Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Батыс-Терістіктегі халықаралық күре жол

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Батыс-Терістіктегі халықаралық күре жол

XX ғасырдың алғашқы жартысында Шыңжаң өңірі тек қана географиялық өткел емес, әлемдік тарихтың шешуші сәттерінің куәсі болды. Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс жылдарында дәл осы өңір Қытай мен Кеңес Одағын, сондай-ақ басқа да одақтас елдерді байланыстыратын ең маңызды стратегиялық артерияға айналды. «Қытай – Кеңес Одағы тас жолы» және «Түстік халықаралық желі» деп аталған бұл бағыттар майданға көмек пен үміт жеткізген, мыңдаған жанның ерен еңбегі мен ерлігінің белгісіне айналды.

Автономиялы аудандық архив сарайында сақталған «Фашизмге қарсы дүниежүзілік соғыстағы Шыңжаң» атты архив жазбаларының арасында Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс мезгілінде Қытайға халықаралық заттық көмек берудің оңтүстік және солтүстік бағыттағы екі тасымал желісі бейнеленген. Ол жеңістің символындай «V» әрпі түрінде Шыңжаң картасында көрініс тапқан.

ҚЫТАЙ – КЕҢС ТАСЫМАЛ ЖОЛЫ

 

Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс дәуірінде Шыңжаң өзінің ерекше географиялық орны арқылы Қытайға халықаралық көмек өтетін түйінді қатынас желісіне айналды. Бұл қатынас желісі солтүстік және оңтүстік бағыттардан тұрды.

Жүзін әжім торлаған әлжуаз қария архив сарайындағы картаны мұқият қарап, асқар тау мен ағынды суларды басып өткен, мыңдаған шақырымға созылған Қытай ұлтының өлім мен өмір арасындағы «тіршілік жолына» тамсана көз тігуде. Ол көзін жұмса болды — соғыс майданының дүрбелеңі, желбіреген тулар, айғай-шулар, Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс әнінің әуені — бәрі тарих қатпарынан қайта естілгендей. Арба мен түйе керуендері, қарбалас тірлік көріністері көз алдына келіп, жанарынан жас парлайды…

Осы екі бағыттағы халықаралық тасымал желісінде Шыңжаңдағы әр ұлт халқы қан-терін төгіп, шынайы пейілмен алдыңғы шепті қолдап, Қытайға берілген халықаралық көмек жолының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Сол арқылы Қытай халқының Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстағы соңғы жеңісіне зор үлес қосты.

Бүгінде Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың жеңіске жеткеніне 70 жыл толды. Сол халықаралық тасымал желісінің іркіліссіздігі үшін түн ұйқысын төрт бөліп еңбек еткен түрлі ұлттар мен халықтардың көбі бақилық болды, тарих парақтарында аты қалды. Кейбірі дүниенің төрт бұрышына тарап кетті. Дегенмен, жол бойындағы тозған доңғалақтар мен ұмыт бола жаздаған іздер әлі де сол өңірдің соғыс шежіресін үнсіз шертіп тұрғандай.

Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс жылдарында кезінде аты әйгілі болған «Қытай – Кеңес Одағы тас жолы» Шыңжаңды кесіп өткен. Алайда бұл жолдың соғыс жылдарындағы рөлі мен маңызы көпшілікке беймәлім болып келген.

Тамыз айының бір күні тілші осы тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген, Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Саяси кеңесі жанындағы тарихи материалдар кеңсесінің бұрынғы меңгерушісі, жергілікті тарихшы Таң Юңсайдың үйіне ат басын бұрды. Ол осы халықаралық тасымал желісінің тарихы жөніндегі естеліктерімен бөлісті.

1937 жылы шілдеде Жапония Қытайға жаппай басып кірді. Сол тұстағы Қытай әлсіз, мешеу ел болатын; армияға қажетті ұшақ, танк және зеңбірек сияқты қару-жарақтарды жасауға шамасы жетпеді. Сондықтан сыртқы көмек — әскердің жабдықталуын қамтамасыз етудің басты жолына айналды.

Бірақ соғыс кеңейген сайын елдің теңіз тасымал жолдары жау қолына өтті. Құрлықтағы халықаралық қатынас бағыттары да тосылды. Сол себепті одақтас ел — Кеңес Одағының Қытайға берген мол көлемдегі соғыс көмегін жеткізу үшін Гоминдаң үкіметі үмітті артқы шептегі Шыңжаңға артты. Осылайша халықаралық жаңа тасымал желісін ашу туралы шешім қабылданды.

Қытай мен Кеңес Одағы көне Жібек жолы бағытын бойлап, Алматы – Қорғас – Шиху – Үрімжі – Тұрпан – Шыңшиңша – Хыши коридоры – Ланьжоу бағытындағы стратегиялық тасымал желісін құруға келісті. Бұл «Қытай – Кеңес Одағы тас жолының» жалпы ұзындығы 3000 шақырым болды, оның 1530 шақырымы Шыңжаң жерімен өтті.

Қорғастан Шихуға дейін тек арба жол, ал Шихудан Шыңшиңшаға дейінгі бөлігі тозған, нашар тас жол еді. Ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бұл бағыт мүлде жарамсыз болатын. Ал соғыс алдыңғы шебіне қару-жарақты тез жеткізу ең көкейкесті міндетке айналды.

Сондықтан Шыңжаңдағы әр ұлт халқы мен Қытай және Кеңес Одағының инженерлері тізе қоса отырып, ірі құрылыс техникасы тапшы жағдайда қарапайым құралдармен Шыңжаңдағы стратегиялық тасымал желісін салуға кірісті.

Үрімжі қаласының Мидұң ауданында тұратын қария Жу Хуа сол кездерді еске алады:

– Фукан қалашығындағы Зынишуанзы мектебінде оқып жүрген 12–13 жас шамасындағы кезімде, көшелерде үгіт бригадаларының үлкен кернейлерінен соғыстың жүріп жатқанын еститінбіз. ‘Шығыс терістік қолдан кетті, терістік Қытайға қатер төнді!’ деген хабарлар халықты есеңгірететін. Қалашықтағы ұсақ саудамен айналысқан Уаң Пиң-Ид деген Шыңжаңдық:

– Ол – менің ата мекенім, егер жапондар басып алса, мен енді қайтып бара алмаймын’, – деп, майданға ақша және заттай көмек жіберді, – дейді.

«Жапон империалистерін Қытайдан қуып шығайық!» деген ұрандар бүкіл елді жаңғыртып тұрды. Сол кездің ұйытқы күші ғажайып еді: жапон шапқыншыларына қарсы күреске көмектесу үшін жол жөндеу басталғанын естіген бойда, мектеп оқушыларынан өзге жұрт түгел үйлерінің өгіз, ат арбасын айдап, жол салуға кетті. Ер-әйел, кәрі-жас демей, ши қалпақ киіп, жаулық салып, асқақ әндер шырқай жүріп, тас сүйреді.

Шыңжаңдағы армия мен халық тізе қоса отырып, бар болғаны бір жылға жетпейтін уақытта бүкіл өңірді кесіп өтетін халықаралық тас жолды аяқтады. Қорғастан Шихуға дейінгі жол толық салынып бітті. Бір бөлігі құба шөлді, теңіз деңгейінен 3000 метр биік таулы аймақтарды кесіп өтті. Шихудан Шыңшияға дейінгі тас жолдың негізгі көпірлері мен жол беті де жөнделіп, сапасы жақсарды.

1937 жылы 17 қазанда Қытай – Кеңес Одағы тас жолының жалпы желісі ресми түрде ашылып, көлік қатынасы басталды. Кеңес Одағының Қытайға жіберген жалпы құны 700 миллион доллар тұратын заттық көмегі осы жол арқылы майданға жеткізілген. Бұл соғыс барысына өлшеусіз үлес қосты.

Сондай-ақ бұл бағытта Қытай–Кеңес авиациялық желісі жұмыс істеді. Құлжа, Шиху, Шонжы әуежайлары салынып, ұшақтар мен соғыс құралдары жеткізілді. Үрімжі мен Құлжада авиация мектептері ашылып, қытайлық ұшқыштар арнайы дайындықтан өтті.

Тарихшы Таң Юңсай бұл жөнінде былай дейді:

– Кеңес Одағы көмек ұсынғаннан бастап жол құрылысына дейін небәрі 4 күн дайындық жасалды. 3 күн ішінде халықаралық тасымал желісіне қатысты 30-дан астам ірі нысан жобасы бекітілді. 20 күн ішінде халқы небары 5 миллиондай Шыңжаң өңірінен 500 мың адамдық жол салу тобы жасақталды… Осылайша 1500 шақырымдық жол, 5 әуежай және 11 қызмет пункті салынды. Бұл – нағыз ғажайып еді, – дейді ол.

Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс жаппай басталғаннан кейін Шыңжаң халықаралық қатынастың маңызды торабына айналды. Гоминдаң үкіметі халықаралық көмекті қабылдау үшін «Орталық тасымал комитетін» құрды.

Комитеттің қызметін тарихшы Таң Юңсай былай сипаттайды:

– 1937 жылдың шілдесінен 1938 жылдың жазына дейін шамамен 6000 тоннадан астам түрлі заттар Шыңжаң арқылы өткізілді. Халықаралық көмектің елге толассыз жетуіне ‘Орталық тасымал комитеті’ шешуші рөл атқарды, – дейді ол.

Құлжа қаласындағы тарихшы Лай Хұңбо тапқан тізім бойынша, комитет құрамында әкімшілік басшылар, әуежай басшылары, күзет, мал дәрігерлері, инженерлер және шаруашылық мамандары болған.

Мау Зымин басқарған Шыңжаң Қазына басқармасы бұл желінің жұмысын қаржылай қамтамасыз етіп отырды. Бұрынғы бухгалтер У Шуху өз естелігінде былай дейді:

– Жол жөндеу мен пункт салудың, еңбекақы төлеудің бар шығынын алдымен Шыңжаң өзі көтерді. Біздің басты қағидамыз – ‘Барлығы соғыс үшін, барлығы алдыңғы шеп үшін’ еді.

Комитеттің қызыл мөрі басылған хұжаттарды барлық мекемелер дереу орындауға міндетті болды. Шиху әуежайының қызметкері Дұң Юйлинь еске алады:

– Біз әртүрлі ұлт өкілдерінен тұрсақ та, барлығымыздың ортақ мақсатымыз – Кеңес Одағынан Қытайға көмекке келген ұшқыштарды лайықты күтіп алу болатын. Әркім өз міндетінде тыным таппай жұмыс істеді.

Мұз қоймалары, сексеуіл отыны, алыстан тасылған бұлақ суы барлығы сол міндет үшін жасалды. Кеңестік ұшқыштар мен қызметкерлерге жайлы жағдай жасалып, киім жуатын бөлмелер, жылы жатын орындар дайындалды.

Жу Хуа қарт былай дейді:

–         Күтіп алу пунктінде келген тасымалдаушыларға тек нан беріп қою деген болмайтын. Олар келсе болды – қой сойылып, палау пісірілетін. Ешкім тапшылыққа шағынбайтын. Барлығының тілегі -соғыс жеңіспен аяқталсын еді.

Жолдың құрылысы небары 20 күнде аяқталғанымен, сапасы өте жоғары болды. Бір жолда 200 адамды қабылдайтын 11 пункт, май құю, демалыс және ыстық суға шомылатын орындар бар еді.

Таң Юңсай:

– Жау күшті, біз әлсіз болсақ та, техника мен жағдай тапшы болса да, Шыңжаң халқы ғажайып ұйымшылдық пен қайсарлық көрсетті. Бұл – адамзат ерлігінің көрінісі, – деп қорытындылады.

 

ҚЫТАЙ-ҮНДІ “ҚАРАҚОРЫМ” ТАСЫМАЛ ЖОЛЫ

 

70 жыл бұрын Лу Жыншуан бастаған жүзге жуық әр ұлт кірекештері Үндістанның Лех қаласынан аттанып, Гималай мен Қарақұрым тауларын кесіп өтіп, Шыңжаңның Қағылық қаласына жетті. Осылайша Қытай мен Үндістан арасындағы жаңа халықаралық тасымал желісі үшінші «тіршілік жолы» ашылды, ол «Түстік желі» деп аталды.

Бұл бағытта адам аяқ баспаған асқар таулар мен мұзарттардан өтіп, кірекештер мыңдаған қауіп-қатерге төтеп берді. 2004 жылы журналист Ниң Жауи бастаған түсірілім тобы сол бағытпен қайта жүріп, «1943 жылғы кірекештің естелігі» атты деректі фильм түсіріп, ұмыт болған ерлікті қайта тірілтті.

1944 жылы қыркүйекте инженер Лу Жыншуан Шың Шысаймен келісіп, Үндістанның Сринагарынан Лех қаласына дейін жүк жеткізу жоспарын құрды. Қашқар, Хотан және Қызылсу аймақтарынан 1000 түйе мен атты, 180-ге жуық ұйғыр, қырғыз және тәжіктен құралған кірекештер жиналды.

Қиын сапар барысында оншақты адам қайтыс болды, жүздеген көлік жоғалды. Соған қарамастан, 27 күнде 675 шақырым жол жүріп, 1944 жылы 10 қарашада соғыс бұйымдарын Қағылыққа жеткізді. Температура –30 °C-қа дейін төмендеп, адамдар оттегі жетіспеушілігінен азап шекті.

Бұл желі арқылы 4444 автокөлік дөңгелегі, 782 қап кездеме, 588 май қалтасы, 63 орам нейлон, түрлі дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық тасылды.

Тарихшы Таң Юңсай бұл жөнінде:

– Оңтүстік пен Солтүстіктегі екі халықаралық күре жол — Қытай халықтарының ақыл-парасаты мен төзімділігінің айғағы. Осындай қайсар, еңбекқор, жасампаз Шыңжаң халқы барда Жапон шапқыншыларына қарсы соғыс жеңіссіз қалуы мүмкін емес еді, — дейді.

Батыс пен Терістікті жалғаған халықаралық күре жолдар — адамзат тарихындағы ең ауыр да асқақ кезеңнің айғағы. Бұл жолдар арқылы жеткізілген көмек тек соғыс құралдары емес, халықтар арасындағы достық пен сенімнің нышаны болды.

Шыңжаңның әр ұлт халқы, жас-кәрі демей, жанқиярлықпен еңбек етіп, Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың жеңісіне өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі бейбіт өмір сол қиын шақтағы ерлердің еңбегі мен төзімінің жемісі.

Шау Жин.

Дереккөз: “Шыңжаң” газеті, 2015 жыл 3 кыркүйек, 9-бет.

 

          P.S: “Қытай мен Кеңес Одағы көне Жібек жолы бағытын бойлап, Алматы – Қорғас – Шиху – Үрімжі – Тұрпан – Шыңшиңша – Хыши коридоры – Ланьжоу бағытындағы стратегиялық тасымал желісін құруға келісті”. Осындағы Алматыдан Қорғасқа дейін қай жерлерден өтті. Біз осыны анықтауды қолға алдық?…

Қажет АНДАС,

«Q-andas» ақпараттық агентігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 45
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz