. Сол кезде телефон, сотқа, уатсап, эл пошта деген жоқ қой. Кейде апталап, кейде айлап көрінбей кететін әкеміз қай уақытта келіп шешемізге сыбырлап, бізге тапсырма беріп кететінін біле алмай дал болатынбыз. Бірақ «Әкең айтты» десе болды қандай тапсырманы болса да мүлтіксіз орындап тастауға дайын едік. Бірақ шешеміз ұлдарын сырттың жұмысына, қыздарын үйдің шаруасына жұмсайтын. Егер біз үйде қазан-ошаққа жолап қойсақ, басымызға қара бұлт төнетін. Қыздары тоқыма тоқып, кесте бізін ұстай алмағаны үшін талай жазаланған еді. Қазір ше? Әкенің айтқан тәрбиесін елемей, шешенің қас-қабағына қарап әрекет етпейтін ұрпақ өсіп келеді. Біздің кезде қазан-ошақ жақты көп жағалайтын еркектерді «қытынбасша» деп атайтын. Қазір еркектіктен айырылған қатынбасшалар көбейіп, көсемсіп жүр. Ал қыздар ер адамның алдынан қия өтпейші еді. Қазір болса, еркектің жағасына жармасып жатқан әйелдерді көріп, жағамызды ұстаймыз. Бұрынғыша айтқанда: “Көк инені к. түртіп алмайтындар” қанша ма? Бұл да әкелік айбардан айырылып, шешелік ақылдан жұрдай болып бара жатқанымыздың белгісі сыңайлы. Бұл қоғам үшін, болашақ үшін, ел үшін қауіпті.

Бірде әкем ұзақ сапардан үйге оралды. Сол күні ауыл болып біздің үйге жиналып, таң сызылып, Шолпан туғанша әңгіме дүкен құрды. Дәл сол кезде Сағатхан шешеміз төркіндеп кеткендіктен кіші апамның әңгімесін түсіндіруге мен көмекші болдым. Жалыққан бір кезде әкемнен:

– Осы ат тергемесе болмай ма? – деп сұрап қалдым.

– Болмайды. Қазақ ат тергеуді ұмытқан күні бауырмалдықтан айырылады. Баяғыда ағайынды Қойлыбай, Бөрібай, Қайрақбай, Қамысбай, Өзенбай, Пышақпай деген алты ағайынды болыпты. Бір күні келіні өзеннің арғы жағындағы қамыстың арасында жайылып жүрген қойларға қасқыр шапқанын көріп, Сұлубай деген қойшы балаға айғайлапты:

– Әй, көрікті қайным, сарқыраманың арғы жағындағы сылдырамада ұлыма маңырамаға шауып жатыр, білемені алып тез бар, – деп алты қайнағасының атының бірде-біріне соқпай, ойын қойшыға толық жеткізіпті. Кіші апаң қазақ әйелдерінің даналығынан нәр алып, оның асыл қасиетін бүгінге жеткізген адам. Бұл тектілік, көргенділік, әдептіліктің белгісі. Қай дәуірде де қазаннан құлақ, келіннен ұят кеткенде қазақ халқы орны толмас өкінішке ұрынып отырған. Осы нәрсе естеріңде болсын. Есесіне, сендер сол кісіден үлгі алып, бұны осыдан ары жалғастырғандарың жөн, – деп ақылын айтты.

Ертесі, әкем ауылдық бүкіл баласын жинап алып, бір-бірімізге ат қойдырды және тілімізді сындырып, үйретіп кетті. Міне, күні бүгінге дейін біздің ауылдың балалары бір-бірінің атын тергеп атауды әдетке айналдырып келеді.

Сол күннің көңілде қалған әсері көз алдымда көлденеңдейді де тұрады. Енді осы міндет менің мойныма жүктеліп отыр. Атажұртқа келгелі бір мүшел жыл өтті. Оң-солымызды тануда оңай болған жоқ. Аманшылық болса, осы жазда барлық баланы жинап, әкем айтып кеткен ат тергеудің абыройлы жолын арттан ерген ұрпақтарға үйретсем деп бекініп отырмын.

 

Қажет АНДАС,

«Q-andas» ақпараттық агентігі.

Дереккөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1727342

Жетісу радиосы: https://t.me/zhetysu_fm/1080

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 40
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz